73. Спектрлердің түрлері. Сутегі атомының спектрлік сериясы. Бор постулаттары


Ядролық энергетика. Радиациялық қауіпсіздік және экология мәселелері. Қазақстанда ядролық физика және ядролық энергетика саласындағы зерттеулердің дамуы



бет9/11
Дата14.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#178801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
гос

81. Ядролық энергетика. Радиациялық қауіпсіздік және экология мәселелері. Қазақстанда ядролық физика және ядролық энергетика саласындағы зерттеулердің дамуы.
Ядролық энергетика – техниканың ядро ішіндегі энергияны энергияның басқа түріне (мысалы, жылулық, механикалық, электрлік) түрлендіру және оны өнеркәсіптік, тұрмыстық қажетке пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. Өнеркәсіптік ядролық энергетикалық қондырғылардың төмендегідей түрлері бар: жылулық атом стансасы (тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсат үшін жылу өндіруге арналған), ядролық күш қондырғысы (локомотив, кеме, ұшақты қозғалысқа келтіру үшін ядролық энергияны пайдаланатын), атом электр станциясы. Ядролық энергетикалық қондырғыда ядроның бөлінуі кезінде түзілетін энергия түгелдей денеде жұтылады және жылуға айналады. Бұл процесс ядролық реакторда жүреді.
Радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом электр станциясы (АЭС) жоқ. 1999 жылы Ақтау қаласында БН-350 жылдам нейтрондардағы әлемдегі алғашқы АЭС пайдалану тоқтатылды. Ол Қазақстандағы жалғыз АЭС болды. Қазір бұл АЭС пайдаланудан шығару режимінде тұр. Бірақ, соған қарамастан, Қазақстанда үш зерттеу реакторы және бір сындарлы стенд (қуаты нөлдік реактор) пайдаланылуда. 
82. Электрон, протон, нейтрон, фотон. Антибөлшектер. Мезондар мен гиперондар. Қарапайым бөлшектер классификациясы. Кварктер.
Мысалы электрон заряды бар элементар бөлшек, бұл бөлшек басқа құрамды бөліктерге, заттар сияқты молекулалар мен атомдарға бөлінбейді. Элементар деуінің мәні осы, бұл ең кішкентай бөлшек деген мағынада қолданылады.
Протон бұл атом ядросында орналасқан бөлшек. Бұның массасы электрон массасынан 1836 еседей көп. Бұның заряды электрон зарядына тең, тек таңбасы оң болады.
Нейтрон бұл заряды жоқ элементар бөлшек. Осы бөлшектің массасы 1838 есе рет электроннан ауыр. Осы бөлшек протонмен бірге атом ядросында орналасады, әрі атом ядросының негізгі бөлігін құрайды.
Фотон бұл жарықтың ең кішкентай бөлігі, бұл да элементарлылардың қатарында. Жарық көптеген фотондардан құралған. Фотонның массасы да, заряды да жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет