91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


Онтогенез типіне байланысты жастық кезең екі түрлі жолмен жүреді: тура даму және тура емес немесе түрленіп (метаморфоз — metamorphosis түрлену) даму



бет3/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
2 Қазақстан тарихы 10 сынып 10A.Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті презентация
Онтогенез типіне байланысты жастық кезең екі түрлі жолмен жүреді: тура даму және тура емес немесе түрленіп (метаморфоз — metamorphosis түрлену) даму.

Тура дамуда жұмыртқа қабығынан босанып шыққан немесе жаңадан туылған жас ағза ересек ағзадан ешқандай айырмашылығы болмайды, олар тек дене бітімінің пропорциясымен ғана ерекшеленеді. Мұндай даму көптеген жануарларға және

Адамдарға тән.

Түрленіп даму жұмыртқадан ересек ағзаларға мүлдем ұқсамайтын бір немесе бірнеше дернәсілдік формалардың алмасуы аркылы жүреді.

Организм дүниеге келгеннен бастап оның постнатальды дамуы басталады, ол организмдердердің түрлеріне қарай бірнеше күннен жүз жылға дейін өтеді. Постнатальды онтогенезде ювениальды және пубертантты кезеңдер, сонымен қатар өліммен аяқталатын кәрілік кезеңді ажыратады. • Ювенильды кезең. (лат. Juvenilis — жас) организмнің туылғанынан жыныстық жетілуіне дейінгі кезең. Бұл кезеңге тікелей немесе тікелей емес даму тән. Тікелей дамуға ұшыраған организмдердің ювенильды кезеңдегі өсуінің өзгешелігі — клеткалардың саны мен көлемінің өсуі және денесінің пропорциялары өзгеруі. Адамның әртүрлі мүшелерінің өсуі бір қалыпты емес. Мысалы, басының өсуі балалық шақта аяқталады, аяқтарының пропорциональды мөлшерге шамамен 10 жаста жетеді. Сыртқы жыныс мүшелері 12 -14 жаста өте тез өседі.

Пубертантты кезең және оның ерекшеліктері • Пубертантты кезең. Әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивтіПубертантты кезең және оның ерекшеліктері • Пубертантты кезең. Әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады – ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады: 1. Балалық фаза (препубертатты фаза) 2. Бейтарап фаза (меншікті пубертатты фаза) 3. Ересек (постпубертты фаза)

Кәрілік — онтогенез сатысы. Адамның кәрілігі туралы әртүрлі анықтамалар белгілі. Әсіресе, аса кең таралғанКәрілік — онтогенез сатысы. Адамның кәрілігі туралы әртүрлі анықтамалар белгілі. Әсіресе, аса кең таралған анықтамалардың бірі организм жасының ұлғаюымен жүретін және оның сырқаттары немесе өлімінің ұлғаюына мүмкін болатын жүйелі өзгерістердің жинақталуына негізделеді. Адамның кәрілігін зерттейтін ғылымды геронтология (грекше geron-қария, logos-ғылым) деп атайды. Оның мақсаты ересектік пен өлім арасындағы жастық ауысудың заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Кәріліктің белгілерінің ішінде, әсіресе, көзге түсетіндері, қозғалыс жаттықтылығының төмендеуі, сыртқы келбетінің өзгерісі, тері серпімділігінің,Кәріліктің белгілерінің ішінде, әсіресе, көзге түсетіндері, қозғалыс жаттықтылығының төмендеуі, сыртқы келбетінің өзгерісі, тері серпімділігінің, дене салмағының төмендеуі, бұлшық еттердің серпімділігі мен шымырлығының өзгерісі, бетте және дененің басқа бөліктерінде әжімдердің пайда болуы, тістердің түсуі жатады. Организмнің қартаю табиғатын түсіну ертеде пайда болды. Ежелгі Грецияда Гиппократ кәрілік шамадан тыс қоректену, таза ауада жеткілікті болмаумен байланысты деп санайды. Аристотель болса, кәрілікті организмдердің жылу энергиясының шығындалуымен байланысты деп санаған. Қоректі кәріліктің факторы ретінде Гален де айтқан. Бірақ ұзақ уақыт бойы мұндай мәселені обьективті тұрғыда түсіну үшін мәліметтер жеткіліксіз болды. Тек XIX ғасырда кәрілікті зерттеуде айтарлықтай алға жылжу байқалды, кәріліктің теориялары қалыптаса бастады.

Өлім онтогенездің соңғы аяқтаушы сатысы. Биологияда өлім жайында сұрақтар ерекше орын алады, өйткені өлімӨлім онтогенездің соңғы аяқтаушы сатысы. Биологияда өлім жайында сұрақтар ерекше орын алады, өйткені өлім сезімі адам табиғатына инстинкке тән және әруақытта адамға деген үлкен қамқорлықтардың бірі болып табылады (И. И. Мечников, 1913). Адамда өлімге ұшырауы пубербатты кезеңде жоғарылайды. Әсіресе, дамыған елдерде өлімге ұшырау мүмкіндігі 28 жастан кейін айтарлықтай жоғарылайды. Адамның клиникалық және биологиялық өлімін ажыратады. Клиникалық өлім ойлаудың жоғалуымен, жүрек қағысы мен тыныс алудың тоқтауымен сипатталады, бірақ көптеген клеткалар мен мүшелер тірі қалады. Клеткалардың өздігінен жаңаруы жүреді, ішектің перистальтикасы жалғасады.

93. Даму ақаулықтарының жіктелуі. Тұқым қуалауға бейім дамудың туа біткен даму ақаулықтары. Этиологиясы және ақаулықтардың шоғырлануы. Экзогенді даму ақаулықтары. Мультифакторлы даму ақаулықтары.

Дамудың туа біткен ақаулықтар (ДТБА) деп мүшелердің қызметінің бұзылуына алып келетін морфологиялық деффектілерін айтады. ДТБА туындау себептерін, даму механизмі мен туа біткен ақаулықтардың көрініс беруін зерттейтін ғылымды тератология деп атайды. Сыртқы орта факторларының немесе генетикалық өзгерістер әсерінен ДТБА-ның дамуын мен пайда болу үдерістерін тератогенез деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет