А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет43/84
Дата10.10.2020
өлшемі0,75 Mb.
#64080
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84
9 апта

17 кредит сағат

9 дәріс. Жетім жасөспірімдердің әлеуметтенуі және әлеуметтендіру

Дәріс мақсаты: жетім жасөспірімдердің әлеуметтенуі және әлеуметтендіру мағынасын ашу, жетім жасөспірімдердің әлеуметтену критерилерімен таныстыру.

Жаңа сөздер: әлеуметтену, әлеуметтік-педагогикалық қызмет, жетім-жасөспірім.

Негізгі сұрақтар:



  1. Жетім-жасөспірімдердің әлеуметтенуінің негізгі түсінігі

  2. Тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтенуінің критерилері

  1. Жетім жасөспірімдердің әлеуметтену процесінің концептуалды-әдістік айғағының теориялық анализі әлеуметтенудің нәтижесі жеке тұлғаның сапасы көрсеткіші ретіндегі әлеуметтігі екендігін айқындады.

Әлеуметтенудің субьект концепциясын ұстана отырып біз әлеуметтенуді жеке тұлғаның әр түрлі жаста сонымен қатар жасөспірім шағында қоғамға бейімделуі және үйренуі деп қарастырамыз.

Біздің тұрғыдан жасөспірімдердің әлеуметтенуін жеке тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік тәжірибені игеруі және өзіндік әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру деп қарастырамыз. Осыған орай, бейімделу мен үйрену әлеуметінің тәжірибесі анағұрлым бай болса, соғұрлым жасөспірімдердің әлеуметі жоғары болады. Жасөспірімдердің әлеуметтену процесінің негізгі компоненттері болып, әлеуметтік бейімделу және өзіндік психологиялық үйрену жатады.

Жасөспірімдердің әлеуметтенуі негізделген ҚР-ң жалпы білім беру стандарттарына сүйене отырып, былайша анықтаймыз:

Жасөспірімдердің қоғамға әлеуметтік бейімделуін:



  • адамдармен сөйлесу мәнерін игеру; жаңа әлеуметтік ролдерді үйрену; дүниежүзілік мәселелерге қызығушылық таныту; ұжымдағы өзіндік әлеуметтік статусқа көңіл бөлу; мектептен тыс қоғамдық өмірде әлеуметтік қарым-қатынас орнату; білім алу және болашақ қызметін таңдауда түсінігі;

  • діни және азаматтық өмір салтын қажетсіну; өзіндік және басқа жеке тұлғаның ойын адамдық құндылық ретінде қарау; ұлттық және дүниежүзілік мәдени құндылықтарды игеру; қоршаған ортаны қорғау және қай қызметте де оны аялау жауапкершілігн сезіну; жасөспірімдердің қоғамдануына өзіндік үйренуі;

  • мен-концепциясының толықтай қалыптасуы; өзін-өзі сыйлау және өзіндік қадір сезімінің дәрежесі, өзін-өзі бағалау, өз қызметін және оның нәтижелерін бағалау;

  • өзін-өзі ұстау қабілеті және түсінушілік;

  • өз мәселесін өзі шешу қабілетіс және оған дайын болу; өз-өзін қалыптастыру мақсатында қоғамдық жұмыстарға қатысу; шешім қабылдай алу.

  1. Жасөспірім тәрбиеленушілердің әлеуметтену критерилері.

Белгілі компоненттерге сүйене отырып бір-бірімен тығыз байланысты жасөспірімдердің-тәрбиеленуінің әлеуметтенуінің критерилерін анықтадық:

  1. құндылықты

  2. коммуникативті мінез-құлық

  3. эмоционалды ерікті

  4. өзін-өзі бағалаушылық

Берілген критерилердің көрсеткіштері:

  1. Құндылықты: діни және азаматтық өмір салтын қажетсіну; жеке және басқа адамның өзін-өзі бағалау жүйесін меңгеру; ұлттық және дүниежүзілік мәдени құндылықтарды қажетсіну; қоршаған ортаны қорғаудағы жауапкершілік; өзіндік көзқарастар,оларды өзгерту және жаңа құндылықтарды қабылдау;

  2. Коммуникативтік мінез-құлық: адамдармен сөйлесу мәнерін меңгеру; жаңа әлеуметтік ролдерді игеру; дүниежүзілік мәселелерге, ұжымдағы өзіндік статусқа қызығушылық таныту; мектептен тыс қоғамдық ұмыстарға қатысу, әлеуметтік өмір нормаларына бағыну; болашақ оқу орнын және мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау; өзін-өзі қалыптастыруда қоғамдық жұмыстарға қатысу;

  3. Эмоционалдық еріктік: өз сезімін бақылау және түсінушілік; өз мәселесін өзі шешу және оған дайын болу;

  4. Өзін-өзі бағалаушылық: мен-концепциясының толықтай қалыптасуы, өзін-өзі сыйлау және қабылдау, өз қадірін бағалау сезімі; өзін-өзі бағалау және оның нәтижесі.

Бақылау сұрақтары:



  1. Жасөспірімді әлеуметтендіру түсінігін ашу

  2. ҚР жалпы білім беру стандарттарына байланысты жасөспірімдерді әлеуметтендіру стандартын анықтау

  3. Бір-бірімен байланысты тәрбиеленуші жасөспірімдерді әлеуметтендіру критерилерін көрсету

Ұсынылған әдебиеттер:

Сабақ графигімен байланысты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет