Нәзила. Сен оны ұнатасың ба?
Омар. Әрине... А-а, ұнатқаны қалай?.. Қалайша?
Нәзила (ызаланып): Сүйесің бе деймін?
Омар: Немен-е? Сен мына маған, туған ағасына. Қалай ұятың жетіп айта аласың? Бұл не деген?..
Нәзила: Тоқтат ақылыңды, философ! Қазіргі философия ағасы мен қарындасының ашық сөйлесуін жоққа шығармайды. Және менің айтып тұрған сөзім пәлендей ұятсыздық емес, адамшылық (Шығып бара жатып). Ал... Гауһар... Гауһар сені жақсы көреді. Диалектикалық материализм тұрғысынан... (Шығып кетеді).
Омар: Не дейді? Гауһар?.. Диалектикалық материализм тұрғысынан?
* * *
Қамажай (телефон номерін теріп жатыр): Алло. Жатақхана ма? Маған Оспанов керек еді. Теміржан... Тимур Оспанов. Алло, бұл Темір ме? Теміржан. Әй, алтыным сол. Денің сау ма? Кәмила қалай? Иә, иә. Аман-есенбіз. Нәзила ағылшын тілінен сабақ беріп жүр. Ермектің жазған хатын алдың ба? Иә-иә, жақсы оқып келе жатыр. Бригадир ұрысты. Қалай? Бригадир етіп сайлады дейсің бе? Қашан? О, ақылдым менің. Ауыр емес пе? Құтты болсын, жарығым. Салған ақшаңды алдық. Енді салмай-ақ қой, өздерің жарата беріңдер. Бізге жетеді. Омаржан айына алты жүз доллар алады. Иә, керегі жоқ. Телефон соғып тұрсаңшы. Ал, кәмилаға сәлем айт. Сау бол... Уф! Соңынан естілмей кеткені. Бригадир бопты, бригадир. Жарығым сол (Көзін сүртеді). Осында жүргенде тентек деуші едік. Көз алдыңда қадірі болмайды екен...
Нәзила кіреді, қуанышты.
Нәзила: Әпке, сүйінші.
Қамажай: Тілеуіңді берсін, күнім-ау. Ол не қуаныш?
Нәзила: Біздің Ом, яғни сіздің Омарыңыз Астананың жаңа ашылған университетінің филология факультетіне кафедра меңгерушісі боп баратын болды.
Қамажай: Кафедра меңгерушісі? Ойбай-ау, ол әлі жас емес пе?
Нәзила: За то, оның басы бар.
Қамажай: О, құлындарым менің. Теміржан да бригадир бопты.
Нәзила: Тимур бригадир бопты? Вот дает! Тимур бригадир болғанда, Омар неге кафедра меңгерушісі болмайды. Бүгін той жасамасақ болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |