А. Р. Боранбае ва шымкент, 2022



бет12/36
Дата18.05.2022
өлшемі471,72 Kb.
#143814
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Абдезимова (1)
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Арнайы кәсіби құзыреттер – бұл мұғалім-логопедтің қызметіне қажетті құзыреттер (яғни дайындық пен ұмтылыс).
А. Нұғысова осындай құзыреттер жиынтығын береді:
- оқытылатын пән саласындағы арнайы кәсіби құзыреттер;
- білім алушылардың білімін, іскерлігін қалыптастыру тәсілдері саласындағы әдістемелік құзыреттер;
- қарым-қатынас процестері саласындағы әлеуметтік-психологиялық құзыреттер;
- білім алушылардың мотивтері, қабілеттері, бағыттары саласындағы дифференциалды-психологиялық құзыреттіліктері;
- өз қызметі мен жеке басының артықшылықтары мен кемшіліктері саласындағы аутопсихологиялық құзыреттер [47, 90 б.].
Э. Аронсон мұғалімнің кәсіби құзыреттілік құрылымында келесі элементтерді атап көрсетеді:
- кәсіби психологиялық және педагогикалық білім;
- кәсіби педагогикалық іскерліктер;
- кәсіби психологиялық ұстанымдар, мұғалімнен талап етілетін мамандық;
- мұғалімнің кәсіби білім мен дағдыларды игеруін қамтамасыз ететін жеке ерекшеліктері [48, 122 б.].
Педагогикалық білім беру саласында жалпы мәдени, әдіснамалық, пәнге бағытталған құзыреттер немесе негізгі және арнайы құзыреттер ерекшеленеді. А.Н. Аутаева инклюзивті білім беру жүйесіндегі жұмысқа болашақ дефектолог маман- дарының психологиялық дайындықтарының қалыптасуы тек оқыту пәндеріне ғана байланысты болмайтындығын, арнайы ұйымдастырылған (мотивациялық, когнитивті, комбинацияланған) жұмыстарға да байланысты екендігін көрсетеді. [49]
Мұғалім-логпедтің кәсіби құзыреттілігінің басқа классификациясы жоғарыда айтылғандардан біршама ерекшеленеді (немесе кішігірім топтарға бөлінеді немесе кейбір топтар біріктіріледі).
Инклюзивті жағдайда білім беретін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін болашақ мұғалім игеруі керек педагогикалық дағдылар тобы түрінде ұсынған авторлар дағдылардың он тобын анықтайды. Алайда, бұл тәсіл бізге сәйкес келмейді, өйткені біз құзыреттілік ұғымын тек шеберлікке дейін тарылтудың қажеті жоқ деп санайды [50, 38 б.].
Осылайша, қазіргі уақытта кәсіби құзыреттердің көптеген жіктелімдері бар.
Біз ұстанатын жіктеу кәсіби құзыреттілігін, ұсынылып отырған ҚР МЖМБС талаптары бойынша жаңа құзыреттерді меңгеруі тиіс. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «педагог» ұғымын: «тиісті бейіндер бойынша педагогикалық және (немесе) кәсіптік білімі бар, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және (немесе) тәрбиелеу, оның ішінде қосымша білім беруді ұйымдастыру және (немесе) білім беру қызметін ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ кәсіптік стандартта көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін адам» деп анықтайды. Осы құжатта «өз қызметі саласында тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеру» міндеттемесі мен жауапкершілігі жүктелген [51]. Демек, педагогтің негізгі құралы – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
Әдебиеттерді және МЖМБС талаптарын іске асыратын мұғалім-логопедтің қызметін талдау, сондай-ақ Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалім-логопедтер арасында жүргізген сауалнамаға сүйене отырып, біз, біріншіден, мұғалімнің МЖМБС талаптарын сәтті жүзеге асыру жағдайларын анықтаймыз, бұл өз кезегінде осындай құзыреттер тобын анықтауға мүмкіндік берді.
МЖМБС-да оқыту нәтижелеріне қойылатын ең маңызды талап – оқушыларда әртүрлі пәндік мазмұнды зерделеу кезінде әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру. Бұл оқу процесінде тек пәндік ұғымдар мен іс-қимыл әдістерін ғана емес, сонымен бірге оқу объектісі ретінде қосу керек дегенді білдіреді. Бұл шарт мұғалімнен тиісті дайындықты талап етеді. Демек, оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін сәтті қалыптастыру үшін университет түлегінің моделіне, атап айтқанда оның кәсіби құзіреттілігінің құрамына тиісті өзгерістер енгізген жөн.
Біздер бакалаврдың «Арнайы педагогика» (Логопед) бейіні бойынша білім бакалаврларын даярлаудың шамамен алынған негізгі білім беру бағдарламасында келтірілген арнайы құзыреттерді нақтылайтын және МЖМБС айқындаған кәсіби құзыреттерді толықтыратын арнайы құзыреттерін қалыптастырдық.
Біз таңдаған құзіреттіліктерді игеру үшін студенттер әртүрлі оқу пәндері бойынша білім мен дағдыларға ие болуы керек, ал бұл білім мен дағдылар біріктірілген. Мысал келтірейік.
Арнайы сынып оқушыларының оқу процесінің заңдылықтарына негізделген оқыту технологиясын таңдау оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың тетіктері мен заңдылықтары, ақыл-ой іс-әрекеттерін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы, оқу іс-әрекетінің құрылымы, математиканы оқытудағы оқу іс-әрекетін басқару ерекшелігі, математикалық мазмұнның ерекшелігі туралы білімді біріктіруге негізделген. Студенттер аталған білімді психология, педагогика, оқыту әдістемесін оқу кезінде алады. Білім интеграцияланған сипатқа ие болу үшін, талдауды, синтезді, модельдеуді (пәннен тыс дағдыларды) қолдану қажет.
Осылайша, біз анықтаған арнайы құзыреттер пәннен тыс сипаттағы интеграцияланған құрылымдар болып табылады, олардың қалыптасуы бакалаврда («Арнайы педагогика» (Логопед) профилі) жоғары білімнің мазмұны мен технологияларын жаңартуды талап етеді.
1-кестеде «Арнайы педагогика» (Логопед) бейіні бойынша білім бакалаврларын даярлаудың үлгілік негізгі білім беру бағдарламасында тұжырымдалған арнайы құзыреттердің және МЖМБС жағдайында жұмыс істеу үшін қажетті сол бейіндегі бакалаврдың арнайы құзыреттерінің арақатынасы көрсетілген. Кестеден біз таңдаған бакалаврдың арнайы құзыреттілігі үлгілік негізгі білім беру бағдарламасында келтірілген арнайы құзыреттер жиынтығын нақтылайды және толықтырады.
1-кесте. Бакалаврдың арнайы құзыреттерінің («Арнайы педагогика» (Логопед) профилі) және МЖМБС жағдайында жұмыс істеу үшін қажетті арнайы құзыреттердің арақатынасы

Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері

Бітірушінің құзыреттілік моделі

түзету-дамытушылық әрекет саласында – даму кемістіктерін түзету; білім беру және оңалту процестерін түзету-педагогикалық тұрғыда сүйемелдеу;
білім беру-педагогикалық әрекет саласында – кемістіктері бар тұлғалардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қызметін және әлеуметтік-коммуникациялық қызметті жүзеге асырудың арнайы білім беру ортасын ұйымдастыру;
диагностикалық-консультативтік әрекет саласында – білім беру процесінің қатысушыларын оқыту, дамыту, кәсіби бағдар беру, әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша диагностикалық және консультативтік көмекті жүзеге асыру;
әлеуметтік-бейімдеушілік әрекет саласында – адамның қоғамда өмір сүруіне қажетті құзыреттіліктерінің дамуында кемістіктері бар тұлғалардың әрекеттерін ұйымдастыру;
ұйымдастырушылық-коммуникативтік әрекет саласында – ерекше білім алуға қажеттілігі бар тұлғалардың қарым-қатынас мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, қатынас жасау процесін ұйымдастыру;
жобалық-зерттеушілік әрекет саласында - білім беру мекемелерінде оқыту-тәрбиелеу процесін жобалау; білім алушылардың жеке және әлеуметтік дамуына арналған психологиялық-педагогикалық зерттеулер; білім беру әрекетінде білім алушылылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеу.

құндылықты-мәндік құзыреттілік: әлемді көре білуге, түсінуге, оның маңызы мен мақсатын жүзеге асыруға, олардың әрекеттері мен қызметін азаматтық және моральдық позициядан мақсатты және мағыналық тұрғыда таңдауға қабілетті болу; (ТҚ1)
әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілік: тілдерді білу негізінде мәдениетаралық, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, этика нормаларына сәйкес қарым-қатынас жасау жолдарын меңгерген (ТҚ2)
ақпараттық құзыреттілік: өздігінен іздеу, талдау және материалды іріктеу арқылы білім беру және кәсіби міндеттерді шешуде жаңа коммуникацияларды, технологияларды және техникалық құралдарды пайдаланып, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларына ие. (ТҚ3)
пәндік құзыреттілік: денсаулық сақтау, түзету-педагогикалық, диагностикалық-консультативтік, ұйымдастыру-коммуникативтік әрекет саласындағы білім, білік, дағдыны меңгерген, олардың кәсіби қызметіне адекватты әлеуметтік-кәсіби міндеттерді шешуде пайдалана алады (ТҚ4)
зерттеушілік құзыреттілік: білім беру және оқыту қызметінде, диагностикалық және түзету-дамыту жұмыстарында ғылыми зерттеулер әдіснамасын қолдана алады. (ТҚ5)
тұлғалық-дамытушылық құзыреттілік: физикалық, рухани және интеллектуалдық өзін-өзі дамыту және өмір бойы оқыту негізінде тұлғалық жетілу тәсілдерін меңгерген. (ТҚ6)

Бітірушінің құзыреттілік моделін қалыптастыруда «Арнайы педагогика» (Логопед) білім беру бағдарламасында төмендегідей оқу нәтижелері қалыптасады деп күтілуде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет