Дамудың туа біткен ақаулықтар (ДТБА) келесі түрлерге бөлінеді:
А) оқшауланған (бір мүшеде орналасқан, мысалы стеноз); б) жүйелі (бір мүше жүйсімен байланысты, мысалы хондродисплазия); в) көпшілік (екі мүше жүйесінде және одан да көп).
Этиологиясы бойынша ДТБА келесі түрлерге бөлінеді: а) тұқым қуалайтын;
Б) экзогендік;
В) мультифакторлық (көпфакторлы, яғни тұқым қуалайтын және экзогенді факторлар қосындысы): тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар гендік, хромосомдық және геномдық мутациялардан пайда болады, олардың әсері эмбрионалдық дисморфогенезге әкеледі.
Экзогенді туа біткен ақаулар органогенез кезінде тератогендік факторлардың әсерінен пайда болады.
94. Тератогенез. Мүше немесе жалпы ағза түзілуінің бұзылыстарының формалары. Агенезия. Аплазия. Туа біткен гипотрофия т.б.
Сыртқы орта факторларының немесе генетикалық өзгерістер әсерінен ДТБА-ның дамуын мен пайда болу үдерістерін тератогенез деп атайды.
Мүшенің немесе тұтас мүшелер жүйесінің түзілуіндегі бұзылыстар келесі түрде көрініс береді:
Достарыңызбен бөлісу: |