А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Иә, мен... іріткі салып жүрмін? Нәзила



бет56/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Иә, мен... іріткі салып жүрмін?
Нәзила: Ана орнына ана боп, түн ұйқысын төрт бөліп, жастық шағын ұмытқан әпкеңе осылай десең, сенен түңілмей кімнен түңілмексің? Кет, жоғалтыңдар көздеріңді.
Олар шығып кетеді.
Қамажай: Енді қайттім, енді қайттім?.. Бір шаңыраққа ие бола алмағаным ба? «Теміржан мен келінімді неге сыйыстырмадың?» - десе, анама не деймін? Не бетімді айтам?
* * *
Нәзила мен Гауһар сабақ оқып отыр.
Гауһар: Осыны жаттайсың кеп, жаттайсың, бәрібір ертең естен шығып кетеді. Біз осы шет тілінің маманы бола алмайтын шығармыз.
Нәзила: Жарайды, бүгінге осы да жетер. Бас тынықтырайық. Айтпақшы, комментатор жігіттен хабар болмай кетті ғой. Жолығып тұрасыңдар ма?
Гауһар: Келіп тұрады.
Нәзила: Сүйемін деп айтты ма?
Гауһар: Жоқ.
Нәзила: Неге?
Гауһар: Мен ыңғай бермей жүрмін. Алғашқы кезде бір түрлі ішім жылитын сияқты еді, қазір мүлде селт етпеймін. Өйткені, оның бойында табиғилық жоқ. Барлық қимылы, айтар сөзі тіпті, темекі тұтатқанына дейін алдын ала ойластырып қойған секілді. Оның үстіне, ол өзін тым сылап-сипап, көрікті боп көрінуге тырысады.
Нәзила: Оның несі жаман?
Гауһар: Сұлу еркектен жек көретінім жоқ. Және ылғи да иіс су жағып келеді.
Нәзила: Қызық екен. Жұрттың бәрі көрікті жігітке ұмтылса, сен одан теріс айналасың. Енді саған қандайы керек? Ақылды, ұстамды, байыпты, тағысын-тағылар ма? Ол да жаңалық емес.
Гауһар: Меніңше, ер адамның бойындағы әйел жақсы көретін қасиет екі-үш ауыз сөзбен бітпеуі керек. Адам жанының жұмбақ екенін білесің ғой. Бір адам кешке ішер асы жоқ, бірақ өмірге өлердей құштар, бір адам алтыннан сарай салдырған, бірақ өзін-өзі асып өлтіруге даяр. Адам жанына не керек, не жетпейді? Маған не қажет? Мен ер адамның бойынан өзіме ұнайтын, онсыз өмір сүре алмайтын қасиет тапқым келеді.
Нәзила: Таптың ба?
Гауһар (толқып): Таптым. Таптым, Нәзила.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет