Антибөлшектер — массасы, спині, өмір сүру уақыты т.б. сипаттамалары олардың “егіз” бөлшектерінікіндей болып келген, ал электр заряды, магниттік моменті, бариондық заряды т.б. сияқты сипаттамаларының таңбасы оларға кері болып келетін бөлшектер. Абсолют бейтарап бөлшектерден басқа бөлшектердің барлығының А-і бар. Бөлшектер мен А-дің соқтығысуы кезінде аннигиляттану құбылысы байқалады. Антибөлшектердің табиғатта кездесетіндігі туралы қорытындыны ең алғаш рет 1931 ж. ағылшын физигі Поль Дирак (1902 – 1984) болжаған.
Мезондар — адрондар класына жататын орнықты емес элементар бөлшектер. Мезондардың бариондардан айырмашылығы олардың бариондық заряды болмайды және нөлдік немесе бүтін спинге (бозондар болып табылады) ие. “Мезондар” атауы (грек. mйsos — орташа, аралық) — бірінші ашылған — пи-мезон мен К-мезон массаларының мәндері протон массасы мен электрон массасы аралығындағы мәнге ие болуына байланысты қойылған. Алғашқыда мю-мезондар деп аталған мюондар мезондарға жатпайды, өйткені оның спині 1/2-ге тең және олар күшті өзара әсерге қатыспайды. Кейінірек өмір сүру уақыты өте аз, кейбірінің массасы протонның массасынан да артық көптеген басқа мезондар (бозондық резонанстар) ашылды. Бұлардан басқа мезондардың бейтарап немесе зарядталған (оң немесе теріс элементар электр заряды бар), ғажаптылығы нөлге тең (мыс, пи-мезон), және нөлге тең емес (мыс., К-мезон), тағы басқа түрлері бар. Мезон арқылы нуклондардың өзара әсерлесуін (алмасу механизмін) түсіндіреді. Адрондардың кварктік моделі бойынша мезон кварктер мен антикварктерден тұрады; қарапайым Элементар бөлшектер.
Гиперон - массасы нуклон массасынан үлкен, ал ерекшелігі нөлге тең емес бариондар тобына жататын тұрақсыз элементар бөлшектер.[1] Олар адрондарға жатады және бариондар болып есептеледі.
Кварктар (ағылш. Quark) – материяны құраған фундаменталды қарапайым бөлшек түрі, барлық адрондар құралады деп есептелетін жорамал материалдық нысан.
83. Ядролық реакциялар, оның классификациясы. Тікелей реакция, құрама ядролар жүретін тосын реакциялар. Резонанс құбылыстар. Ядролық реакция деп атомдық ядроның элементарлық бөлшектермен немесе басқа ядролармен күшті өзара әрекеттескендегі, ядроның немесе ядролардың түрлену процесін айтады. Символдық түрде ядролық реакция былай жазылады
X+ a→ Y+b немесе X(a,b)Y,
Х және Y – бастапқы және соңғы ядролар, a және b – соғысқан және шығарылған бөлшектер.Бөлініп шыққан энергияны реакция энергиясыдеп атайды:
, (29.1)
мұндағы 1-ші массалардың қосындысы бастапқы ядро мен бөлшек үшін, ал 2-шісі – реакция нәтижесінде пайда болған ядро мен бөлшек кейінгі үшін. Егер (m1+m2)>(m3+m4) болса, энергия бөлініп шығады, бұл-экзотермиялық реакция, қарсы жағдайда – энергия жұтылады да, ол эндотермиялық реакция деп аталады.