73. Спектрлердің түрлері. Сутегі атомының спектрлік сериясы. Бор постулаттары


)Бордың бірінші постулаты (стационар күйлер постулаты)



бет2/11
Дата14.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#178801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
гос
Үлкен деректерді өңдеудің әртүрлі құралдарын қолдану, Үлкен деректерді өңдеудің әртүрлі құралдарын қолдану, Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері, Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформалар, Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформалар, 0-дік кесінді талдау 2021-2022 (копия), umkd tagam dai ndau tehnologiyas
3)Бордың бірінші постулаты (стационар күйлер постулаты): атомда стационар (уақыт бойынша өзгермейтін) күйлер болады, сол күйлерде ол энергия шығармайды. Атомның стационар күйлеріне стационар орбиталар сәйкес келеді, олардың бойымен электрондар қозғалып жүреді. Электрондардың стационар орбита бойымен қозғалысы электрмагниттік толқындардың сәулеленуімен бірге жүрмейді.
Атомның стационар күйінде электрон дөңгелек орбита бойымен қозғала отырып, (1) шартын қанағаттандыратын импульс моментінің дискретті квантталған мәндеріне ие болуы тиіс, мұндағы те электронның массасы, v —радиусы rn болатын n-ші орбита бойымен қозғалатын электронның жылдамдығы, ћ = h/(2) – келтірілген Планк тұрақтысы.
Бордың екінші постулаты (жиіліктер ережесі): электронның бір стационар орбитадан екінші стационар орбитаға өткен кезде бір фотон шығарылады (жұтылады), фотонның энергиясы стационар күйлердің энергияларының айырмасына тең:
(2)
мұндағы Еn және Em — сәуле шығаруға (жұтылуға) дейінгі және кейінгі атомның сәйкес стационар күйлерінің энергиялары.
Еmn кезінде фотон шығарылады (атом үлкен энергиялы күйден кіші энергиялы күйге ауысуы, яғни электронның ядродан алысырақ жатқан орбитадан жақынырақ орбитаға ауысуы), Еmn кезінде фотон жұтылады (атом үлкен энергиялы күйге ауысуы, яғни электронның ядродан алысырақ жатқан орбитаға ауысуы). Кванттық ауысулардың мүмкін болатын дискретті  = (En—Em)/h жиіліктерінің жиыны атомның сызықтық спектрін анықтайды.

74. Корпускулалық – толқындық дуализм. Жарық пен бөлшектердің корпускулалық-толқындық табиғаты. Де Бройль толқындарының қасиеттері.
1)3)Француз ғалымы Луи де Бройль (1892—1987) табиғатта симметрия бар екенін түсініп, жарықтың екі жақты корпускулалық-толқындық табиғаты туралы түсініктерді дамыта отырып, 1923 ж. Корпускуалық-толқындық дуализм туралы гипотезаны ұсынды. Де Бройль тек қана фотондар ғана емес, сол сияқты электрондар мен материяның кез келген басқа да бөлшектер корпускулалық қасиеттермен қатар толқындық қасиеттеріне ие екенін тұжырымдады.
Де Бройльге сәйкес, әрбір микрообъектімен бір жағынан, корпускулалық сипаттамалар – энергия Е және импульс p,а басқа жағынан – толқындық сипатамалар - жиілік пен толқын ұзындығы байланысты. Бөлшектердің корпускулалық және толқындық қасиеттерін байланыстыратын сандық қатынастар фотондар үшін де сондай болады:
(1)
Де Бройль гипотезасының батылдығы (1) қатынас тек қана фотондар үшін ғана емес, тыныштық массасына ие болатын сол сияқты басқа да микробөлшектер үшін де постулаттанатын көрсетеді. Сөйтіп, импульсі бар кез келген бөлшек толқын ұзындығы
(2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет