А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Нәзила: Терезеден лақтырып жібер. Тимур



бет61/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Нәзила: Терезеден лақтырып жібер.
Тимур: Осы сөздеріңді де сағынатын шығармын. Ал, сау бол. Телефон соғып тұр. Гауһар, сіз де сау болыңыз.
Нәзила: Салют. Ертерек аттан. Сол жаққа неғұрлым ертерек жетсең, сенің парасатты болуың соғұрлым жеделдемек.
Қамажай: Жылы киімдерін чемоданға салайын. Япыр-ай, табан астында... (Заттарын жинастыра бастайды).
Омар: Нәзила, құрбы қызыңның көзінше өз туысыңды ұялта бермесеңші.
Нәзила: Гауһар бөтен емес. Әсересе, оның бүгін бөтендігі жоқ.
Гауһар ернін тістелеп, Нәзиланың қолынан қысады.
Омар: Әсіресе, бүгін бөтендігі жоқ дегенің қалай?
Нәзила: Оған сенің әлі өрең жетпейді... Әзірге екеуіңді оңаша қалдырайын.
Гауһар: Онда мен қазір кетемін.
Нәзила: Жоқ, мені ренжіткің келмесе, айтқанымды тыңда.
Тимур қапшығын арқалап, есікке беттейді. Қамажай да қоса шығады.
Қамажай: Теміржан, тентектікті ана көтерсе де, дала көтермейді. Сырт көз – сыншы. Байқағайсың. Менің де ақылым асып-тасып бара жатқан жоқ, сендерден бір мысқал кем, бір мысқал артық. Әйтеуір, қайда жүрсең де, абыройыңды ұмытпа. Сонан соң... жаманды-жақсылы үй болдың, енді жаманды-жақсылы... Әй, қойшы... айтуға аузың да бармайды екен.
Тимур: Түсіндім, мамуля. Бәрін де түсіндім.
Қамажай: Түсінсең бопты. Ақылың бар ғой. Кәмилаға да өзім хат жазып тұрармын. Ұрыспай-таласпай өмір сүріңдер. Ал, қиналсаңдар... балаларыңды алып келіп, өзім тәрбиелеймін.
Тимур: Мамуля. (Бетінен сүйеді). Жылама, мен соғысқа бара жатқан жоқпын ғой. Енді жыласаң, тек қуаныштан ғана жылайтын боласың.
Қамажай: Вокзалға дейін мен де барайын.
Есікке Гауһар да беттейді.
Нәзила: Екеуің оңаша қала тұрыңдар. Диалектикалық материализм тұрғысынан қарағанда, мұның ерсілігі жоқ.
Екеуі оңаша қалады. Гауһар есік алдында үнсіз тұр. Омар қимылсыз отыр. Пауза ұзаққа созылады. Басқа бөлмеден Ермек шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет