2.Жетім балалардың әлеуметтенгендігінің психологиялық диагностикасы
Жасөспірімдердің әлеуметттенгендігінің деңгейінің психологиялық диагностикасы үшін келесідей 8 әдістеме ұсынады: «К.Роджерстің және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу диагностикасы », А(балалар үшін) және Б(қыздар үшін) нұсқалары, «Ч.Д.Спилбергтің орта және жоғары сыныптағы оқуға эмоционалды қатынас және оқу мотивациясы диагностикасының әдістемесі», «Пирс-Харристің «Мен-Концепция» шкаласы» әдістемесі, А.М.Прихожанның 13-16 жастағы оқушылардың жеке үрей шкаласы(Б формасы)», «М.Ракич бойынша Құндылықтар бағдары», «Эмоция белгілерінің бағаларының шкаласы», « Сакс және Левидің «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі».
Таңдалған әдістемелердің әрқайсысы валидтілік, сенімділік, эффективтілік принципі және түзетушілік талаптары үшін жауап береді және ақпарат жинаудағы бағыт пен мақсаты болады. Берілген тесттер мен әдістер батареясы жасөспірімнің әлеуметтенгендік деңгейін толықтай диагностикалауға мүмкіндік береді және осы облыстағы мамандармен бірнеше рет пробиркаланған (А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых, Т.И.Шульга, П.Я.Олиференко, А.Б.Быков және т.б.)
Осы әдістемелер жасөспірімнің әлеуметтенгендігінің сапалық және сандық көрсеткіштерін диагносчтикалауға мүмкіндік береді:
«К.Роджерстің және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу диагностикасы » әдістемесі адаптация және дезадаптацияның әлеуметтік-психологиялық коэффициентін анықтауға мүмкіндік береді, «жыныстық мәселелер және «өзін қабылдау-қабылдамау» әдістеменің қосымша факторы болып табылады.
«Ч.Д.Спилбергтің орта және жоғары сыныптағы оқуға эмоционалды қатынас және оқу мотивациясы диагностикасының әдістемесі» 4 шкала диагностикаланады: танымдық белсенділік, жетістікке жету мотивациясы, оқу процесіндегі үрей және ыза, оқу мотивациясының жалпы деңгейі анықталады.
-Пирс Харистың «Мен – Концепциясы школасы» әдістемесі жасөспірімнің өз-өзіне қатынасының деңгейін 9 фактор бойынша анықтауға мүмкіндік береді: іс-әрекеті, мектептегі интеллектісі, мектептегі жағдайы, сыртқы және денелік тартымдылығы, үрейі, құрдастар арасындағы танымалдылық және қарым-қатынас, бақыт және қанағаттанушылық, отбасындағы жағдайы және өз-өзіне сенімділік.
-«А.М.Прихожиннің 13-16жастағы оқушылардың жеке үрей шкаласы» әдістемесі (Б формасы) жасөспірімнің үрей деңгейін 4 шкала бойынша диагностикалайды:мектептегі үрей, өзін-өзі бағалаудағы үрей, тұлғааралық үрей және магиялық үрей.
-«Анық үрей шкаласының балаларға арналған (СМАS)» әдістемесі 7-12 жастағы балалар үшін арналған және үрейдің сипаттамасын және деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
-«М.Рокичтің құндылықтар бағдары» әдістемесі тұлғалық бағыттың мазмұнды жақтарын және оның қоршаған әлемге қатынасының негізін анықтайды.Құндылық классқа бөлінеді.
-Б.И.Додонова ұсынған «эмоция белгілер бағасының шкаласы» әдістемесі эмоционалды қалауларының көмегі бойынша, жасөспірімге қандай эмоциялар және жағдайлар қанағаттандыратынын анықтайды.
-Сакс және Левидің Аяқталмаған сөйлем« әдістемесі 60 аяқталмаған сөйлемнен тұрады.Олар зерттелушінің өзіне, әкесіне, болашаққа деген қатынас жүйесінің деңгейлерін сипаттайтын топтарға бөлінген.Бұндай сандық баға зерттелушінің дисгармондық қатынас жүйелерінің көрінуін жеңілдетеді.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1.»Педагогикалық диагностикаға» анықтама беріңдер
2.»Психологиялық-педагогикалық диагностика ұйымының негізгі принциптерін атап, мағынасын айтыңдар.
3.»Психологиялық диагностикаға »анықтама беріңдер.
4.Психологиялық дигностика принциптерін атаңдар.
5.Анализ компетенциясы қалай жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |