14
1-САБАҚ
Алдыңғы қатар дауыстылары
Алдыңғы қатар дауыстылары тіл ұшымен бірге тілдің алдыңғы
бөлігінің көмегімен жасалады.
[і:]
[і:] ұзақ дауыстысы — орыс тіліндегі [и]
дыбысына қарағанда,
ашық дыбыс болып келеді. Бұл тіл арқашығының ортаңғы бөлігі, орыс
тіліндегі [и] дыбысына қарағанда,
қатты таңдайға қарай біраз
көтеріледі дегенді білдіреді. Бұл кезде тіл ұшы астыңғы тістерге тиіп
тұрады, ал еріндер керіліп, біраз тістер көрінеді. Мысалы: eat [i:t].
[i], [ɪ]
Сөйлеу мүшелерінің реті [i:] дыбысын айтқан кездегідей болады.
Бірақ тіл арқашығының ортаңғы бөлігі жоғары қарай біраз бүгіледі.
Дыбыстың қажетті ерекшелігі орыс тіліндегі [и] және [э]
дыбыстарының арасында жатыр. [i] дыбысы [ɪ] дыбысына қарағанда,
біраз ұзағырақ және ол көп буынды сөздердің соңында кездеседі.
Мысалы: bit [bɪt], glossary ['glosari].
[e]
Тіл ұшы астыңғы тістерге жанасады.
Тіл арқашығының ортаңғы
бөлігі алға және үстіге қарай бүгіледі, бірақ [ɪ] дыбысын айтқан
кездегідей жоғары бүгілмейді. Ерін
бұрыштары екі жаққа қарай
керіледі. Ауыз, [ɪ] дыбысына қарағанда, біраз кеңірек ашылады.
Мысалы: egg [eg].
[
æ
]
Негізінен [
æ
] дыбысы қысқа дауысты болып саналады.
Бірақ sad,
bad, bag, jam, man сөздерінде созылып айтылады. Тіл ұшы астыңғы
тістерге
жанасады, тілдің алдыңғы бөлігі, [е]
дыбысын айтқанға
қарағанда, төменірек жатады. Жақтардың арақашықтығы кең болады.
Бұл дыбыс жіңішке дауыстылардың алдында орыс тіліндегі [э] және [а]
дыбыстарының ортасындағы бір дыбыс болып есептеледі. Мысалы: axe
[æks].
Достарыңызбен бөлісу: