2. Ай, күн немесе өсімдікке қатысты есімдер:
Аепа (Кюнячук (Чемгура (3. Атақ-дәрежесі бойынша пайда болған есімдер:
Бердебек (berdi берді + bek )
Тольбек (Ельбег (4. Адам қасиетін, құмарлығын, мамандығын және т.б. мағынасын беретін кісі атаулар:
Тирий (Емяк (Коян (5. Туысқандық және достық қатынас атаулары бойынша қалыптасқан есімдер:
Белдюз (Велдюз) Улан (Улен) Гирген (< мон. girgen-күйеу)
6. Фаунамен байланысты кісі атаулары (жануарлармен, құстармен қатысты:
Айдар (Корязь (Акуш (ақ құс)
7. Матариалдар және әр түрлі тұрмыстық бұйымдар атаулары бойынша берілген есімдер:
Алтунопа (Темир (temir темір)
Таш (8. Дене-мүшелерінің мағынасын білдіретін сөздер негізінде пайда болған кісі атаулары :
Белкатгин (Сокал (Сантуз (Мысалы, Н.А.Баскаковтың зерттеулеріне сәйкес Китанопа есімі Китан, яғни Кидан этнонимі мен «ру», «тайпа» мағынасын білдіретін «оба» дейтін көне түркі сөзінін фонетикалық варианты опа сөзіне біріккен лақап немесе топтық атау.
Н.А.Баскаковтың талдауынан көрініп тұрғанындай, Китанопа есімінің негізінде Кидан этнонимі жатыр. Бұл есімінің негізі этнос атауы, яғни этноним құрайтындықтан ал, этнос әлеуметтік топ, яғни социум болып табылатындықтан, Китанопа есімін, соцоним немесе әлеметтану деп қарауға болады. Китанопа сияқты этнонимдер негізінде пайда болған: Айдар, Аклан, Алақ, Башқұрт, Ельяк, Итлар, Итоглы, Карлы, Кобан, Кончак, Куман, т.б. антропонимдері де соционим немесе әлеуметатау болып табылады. Себебі, бұл есімдер этностардың, яғни әлеуметтік топтардың кісі атаулары ретінде берілген бейнесі, формасы. Сондықтан Асень-Осень, Бастий, Белкатгин-Балкатгин, Гзак-Казак, Кюнячюк-Күнічүк, Самогур-Чоногкур секілді лақап немесе топтық атаулар, әлеуметтік топ атаулары болғандықтан, бұларды да соционим деп табуға болады. Сол сияқты Аяпа, Аксупа, Алтунона, Арсланопа, Колотан, Кулоба, Чинегрепа есімдерін де соционим деп қарауға болады. Себебі, бұл есімдердің түбіріне немесе негізіне жалғанған епа, апа, опа, оба сөздері «ру», «тайпа», «баспана», «тұрақ», «ата», яғни «патронимия» мағыналарын білдіреді. Ал бұл мағыналар, әлеуметтік түсініктер мен категорияларға жатады. Олай болса, жоғарыда аталған есімдерді, соционимдер деп қарауға болады.
Куман-половец есімдерінің әлеуметтік тұрғыда талдауынан көрініп тұрғандай, бұл антропонимдер әлеуметатау болып атала алады. Рулар әлеуметтік топтар, яғни социумдар болғандықтан және социум атауларының негізінде половец есімдерінің басым көпшілігі пайда болғандықтан половец қоғамын құрған этностар мен басқа да кішігірім әлеуметтік топтар антропонимдердің пайда болуына себепті болған әлеуметтік фактор болып табылады. Ал, антропонимдер бірінші кезекте тілдік құбылыс, содан кейін барып әлеуметтік құбылыс.
Демек, соционим деп немесе әлеуметатаулар антропонимдердің тілдік табиғатын, төркінін дәлелдейтін этномәдени, әлеуметтанымдық негіздер.
Кюнячюк есімінің төркіні мен мағынасы Г.Гренбич пен Л.Будаговтың пікірлерін ескеріп, Н.Баскаков былай дейді: 1( kunicuk дружок).
Егер де көне түркі тілдерінде аталмыш мағыналарды білдіретін "күн" сөзі болмаған болса, онда К. Гренбичтің "күн" сөзіне еркелету формасындағы чүк аффиксінің жалғануы нәтижесінде «досым» немесе «достым» мағынасындағы күнічүк сөзі пайда болған дейтін пікірі бар.
Орыс жылнамаларындағы Кюнячюк есімі, половецтер тілінде Күнічүк немесе Күңічүк болып айтылған. Күнічүк немесе Күңічүк есімі орыс тілінде Кюнячюк болып айтылған. Осы себепті жоғарыда аталған зерттеушілер орыс жылнамаларындағы Кюнячюк есімінің төркінін күн дейтін түбір сөз бен чүк деген қосымшадан шығарады. Күнічүк немесе Күңічүк есімі, күні және чүк дейтін екі компоненттен тұрады. Бірінші компоненттің о бастағы архетипі күнгә немесе күңэ болған. Екінші компоненттің о бастағы алғашқы нұсқасы сак-шак немесе сақ-шақ мофемалары болған. «Күн» сөзіне қатысты қазақ тіліндегі Күнікей, Күнсұлу аттарын келтіруге болады.
Бердібек есімінің төркіні мен мағынасын Н.А.Баскаков былай береді: < Берди < (Тенгри) Берди дал + бек господин > Берди бек > рус. Бердебек.
Түркілер, соның ішінде қазақтар ұлдарын, Тәңірберді немесе Құдайберді деп емес, Тәңіберген және Құдайберген деп атайды. Осы себепті Н. Баскаковтың, Бердібек есімінің бірінші компоненті берді-ні, «тәңір берді» деген мағынадағы берді сөзінен шығаруы күмән тұғызады. Біздің ойымызша Бердібек есімінің бірінші компоненті берді-бөрілі қатысты сын есім яғни Бердібек - бөрілі, атауы бөрі тотемді этнос бегінің есімі немесе лақап аты болған. Бөрілі қатыстық сын есімі - бөріге қатысты, бөрі киесі бар, яғни бөрі тотемді этнос деген мағынаны білдіреді. Осы себепті Бердібек - бөрі киесі бар этнос бегінің есімі немесе лақап аты дейтін тұжырым жасай аламыз. «Бөрі» тотеміне қатысты бұл этномәдени сабақтастық қазақ тілінде мынадай атауларда көрініс тапқан: Байбөрі, Бөрібасар, Қасқырбай т.б.
Осы топқа жататын Ельбег есімінің төркіні мен мағынасы туралы И.Г. Добродомов, Л. Будагов және М. Қашқаридың сөздігіне сүйеніп берген өз пікірін Н. Баскаков былай береді: ИД < ел страна + бек князь, господин > ел бек князь страны; 1) иелпек-иелпик злой дух (МК, III, 54), 2) < ел-ил чужой, другой, иностранец (ЛБ, I, 204) + бек бек, господин > ел бек чужой бек. Көне түркі тілдерінде «бөтен», «басқа», «бөтен елдің адамы» мағынасындағы ел сөзі болмаған. Осы себепті Л. Будаговтың Елбек есімінің мағынасын, «бөтен бек» деп беруі негізсіз. Көне түркі тілінде ел бегі дейтін лауазым болған. Н.А.Баскаковтың Елбек есімінің төркінін, йелпек сөзінен шығарып, бұл есімнің мағынасын «ашулы рух» деп беруін. Демек, И.Добродомовтың бұл есімнің төркінін «ел», «халық» мағынасындағы ел атауы мен бек лауазымынан шығарып, оның мағынасын - ел бегі деп беруі дұрыс болып шығады. Себебі сөздің мағыналық та, морфологиялық та құрылымы дәлдей алмайды. Нақты айтқанда, келпек (желпек қаз.) сөзінің түбірі желпі, жел түбірлері болуы тиіс.
Жануарлармен, жәндіктермен, құстармен байланысты есімдер қатарына Кобяк есімінің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будаговтың пікірі мынадай: < көпек-көбек болышая собака (ЛБ, II, 142). Шын мәнінде, көне түркі тілдерінде көпек немесе көбек сөзінің мағынасы – үлкен, ірі ит емес, жай ғана немесе тек қана «ит» болған кездеседі.
Осы топқа жататын Боняк есімінің төркіні мен мағынасы туралы И.Г. Добродомов, К. Гренбич, Н. Баскаковтың пікірлері мынадай: ІІД < бәнәк родимое пятно; 1) < бойун-мойун шея (КГ, 63) + афф. принадлежности 3-го л. -и > бой (у) н-й -мой (у) н-и его шея + ак белый > бойни-мойни ак его шея белая, белошеий > белошейка-распространенная у тюрков кличка собаки Бойн (и) ак-Мойн (и) ак, в русской адаптации Боняк (НБ, I), 2) < бойнак ящерица (МК, III, 190).
Біздің пікірімізше, Боняк есімі түркі тілдеріндегі «қасқыр» мағынасын білдіретін бөріг сөзінің этимологиялық варианты. Алтай тілдер семьясында р-н дыбыс сәйкестігі бар деп көрсетілген. Осы сәйкестік бойынша, Боняк есімі, Боряк болып айтылады. Сонда Боняк есімін, Боряк деп те айтуға болады. Түркі тілдерінде и-і, ы-а дыбыс сәйкестіктері бар, осы сәйкестіктер бойынша Боняк және Боряк есімдері, Бонік немесе Бонық және Бөрік немесе Борық болып та айтылған. Көне қыпшақ тіліндегі Бөрік есімінің аталмыш ғасырларда Бонік болып өзгеруінің тарихи тілдік себебі, X ғ. аяғы мен XI ғ. басында Ертіс бойындағы қимақ-қыпшақтарға Шығыс Монғолиядан уран-қай тайпасы қоныс аудара келіп қосылып, көне қыпшақ тіліне фонетикалық өзгеріс енгізумен байланысты. Тарихшы С.М. Ақынжанов, қытай тілінің маманы Н.Я. Бичуринның: «хи немесе кайлардың тілі, қидан тіліне жақын болған» [112, 30 б.] дейтін дерегіне сүйене отырып, кайларды монғол тілдес этносқа жатқызады. Ал, монғол және тунгус-маньчжур тілдерінде жоғарыда атап өткеніміздей, р-н сәйкестігі бар. Барыс септіктің-ған қосымшасының, -ғар форманты көне түркі тілдерінде болған және қазіргі құмық тілінде бар. Басқаша айтқанда көне түркі тілдерінде р-н сәйкестігі болған және қазір де кейбір түркі тілдерінде реликт сақталған. Олай болса, көне түркі тіліндегі Бөрік немесе Борық есімі XI ғасырға дейін-ақ Бөнік немесе Бонық болып өзгеруі мүмкін. Р-н сәйкестігі бойынша Бонік немесе Бонық болып өзгерген половец ханының есімі, көне орыс тілінде Бонық болып айтылған. Бонік есімінің о бастағы алғашқы нұсқасы Бөрік, к-г сәйкестігі бойынша Бөріг болып та айтылған. Ал, бөріг сөзі-көне түркі тілінде «қасқыр», «бөрі» мағынасын білдірген. Егер де бөріг сөзі, «қасқыр» мағынасын білдірген болса, онда Боняк есімі де, оның о бастағы алғашқы нұсқасы Бөріг те «бөрі» мағынасын білдірген.
Сонда половец ханының Боняк есімі, «қасқыр» мағынасын білдіретін антропоним болып шығады. Ал, адамдарға жыртқыш аңдардың, жануарлардың, құстардың т.б. атауын беру тотемдік наным-сенімге байланысты екендігі антропонимикада дәлелденген. Олай болса, половец ханының Боняк есімі, тотемдік наным-сенімге байланысты пайда болған деп болжам айтуға болатын секілді.
Қыпшақтарда бөрі тотемінің болғандығын мынадай тарихи-этнологиялық факті дәлелдейді: 1097 жылғы орыс жылнамасында Киев князі Святославқа қарсы Вягре өзенінде болған шайқас алдында, түн ішінде хан Боняктің бір өзінің айдалаға кетіп, қасқырша ұлып қасқырлармен тілдескендігі, олардан ертеңгі болатын шайқаста жеңіс беруін өтініп жалбарынғаны, қасқырлардың оған жауап беріп, ертеңгі жеңісті қамтамасыз еткендігі, Боняктің қайтып келіп өзінің одақтасы князь Давыдқа ертеңгі шайқаста жеңіске жететіндіктерін сенімді түрде айтқандығы, жазылған. Осы деректі келтіруші С.А.Плетневаның пікірінше, желеп-жебеуші киелі аң бөрі культінің абызы-хан Боняк пен оның ордасының тотемі бөрі арасында байланыс бар. Басқаша айтқанда бөрі тотемді орданың ханы Боняк, өзінің есімін осы тотемге байланысты алған. Көрініп тұрғанындай, Боняк есімінде «бөрі» мағынасы бар екендігін С.А.Плетнева да қуаттайды [101, 286 б.].
Боняк есімінің этимологиясы мен семантикасына жасалған талдаудың біздің аңғарғанымыз - XI ғасырдағы сары қыпшақтарда тотемизм құбылысының сілемі әлі сақталған. Бұл жайлар қазақ антропонимдерінде де кездеседі. Мысалы: Орыс жылнамасына 1172 ж. тіркелген Тоглий ханның есімі, басқа жазбаларда - Товлый, Тоглый, Итоглый, Итогды нүхқаларында берілген. Ал Н.А.Баскаков, бұл ханның есімін Тоглый-Товлый-Толгый-Туглый түрінде беріп, оның Итоглый, Итогды дейтін нұсқаларын бермейді. Тоглый хан есімінің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будаговтың пікірін, Н. Баскаков былай береді: 1) < тогли трехмесячный ягненок, овца (ЛБ, 399); 2) < туг знамя, бунчук, хвост на конце копья (ЛБ, 1, 348) + афф. обладания ли > туг-ли имеющий бунчук, эмблему власти (ЛБ, 1, 398).
Біздің ойымызша, Тоглий хан есімінің С.А.Плетнева еңбегіне сәйкес половецтерде Кангароглы, Карабароглы, Бурджоглы секілді этнос атауларының бірі - Итоглы. Половецтерде Анджоглы, Кангароглы, Карабароглы, Бурджоглы сияқты этностар мен этнонимдердің болғандығы белгілі. Осы этноним, Ит атты ру немесе тайпа ханының Итоглы дейтін есімінің пайда болуына негіз болған. Итоглы есімі-Итоғлы этносының жиынтық бейнесін бейнелейтін ру көсемі немесе ханы ипостасындағы, яғни кісі атауы ретіндегі нұсқасы, түрі. Нақты айтқанда Итоглы < ит ру аты + оғлы (ұлы). Мұндай тұжырым жасауда біз половецтердегі Итлар есімінің этимологиясы мен семантикасы туралы көрнекті түркітанушы А.Зайончковскийдің үш түрлі жорамалына сүйенеміз: 1)АЗ < йит собака + афф. мн.ч. -лер > ийтлер собаки;
2)< Итил ер >< итил Волга + ер муж. Мужчина > < Итил ер волжанин>
3)< йети-йити-йетти семь + афф. мн.ч. -лер > ийти-лер относящиеся к племени, состоящем из семи родов.
Осылардың ішінен А. Зайончковскийдің Итлар есімінің төркінін Еділ өзенінің жағасын мекендеуші, яғни «Еділдік» деген мағынадағы Итил ер сөзінен шығаруы көңіл аудардық. Сонымен бірге ит сөзіне көптік мағынадағы лар жалғауы жалғанған деп санасақ, онда половецтерде ит атауымен аталған ру болған. Олай болса, осы Ит атты ру атауына оглы (ұлы) сөзін қосарлап, Итоглы дейтін этнонимді тудырған. Осы этноним негізінде Ит атты ру немесе тайпа ханының Итоглы дейтін есімі пайда болған деп жорамалдауға болады.
Демек, Тоглий хан варианты емес, Итогды деген нұсқаларының тарихи этномәдени негізі бар. Тоглий хан есімі мен оның Товлый, Тоглый дейтін этимологиялық варианттарының осылай айтылып дыбысталуы дұрыс болмауы себепті бұл есімнің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будаговтың жоғарыдағы пікірі де дұрыс болмай шығады.
Сонымен Тоглий есімінің этимологиясы мен семантикасына жасалған талдауды қорыта келгенде: половецтерде Тоглий немесе Тоглый деген есім болмаған, тек қана Итоглы дейтін антропоним болған, осы есімді кейбір орыс жылнамашылары айтқан кезде бастапқы и дыбысын түсіріп, Тоглый деп қате айтқан, осыдан барып орыс жылнамаларында аталмыш есім тіркелген дейтін тұжырым жасай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |