8-сынып. Қазақстан тарихы


§10. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы



бет2/7
Дата31.12.2019
өлшемі0,82 Mb.
#55256
1   2   3   4   5   6   7
§10. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы

Сабақтың мақсаты:

      • Жалпы тарих курсындағы осы тақырыпты еске түсіре отырып, қазақстардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуының себептері мен негізгі кезеңдерін қарастыру;

      • Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: шаруалар соғысы, көтеріліс, жетекші күштер, алғышарттар, себептері және көтерілістің барысы, тарихи маңызы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Абылай мен оның заманы» атты эссе жазу.

  2. Тақырып бойынша тест сұрақтары.

Жаңа тақырыпты түсіндірудің жоспары:

  1. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының негізгі себептері.

  2. Кіші жүз қазақтарының қатысуы

  3. Орта жүз қазақстарының негізгі қатысқан кезеңдері

  4. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары

  5. Шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының тарихи маңызы

Оқушылар тақырыппен «Жалпы тарих» курсы бойынша таныс, сондықтан Ресейдегі 1773-1775 ж. шаруалар соғысы тарихы бойынша сұрақтар қойып, естеріне түсіремін. Сонан кейін қазақстардың бұл көтеріліске неліктен қатысқанын өздігінен ізденулеріне жөн сілтеу. Ол үшін сыныпты екі топқа бөліп жұмыс істету керек.

1 тапсырма: Тақырыпты оқып, Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, щаруалар соғысына қазақтардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы).

2 тапсырма:

Тақырыпты оқи отырып,Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, шаруалар соғысына қазақстардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы)



Осыдан кейін оқушылардың еңбетерінің нәтижелерін тыңдай отырып, сабақта мына тақырыпшалар төңірегінде қорытындылау:

  1. Қазақстардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысу себептері.

  2. Осы кезеңдегі негізгі оқиғалар.

  3. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.

  4. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуының тарихи маңызы.

Сабақты бекіту:

  1. 1773-1775 ж. көтеріліске қазақтар қатысқан негізгі кезеңді атаңдар.

  2. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтірілісіне белсене қатысқаны туралы мысал келтіріңдер.

  3. Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуының ерекшеліктері неде?

  4. Көтеріліске қатысушылар мен оның жекекшілеріне сипаттама беріңдер. Е.Пугачев, Нұралы хан, сұлтандар-Айшуақ, Досалы, Ералы, т.б. (мінездері, іс-әрекеттері, көзқарастары)

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11.Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстан аумағында болған отаршылдыққа қарсы ірі баскөтерулердің бірінің тарихы жөнінде әңгімелеу. Оларға көтерілістің ерекшеліктерін, С.Датұлының жеке басының осы кезеңдегі саяси оқиғаларға тікелей әсерін, көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру.

  • Жұмыс істеу машығын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: тапша үкіметінің отаршылдық саясаты. Жер мәселесі, салықтар, қазақ ақсүйектерінің ұстанымдары, тарихтағы тұлғаның рөлі, жеңілудің объектіивті және субъективті себептері, тарихи маңызы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұару:

  1. Көтерілістің себебі мен барысы.

  2. Оқиғалардың хронологиялық тізбегі (даталар).

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Көтерілістің себептері.

  2. Көтерілістің басталуы.

  3. Көтерілістің ерекшеліктері мен қозғаушы күштері

  4. Көтерілістің негізгі кезеңдері

  5. Барон О.Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жоюға әрекет етіп көру.

  6. Көтерілістің ақырғы кезеңі

  7. Көтерілістің жеңілу себептері мен тархи маңызы

Тақырыпты оқыту барысында оқушыларғы «Көтеріліс тарихын оқып үйрену» атты өзіндік жұмыс тапсырамын. Содан соң оның нәтижелерін кестеге түсірген жөн. Көтерілістер тарихымен танысу көтерілсті тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол үшін осы тақырыпты өткен кезінде оқушылар кесе ашып, оны жыл бойы толтырып отыруы керек. Оқушылардың жыл бойына жұмыс істеуін ұйымдастыруға, көтерілістердің тарихын тереңірек түсіндіруге , әр көтеріліске жеке баға бере отырып, бүкіл көтерілістің себептерін анықтауға көмектеседі. Осыдан кейін жаңа сөздерді дәптерге түсіртемін: бүлік; көтеріліс; соғыс; революция; ұлт-азаттық көтерілістер




Е.Пуга-чев

С.Дат-ұлы

Исатай мен Махам-бет

Ж.Тіленші-ұлы

Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы көтерілісі

К.Қасым-ұлының көтерілісі

Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен патша үкіметіне қатрыс көтерілістері

Жылдар






















Себептері






















Басталғңан уақыты






















Көтеріліс аумағы






















Басшылары






















Қозғаушы күштері мен ерекшеліктері






















Жеңілу себептері






















Тарихи маңызы























Сабақты бекіту:

  1. Оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отырып, С.Датұлының жеке басына баға беріңдер. Қалай ойлайсыңдар, халық өз көсемін не үшін құрметтеді?

  2. Барон О.Игельстромның реформасының мәні неде? Ол өз ойын неліктен жүзеге асыра алмады?

Үйге тапсырма:

  1. С.Датұлы бастаған көтерілістің аумағын картаға түсіріңдер.

  2. С.Датұлының шешендік қабілетін паш ететін қандай әдеби шығарманы білесіңдер? Одан үзінді келтіріңдер.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12. XVIII ғасырдағы сауданың дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XVIII ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру, оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін, оған қоса сауданың отаршылдық сипатын, базардағы тауардың сапасын және ірі сауда орталықтарының таралуын түсіндіру.

  • Логикалық ойлау машығын дамыту, деректерді салыстыруды, мысалы XVIII ғасырдағы сауда қатынастары мен қазіргі елдер арасындағы сауданы салыстыра отырып, өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;

  • Бірін-бірі түсінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: коммерция, тауар-ақша қатынастары айырбас сауда, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңке, өсімқор, пайда, сауда.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сендер қазақ әдебиеті пәні бойынша Исатай мен Махамбеттің өмірбаяны жөнінде не білесіңдер?

  2. Оқиғалар барысы.

  3. Көтерілістер кезінде көзге түскен мына тұлғалардың қызметіне қысқаша баға беріңдер.






Қызметі

Көтеріліс кезіндегі рөлі

1

Исатай Тайманұлы







2

Махамбет Өтемісұлы







3

Нұралы







4

О.Игельстром







5

Г.А.Потемкин







6

Колпаков, Смирнов







7

Айшуақ, Жантөре







8

Ералы, Есім







Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Қазақтардың Жоңғариямен саудасы.

  2. Қазақ-орыс саудасы

  3. Ірі сауда орталықтары

  4. Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасы

  5. Қазақ-қытай саудасы

  6. Қазақстардың Орта Азия мемлекеттерімен саудасы

Тақырып оқушыларға таныс, сондықтан сабақты еркін тәсілдермен өткізіледі. Сабақта жәрмеңке ұйымдастыру. Алдымен оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.

Мына терминдердің (карточка) мәнін түсіндіріңдер:



тұтынушыға арналған айырбас сауда; ақша сарайы, өсімқор, пайда, көпестік гильдия, өндіруші, тауар-ақша қатынасы, жәрмеңке.

Сабақ кезінде оқушыларды сауда қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оқушылардың жауабына сүйеніп, төмендегі кестені толтырамыз:



  1. Қазақстар тауар ретінде не сатты?

.......................................................

  1. Қайда, кіммен сауда жасады?

.......................................................

  1. Не сатып алды (қандай тауарларға қажеттілік болды?)

Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, қазақтардың көпестерден не сатып алғаны жөніндегі кестені толтырыңдар

Ж
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сауда қатынастарының дамуы
оңғар хандығы

Ресей империясы

Қытай

Орта Азия мемлекеттері


Сабақ өткізу үшін алдан ала базардың, тауарлардың макетін, т.б. тірі сауда жасау үшін қажет атрибуттарды дайындап алу. Сабақ жәрмеңке оқушылардың сауарды сату, тиімді сатып алу секілді практикалық машықтарын қалыптастыру керек (экономикалық білім негіздері). Ірі сауда орталықтары.



Сабақты бекіту:

  1. Қазақ-орыс айырбас саудасының ерекшеліктері неде?

  2. Негізгі сауда орталықтарын атап, картадан көрсетіңдер.

  3. Абылай Орта жүз қазақстарының Ресеймен саудасын дамыту үшін қандай рөл атқарады?

  4. Қазақ-қытай саудасы қандай оқиғаларға байланысты дамыды?

Үйге тапсырма:

  1. Тақыпрыпты оқып, кестені толтырыңдар.

    Мемлекеттер

    Қазақстанға әкелінген тауарлар тізімі

    Қазщақстаннан шығарылған тауарлар тізімі

    Сауданың маңызы мен ерекшелігі

    Жоңғария

    Ресей


    Қытай

    Орта Азия мемлекеттері












  2. Сендер қазіргі ТМД елдері арасындағы сауда қатынастарының сипаты жөнінде не айта аласыңдар?


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

§13. Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII ғ. Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зертеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету;

  • Оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;

  • Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып,оған жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: мәдениет, ғылым, ағарту ісі, патша әкімшілігінің қазақ халқын ағарту саласындағы мақсаты, халықтың ағарту ісіне көзқарасы, шетел зерттеушілері, Қазақстанның табиғи байлығын зерттеу ісінде бұл зерттеулердің қандай маңызы болды, халықтың экономикасы мен мәдениеттің дамуы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасын тексеру материалды игеру сапасын, қандай кемшіліктер бар екенін және оны шешу үшін не қажеттігін көрсетеді.



  1. Кестенің толтырылуын тексеру.

  2. Қазіргі кездегі Қазақстанның көрші елдермен сауда байланысын әңгімелеп беріңдер

  3. Сабақ тақырыбына қатысты қандай мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер, орыс зертеушілері Қазақстан туралы.

  2. Қазақстанды зерттеген шетел зерттеушілері.

  3. Қазақ әдебиеті

  4. Музыкалық өнер мен айтыс.

  5. XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы.

Сабақтың басында Қазақстанды ғылыми зерттеудің неге осы кезде басталғанын, Ресей бұл реформаны жүргізгенде алдына қандай мақсат қойғанын және оның қазақ халқы үшін қандай маңызы болғанын айтып кетемін. Сонан соң оқушылардың танымдық қызығушылығыншығармашылық машығын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге, өз көзқарасын қорғауға, ел алдында дұрыс сөйлеуге үйрету үшін практикалық жұмыс ұйымдастыру керек.

1 тапсырма:



  1. Оқулықтың 84-86-беттеріндегі «Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер», «Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер» атты бөлімдерді оқыңдар және кестені толтырыңдар

    Авторлар

    Ғылыми еңбек

    Не жөнінде жазылған

    Маңызы













  2. XVIII ғ. біздің еліміздің тарихын зерттеген Ресей ғалымдарының рөліне баға беріңдер.

2 тапсырма:

  1. Оқулықтың 86-89-беттеріндегі «Қазақ әбебиеті», «Тарихи әңгімелер», «Шежіре» бөлімдерін оқып, кестені толтырыңдар

Авторлардың аты-жөні

Қайда туған?

Шығаманың аты

Шығарманың тақырыбы

Автордың қай шығармасы сендерге «Қазақ әдебиеті» курсынан таныс?

Күйші әрі ақын Байжігіт













Абылай хан

(1711-1781)















Ақтамберді жырау

(1675-1768)















Тәттіқара













Үмбетей жырау (1706-1778)













Бұқар жырау (1684-1781)













Тілеп Аспантайұлы (1757-1820)













3 тапсырма:

  1. XVIII ғ. аяғындағы қазақ музыка өнерінің даму ерекшеліктері жөнінде хабарлама дайындау.

«Музыка өнері»:

  • Қазақтың музыкалық аспаптары

  • Өлеңдер, күйлер, айтыстар

  • Белгілі қазақ орындаушылары

4 тапсырма:

  1. XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы

Бөлімін оқыңдар. Сыныпта ұжымдық талқылау өткізу үшін сұрақтар дайындаңдар.

Сабақты бекіту:

  1. XVIII ғ. Қазақстан аумағын зылыми зерттеудің рөлі мен маңызына баға беріңдер.

  2. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттеді?

  3. XVIII ғ. қазақ ақын-жазушыларының есімдерін атаңдар. Олардың шығармаларының тақырыптары.

  4. XVIII ғ. қазақ музыка өнерінің дамуы жөнінде не айта аласыңдар?

Үйге тапсырма:

  1. Өз отбасыңның шежіресін дәптеріңе жазып кел. Олардың ішінде белгілі билер, батырлар, музыканттар, емшілер бар ма?

  2. Олар жөнінде қысқаша хабарлама жазыңдар.

  3. Тарихи әңгіменің ерекшелігін түсіндіріп беріңдер.

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 14. Дәстүрлі билер соты.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XVIII ғ. Қазақстандағы дәстүрлі билер сотының ерекшеліктерімен таныстыру, оның қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызын ашу, патша үкіметінің өзіне бағынышты аумақтағы билер сотына деген көзқарасын түсіндіру;

  • Негізгі деректермен жұмыс, оқушылардың өзіне қажетті ақпараттар алу машығын қалыптастыру және талдау жасап, қорытынды шығаруға үйрету.

  • Оқушыларды заңды құрметтеуге және заңдылықты зақтай білуге , әділ болуға, ар-намыс, міндет сөздерін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: кеңес, дәстүрлі билер соты, ант беру, құн, айып, барымта, қылмыс пен жазаның түрлері, үкім кесу соты, заң және оның қазақ қоғамы өміріндегі рөлі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.

  2. Жазалаудың түрлері

  3. Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі

Сабақ түсіндірмес бұрын оқушылардан төмендегі терминдердің мағынасы туралы сұрап алу:

  • сот

  • алқа билер соты

  • ант

  • заң

  • үкім

Сабақ тақырыбы өте қызықты және оқиғаларға толы, ол сабақты оқытуға шығармашылқпен қарауды талап етеді. Бұл жерде оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы деректер бойынша өзара сұрақ-жауап түрінде жарыс ұйымдастыруға болады.

Құжаттар:

  1. «Қазақ билері мен билер соты туралы»

  2. «И.Крафт. Қазақ билері туралы»

  3. «Ш.Уалиханов. Қазақстаң билер соты туралды»

1-топқа тапсырма:

- құжаттарды, оқулықтағы тақырыпты оқып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар.

- Қазақстарда кім би бола алады?

- Биде қандай қасиеттер болуы керек?

-Сотқа шақыру тәртібі қалай болады және куә ретінде кімдерді қатыстырды?

2-топқа тапсырма:

- Тақырыпты оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.

-Сотта қандай мәселелер қолданылады?

- Неліктен патша үкіметі Қазақстандағы билер сотын алдымен шектеп, кейіннен мүлдем тыйым салады?

Жауаптарды тыңдағаннан кейін, қорытынды жасау.
Сабақты бекіту:


  1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының қорытындысын шығарғаннан кейін, осы жауаптар негізінде салыстырмалы толтыру:

XVIII ғ. қазақтардың дәстүрлі билер соты




Қазақстан Республикасындағы билер соты




Сотқа кандидаттарға қандай талаптар қойылады?







Сот сайлау үрдісі қалай жүреді







Сот жүйесінің

құрылымы








Сотта қандай мәселелер қаралады







Сот билігінің рөлі мен маңызы







  1. Сенің ойыңша билер сотының басты артықшылығы неде?

  2. Билер неліктен өз беделін жоғары ұстады?

  3. Билерді ресми сайлау мен тағайындаудың қандай қаупі болды?

Үйге тапсырма:

  1. Билердің шығу тегі мен қалыптасуы жөнінде әңгіме құраңдар.

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі қазақ билерінің қызметі, тапқырлығы, шешендік сөздер жөнінде әңгімелеңдер.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстанның ХҮІІІ ғасырлардағы әлеуметтікэкономикалық және саяси дамуы атты І білім материалдарын қайталай отырып, оқушылардың І,ІІ тоқсандағы алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер

Сабақтың барысы:



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау «Хабар»

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.

  • Жазалаудың түрлері

  • Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы

  2. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

  3. Жоңғар шапқыншылығы

  4. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

  5. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары

  6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы

  7. Қазақ қалмақ қатынастары

  8. Абылай ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығы

  9. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

  10. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттыққозғалыс

  11. ХҮІІІ ғасырдаңы сауданың дамуы

  12. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті

  13. Дәстүрлі билер соты.

Сабақты бекіту:

  • Бетпе-бет

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасы: Қайталау


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 15. Бөкей хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көре білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істерін.е талдау жасауға баулу;

  • Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Құжаттармен практикалық жұмыс:

- Оқушыларға ҚР Конституциясының кейбір тарауларынан үзінді оқып беріп, оны XVIII ғ. іске асырылған дәстүрлі құқық нормаларымен салыстыру.

ҚР Конституциясы. VII тарау, 75-84-баптар



Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:

  1. Қазхақстардың Жайықтың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелдің 1801 ж. 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан.

  2. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер.

  3. Жәңгір ханның мәдени-ағартушылық қызметі.

  4. Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.

«XVIII ғ. Қазақ хандығы» картасын пайдалана отырып, оқушыларға қазақтарды Жайықтың оң жағына өтуге мәжбүр еткен оқиғалар жөнінде айтып беру. Және осы тұста патша үкіметінің иқазақтар жөніндегі ұстанымын айта кету. Сонан соң Бөкей хандығының басқару құрылымының ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталу, Жәңгір хан билекке келгеннен кейінгі өлкедегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы және оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде ханның жеке басы жөнінде әңгімелеп беру. Қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыру.

1 тапсырма:



  • Оқулықтың 99-100 беттеріндегі мәтінді оқыңдар және қазақтардың Жайықтың арғы жағына өтуінің негізгі себептерін анықтаңдар.

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік құрылымның орнауына жол берді. (Ресей қандай мақсат көздеді.)

2 тапсырама.

  • Картадан Ішкі Орданың аумағын көрсетіңдер, халқының санын, хан ордасының орналасқан жерін анықтаңдар.

  • Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелеңдер. Оқулық, 103-бет.

3тапсырма

  • Әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып, кесте құраңдар. Онда халықтың экономикасындағы, басқару құрылымындағы, өмірі мен тұрмысындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.

4 тапсырма:

  • «Мәдени-ағартушылық миссия» терминының мәнін ашыңдар. Параграфты оқып шығып, Жәңгір хан оқу ағарту, денсаулық, мәдениет, дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.


Жәңгір хан мына салаларда іс-шара атқарды

Ағарту ісі Денсаулық Экономика Мәдениет пен дін



Тақырыпты бекіту: тақырыптың соңындағы сұрақтарды талқылау.

Үйге тапсырма:

  1. Кестені толтырып, онда Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетіңдер.

  2. Мына терминдердің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс): «Бөліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салық, мал басынан алым алу, аренде (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, жәрмеңке, алым-салық, зайырлы мектеп.


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 16. Қазақстардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде әңгімелеу;

  • Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу машығын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, тарихи терминдерді қолдану мен шешім қабылдай білуді үйрету;

  • Патриоттық, ержүректік, интернационалдық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Отан соғысы, әділетті және әділетсіз соғыстар, патриотизм, ерлік жасау, Отан алдындағы міндет, партизан соғысы, өзара көмек, тамырластық, қазақ байларын шоқындыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй жұмысын сұрау:

  1. Жәңгір ханның оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, дін салалары бойынша жасаған реформаларын атаңдар.

  2. Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік бірлестік құруына ұқсат етті.?

  3. Жаңа мемлекеттік бірлестіктің мәртебесін түсіндіріңдер.

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

1. Ресеймен шекаралас Қазақстан аумағындағы аштық. Патша әкімшілігінің 1808 жылғы 28 мамырдағы жарлығы.

2. Орынбор және Орал шептерінде қазақ балаларының шоқындырылуы.

3. Қазақтардың Отан соғысына қатысуы. Оның тарихи маңызы.

Оқушыларға алғашынды 1800-1812 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған оқиғалар жнінде айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі шекаралас аудандардағы қазақ-орыс қатынастарын, сауданың дамығанын, қазақтар мен орыстар арасында «тамырлық» байланыстар орнағанын, жайылымдық жерлердің таралуы мен жұт жылдары Кіші жүз қазақтарының жағдайларының нашарлағаны жөнінде әңгімелеу. Нәтижесінде шекаралас қазақ аудандарында аштық басталып, құжаттарда олардың өз балаларын сатқаны айтылады. Патша үкіметінің қазақтарды шекараның ішкі бөліктеріне көшіруі жөнінде айта келіп, сыныпқа төмендегідей тапсырма берілді.

Тапсырмалар:

Мұғалімнің кіші жүздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы әңгімесінен кейін мынаны анықтаңдар:



  • Патша үкіметісаясатының мақсаты не?

  • 1808 жылы 23 мамырдағы жарлықтың шығуына қандай қажеттілік болды?

  • Қазақтар шекара шебінің ішкі бөлігіне қоныстану үшін қандай шарттарды орындауы қажет еді.?

  • Қазақтардың өмірі мен шаруашылығында қандай өзгерістер болды?

  • Қазақ балаларын шоқындырпу не себептен болды?

Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын тексеріп, жауаптары толықтырылады, олардың логикалық талдауларына , өз көзқарасын қалай дәлелдейтініне назар аударылады. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы жөнінде айтқанда картамен жұмыс ұйымдастырып, Отан тарихы жөніндегі қосымша әдебиеттермен (көркем әдебиет, кинофильмдер, суретшілердің осы тақырыптарға арналған картиналары) жұмыс істеу керек. Дүниежүзі тарихы мен орыс әдебиеті пәндерінен бұл тақырып оқушыларға жақсы таныс, сондақтан бұл сабақ ерліктің , Отанға деген сүйіспеншіліктің , халықтар достығының, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың мысалдарына толы, ерлік сабағы ретінде өткізіледі.

Сабақты бекіту:

  1. ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы ашаршылықтың негізгі себептерін атаңдар.

  2. Патша үкіметі аштыққа ұшыраған қазақтарды құтқару үшін қандай шаралар қолданды?

  3. Қазақстар Отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті?

  4. Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар бұл соғысқа неге белсене қатысты?

Үйге тапсырма:

  1. Патша үкіметі 1808 жылғы 23 мамырдағы жарлығын қандай мақсатпен шығарды?

  2. Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.


«Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы»

Шайқасқа

қатысушының



аты-жөні

Шайқас

Марапатталуы











8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;

  • Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға ү»рету;

  • Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы аштықтың негізгі себептері.

  2. Қазақ балаларын шоқындыруға не себеп болды?

  3. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихъи маңыздылығы неде?

  4. Кестенің толтырылуын тексеру.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.

  2. Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.

  3. сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.

  4. Шаруашылық пен сауданың дамуы.

  5. Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.

  6. Кіші жүзде хан билігін жою.

  7. 1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».

  8. 1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.

І кезең. Мұғалімнің әңгімесі. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.

Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.



ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.

А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.



  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері

  • Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары

  • Мына салалардағы жаңа тәртіп:

  • экономика

  • сауда

  • денсаулық сақтау

  • білім беру

  • дін

Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:

  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.

Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.

Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:

  1. Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.

  2. Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды? (Кесте толтыру)

  3. 1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?

Үйге тапсырма:

  1. Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.

  2. Оқулықтағы мәтінді және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отытыр, «Тарихи тұлға» атты хабарлама дайындау (оқушының өз таңдауы бойынша)


8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 18. Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы

Сабақтың мақсаты.

  • Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;

  • Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;

  • Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне , эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи-архитектуралық ескерткіштері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазақстандағы хан билігі қандай жағдайда жойылды?

  2. 1822 ж. шыққан «Сібір қазақтары туралы жарғының» басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою, және аумақтық басқарылуын өзгерту болды. Осыны растайтын деректер келтіріңдер.

  3. Картадан округтік приказдар мен Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және Кіші жүз қазақьары қай генерал-губернаторларға бағынды?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.

  2. Ақмола-аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.

«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез-келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география, әдебиет, ғылыми зерттеулер).

Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:



1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау

  • Жалпы мәліметтері

  • Рельефі

  • Климаты

  • Су ресурстары

  • Жер бедері

  • Халқы

2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.

  • Жаңа басқару тәртібі

  • Жкономикасы

  • Архитектурасы мен қала құрылысы

  • Халқы

  • Білім беру

3-топ.Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:

«Қаланың қалыптасу тарихы»

Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.


  • Жылдар

  • Қаланың мәртебесі

  • Архитектуралық ескерткіштер

4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:

«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)

Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.

Сабақты бекіту кезінде оқушыларға Астананың 10 жылдығына арнап газет шығаруды ұсыну.



Үй тапсырмасы:

  1. Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.

Мына тақырыптар бойынша қысқаша әңгіме жазу: «Астана тойы-біздің жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі», «Ұлы істі ұлі халық пен ұлы басшы ғана атқарады», «Сарыарқаның інжу-маржаны» немесе тақпақ шығару.

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет