А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді



бет64/72
Дата28.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#155525
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі
Дәрістер жинағы, фри, дисур эссе (1), 1544079469, dene shynyktyru
б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға кажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады.
Әңгіменің барысында бұрын оқылып өткен материалдардағы деректерді немесе балаларға басқа кітаптардан, күнделікті тәжірибелерінен белгілі деректерді пайдаланған тиімді. Мысалы, Б.Майлиннің III сыныптағы "Күлпаш" әңгімесін оқуға дайындалуда II сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі.
в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын — қай-қайысысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өленді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген ой тумасқа тиіс. Бірақ, мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан көрген-білгендерін оқушыларға оқулыктағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде өзен, көл бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып, сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы "Сең үстінде" (С.Мүқанов). Әңгімесін оқығанда пайдаланылады. Немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін егістікке, қырманға т.б. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұндай экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көріністерін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады.
г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың "Қыс келбеті" өлеңін оқымас бұрын, тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен "Қысқы ойын", "Қыс" тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы. М.Әуезовтың "Бүлдірген тере барғанда" әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаеватың "Қашаған қуу" картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер де пайдалануға болады. З.Иманбаевтың "Мысалдарын"оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б. суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе — окулықта берілген суреттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып коюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.
д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындык кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ.
Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, эксковатор т.с. сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалаларды дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
2) шығарманы оқу барысында;
3) оқып болғаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.
Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, ІҮ сыныпта "Бүлдірген тере барғанда" әңгімесін оқығанда алағызып - алаңдап, қаршадай —кішкентай т.б. Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу — оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Сондықтан мәтінді оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруге әуес болмаған жөн.
Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тындаушыға әсері азаяды.
Сөздерді шығарманың мазмұнын балалар әлде де тереңірек ұғыну үшін немесе оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында түсіндіру қажет болады. Мұндай сөздер шығарма оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы, К.Табейдің «Ол ақын болар ма еді?» әңгімесіндегі «Өмірін жалау еткен, «Амангелді батырымдағы « «обар ниет-қара ниетті т.б.).
Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету жұмыстарының ролі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде төмендегі жағдайлар қарастырыла
1. Мәтінде синоним сөздер бар ма, болса, олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет — осыларды анықтайды.
2. Егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма — осыларды карастырады.
Сөйтіп, мүғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырлатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.
Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап — сөз бен балалар санасындағы бейнені, елесті түрлі жолдармен үнемі ұштастыра отыру. Өйткені сөз бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
І.Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру.
2.3аттың өзін немесе суретін, түрлі картинкалар көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
З.Синоним сөздер қолдану: "Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?" сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.
4.Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген де пайдалы. Мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.
5.Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі: шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім т.с.
б.Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, деректер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с. сөздердің мағынасы осы тәсілмен түсіндіріледі.
7.Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолданудың біраз пайдасы бар. Бірақ мұнда диафильмдерді бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі — шығарманы оқу- Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрак, туады.
Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тындаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіре, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңін талапқа сай, әсерлі де аянышты үнмен оқып беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалды оқу арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.
Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді, белгілі бір аяқталған ойды білдіретін бөлімдерін, кезекпен біршене бала оқығаны жөн.
Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған дұрыс.

6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.





Тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Дауыссыз дыбыстар, жіктелуі.



Дауыссыз дыбыстардың жасалуы
2. Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсіліне қарай жіктелуі. Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жіктелуі

1

1,2,3,4,5,6

2

Графика. Қазақ алфавитіндегі әріптердің жазылуы, формалары.



1. Графиканың мәні және алфавит
2.Әріп және дыбыс. Әріптің дыбыстық мәні
3. Алфавиттегі әріптің аты. Әріптен басқа графикалық белгілер

2

1,2,3,4,5,6

3

Ы, і әріптерінің емлесі.



1.Дауысты ы, і әріптері
2.Ы, і әріптері түсіріліп жазылатын сөздер
3.Ы, і әріптерінің сөзге қосылып жазылуы

3

1,2,3,4,5,6

4

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі



1. К, г, қ, ғ, х әріптері
2. Дауыссыз п, б, ф, в әріптері
3. Қос дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы

4

1,2,3,4,5,6

5

Қазақ тіліндегі сөздердің емлесі.



а) Бас әріптің емлесі ә) Бірге жазылатын сөздер б) Бөлек жазылатын сөздер в) Қос сөздердің емлесі г) Түбір сөздердің жазылу емлесі

5

1,2,3,4,5,6

6

Қосымшалардың емлесі.



а) Қосымшалардың дефис арқылы жазылуы
ә) Орыс тілінен енген сөздермен қосымшаның жазылуы
б) Жіңішкелік белгіге аяқталған сөзге қосымшаның жалғануы
в) Шылау сөздердің емлесі

6

1,2,3,4,5,6

7

Тұрақты сөз тіркестері

1. Идиомалық тіркес
2.Фразалық тіркестер
3. Тұрақты сөз тіркестердің мәндес және қарама-қарсы мағынада қолданылуы

7

1,2,3,4,5,6

8

Сөзжасам

Тілдің сөзжасам жүйесі.
Сөзжасамдық жұрнақ.

8

1,2,3,6,19,20

9

Қосымша



1.Сөз тудыратын қосымшалар
2. Сөз түрлендіретін қосымшалар Жаттығулар орындау арқылы тақырыпты бекіту

9

1,2,4,5,9,10

10

Зат есімнің сөзжасамы

а)Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар
ә) Туынды етістіктен жасалған туынды зат есімдер
б) Еліктеуіш сөздерден жасалған зат есімдер



10

1,2,4,5,9,10

11

Сын есім

Жаттығулар орындау арқылы тақырыпты бекіту

11

1,2,4,5,6,7,9,10,12,14,15,17,
21

12

Есімдіктердің сөзжасамы

1.Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер
2.Аналитикалық жолмен жасалған есімдіктер а) Бірігу арқылы жасалған есімдіктер б) Қосарлана келген есімдіктер

12

8,16,22

13

Етістіктің сөзжасамы

1. Етістіктің сөз тудырушы жұрнақтары
а) Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар
ә) Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар. Жаттығулар орындау арқылы тақырыпты бекіту

13

8,16,22

14

Сөз тіркесі синтаксисі

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу жолдары

14

1,2,4,5,6,7,9,18

15

Пунктуация

Емле және тыныс белгілері

15

1,2,4,5,6,7,9,18



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет