А. Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде»


- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады. 1-топ «Компьютер»



бет2/21
Дата26.09.2024
өлшемі437,5 Kb.
#205180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
"Информатика әлемінде" интеллектуалдық ойыны

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1-топ «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2-топ «Антивирус»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»
3-топ «Интернет»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2- бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.
1. Компьютер миі? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Графикалық редактор? (Paint)
6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)
13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
15. Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі)
16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
17. Банкрот (топтан 5 ұпай алынады)
18. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)
19. « Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)
20. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)
Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет