1.3. Әдістемелік талаптар: - Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.
- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.
- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.
8. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар. 1-4- сынып оқушыларының қазақ тілі бойынша білімін , іскерлігін дағдыларын бағалау нормаларына , мектепте бірыңғай орфорафиялық және сөйлеу режимінің талаптарына талдау жасау.
Сабақты жоспарлау түрлерімен, толық сабақ конспектісін жасау жолдарын меңгеру. Бағдарлама бөлімдерінің біріндегі материалды сағатқа бөлу.
Лекцияда айтылған теориялық мағлұматтарды оқып үйрену негізінде сабақтарға және сабақтан тыс жұмыстарға талдау жасау. Талданған сабақтарды әдістемелік жағынан жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар жасап үйрену.
1-4- сыныптардағы қазақ тілі бағдарламалары бойынша жылдық тоқсандық жоспарлар жасау. «Құрмалас сөйлем» , «Текст» салалары бойынша көрнекіліктер жүйесін жасау.
«Тіл дамыту» сабағының үлгісін жасау. Шешендік өнер сабағының үлесін жасау. Сабақтан тыс жұмыс жоспарымен бір конспекті жасау. Қызықты грамматика материалдары бойынша папка жасау. Қазақ тіл кабинетін жасақтау жоспарын жасау. Қазақ тілі мұғалімдерінің бірлестігі жоспарын құру. Қазіргі сабақ түрлерін пайдалана отырып әр түрлі тақырыптарда сабақ жоспарларын жасау. Жаңа технодогия элементтерін қолдана отырып, сабақ ету.
Курстык жұмыстар Қазақ тілі сабағындағы шығармашылық жұмыстар, оларды ұйымдастыру жолдары.
Бастауышта қазақ тілін оқытудағы пәнаралық байланыс
Оқу сабақтарындағы оқушының өз бетімен жасайтын жұмыстары
Байланыстыра сөйлеу бойынша мәтінмен жұмыс жасау жолдары.
Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары.
Бастауышта өзіндік жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы жаттығулар мен тапсырмалар.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Қазақ тілі сабағындағы жаңаша әдіс-тәсілдер.
Көркем шығармаларды оқытудың тәрбиелік мәні.
Қазақ тілі сабақтарын халық педагогикасымен ұштастыра оқыту жолдары.
Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту
9. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі. СӨЖ-дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ оқытушының қатысуымен /СОӨЖ/ аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс /СӨЖ/ сабақтардан тұрады.