2. Ядроның негізі хроматин болып табылады. 3. Ядро жасушаның ортасында орналасқан. 4. Эукариоттық жасушалардың өмірлік циклі тұқым қуалайтын аппараттың күрделі қайта құрылуымен қатар жүреді. •Эукариотты жасушалардың негізгі компоненттері: плазмолемма, цитоплазма, ядро. •Эукариотты жасушалардың цитоплазмасы химиялық және құрылымдық жағынан күрделі. Цитоплазманың негізгі компоненттері: гиалоплазма, цитоскелет, қосындылар және оргоноидтар 3.Жасушалық ұйымдасудың прокариоттық түрі. Прокариот жасушаларының құрылымдықерекшелігі. Бактериялар. Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Жасушалардың прокариоттық типіне бактериялар және көк жасыл балдырлар жатады. Жасушалық ұйымдасудың прокариоттық типі (бактериялар): көлемдері кіші (0,5-3мкн), жекелеген ядросы болмайды, сондықтан ДНҚ түріндегі генетикалық материал цитоплазмадан қабық арқылы шектелмеген. Мембрана жүйесі дамымаған, органоидтар болмайды, тек нәруыз синтезін жүзеге асыратын рибосомалар ғана болады. Генетикалық аппараты гистон нәруыздары болмайтын жалғыз сақиналы хромосомадан тұрады, ДНҚ-ның кішігірім молекулалары – плазмидалар болады, олар физикалық жағынан геномды хромосомалардан бөлек және дербес репликациялануға қабілетті. Прокариоттық жасушаларда жасушалық орталық болмайды, цитоплазма жасушаішілік орын алмастыруы мен амебоидты қозғалыс типті емес