А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет65/72
Дата28.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#155525
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі
Дәрістер жинағы, фри, дисур эссе (1), 1544079469, dene shynyktyru
7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау:
Практикалық сабақ сұрақ-жауап, мазмұндау, түсіндіру, қазіргі қазақ тілінің әр түрлі салаларына
қатысты фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік талдау, баяндау түрінде өтеді.
ОСӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау:
Бұл сабақтың түрі көбіне көп жазбаша: мазмұндама, шығарма, диктант түрінде және талдау түрінде өтеді.
СӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау:
СӨЖ жазбаша түрде алынады. Бұл реферат немесе жаттығу жұмыстарын орындау болып келеді.
Студент практикалық, семинарлық сабақтарға 1.4. Сабақ мазмұны мен кестесі бөлімінде көрсетілген тақырыптар бойынша міндетті түрде әзірленіп жүруі тиіс. Қажетті әдебиеттер де 1.4. бөлімінде көрсетілген. Пәннің теориялық мәселелерін оқу құралдарынан, қосымша ғылыми әдебиеттерден оқып, бекітіп отыруы қажет.
Тілдік талдаулардың түрлерін айыра талдап, үндестік заңының түрлерін жақсы біліп, сауатты жаза білуге дағдылануы керек.
СӨЖ-дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ оқытушының қатысуымен /СОӨЖ/ аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс /СӨЖ/ сабақтардан тұрады.
Студенттің өзіндік жұмыстарына мыналар кіреді:
- Өткен дәріс материалдарын қайталау, берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу.
- Тәжірибелік сабақтарға дайындалу.
- Үй тапсырмаларын орындау.
- Семестрлік тапсырмаларды орындау.
Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі:
- Дәріс материалдарын дер кезінде талдап отыру.
- Тақырыпты толық меңгерге шейін студенттермен жұмыс істеу.
- Конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мәліметтер еңгізу.
- Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесті дәрісте міндетті түрде талқылау.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- Тәжірибелік сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.
- Тәжірибелік сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.
- Тәжірибелік сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.
- Тәжірибелік сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.
- Тәжірибелік сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.
1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Тәжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.
- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.
- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.
- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет