А. Х. Тажибаева Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ


Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату негіздері



бет7/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,14 Mb.
#6267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату негіздері
Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:

1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кірген) кезде қызметкер тиісті құжатты ұсынған күннен бастап;

2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;

2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып алған кезде;

3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған жағдайда;

4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;

5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиіс.

Бақылау сұрақтары

1 Еңбек шартының ұғымы.

2 Еңбек шартының мазмұны.

3 Еңбек шартын тоқтату мен бұзудың негіздері.

4 Еңбек шартында қандай ережелер мiндеттi болып табылады?

5 Еңбек шарты қандай мерзiмге жасалуы мүмкiн.



Тақырып 6. Жұмыс уақыты мен тынығу уақыты
Тақырыпты меңгеру бойынша әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеру барысында ең алдымен осы екі ұғымға тоқталып кетейік. Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері ал тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты (ҚР ЕК 1 б.).

Қызметкер еңбек міндеттерін жұмыс уақытынын ішінде орындауға міндетті. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін. Бұл жұмыс уақытының ұзақтығы аптамен белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.

Еңбек кодексіне сәйкес тынығу уақытының мынадай түрлері бекітілген: 1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыста.

Студенттерге Қзақастан Республикасының еңбек кодексінің 7 және 8 бөлімінің нормаларын білулері қажет.



6.1 Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері
Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері (ҚР ЕК 1 б.).

Қызметкер еңбек міндеттерін жұмыс уақытынын ішінде орындауға міндетті.



Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.

Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Қысқартылған жұмыс уақыты. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Еңбек кодексінің 181-бабына сәйкес белгіленеді.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Еңбек кодексінің 202-бабына сәйкес белгіленеді. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Еңбек кодексінің 224-бабына сәйкес белгіленеді.



Толық емес жұмыс уақыты. Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде: толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту; толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту; бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі.

Еңбек шартында тараптардың келісімімен қызметкер үшін толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін. Толық емес жұмыс уақыты белгілі немесе белгісіз мерзімге белгіленеді. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін еңбек кодексінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды.


6.2 Жұмыс уақытының режимі
Жұмыс уақытының режимі жұмыс аптасының түріне байланысты. Жұмыс уақыты режимінің негізгі элементтері: аптадағы жұмыс күндерінің саны; күнделікті жұмыстың басталуы мен аяқталуы; жұмыс ауысымдарының ұзақтығы мен алмасуы.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

Өндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Жұмыс беруші еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді (ҚР ЕК 81б.).

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.

Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.

Өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін (ҚР ЕК 82 б.).

Ауысымдық жұмыс

Өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді. Жұмыс беруші ауысым кестелерін қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей жеткізеді. Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін. Икемді жұмыс уақыты режимінің кезінде:

1) тіркелген жұмыс уақыты;

2) қызметкер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты;

3) есептік кезең белгіленеді.

Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең деп танылады.

Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең бір айдан аспауға тиіс. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз болуы мүмкін. Тіркелген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, икемді жұмыс уақыты режиміндегі есептік кезең еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.


6.3 Тынығу уақытының түсінігі мен түрлері
Тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Тынығу уақытының түрлері:

1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер;

2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;

3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);

4) мереке күндері;

5) демалыстар болып табылады.

Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.

Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін.

Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді.

Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.

Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесіне сәйкес пайдаланады.

Еңбек кодексінің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі. Демалыс және мереке күндерінде қызметкердің бастамасы бойынша жұмысқа жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жол беріледі. Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:

1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау және оларға тексеру жүргізу үшін;

3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 2) әлеуметтік демалыстар беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.

Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:

1) жалақы сақталмайтын демалыс;

2) оқу демалысы;

3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.



Бақылау сұрақтары:

1 Жұмыс уақытының түсiнiгi.

2 Жұмыс уақытының түрлерi.

3 Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы.

4 Толық емес жұмыс уақыты.

5 Мерзiмiнен тыс жұмыстар дегенiмiз не?

6 Тынығу уақытының түсінігі

7 Тынығу уақытының жалпы сипаттамасы


Тақырып 7. Жалақы. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақылар төлеу
Тақырыпты меңгеру бойынша әдістемелік нұсқама
Студенттер жоғарыда көрсетілген тақырыптарға байланысты жалақы дегеніміз не, оның басқа заңнамада көзделген төлемдер мен қосымшалардан қандай айырмашылықтары бар екенін білулері қажет.

«Еңбекақы» категориясының мазмұны екі аспектіні анықтайды: экономикалық және құқықтық. Экономикалық ұғымда еңбекақы жұмыс күшінің бағысы мен құнын білдіреді. Ал құқықтық категория ретінде еңбекақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер (ҚР ЕК 1б.).

Студенттер еңбекақыны кеплілдіктер мен өтемақы төлемдерінен ерекшелейтін элементтеріне назар аударулары тиіс. Өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;

ҚР Еңбек кодексінің 149 бабынан 159 бабы аралығында қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен өтемақы түрлері қарастырылған.

Осы аталғанды толық меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 10 және 13 бөлімдерін қараңыз
7.1 Жалақы түсінігі мен түрлері
Жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер (ҚР ЕК 1б.).

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: айлық жалақының ең төменгі мөлшерін; Еңбек кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін; еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын; үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді; мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді; түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді; жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді; жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды; жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды (ҚР ЕК 120 б.).

Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді.


7.2 Жалақы төлеу жүйесі
Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде қалыптастырылуы мүмкін. Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды), тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды. Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді. Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.

Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің негізінде айқындалады.

Тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады.

Тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы.

Тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші.

Тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері
7.3 Қалыпты еңбек жағдайдан ауытқыған

жағдайда еңбекке ақы төлеу
Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді (ҚР ЕК 127 б.).

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.

Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.

Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді.

Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.

Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.

Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша ақылар мөлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді.

Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді.

Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.


7.4 Кепілдіктер беру мен өтемақылар түсінігі мен түрлері
Өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;

ҚР Еңбек кодексінің 149 бабынан 159 бабы аралығында қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен өтемақы түрлері қарастырылған. Кепілдіктер мен төлем түрлері: Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер; медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер; донор болып табылатын қызметкерлер үшін кепілдіктер; іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы төлемдері; қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен өтемақы төлемдері; экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер; қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануға байланысты өтемақы төлемдері; жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты; Жұмысынан айрылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері; далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі мен шарттары; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақылар төлеу.



Бақылау сұрақтары:

1 Жалақы түсiнiгi және оның айрықша белгiлерi.

2 Жалақы төлеу тәртiбi және орны.

3 Жалақы жүйесiне анақтама берiңiз.

4 Кепiлдiктер өтемақылар дегенiмiз не?

5 Кепiлдiк өтемақылардың негiзгi түрлерiн атаңыз



Тақырып 8. Еңбек тәртбі. Материалдық жауаптылық
Тақырыпты меңгеру бойынша әдістемелік нұсқама
Бұл тақырыпты оқуды еңбекті қорғау институтының мазмұны жөнінде Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 5 бөлімінде бекітілген нормалардан бастаған жөн.

Тақырыпқа дайындалу барысында құқықтық нормалар міндеттерін ашып көрсететін талдау жасау қажет. Бұлар қызметкерлердің еңбек процесіндегі өмірі мен денсаулықтарын қорғаудағы тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған предписаниялар.

Студенттерге еңбекті қорғау нормасы - бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі екендігін анықтап алған жөн.

Студент бұл институттың негізгі заңдардан – конституциялық нормалардан, сондай ақ заңға бағынышты актілерден – ереже, нұсқаулықтардан тұратынын білген жөн.

Аталған нормаларды толығымен игеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 5 бөлімін қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет