А. Х. Тажибаева Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ



бет9/12
Дата27.12.2016
өлшемі2,14 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

9.2 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада ұлттық саясат қағидаттарының жүзеге асырылуын, бұл салада заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің дайындалуын, соңдай-ақ өндіріс құралдарына, технологияға және еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың, еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуте бағытталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары анықталған.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;

3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;

6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативті түрде бекітуге;

9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;

11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға;

12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

13) өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;

14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.

Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті өкілдік алған. Үкімет және басқа мемлекеттік басқару органдары: еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; еңбекті қорғаудың және оның жағдайын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді; министрліктер мен басқа орталық атқарушы органдардың еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерін анықтайды; еңбекті қорғауға кететін шығындарды қаржыландыру тәртібін анықтайды. Арнайы өкілеттігі бар орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

Еңбекті қорғаудың аймақтық (облыстық, қалалық) басқармасы еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті жерлерде жүзеге асыратын аймақтық басқару органы болып табылады. Еңбекті қорғау басқармасы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес еңбекті қорғауды кешенді басқаруды жүзеге асырады, мүдделі ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп еңбекті қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламалардың жасалуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды, аймақ бойынша өндірісте болған жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың және тергеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныс дайындап, оны енгізеді.

Алдында тұрған мақсаттары мен жүктелген міндеттерін шешу үшін еңбекті қорғау басқармаларына мынадай құқық берілген:



  • меншік формасына қарамастан кәсіпорындардың, бірлестіктердің және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердегі қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесіне қатысты жұмысын тексеру, тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер мен заң бұзушылықты жою жөнінде орындалуы міндетті нүсқау беру;

  • заңның бұзылуына кінәлі адамдарға қатысты заңнамада көзделген шара қолдану;

  • статистка, қадағалау және бақылау органдарынан, кәсіпорындар мен ұйымдардан еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасының жайы туралы, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар туралы оларды талдап қорыту үшін белгіленген мерзімде қажетті ақиарат алу, тағы басқа өкілеттіктер. Ұйымдық-құқықтық формасына және меншік түріне қарамастан әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау қызметі құрылады. Өзінің мәртебесі жағынан еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі, ал оның еңбекті қорғау мәселелері бойынша шешімдері барлық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметінің негізгі мақсаттары, міндеті мен өкілеттігі Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 2007 жылғы шілдедегі қаулысымен бекітілген Типтік ережеде анықталған.

Еңбекті қорғау қызметінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:



  • өндірісте қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету ушін кешенді әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емделу-профилактикалық шаралар дайындап, оларды жүзеге асыру;

  • еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелердің, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулардың сақталуын, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының міндеттемелерінің орындалуын бақылау.

Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі белгіленген мақсаттарға сәйкес еңбек қорғауды басқару жүйесінің жасалуын, енгізілуін және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кәсіпорынның функциональдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді, кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі өкілдерімен және еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп әрекет етеді, өндірістік құрал-саймандардың, ғимараттардың және құрылыстардың, тұрмыстық жайлардың техникалық ахуалын және дұрыс пайдаланылуын бақылайды; жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің кіріспе нұсқамасының бағдарламасын жасайды, кәсіпорынға жүмысқа алғаш кірген қызметкерлермен нұсқама еткізеді; ұжымдық шартта «Еңбекті қорғау» тарауының дайындалуын, еңбекті қорғау жөніндегi номенклатуралық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, т.б.

Еңбекті қорғау қызметі өндірістік, қызметтік және тұрмыстық жайларды кедергісіз қарап шығуға, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты материаддарды сұратып алуға, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулардың бұзылуына жол берген адамдардан жазбаша түсініктеме талап етуге; бөлімше басшыларынан жұмыстың бұл түрін орындауға жіберілмсген немесе еңбекті қорғау туралы ережелер мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларды өрескел бұзған адамдарды жұмыстан шығаруды талап етуге және тағы басқаларға құқылы.

Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 2007 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен басшылар, мамандар және қызметкерлер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының «Басшылар» деп аталатын 1 тарауына еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының лауазымы енгізілген және бұл лауазым бойынша Біліктілік сипаттама бекітілген. Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының қызметіне жоғары арнайы білімі бар және еңбекті қорғау жөніндегі инженер қызметінде кемінде 5 жыл істеген маман қабылдануы мүмкін. Біліктілік сипаттамасы, сонымен қатар, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының лауазымдық міндеттерін, оның біліміне қойылатын талаптарды анықтайды.

Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінде, сондай-ақ қадағалаудың және бақылаудың орталық органдары көзделген. Мысалы, мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілетті орталық атқарушы орган — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Еңбек туралы, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнаманың сақталуын тікелей бақылауды аталған Министрліктің мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Еңбек туралы зандардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек кодекісіне сәйкес,

еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, тексеру жүргізу туралы белгіленген тәртіппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға;

қызметкер мен жұмыс берушіден еңбек кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді алуға;

тәртіп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы кодекстің бұзылуын жою туралы міндеттеулер беруге, сотқа талап арызын беруге;

еңбек туралы заңдардың бұзылуына байланысты құжаттарды ресімдеу кезінде белгіленген үлгідегі фирмалық бланкілерді, мөр таңбаларды пайдалануға құқығы бар.

Заңнамада мемлекеттік еңбек инспекторларының беруге құқығы бар міндеттеулердің түрі анықталған. Еңбек кодексінің талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары кодексте қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы міндеттеу береді. Міндеттеулердің нысандары мен оларды беру тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Еңбек кодексінің талаптарының сақталуын қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік еңбек инспекторлары берген міндеттеулерді меншік түрлеріне және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларына қарамастан, барлық ұйымдар орындауға міндетті.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының іс-әрекетіне заңдарда белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін. Шағым жасалу берілген міндеттеудің орындалуын тоқтата алмайды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік орталық және жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың, табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің, елдің азаматтық қорғанысының, өрт қауіпсіздігінің жұмыстарын үйлестіреді, сондай-ақ өнеркәсіпте, тау жұмыстарында еңбек қауіпсіздігін қадағалайды, бүл салаларда нормативтік құқықтық актілердiң сақталуына қадағалау жүргізеді. Бұл органдар құзыретінің ерекшелігі сонда, олар өз қызметінде жұмыс берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарға тәнті емес. Олардың құқықтық жағдайын Республикасының Үкіметі бекіткен жарғылық құжаттар анықтайды.

Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті адамдары мынаған құқылы:



  • меншік түріне және шаруашылық жүргізу формасына қарама-
    стан кез келген кәсіпорынға алдын ала ескертпестен тосқауылсыз
    кіруге, министрліктерден, басқа орталық және жергілікті мемлекеттік
    басқару органдарынан, кәсіпорындардан, жұмыс берушілерді қажетті
    ақпарат алуға;

  • кәсіпорындардың басшыларына және басқа лауазымды адам-
    дарға орындалуы міндетті міндеттеулер беруге;

— кәсіпорындардың, жекелеген өндірістің, цехтардың, участок-
тардың, жұмыс орындарының және құрал-саймандардың жұмысын
тоқтата тұруға;

— еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпорынның басшыларына, басқа лауазымды адамдарына және қызметкерлеріне айыппұл салуға, ондай адамдарды жұмыстан босату туралы ұсыныс жасайды, қажет болған жағдайда оларды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды прокуратура органдарына береді.

Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті өкілдерін олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін барлық қажетті жағдайлар тудырады. Сонымен қатар бұл лауазымды адамдар өкілеттігін асыра пайдаланғандығы және дәлелсіз санкциялар қолданғандығы үшін күшіндегі заңнамаға сәйкес жауаптылық көтереді.

Еңбек туралы заңдар талаптарыңың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары берген ұйғарымдар меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті.

Егер бұзушылықта кінәлі адам еңбек инспекторының актісімен келіспесе, екі инстанцияға шағым жасай алады:


- сотқа.

Шағым жасау берілген үйғарымдардың орындалуын тоқтата түрмайды.

Қадағалау мен бақылау өзімен құзырлы органдардың қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған іс-әрекетін білдіреді. Көрсетілген іс-әрекет үрдісінде аталған органдар жұмыс беруші жөне онымен уәкіл етілген тұлғалар еңбек заңдарын бұзуын алдын алады және анқындайды, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қалпына келтіреді және осы құқықтарды бұзуда кінәлілерді жауапкершілікке тартады.

Еңбек заңдарының сақталуын қадағалау жұмыс берушінің шешімдерін заңдылығын тексеруді білдіреді.

Бақылау мен қадағалаудың түрлері: бәрінен бұрын қызметкердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды қажет ететін мемлекеттік, соттық, прокурорлық қадағалау және қоғамдық бақылау.

Ұйымдарда Қазақстан Республнкасы еңбек заңнамасынық сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инепекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, зандылын, әділдік, тәуелсіздік жоне жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;

3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;

5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;

6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;

7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;

8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға міндетті.

Қазақстан Республикасы еңбек заднамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:

1) нұсқама:



  • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;

  • жарақаттаңу қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауың болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндіріетік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;

  • жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;

4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.
9.3 Еңбектің қорғалуын қамтамасыз ету
Еңбекті қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер және нормалар. Мемлекет, өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар және ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың, ережелер мен нормалардың кәсіпорындарда қамтамасыз етілуін, сондай-ақ ұжымдық шарттарда белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықтар жасалуын міндеттейді. Кәсіпорындарда берілетін нормативтік актілер еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.

Кәсіпорындарды жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау талаптары. Күшіндегі заңнамаға сәйкес өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және пайдалануға, технология-ларды жасауға және шығаруга, машиналарды, тетіктерді, қүралсай-мандарды және басқа бұйымдарды, оның ішінде шет елдерден алған-дарды пайдалануға, егер олар еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, ережелердің және нормалардың талаптарына сай келмесе, жол берілмейді.

Адам ағзамы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалдарды қолдануға тыйым салынған.

Кәсіпорын (цех, участок) жұмысы, өндіріс құралдарын пайдалану немесе өнімдерді пайдалану, егер еңбек қауіпсіздігі талаптарына жауап бермесе, олар тиісті талаптарға сәйкестендірілмегенше тоқтатылуы мүмкін. Кәсіпорынға қосымша қауіпсіздік шараларының қабылдануын қажет ететін жаңа қауіпті заттар түссе немесе олар бұрыннан болса, жұмыс беруші қадағалау органдарын ол жайында дер кезінде хабардар етуге тиіс.

Техниканы, технологияны, өндірісті жобалаумен және жұмысты ұйымдастырумен байланысты кез келген құжаттамаға тапсырыс беруші және оларды жасаушы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін құрайтын әрекеттерінің дәлелділігі үшін, сондай-ақ солардың негізінде жүзеге асырылатын инженерлік, басқарушылық және басқа шешімдердің салдары үшін тең жауаптылық көтереді.

Еңбекті қорғау жөнінде мамандар даярлау. Мемлекет еңбекті корғау және кауіпсіздік техникасы жөнінен жоғары және орта арнайы оқу орындарында мамандар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін көтеруді қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғауды қаржыландыру. Еңбекті қорғауды қаржыландыру әртүрлі көздерден жүзеге асырылады: мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, бюджеттен тыс қорлардан, кәсіпорындар қаражатынан және басқа көздерден жүзеге асырылады. Кәсіпорын қызметкерлері бұл мақсатқа шығынға түспейді. Әрбір кәсіпорын жыл сайын еңбекті қорғауға қажетті каражат бөліп отырады. Қаражат мөлшері ұжымдық шартта анықталады. Сонымен қатар кәсіпорын өздерінің шаруашылық, коммерциялык, сыртқы экономикалық және басқа қызметтерінен түскен табыстар, сондай-ақ басқа табыс көздері есебінен қосымша еңбек қорғау қорын құруға құқылы.

Еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету. Атап көрсетілгендей кәсіпорыңдардағы, әрбір жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың талаптарына сай келуге тиіс. Бұл ретте кәсіпорында қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жайына бақылау жүргізу және ол жұмыстардың нәтижелері жайында еңбек ұжымына уақтылы ақпарат беріп тұру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі. Қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемесі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды сақтауға қатысты қызметкерлердің міндеттемелері ұжымдық шартта көзделеді.

Еңбек жағдайларына қарай қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдары, жуатын және дезинфекциялаушы материалдар, сүт, емдік-профилақтикалық тағам мемлекеттік органдар белгілеген нормалардан кем емес мөлшерде және ұжымдық шарт негізінде беріледі.


9.4 Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының

кепілдіктері
Заңнамада қызметкер жұмысқа қабылданған кезде де, сондай-ақ еңбек қызметі процесінде де оның еңбек қорғау құқығына кепілдік берілетіні көзделген. Еңбек шартының жағдайлары еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың және басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келуге тиіс. Бұл ретте азаматтарды олардың денсаулығы жарамайтын жұмыстарға қабылдауға тыйым салынған. Еңбек шартында жұмыс орнының, ондағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шынайы сипаттамасы берілуге және сондай жағдайларда жұмыс істегендік үшін заңнамада және еңбек шартында көзделген жеңілдіктер мен өтемдер көрсетілуге тиіс. Азаматты еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмысқа қабылдаған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді кәсіби ауруға қанша уақыттан кейін шалдығуы мүмкін екендігін ескертуге міндетті.

Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс.

Жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға құқылы. Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер еңбек шартының мазмұнында көзделуі тиіс.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындайды.

Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің шартын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгілеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарына негізделіп белгіленгеннен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.

ҚР ЕК 204 бабында белгіленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлардағы еңбегі жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен расталған қызметкерлерге қолданылады.

Ұйым қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтіннен төмен емес нормаларда арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да дара қорғану құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық тағамдары беріледі.

Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.

Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі заңнамада белгіленген. Медициналық тексеруден өтуді ұйымдастыру міндеті денсаулық сақтау органдары белгілеген тарифке сәйкес кәсіпорынға жүктеледі. Бұл ретте қызметкерлердің медициналық тексеруден өтпеуге құқығы жоқ. Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс берушінің есебінен осындай тексеруден өтуге міндетті қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады (Еңбек кодексінің 311 бабы).

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.

Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.

Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.

Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу Еңбек кодекінде және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.

Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті (ҚР ЕК 312-бап).

Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

ҚР ЕК 313-бабына сәйкес, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.

Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді айқындайды.

Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.

Қызметкерлер өз денсаулығының жайы туралы, оған әсер ететін факторлар, атап айтқанда қоршаған ортаның жайы, еңбек жағдайлары, тұрмыстың және демалыстың жайы туралы қажетті ақпарат алуға құқылы. Мұндай ақпараттарды қызметкерлер денсаулық сақтау органдарынан, мекемелерінен және жұмыс берушілерден, сондай-ақ тексеру жүргізген және емдеген дәрігерден алуға құқылы. Жұмыс орнындағы еңбектің жағдайлары мен оны қорғаудың жайы, берілетін тиісті жеке қорғану құралдары, жеңілдіктер мен өтемдер туралы ақпараттар кәсіпорын қызметкерлерінің талап етуге құқығы бар, ал жұмыс беруші оларға ол ақпаратты беруге міндетті.

Денсаулығына аса қауіпті жұмыспен айналысатын қызметкерлер ауысым алдында медициналық тексеруден өтуге тиіс. Ауысым алдында медициналық куәлендіруді қажет ететін кәсіптердің тізімін және оның көлемін еңбекті қорғау қызметі денсаулық сақтау органдарымен келісе отырып анықтайды.

Медициналық тексеруді өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Жұмыс берушілер күшіндегі заңнамада белгіленген жағдайларда өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайлардан және кәсіби аурулардан міндетті түрде сақтандырады.

Еңбек қызметі процесінде де қызметкердің еңбекті қорғау құқығына кепілдік беру қарастырылған. Мысалы, өміріне немесе денсаулығына қауіп төнетіндей жағдай туындаса қызметкер жұмысты тоқтатып, ол жайында дереу жұмыс берушіге хабарлайды, ол өз кезегіңде ондай жағдайдың туындағанына көзін жеткізіп жұмысты тез тоқтатады, қауіпті жоюға шара қолданады. Қызметкердің бұл жағдайда жұмыс істеуден бас тартуы ол үшін теріс зардаптарға әкеп соқпайды (тәртіптік, құқықтық, экономикалық және басқа санкцияларға); қауіпті жағдайды жоюға кеткен кезең үшін қызметкерге орташа айлық жалақысы төленеді. Қауіпті жағдайдың туындаған фактісін кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі қызметінің мамандары растайды, ал дау туындаған жағдайда оны мемлекеттік еңбек инспекциясы шешеді.

Еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай келмегендіктен кәсіпорын (нысан) жұмысы тоқтатылған жағдайда да, сол тоқтатылған барлық кезеңге қызметкердің орташа айлық жалақысы сақталады.

Жұмыс беруші еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы бұзып, оны қадағалау және бақылау органдары анықтаған жағдайда, қызметкердің арызы бойынша еңбек шарты бұзылуы мүмкін, ол ретте жұмыс беруші қызметкерге 3 айлық орташа жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төлейді.

Қызметкердің кәсіби ауруға шалдыққанының алғашқы белгілері байқалса жұмыс беруші, медициналық қорытынды негізінде оны басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс, ол басқа мамандық игеру кезінде, бірақ 12 айдан аспайтын мерзімге оның орташа айлық жалақысы сақталады.

Оқыту, кеңес-нұсқау беру, білімін тексеру және еңбекті қорғау мәселесі бойынша барлық қызметкерлерді қайта аттестациялау маңызды кепілдіктерге жатады. Мұндай жұмыстарды жұмыс беруші тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпте және мерзімде жүргізуге тиіс. Алдын ала дайындықтан (оқудан), кеңес нұсқаудан және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Кепілдіктер жүйесінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың және басқа нормативтік актілердің кәсіпорында сақталуын бақылау маңызды орын алады. Қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардан басқа еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың сақталуына, сондай-ақ еңбек ұжымдарының уәкілетті органдары тарапынан да қоғамдық бақылау жүргізіледі, атап айтқанда кәсіподақ ұйымдары атынан оның өкілдері бақылауды жүзеге асырады. Арнайы дайындықтан өткен бұл өкілетгі адамдар жұмыс орындарында еңбегін қорғаудың жайын кедергісіз тексеруге құқылы, беті ашылған кемшіліктерді жою туралы және оған кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс жасауға құқылы. Еңбекті қорғау жөніндегі өкілетті адамдардың өз міндеттерін орындау жағдайлары мен тәртібі ұжымдық шарттармен реттеледі.

Күшіндегі заңнамада, сонымен қатар, кәсіподақтардың жұмыс беруші, мемлекеттік және басқа органдар алдындағы қызметкерлер құқығын қорғау жөніндегі құқықтары да белгіленген. Кәсіподақтар еңбек кодексінде белгіленген еңбектің қорғалуы мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылау жүргізеді, еңбекті қорғау жөніндегі бағдарламаларды, заңнамаларды және басқа нормативтік актілерді дайындауға қатысады. Кәсіподақтардың өкілдері өндірісте болған жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады, еңбекті қорғаудың жайын, оны жақсарту мақсатындағы шаралардың орындалуын тексереді, байқалған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда кәсіподақтар ондай жағдайдан арылғанша жұмысты тоқтата тұру жөнінде ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, кәсіпорындар жарақат алудан және басқадай денсаулыққа келген зақымнан қызметерлер тартқан залалды өндіріп алу мақсатында және қызметкерлердің еңбекті қорғауға қатысты құқықтарын қорғау үшін сотқа талап арыз беруге құқылы.



Бақылау сұрақтары
Кәсіптік одақтар – еңбек қатынастарының субъектісі ретінде
Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату негіздері

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет