Байланысты: А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі
Тақырыбы:. Тіл дамыту әдістемесі
Қарастырылатын мәселелер: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.
Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық-құрылымдық жүйесі.
Тіл дамыту- оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты екендігі.
Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Окушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:
1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиядық дайындау.
2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3. Шығарманы оқу.
4. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
5. Шығарманың жоспарын жасау.
6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы окыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы, ондағы окиғалар т.б) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: "-Ей, тілсіз жануарлар. Мені де, сені де балапанынан айырған қара жүрек жауыздар..." деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындык әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.
Мысалы, М.Әуезовтың атақты "Абай жолы" романынан кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қыскартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта "Бүлдірген тере барғанда" тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп көрген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді. Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, "Бүлдірген тере барғанда" шығармасының мамұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.
Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген создердің барлығын теріп алып, мәтіндердің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды.
Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты — балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:
а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің "Қырман үстіндегі ту" әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.
С.Мұқановтың "Сең үстінде" әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы туралы әңгімелеуге болады.
ә)Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, "Сырым батыр", "Тарас Шевченко" мәтіндерін оқымас бұрын бұл мәтіндердегі оқиға қай кезде болғанын Сырым батырдың немесе Тарас Шевченконың кімдер екенін айтып, түсінік беру керек.
Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тындай отырып, шығарманы оқуға кұмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.