А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырыбы: Жетім балалардың жыныстық ролдік және құқықтық дамуындағы мәселелер. Дәріс мақсаты



бет40/84
Дата10.10.2020
өлшемі0,75 Mb.
#64080
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Тақырыбы: Жетім балалардың жыныстық ролдік және құқықтық дамуындағы мәселелер.

Дәріс мақсаты: Жетім балалардың жыныстық ролдік және құқықтық дамуындағы мәселелермен таныстыру, жетім балалардың құқықтық даму ерекшеліктерін анықтау.

Түйінді сөздер: әлеуметтену, жетім балалар құқықтық дамуы, жыныстық ролдік идентификация.

Негізгі қарастыратын сұрақтар:

  1. Балалар мекемелерінің тәрбиеленушілер жыныстық ролдік идентификацияның мәселесі.

  2. Жетім балалардың құқықтық дамудың ерекшелігі.


1.Балалар мекемелерінің тәрбиеленушілер жыныстық ролдік идентификацияның мәселесі.

Келесі мәселе балалар мекемелерінде тәрбиеленушілердің жыныстық ролдік идентификациялық мәселері. Балалар үйіндегі ер балалар жыныстар бойынша идентификациялану мүмкіндіктерінен айырылған, себебі үлгі алып өсетін ерадамдар өте аз. Топтық "Біз" күшінде қыздар мінез-құлықтың агрессивті формасында жүреді. Бұл олардың бөтен адамдармен ортасында өмір сүре алмау формасы. Отбасына болашақ жыныстық рол туралы нашар білімі, әр түрлі жыныстар туралы білімнің жоқтығы эталондардың құрылуын қиындатады. Толық емес идентификация өзінің денесіне деген эмоционалды бағалауын, қатынасын бұзады, бұл психологиялық қиындықтарды туғызады, болашақта бұл қиындық адекватты емес, психожынысқа алып келуі мүмкін.

Тұлғаның әлеуметтік кеңестігі қоғам заңдылықтарымен адамның құқықтарымен міндеттерімен толық байланысты. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер топтық, құқықтық норматив бойынша өмір сүреді. Топтық жағдайларға бағыттала отырып. Ата-ананың қамқорлығынсыз дамудың әлеуметтік жағдайы, өмір талаптарын (әр баланың әр уақытта балалардың арасында болуы, өзінің оңаша қалуына мекемеде кеңестіктің болмауы, өзінің жеке заттарының болмауы) баланың қарым-қатынасындағы сферадағы бұзылыстар бұл баланың тұлғалық дамуына өз-өзіне деген қарым-қатынасын, өзін тұлға ретінде дамуын тануында қиындықтарға алып келеді. Балалар мекемелерінде тұратын барлық балалар құрдастардың көп болғанына бейімделуге мәжбүр болады.

Көп балалар арасындағы негізгі әлеуметтік талаптар болады, бұлар эмоционалды қиындықтарды, қорқыныш, агрессия тудыруы мүмкін. Негізгі психологиялық мәселе-баланың басқа балалармен, ересек адамдардан демеалып, өзі оңаша отыруына мүмкіндік беретін орынның болмауы. Осындай қалыптасып қалған тәрбиенің талаптармен өмір сүретін балаларда иждивенчеенал позеция пайда болады. Оларда жауапкершілік деген болмайды. Бала қаншалықты балалар мекемелерінде өмір сүріп үйренсе де, олардың ережелеріне қаншалықты бейімделсе де бұл орта педагогтармен, психологтармен, дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен жасанды қалыптасқан орта болып табылады. Балалар мекемелерінде балалар одан шыққанға дейін барлық дайындықта өмір сүреді. Олар үшін бәрін біреу істеп береді: оларға біреу тамақ әзірлеп береді, киім сатып алып береді т.б.

Жетім балалар мен ата-аналық қамқорлықтан айырылған балалардың формальды дисциплинасы олардың үлкендермен қарым-қатынасында тағы бір қауіп бар. Балалар ерекше гуманистикалық қарым-қатынасты қажет етеді. Бұндай көмектер балаларда адамдарға деген дұрыс позецияны қалыптастыру керек, басқа ересек адамдарға қарым-қатынасында жағымсыз, агрессивті қатынасын жою қажет.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет