«Жаратылыстану пәндерінде білім беру үдерісін технологияландыру ».
А.А.Жексенбаева
Ақши орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы
Болашақ ұрпақ тәрбиесі – азамат баласының асыл мұраты. Жастардың қандай болуы керек деген нақты сұрақ әр бір саналы адамды ойландыратыны белгілі. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың алдына «ХХІ – ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» - деп, жауапты міндет қойып отыр.
Білім негізін қалануы тиіс десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалім жауапкершілігі басты орында болуы тиіс. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың өткені мен бүгінгісін, салты мен дәстүрін тарихи асыл мұраларымызды біліп қастерлеп, қазіргіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттігінен туындап отырған әрбір мұғалімнің азаматтық парызы мен міндеті деп түсінген жөн.
Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағыта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы орайда, жаратылыстану пәндерін оқытуда негізгі нысана оқушы екенін еске ала отырып сабақ үдерісін сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, жаңа форматқа көшкен абзал деп ойлаймын.
Қ.С. Құдайбергенова «Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми - теориялық негізінде», монографиялық еңбегінде үсынған күнделікті сабақ жоспарының жобасында білімді меңгеру әр деңгейдің мақсатынан оқушының қызметі, білімін өрістігі, танымдық қабілеттін арттыруы, күтілетін нәтижелер белгіленеді.
8 сыныптағы « Негіздердің жіктелуі,алынуы,олардың химиялық қасиеттері» тақырыбына сабақ жоспарын келтеріп, сонымен бірге интерактивті тақта қолдану жолдарын, жобалау технологиясының зерттеушілік деңгейін көрсете отырып Американдық психолог Б.Блум таксономиясының оқу мақсаттарын басшылыққа алып өз шығармашылық қоржынымды толықтырдым.
Сабақ тақырыбы: Негіздердің жіктелуі,алынуы, олардың химиялық қасиеттері
Оқу мақсаттары:
Білу: Мұғалім әрекеті: Мәселе ,жоба,үлгі ұсыну,ситуаци тудыру, оқушыға ой салу «Миға шабу » «Танымдық кесте»
Оқушы әрекеті: өз мақсатын айқындай отырып,мәселені шешуге әрекет жасайды
Ұйымдастыру формасы: Фронтальдік жұмыс, флипчарт –кесте өзіндік жұмыс
Күтілетін нәтиже: Білуі керек
Бағалау формасы: өзін-өзі, топтар өзара бағалайды
Түсіну: Мұғалім әрекеті: Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді « Негіздерді жіктеу»
Оқушы әрекеті: Қойылған мәселеге өзіндік көзқарасын қалыптастырады:
берілген химиялық формулаларды тасымалдап суда еритін, ерімейтіні бойынша жіктеу .
Ұйымдастыру формасы: «Жұмыс дәптерінде» өздігінен, Флипчартта – сызбанұсқа
Күтілетін нәтиже: Танымпаздық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады, өздігінен заттарды жіктеп негізгі элемент бойынша атауларын береді
(түсінеді)
Бағалау формасы: Бірін-бірі бағалау
Қолдану: Мұғалім әрекеті: Көмек,нұсқау, дидактикалық материалдар қамтамасыз ету: « негіздерді алу» « күйдіргіш натр, күйдіргіш кали !»
Оқушы әрекеті: Мәселе мәнін түсіну үшін өзінің барлық іскерлігін пайдалану: оксидтердің қасиеттеріне сүйеніп сілті алу ,
Жай және судың орынбасу реакцияларынан сілтілерді алу химиялық реакцияларды құрастыру
Ұйымдастыру формасы: Қосымша материалдармен жұмыс, Флипчартта - сызбанұсқа
Күтілетін нәтиже: Дербестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады: Оксидтердің, қышқылдардың касиеттерін, химиялық реакция типтерін еске ала отырып жұмыс қалай жасау керектігін ойластырады .
Бағалау формасы: Мұғалім бағасы
Талдау: Мұғалім әрекеті: Топ жетекшілері, консультант (көшбасшы) оқушылар арқылы көмек ұйымдастырылады: сарамандық жұмыс барысында негіздердің химиялық қасиеттерін зерттейді.
Оқушы әрекеті: өзгені тындай отырып өз білімін толықтырады: оқушылар қауіпсіздік ережелерді қайталап, негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімдерін іс жүзінде асыра алады, реакция теңдеулерін сауатты жазады
Ұйымдастыру формасы: Топпен немесе жұппен жұмыс
Күтілетін нәтиже: өзін топта ұстай білуі,өз ойын өзгенің ойымен салыстыра отырып бағалау дағдысы қалыптасады, өздігінен зерттеу жұмыстарын орындайды.
Бағалау формасы: Топ бағасы, бірін бірі бағалайды.
Жинақтау: Мұғалім әрекеті: Оқушылардың ой өрісің кеңейтерліктей түйін жасауға ықпал етеді.
Оқушы әрекеті: өз жауаптарын тезистік түрге келтіріп,ойын мәнді жеткізуге тырысады: орындаған сарамандық жұмысының қорыту: теңдеулер бойынша негіздердің «химиялық қасиеттеріне сызбаңұсқа жобасын құрастырады»
Ұйымдастыру формасы: Қойылған мәселені шешудің өзіндік үлгісін жасау, флипчартта сызбаларды құрастыру
Күтілетін нәтиже: өз білімін бағалауға дағдыланады, ұжымемен арадағы ынтымастық пайда болады,зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қорытындылайды.
Бағалау формасы: өзіндік қорытынды баға
Бағалау: Мұғалім әрекеті: Алған ақпаратқа баға беріп, өз өмірімен
Байланыстыра алуына дұрыс бағдар береді
Оқушы әрекеті: Бүгінгі білімнің не үшін қажеттілігіне ,білімнің құндылығына көз жеткізу: Қышқылдар туралы білім, дағды, іскерлерін қолданып алдағы сабақтарда қандай тағы класпен танысуға кезек келеді?
Ұйымдастыру формасы: қорытындыға келеді
Күтілетін нәтиже: Алған білімінің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, жасаған жобасын бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады. Жұмыс бағдарын айқындап, жобасын қорытындылайды .
«Миға шабу »
1. ОН тобы қалай оқылады?
2. ОН неше валентті?
3. Металдар ПЖ-і орны, валенттілігі ?
4. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен түзілген күрделі затты қалай айтамыз?
5.NaCL –қай заттың аты?
6. Аса бағалы металдар?
7. Натрий оксидіне су қосқанда .....
8. Негіздердің түрлері ...
9. «.......-атасы, жер –анасы »
10. Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар/атомдар тобы/ бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция ?
«Танымдық кесте»
Химиялық элемент
|
Оксид
формуласы
|
Гидроксид
формуласы
|
Сульфат
формуласы
|
К
|
|
|
|
Са
|
|
|
|
Fe( III)
|
|
|
|
« Негіздерді жіктеу»
Флипчартта берілген химиялық формулаларды тасымалдап суда еритін (сілті), суда ерімейтін негіздер бойынша жіктеу .
« Негіздерді алу» жолдары қарастырылады
Сарамандық жұмыс: Негіздер класына эксперементтік есептерді шығару
Химиялық реактивтерді қолданып эксперементтік есептерді шығару:
1 есеп: Нөмірленген 2 құтыда 2 түссіз сүйық берілген. Индикаторларды қолданып негіздің қай ыдыста екенін анықтаныздар.
2 есеп: Мырыштан мырыш хлоридің алыңыздар.
3 есеп: Берілген тұз натрий карбонатының ерітіңдісінен көмірқышқыл газын алыңыздар.
4 есеп: Мыс хлоридің қандай әдістермен алуға болады? Тәжірибелерді жүргізіндер.
5 есеп: Егер натрий гидроксидіне фенолфталейнді тамызып барып күкірт қышқылын қосқанда қандай өзгеріс болады ?
Орындаған тәжірибелердің бақылауларын нақтылап, реакциялардың жүру белгілері мен жағдайларын, химиялық реакция теңдеулерін жазып дәлеледеңдер.
«Химиялық қасиеттеріне сызбаңұсқа құрастыру» :
1.
зат индик
|
лакмус
|
фенолфталейн
|
Негіз
|
көгереді
|
таңқурай түсті
|
Қышқыл
|
қызарады
|
түсі өзгермейді
|
металл+ қышқыл = тұз+ сутегі
тұз + қышқыл = жаңа тұз + қышқыл / газ+ су/
а) металл оксиді + қышқыл = тұз + су
ә) металл гидроксиді + қышқыл = тұз +су
5. сілті +қышқыл = тұз+ су
Осы сабақтан кейін Блум таксономиясы мен оқу мақсаттарының байланыстырып жобалау технологиясы бойынша құрастырылып жасалынған сабақ жоспары тиімді екенін көрсетті. Оқушы белгілі баспалдақпен көтерілгендей, білім деңгейін бір сабақта нақты көрсете алады. Егерде әр сабақты осы іспетті өтетін болса оқушы төменнен жоғары, қарапайымнан күрделіге заңдылығын және жоба жасау арқылы білімді жақсы меңгерген болар еді. Сонымен қатар алған білімін өмірде кедергісіз қолдана алады деп сенуге әбден болады.
Сабақ бойынша оқушының
Сабақтың тақырыбы:
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
|
Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары:
|
Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін жүйелеп, өз бетімен жұмыс істей отырып, білімдерін тереңдетеді.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Таблица, схема, суреттер. тапсырма жазылған таратпа материалдар,жауап парақтары ,“Бағалау” кестесі, флипчарттар, бейнебаяндар, семантикалық карта, периодтық жүйе.
|
Әдіс - тәсілдер:
|
СТО, деңгейлік тапсырмалар.
|
Топтарға бөлу
|
1-топ оксидтер тобы; 2-топ негіздер тобы; 3-топ тұздар тобы.
|
Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» дей отырып сабағымызды бастаймыз.
|
Білім
(қайталау, еске түсіру)
Рейтинг жүйесі бойынша әр топ оқушыларына түсті жетондар таратылып отырады. Ал жеңген топқа ту беріледі.
|
1-топ
1. Оксидтер дегеніміз не? Жіктелуі.
2. Негіздер дегеніміз не? Жіктелуі
3. Тұздар дегеніміз не және қандай түрге жүктеледі?
4. Қышқылдар дегеніміз не?
2-топ
5.Негіздік оксидтер дегеніміз не?
6.Қышқылдық оксидтер дегеніміз не?
7.Екідайлы оксидтер дегеніміз не?
8.Қышқылдар қандай түрге жіктеледі?
3-топ
9. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?
10. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?
|
Түсіну
(түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау)
|
1-ші топқа тапсырма
Оксидтердің физикалық қасиеттері
2-ші топқа
Тапсырма оксидтердің химиялық қасиеттері
3-ші топқа тапсырма
Оксидтердің алынуы қасиеттері
«Химиялық эстафета» . Бұл тапсырманы тақтаға екі оқушы шығып тез арада орындайды (уақыт бойынша).
Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер, өнімдердің аттарын атаңдар.
Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3
S →SO2→ SO3 →H2SO4→ Na2SO 4
K → K2 O→ KCL→ K2SO4
Орындарында отырып оқушылар да тапсырманы орындап , жылдам болған оқушы мұғалімге тексертеді. Тақтадағы орындаған оқушыларды сынып болып тексерді.
|
Қолдану
(жасап көру, көрсетіп беру)
«Химик сараман» тақтада екі бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар көрген соң қорытынды жасап реакция теңдеулерін жазады.
|
1-бейнебаян. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не? Реакция теңдеуі. Индикатордың түсінің өзгеруі ерітінді де қышқылда, негізде жоқ екенін білдіреді. Сондықтан орта бейтарап.
2-бейнебаян. Үш пробиркада ерітінділер берілген, үшеуіне де лакмус құйып еді, 1 пробиркадағы ерітіндінің түсі көгілдір, 2 пробирканың түсі көкке, 3 пробирканың түсі қызылға боялады себебі не?
1 пробиркада – су
2 пробиркада – негіз
3 пробиркада – қышқыл .
|
Сергіту сәті
|
Сауалғы сұрақтар.
Фосфор жақсақ будақтап,
Ақ түтінін түзеді.
Ол түтінді су сорып,
Қандай қосылыс түзеді? Н3РО4
Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді
Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді? NaOH
2 Na + H2O = 2NaOH + H2
Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргендей су бетінде орын таппай,
Оқушым, ал ойлағын, қойма таппай. Na
Бірі – жанып, бірі қолдап жануды
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, қосылысын көп адам
Сөндіруге алып соған ағылды. 2 Н2 + О2 = 2Н2О күркіреуік газ
Қышқылға түстім жоқ болдым,
Сілтіге түстім от болдым
Айтыңдаршы балалар
Неліктен мен «шоқ» болдым? Фенолфтолеин
Қышқылға құлап қызардың,
Раушан гүлдей шырайлы.
Секірдің де сілтіге,
Сарғалдақтай сарғайдың.
Тек тұрсаңда әдемі ең,
Алқызыл түсің арайлы.
Не туралы сөз болып отыр. Метилоранж.
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық.
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? Сынап
Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ. Оттегі.
|
Деңгейлік тапсырмалар.
Оқушыларға тақтаға химиялық саты бойынша кедергілерден өту керек.
|
Калий оксидіне сәйкес келетін негізді жаз.
Фосфор оксидіне сәйкес келетін қышқыл.
Натрий гидроксийдінің с.м.м есепте
Алюминий оксидіндегі оттегінің массалық үлесін есепте.
16 г. Магний оксидіндегі оттегінің қанша массасы қажет.
Алғашқы үш тапсырманы оқушылар ауызша орындайды, төртінші және бесінші тапсырмаларды екі оқушы тақтаға орындайды.
|
Талдау
(бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу)
|
«Семантикалық карта»
Бейорганика-лық кластар
|
НСl
|
К2О
|
Ba(OH)2
|
Na2SO4
|
KNO3
|
H3PO4
|
MgO
|
HF
|
Оксидтер
|
|
+
|
|
|
|
|
+
|
|
Қышқылдар
|
+
|
|
|
|
|
+
|
|
+
|
Негіздер
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
Тұздар
|
|
|
|
+
|
+
|
|
|
|
|
Жинақтау
(құрастыру, шығармашылықпен орындау)
|
Химиялық сөзжұмбақ.
Реакция теңдеуі алынатындай етіп көп нүкте орнына керекті заттардың формуласын қойыңдар.
СuSO4 + .... = ----- + Na2SO4
------ + H2SO4 = ----- + H2O
|
Бағалау
(ұсыныс жасау, таразылау
|
оқушының өзі жасаған
|
оқушыларды
|
Оқушылар парақшаларын алмастырып, тақтадағы дұрыс жауап бойынша бірін-бірі тексеріп бағалайды.
«5» - 10-11
«4» - 7-9
«3» - 5-6
|
Үйге тапсырма
|
Негізгі кластарға сөзжұмбақ, ТЕСТ құрастырып келу.
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін смайликтер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайликтерге жазу
|
Достарыңызбен бөлісу: |