«Басқасын білмеймін,ең кенже бала өзімдікі» дегендей, бұрын Вельяминов дегенді дәл орыстың фамилиясы болмаса да, Еуропаның қақ ортасындағы бір ұлттың тіліне қатысы бар шығар дейтінбіз. Тіпті, «л» – дан кейін тұрған «жұмсақ белгінің» өзі (ь) бұл сөздің төркінің бізден аулаққа алып қашып тұр–ау?! Ал шежіре ше? Онда «6535/ 1027 жылы ұлы князь ЯрославВладимировичке, яғни Киевке Варяг өлкесінен Шимон Африкановичпен (кейін Симон аталып кеткен) бірге оның үш мың адамы келген. Сол Симонның Федор Васильевич, Воронец және Юрий Васильевич Грунка деген екі шөбересі болған» (ОГДР, ІІ, 22-б.) деп жазылыпты.
Міне, сол Федор Воронецтен атақты князь Воронцовтың әулеті тараса, Юрийдің Вельямин Андреевич деген немересі болған. Оның ұрпақтары Вильяминовтар Ресей тағына қызмет еткен.
Алайда, енді бір болжамдарға қарағанда (ОГДР, ІV, 26-б., V, 16-б.) Вельяминов фамилиясы Алтын Ордадан шыққан князь Четтің есімімен юайланысты. Ол Вельяминовтардың да, Сабуровтар мен Годуновтардың да арғы атасы болған екен. Воронцев – Вильяминовтардың шежіресінде (ОГДР, V, 16-б.) князь Африканың (яғни, ЯкупСоқырдың бауырының) ұлы СимонАфрикановичтің есімі ұшырасады. Сөйтіп, Вельяминовтардың Варяг өлкесінен гөрі Алтын Ордаға қатысы барлығы сенімдірек болып шығады. Вельяминов деген фамилияның түп – төркіні арабша Вали – Иамин, яғни Уәли – Әмин сөзінен шыққан. Вали немесе Уәли арабша тума, туысқан деген және қамқоршы, басшы жарылқаушы деген мағына береді. Ал, Амин – Әмин дегеніміз біріншіден «ант», «серт» дегенді берсе, екіншіден «оң жақтағы», «оң» дегенді анғартады.
Бұл есімнің тағы бір болжамы бар. Ол көне еврей есіміндегі Веньямин – Беньямин дегеннен шыққан болуы да мүмкін. Бұл жағдайда «ben» – ұл дегенді jamin оң қол, яғни оң қолдың ұлы дегенді білдіреді. Бірақ Вельяминов фамилиясы еврейдің ben jamin дегеннен гөрі арабтың wali jamin сөзінен пайда болған деген пікірдің басымдығы молдау. Мысалы, шежіредегі Яқуп Соқыр еврейдің «Яков» – ынан емес, арабтың «Яқуб» – ының соңғы әрпі «п» болып өзгерген түріне көбірек келеді.
Нарышкин
Бұл әулет те орыс шежіресінің жазуына қарағанда «ұлы князь» ИванВасильевичте Қырымнан келген Нарышкодан шығыпты. Нарышкиндер Ресейге наместник, воевода және өзге де қызмет етіп, сый-сияпат алып өмір өткізген екен. Ал осы дворянин, боярин болған КирилПалеутовичНарышкиннің қызы НатальяКирилловнаАлександрМихайлович патшаға тұрмысқа шығып, одан орыстар ұлы патша деп атайтын І Петр дүниеге келген екен. «Ұлы Петр дүниге келгеннен кейін Нарышкиндер әулиеті мәңгілік данққа бөлінеді» деп жазылған шежіреде. (ОГДР. 11.60-бет )
Сонымен Нарышкиндер әулиетнің ата тегі кейбір дереккөздер айтқандай, Сонау Германиядағы Богемиядан емес Қрымнан келген Нарыш-Нарышкадан тарайды екен. Нарышка есімінің немесе лақап есімінің негізінде парсы тілінен ауысқан, қазақ, қарақылпақ, түркімен т.б. тілдері сияқты түркі тілдерінде жиі ұшрастын парсының нар ... сөзі жатқан екен. Н.А.Баскаков бұл жерде бұған қазақтың «жүкауырыннаркөтерер» деген нақылын мысалға келтірді. Екіншіден, «нар», сөзі ержүрек, батыл және нар жігіт, деген мағына береді.
Әдетте қазақ, қарақалпақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының бұл есіміне сүйіспеншілік, еркелету сезімдерін аңғартатыны -аш, -еш қосымшалары жалғанады. Сөйтіп, негізгі «нар» түбірінен Нарыш сөзі сәл өзгеріске ұшырап пайда болды. Мысалы, жұма+аш - Жұмаш, ерке+еш - Еркеш, нұр+аш - Нұрыш деген есімдер осындай туынды сөздерге жатады. «Әсіресе, Нұрыш деген есім қазіргі түркі халықтарында өзбек, қазақ, қарақалпақ т.б. жиі ұшырасады да ол орысша Нұрышка, Нарышка болып та айтыла береді», - дейді ғалым.
Сонымен ұлы І Петер патшанаң нағашылары Қырмнан шыққан Нарыш болып шықты.
Черкасский
Шежіренің көрсетуінше, «Черкасскидің князьдерінің ұрпағы» Черкас аймағынан шығып, кейін Мысырда сұлтан болған Индалдан тарайды екен. ИоаннВасильевич Астрахань патша жаулап алғанан кейін Черкасс княздьдері Ресей державасына бағыныпты. Ал жаңағы Иналдың шөбересі ТемрюкИдаров деген князь Ресейге берілгендігінің айғағы ретінде патшаға өз ұлы салтман мен ханшайымы Марияны аманатқа тапсырған. Мария сол ИоаннВасильевичтің зайыбы болған» дейді шежіреде (ОГДР,ІІ, 9-б) Египет(Мысыр) сұлтаны болыпты деген сөздігінде Инал деген есім Махмуд Қашқаридің сөздігінде «ақсүйек әйелдің ұлы» деп түсіндіріледі.
Ал, Темрюк түркілердің «теміроқ», «теміржебе» сөзінен шыққан. Сол сияқты Идарыңыз қазақшаға парсы тілінен ауысқан Айдарсөзінен шығыпты, Айдардың екінші мағынасы ұл баланың төбесіне қойылған бір шоқ шаш екені белгілі.
Черкасскийлардың гербінен (таңбасынан) шығыстық белгілерді де айқын аңғартуға болады. Олардың таңбасындағы оң жақтағы қызыл бояулы тұста үстіне алтын ішік, қауырсын қадаған қалпақ киген, алтын әбзелді ақбоз атпен шауып бара жатқан черкес бейнеленген. Таңбаның екінші бөлігінде (көгілдір) алтыбұрышты үш жұлдызшаның арасына қос күміс жебе айқастырылған. Сол сияқты алдыңғы аяғымен жебелі садақ ұстап тұрған арыстан өзінің табиғи түсімен бейнеленген.
Шаховский
Шежіреде Шаховской князьдарының әулеті Ярославль князьдерінен тарайтыны көрсетілген. «Ұлы князь ВладимирВсеволодовичМономахтың Черный деген лақап есімді ФедорРостиславович атты шөбересі болады. Сол қасиетті князь Федорордың немересі ВасилийДавыдович Ярославльді басқарып тұрған.» Оның ұлы ГлебВасильевичтің үшінші ұлының есімі КонстатинШаховскийдың ұрпақтары Шаховскойлар Ресей тағына әртүрлі жоғары шенді қызметтер көрсетіп, иелікке жер алып отырған».
Шаховской фамилиясының түбір түркілер арқылы ирандықтардың (парсылардың) шах, яғни патша, монарх, билеуші сөзінен алынған (Будагов І, 663-б