Ермек: Мамуля. Мамуля (Гауһарға қарап): Сіз неге түрегеп тұрсыз? (Орындық әкеп қояды). Отырыңыз.
Омар: Ім...мм... кешіріңіз, менің ойымда болмапты....
Ермек: Менің самокатымды көрдіңдер ме?
Омар: Самокат. Ә-ә, міне, мына жақта. (Самокатын әкеп береді). Тамақ ішесің бе?
Ермек: Жоқ (Есікке беттейді. Шығып бара жатып, екеуіне кезек қарайды). Омар аға, сен де үйленейін деп жүрсің бе?
Омар: Немене? Мұндайды сен қайдан білесің? Гауһар, кешіріңіз, бұл әлі кішкентай ғой.
Ермек: Кішкентай, кішкентай... Тимурға осылай дегенімде, ол да: «Сен кішкентайсың», - деп ұрысқан. Өзі бәрібір үйленді.
Омар: Жарайды, жарайды. Мен саған ұрыспаймын. Үлкендерге бұлай деп айтуға болмайды. Бар, ойнай ғой.
Ермек самокатын сылдырлатып шығып кетеді.
Гауһар: Мен... мен де кетейін.
Омар: Імм...отырыңыз... Мен... котлет қуырайын...
Гауһар: Жоқ, рақмет... Сау болыңыз.
Сумкасын алып шығып кетеді. Омар тәтті бір сезімге беріліп, аңырып тұрып қалады. Нәзила кіреді.
Нәзила: Оу, Гауһар қайда?
Омар: Імм... ол кетіп қалды.
Нәзила: Неге шығарып салмадың?
Омар: Шығарып салуға да, әрине, болар еді. Бірақ Ермектің сөзі бөгет болғаны.
Нәзила: Иә, ол не деп еді?
Омар: Сыртқа самокатын сүйреп шығып бара жатып: «Омар аға, сен де үйленгелі жүрсің бе?» - дейді. Кішкентай балалардың ойына мұндай сөз қайдан келеді?
Нәзила (сықылықтай күліп): Солай деді де. Жақсы айтқан екен.
Омар: Неменесі жақсы?
Нәзила (паузадан соң байыпты күйге көшіп): Омар, орынсыз болса, кешір,бірақ айтпасқа да хақым жоқ.
Омар: Ол не?
Нәзила: Гауһар жақсы қыз ба?
Омар: Қалай... Імм... сенің досың ғой.
Нәзила: Менің досым ретінде емес, өз басы қалай?
Омар: Жаман емес. Өмірден түйгені бар, ақылды қыз.
Достарыңызбен бөлісу: |