Молекулалық Спектрлер– еркін немесе өзара әлсіз байланысқан молекулаларға тән жарықтың шығару, жұту және комбинациялық шашырау оптикалық спектрлері. Спектрлік жолақтардан және сызықтардан тұрады. Электрондық, тербелмелі және айналмалы М. с. болып ажыратылады.
79. Атом ядросы. Изотоптар және изобарлар. Ядроның құрылуы. Массалар ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Атом ядросының модельдері
Атом ядросы — протондар мен нейтрондардан (нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі.
Ядро модельдерін екі негізгі кластарға бөлуге болады. Бірінші кластағы модельдерде ядро күшті әсерлесуші және күшті байланысқан бөлшектер ансамблі ретінде қарастырылады. Мысалы, сұйық тамшы (тамшылық моделі), құрама ядро моделі, кластерлік модельдері. Өзге модельдер әрбір нуклонның өзге нуклондар туғызатын орталанған өрісінде біріне-бірі тәуелсіз қозғалады деген шамалау негізінде құралады: қабықшалар моделі, жалпыланған модель, оптикалық модель.
80. Радиоактивтілік түрленулерінің сипаттамалары мен түрлері. Радиоактивтілік қатары. Ығысу ережесі. Радиоактивті изотоптардың қолданылуы.
Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Радиоактивті изотоптардың ғылымда және техникада қолданылуы.Табиғи және радиоактивті элементтердін изотоптары өздерінің табиғатына,радиоактивті сәулелердің түріне ,жартылай ыдырау периодына,сәулелену энергиясының және бірдей химиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай ғылым мен техникада кең қолданыс тапқан.
Ý –сәулесінің бөліп шығаратын 60Со,187Cs,170 Tm т.б изотоптар металдардың дефектоскопиясы мен құймаларда кендердің,мұнайлы қабаттардың және табиғи газдардың кен орындарын табуда көп қолданылады.Медицинада ісік ауруларын емдеуге Ý-терепияда қолданылады.
Радиоактивті изотоптар металдың диффузиясы,машинаның бөлшектерін тазарту,қоймадағы сұйықтықтардың көлемін өлшеуде,конвейерде өндірілетін өнімнің мөлшерін бақылауда,ұрықты уландыру және т.б процестерді анықтау үшін қолданылады.
Радиоактивті өнімдеу әдісі химия саласында,яғни реакцияның жылдамдығын,заттың құрылысын,күрделі қосылыстарда элементтердің алмасу мүмкіндігін,қиын еритін заттардың ерігіштігін,басқа процестерде тұнбаның пайда болуын зерттеуде қолдану кең өріс алған.
Радиоактивті изотоптар белгілі элементтің жылжуы мен аккумуляциясына қадағалауға мүмкіндік береді.
Бұл көптеген ауруларды емдеу барысында бақылау жұмыстарын жүргізуге,алмасу және тамақтану процестерін қадағалауға с онымен қатар зерттеулерге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |