А. Т. Аязбаева имидж технологиясы монография


ҚАБІЛЕТІНІҢ  АСПЕКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата29.04.2022
өлшемі1,43 Mb.
#141343
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Имидж-технологиясы-1

 
ҚАБІЛЕТІНІҢ 
АСПЕКТІЛЕРІ
 
Ойлауды қалыптастырудың қажеттілігі, ең алдымен, оның мазмұнына 
талдау жасауды қарастырады. «Ойлау» деген философиялық термин «сана», 
«рух», «мінсіздік» сияқты ұғымдарды мейілінше кең ашып, адамға ғана тән ең 
жоғарғы формалар, адамның танымдық мүмкіндіктері дамуының тарихи үрдісі, 
сондай-ақ адамзаттың текті белгісі болып танылады. Психологияда адамның 
жеке санасы, оның мақсаттарды ұтымды қою және ол мақсаттарға жете білу 
қабілеттері артықшылық деп танылады. Танымның философиялық теориясы 
бойынша, ойлау – адамның танымдық жұмысының қорытынды жемісі ретінде 
қарастырылса, психологияда субъектінің мінсіз белсенділігінің пайда болу 
үрдісі, эмоциялық-сезімдік көрінісінің ерекшелігі басты пән ретінде 
қарастырылады.
Философиялық негіздерге және тәжірибелік психологиялық білімге 
сүйенгенде ғана абстракциялаудың жеткілікті жоғары деңгейінде аталған 
категорияға талдау жасауға болады. Ең алдымен, ойлау субъектінің танымдық 
белсенділігінің және бейнеленудің атрибутивті үрдісінің жоғары формасы 
болып табылады. Ол сыртқы әлем шексіздігінің жүйелендірілген және 
құрылымданған логикалық заңдар түріндегі мінсіз, жүйелі және оңтайлы 
формада 
қайта 
жаңғырылуы, 
сонымен 
бірге 
ақиқаттың 
адамның 
шығармашылық бейнелеуі мен қайта жасауының белсенді формасы болып 
табылады. Ойлау не ақиқаттың өзінде, не уақыттың дәл осы сәтінде субъектінің 
өзінде де жоқ нәтижелер туғызады, яғни оған шығармашылық сипат тән, 
басқаша айтқанда, ол «әлемді көрсетумен ғана шектелмей, оны өзі жасайды». 
Сонымен бірге, оны жаңа білімдерді алу үрдісі, бұған дейін қалыптасқан 
танымдардың шығармашылық тұрғыдан қайта жаңаруы деп түсінуге болады. 
Ойлау – кез-келген заттың мәнін ашатын рух қозғалысы. Оның нәтижесі 
ретінде ой, идея сияқты ұғымдар белгіленген. Ойлаудың өзіне ғана тән 


41 
нәтижесі түсінік болып табылады, ал түсінік дегеніміз – өздерінің неғұрлым 
жалпы және неғұрлым мәнді белгілері көрсетілген заттар тобының 
жалпыланған көрінісі.
Ойлаудың өзі біркелкі емес, оның түрлеріне пайымдалған ойлау және 
сөздік-логикалық ойлау жатады. Ойлаудың аталмыш түрі тіл құралдары 
негізінде бар болатын және әрекет жасайтын ұғымдарды, логикалық 
құрылымдарды пайдалану арқылы сипатталады. Міндеттерді шешу 
бақыланатын қозғалыстағы акт көмегімен жағдаятты (оқиғаны) шынайы 
өзгерту арқылы іске асатын жағдай көрнекілік-әрекеттік ойлаудың негізгі 
белгісі болып табылады. Көрнекі-бейнелік ойлау дербес түр ретінде 
ерекшеленеді. Оның қызметтері қандай да бір жағдаятқа түсінік беру және 
адамның өз қызметі нәтижесінде қол жеткізгісі келетін өзгерістермен 
байланысты. 
Бейнелік 
ойлау 
көмегімен 
заттың 
түрлі 
шынайы 
сипаттамаларының бүкіл алуан түрлілігі толық түрде жасалады. Оның маңызды 
ерекшелігі заттар мен оның қасиеттерінің әдеттен тыс, «ақылға сыймайтын» 
үйлесімін жасау болып табылады.
Ойлау адам санасы сипаттарының бірі, неғұрлым кең философиялық 
категория болып табылатындықтан, адамның іс-әрекетінің түрлі формада 
көрініс беруінің сапалы түрдегі өзіндік ерекшелігіне ие болып табылады. 
Егер ойлаудың қоғамдық-тарихи сипатын және адам тәжірибесінің нақты 
формаларымен бөлінуін есепке алсақ, онда ойлау белсенділігінің барлық 
элементтері мен өзгешеліктерін суреттеу оңай іс болмайтыны белгілі 
болады. Оның түрлерін бөлу үшін негіздеме ретінде оның қолданылу 
аясын, олардың шешетін міндеттерінің түрлерін, ойлау үрдістерінің 
уақыты мен қарқындылығын, оның ішкі және сыртқы бағыт-бағдарын, 
алгоритмдердің ерекшеліктерін атауға болады. Шешілетін міндеттердің 
типтеріне қарай теориялық және тәжірибелік ойлауды, осыдан туындайтын 
құрылымдық және динамикалық ерекшеліктерді бөліп қарастырады. 
Теориялық ойлау – заңдарды, ережелер мен қағидаттарды (принциптерді) 
білу. Тәжірибелік ойлаудың негізгі міндеті – ақиқаттың физикалық 
тұрғыдан өзгеруін дайындау, яғни мақсат қою, жоспар, жоба, сұлба жасау.
Тәжірибелік ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның уақыттың 
тығыз жетіспеушілігі жағдайында өрістеліп, іске асып жататыны. Тәжірибелік 
ойлауда болжамдарды тексеру мүмкіндіктерінің едәуір шектелуі бар. 
Осылардың барлығы кейде тәжірибелік ойлауды теориялық ойлауға қарағанда 
одан әрі күрделендіре түседі, қарама-қайшылықты, танымға күрделі де қиын 
қылып көрсетеді. Теориялық ойлауда келесідей көрсеткіштер қолданылады: 
ойлауға тікелей қатысты жалпылауыштық сипат, бір жағдайда бұл ғылыми 
ұғымдар болса, енді бірде өмірде кездесетін, ситуациялық жалпылаулар.
Интуитивті және аналитикалық (логикалық) ойлау арасындағы 
айрмашылық үш айнымалыға негізделген. Ойлау үрдісінің өту уақыты, 
кезеңдерге бөлінуі және субъектінің ұғынғаны (немесе ұғынбағаны) осы 
айырмашылықтың өлшемдері болып табылады. Аналитикалық ойлау 


42 
уақыттың бірнеше кезеңдерін қамтиды, нақты айқындалған кезендері бар, 
белгілі бір деңгейде ойлаушы адамның өзінің санасында көрініс береді.
Интуитивтік ойлау – өтуі тез болатын, нақты белгіленген кезеңдері жоқ, 
көбінесе санада саралау деңгейі төмен боып келетін ойлау түрі.
1
Жоғарыда аталғандарымен қатар шынайы және аутистік сияқты ойлау 
түрлері де бар. Біріншісі сыртқы әлемге бағытталған және логика заңдарымен 
реттеледі, ал екіншісі адамдардың ойындағысын жүзеге асыруға және 
ойындағысын шынайы бар етіп көрсетуге ұмтылысқа байланысты. 
Продуктивтік және репродуктивтік ойлаудың айырмашылығы «адамның ойлау 
әрекеті үрдісінде алынатын өнімнің субъектінің білімдерімен салыстырғанда 
қаншалықты жаңа болу деңгейіне байланысты» [1].
Тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешудің ерекшеліктері 
негізінде ойлаудың үш түрі белгіленеді: тәжірибелік, нақты-бейнелік және 
абстрактілі.
Тәжірибелік 
(нақты-іс-әрекеттік) 
ойлау 
Л. 
С. 
Выготскийдің 
пайымдауларына 
сәйкес, 
адамдардың 
өндірістік, 
құрылымдық, 
ұйымдастырушылық және басқа да қайта жасаушы қызметтері жағдайында 
нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Тәжірибелік ойлау, ең алдымен, адам 
миындағы оның жұмыс операцияларының техникалық, құрылымдық көрінісі 
болып табылады. Ол техниканы ұғыну және адамның техникалық міндеттерді 
өз бетінше шеше білу дағдысына негізделінген. Техникалық іс-әрекет үрдісі
жұмыстың ақыл-ой және тәжірибелік компоненттерінің өзара әрекет ету үрдісі 
болып табылады. Абстрактілі ойлаудың күрделі элементтері адамның 
тәжірибелік әрекеттерімен ұштасады, олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Нақты-іс-әрекеттік ойлаудың маңызды ерекшеліктері – анық көрінетін 
байқаушылық қабілеті, бөлшектерге, ерекшеліктерге назар аударушылық және 
оларды нақты жағдайда пайдалана білу, кеңістік бейнелер мен сызбалармен 
операцияларды жасай білу, ойлаудан іс-әрекетке, және іс-әрекеттен ойлауға тез 
арада ауыса білу қабілеті жатады. Ойлау аталған осы түрінде ойлау мен еріктің 
бірлігін көрсетеді.
Нақты-бейнелік немесе көркемдік ойлау оқшауланған эмоциялық-
сезімдік жалпылауларды адам объектісі туралы тұтастығын, бірыңғайлығын, 
түсінудің психологиялық механизмдері арқылы үрдістер мәніне енетін 
маңызды ерекшеліктерін көрсететін объект туралы тұтас ұғымдарға - нақты ой-
бейнелерге түсіретінімен сипатталады. Абстрактілі немесе сөздік-логикалық 
ойлау, көбінесе, табиғат пен адам қоғамында жалпы заңдылықтарды табуға 
негізделінген. Абстрактілі теориялық ойлау жалпы байланыстар мен қарым-
қатынастарды бейнелейді. Ол көп жағдайларда ұғымдар мен кең категориялар 
арқылы қызмет жасап, бейнелер мен елестерге көмекші рөл беріледі. 
Ойлаудың үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты. Адамдардың 
көбісінде нақты-әрекеттік, нақты-бейнелік және теориялық ойлау кең мөлшерде 
1
Робер М.А., Тильман Ф. Индивидтің және топтың психологиясы.-М.: “Бизнес-школа “Интел
-
Синтез”, 1997. 


43 
дамыған, алайда шешілетін міндеттердің сипатына қарай, бірінші орынға кейде 
ойлаудың бірінші түрі, не екінші түрі, не үшінші түрі шығып отырады.
Ойлау белсенділігінің тағы үш аспектісі арқылы мәселелерді шешу 
мүмкін болады. Интуитивтік, жүйелік, стратегиялық ойлау бір уақытта қызмет 
етеді. Оларды нақтырақ қарастырайық. Интуитивтік ойлау мәселені шешу үшін 
жасалатын қажетті әрекеттер кейде түсініксіз болатынын қарастырады. 
Мәселені шешудің жолы ойлаудағы кейбір «сәулелер» арқылы, кездейсоқ 
келетін сияқты. Субъект үшін мәселені шешу алгоритмін мұқият сақтаудан 
гөрі, оны шешу жолын дұрыс табу маңызды болып көрінеді.
Жүйелік ойлау – жүйелі әрекеттер қатары арқылы шешім таба білетін 
ойлау түрі: мәселені шешілетін міндеттер қатарына бөлу, олардың түрін 
өзгерту, қатесін түзеу, жаңа идея табу және т.с.с. әрекеттер анықталған 
алгоритмге сәйкес бір-бірінен кейін жасалады.
Стратегиялық ойлауда ең алдымен көп амалдардың ішінен ең тиімділерді 
таңдай білу қажет. Ойлау қызметінің мақсатына нақты шешімді табу емес, 
сәттілікке апаратын іс-әрекет жасаудың тиімді жоспарын жасау жатады.
Логикалық ойлау адам зияткерлігінің ажыратылмас бөлігі болып 
табылады. Шығармашылық ойлау қараңғыдағы жарықпен тең. Маңызды 
идеялар әр түрлі тәсілдер арқылы пайда болады. Кейде олар қосымша жұмысты 
қажет етпей, дайын түрде ойымызға келеді. Көбінесе, аталмыш идеялардың 
соңғы түрі «бастапқы идеямен» көп еңбек ету нәтижесінде пайда болады. 
Идеялар қандай жолмен жасалса да, мынау айқын болады: ой саналы немесе 
санасыз түрде болсын, олармен жұмыс жасау қажет. Ойлау – иерархиялық 
үйлесімде құрылатын идеяларды басқару үрдісі.
Естіліммен салыстырғанда, ойлау – сапалы түрдегі өзге үрдіс 
болғанымен, алдыңғы психологиялық үрдістерден ажыратылуы мүмкін емес. 
Басқа сөзбен айтатын болсақ, тікелей емес және нақты бейнеле уден жанамалы 
бейнелуге апаратын «көпір» болуы қажет.
Ондай ауысу жолы ретінде алдыңғы ойлау ұғымы қолданылады, оның 
ерекшеліктерін Ж. Пиаже толық зерттеген. Ол әр түрлі ойлаудың 
ерекшеліктерін 
белгіледі. 
Алдыңғы 
ойлауда 
ұғымның 
логикалық 
құрылымдырының қалыптасуы жоқ, заттар мен құбылыстармен әрекет 
жасаудың жеткіліксіз тәжірибесі орын алады. Ж. Пиаже ойлаудың дамуы
операциялар жүйесі дамуының нәтижесі деп санаған, яғни логиканың дамуы 
заттар мен қарым-қатынастарды танып білуге апарып, тәжірибелік білімнің 
пайда болуы ойлаудың өзгеруі мен дамуына мүмкіндік жасайды.
Ұғым алды және ұғымдық ойлаудың ара қатынасын талдау арқылы ойлау 
үрдісін ұйымдастырудың негізгі қағидаты пайда болады, яғни кеңістік – заттық 
психикалық 
құрылымдардың 
немесе 
көрнекі 
бейнелердің 
сөйлеу 
сигналдарының белгілік оперативтік тіліне қайтымды ауысуы. Аталған үрдіс 
сөздік ұғымда нақты бейнелі ұғым жасырынған кезде ғана орын алады, басқа 
қырынан қарастырсақ, басымызда пайда болатын образдар белгілік рәсімдеуді 


44 
алмаса (сөздік немесе формалдық-белгілі) ойлау қызметінің негізі болуы 
мүмкін.
Ойлау мәселесінің кездейсоқ пайда болған шешімін кейде интуиция деп 
атайды. Ойлаумен салыстырғанда, интуицияны үрдіс деп атауға болмайды, ол 
бір жолғы акт, өйткені интуитивті шешімнің болуы саналы бақылауға 
жатпайды. Интуитивтік шешімнің дұрыстылығына дәлел табу ойлау арқылы 
іске асады.
Соңғы жылдары әдебиетте авторлардың тек қоғамдық сананың түрлерін 
ғана белгілемей, арнайы ойлаудың саяси, экономикалық, инженерлік, 
экологиялық сияқты түрлерін де зерттеген жұмыстары көп. Біздің ойымызша
«стильдік ойлау» ұғымын енгізу қажеттілігі қарастыру қажет. Ол – ерекше 
әлеуметтік қызметті атқаратын, социум тобы мүшесінің кәсіптік имиджінің 
мақсаты мен қалыптасу нәтижесі. Стильдік ойлау қоғамның әлеуметтік 
құрылуы атрибутына қолданылатын «мінсіз» категориясын нақтылау дегенді 
білдіреді. Стильдік ойлаудың өзінің пайда болуы мен дамуы бойынша бірнеше 
кезеңі бар. Шығармашылық күшті жұмылдыратын күтілетін нәтижені бір 
бағытта іске асыру қажеттілігі сезімі пайда болғанда, ойдағы бейненің және 
мінез-құлық, іс-әрекет моделінің эталон-идеалын жасау кезеңінде, стильдік 
ойлау шешім қажеттілігін түсіну қызметін атқарып, таңдаудан талдау кезеңіне 
ауысады. Талдау кезеңінде қойылған мақсатқа жету технологиясын анықтайтын 
таңдап алынған идеалдың интегралды, тұтас бейнесінің жасалуы орын алады.
Мақсатқа жету кезеңі мағынаға түсудің саналы және санадан тыс элементтерін, 
іске асыру механизмдерін іздеу және жобалы нәтижелерге жету элементтерін 
байланыстырады. «Нұрға бөлену», «инсайт» немесе шешімнің «идеясы» 
күтілетіндей күтпеген болып келеді, оның табиғатының детерминдендірілген 
сипаты жоқ. Ол – шығармашылық сияқты, ойлау белсенділігінің ең жоғарғы 
шыңы, зияткерлік нәтиже, кезеңділіктің үзілісі, интуитивтік және рационалдық, 
эмоциялық-сезімдік және эстетикалық-адамгершілікті күйзелістің бірлігі мен 
күресі. Стильдік ойлау атқарушылық кезеңде имидждің мінсіз моделі мен іске 
асырудың нақты үдерісімен арақатынасын бақылайды, мүмкін болатын 
ауытқуларды белгілеп, мінсіз имиджді тәжірибеде қол жеткізген нақты 
бейнемен байланыстырады.
Ойлау үдерісі дегеніміз қойылған мәселенің ерекшеліктерін және 
өзгешеліктерін бірыңғай көру, еске сақтау, көшіріп алу, бекіту, түсіну акті 
дегенді, сонымен бірге мәселені шешуі мүмкін қажетті операциялар мен 
әрекеттердің көлемін және жиынтығын анықтау, жетілдіру, объектінің қажетті 
болашағын дамыту векторын анықтау дегенді білдіреді.
Стильдік ойлау белсенділікке, қабылдау күрделігіне екпін беріп, білімдегі 
«ақауларды», ауытқуларды, бұзушылықты, нормалар мен дәстүрге қайшы 
келетін ішкі және сыртқы сәйкессіздіктерді белгілейді. Арнайы технологиялар 
мен белгілі алгоритмдар арқылы эталонға жету, белгісіз, сәйкессіз тұрғыдан 
негізгі біртұтас мінсіз бейнені айқын көру талпынысы стильдік ойлауда негізгі 


45 
болып табылады, өйткені ол жобалы имидждің өзгеруіне, мінсіз бейненің іс 
жүзіндегі көрінісіне дейін ауысуы үшін жауап береді.
Адамдар қалай ойлайтынына көбінесе мән бере бермейді. Көбі өз 
жүрістеріне, дем алуына назар аудармайды. Ойлау табиғи үрдіс болып 
көрінетіндіктен, адам көбінесе әбден қанағаттанып болады. Алайда, аталмыш 
үрдістің терең даралығы бар, ол жеке адамның әлеуметтену қорытындысында 
пайда болады, сондықтан жалпы ойлау және стильдік ойлауды жеке алғанда да 
олар қалыптастыру мен дамытуды қажет ететін белгілі дағды болып 
табылатындығын түсіну қажет.
Э. де Боно ойлау кейде логикаға жатпайды деген пікір айтады. Көптеген 
мәселелер шешілуі кезінде едәуір қиын болып көрінсе, шешілген сәтте оп-оңай 
болып көрінеді. Оңай емес мәселенің шешілуіне кедергі болатын не? Мүмкін, 
жеткіліксіз логика болар? Кейде, тым артық логикалық тәсілдеме сізді дұрыс 
әрекет жасау бағдарынан алшақтатады.
Тәжірибеде ойлау – логикалық ережелерді сақтаудан едәуір кең ұғым. 
Көп жағдайларда мәселені шешу тәсілі, оның іске асырылу тиімділігінен 
маңыздырақ болады. Тәсілді таңдау әдеттермен, эмоциялармен, жеке адамның 
ойлау ерекшеліктерімен шарттасуы мүмкін. Кейде жауап табу үрдісі кездейсоқ 
әрекет жасауды талап етеді. Жаңа идеяларды жасай білумен кәсіптік қызметтің 
тиімділігі байланысты болады. Ойлауды түсінудің бір-бірін толықтыратын екі 
аспектісі бар. Мінсіз кеңістіктің вертикалдық жазықтығында ойдың қозғалысы 
кезінде субъект бірте-бірте мәселенің терең мәнін түсініп, оның шешу амалын 
табады. Ой жазық бетте қозғалғанда, субъект мәселену шешетін оңтайлы 
тәсілді табу үшін барлық мүмкін амалдар мен тәсілдерді қарастырады.
Кәсіптік қызметтің негізгі ерекшелігіне ойлау стратегиясы жатады. Ол 
қоғамдық институт ретіндегі қызметтің өзгешелігімен, болашақ дамуға және 
тұрақтылыққа жету жолындағы қоғамдық мүдделерді іске асыру қажеттілігімен 
шартты болады. Ойлау стратегиясы, оның тұтастығы, жүйелілігі, кеңділігі, жан-
жақтылығы, болашақты көру, шешім қабылдау үрдісіне әсер ететін жағымды 
және жағымсыз факторлардың есебі дегенді білдіреді.
Демек, ойлауды стильдік түрі оның элементі болып табылатын, ойлау 
белсенділігінің әр түрлі түрлерінің күрделі жиынтығы болып табылатыны 
туралы шешім деуге болады. Ойлаудың барлық түрлері өзара тығыз 
байланысты, бір кезеңді болып, өз бетінше күрделі жүйе болып табылады. 
Стильдік ойлау дегеніміз субъектінің ерікті әрекетінің құралы – «сана» 
категориясын нақтылау дегенді білдіреді. Стильдік ойлаудың жалпы ойлауға 
тән болатын жалпы және айрықша ерекшеліктері бар. Ол қозғалмалы, өнімді, 
оның вертикаль жазықтығы мен жазық беттері бар, оның айырмашылығына 
стратегиялық сипаты және жобаланған имиджге жетудің алгоритмдерінің 
болуы жатады. Ойлаудың басқа арнайы түрлері сияқты ол кездейсоқ 
жасалмайды, ол мақсатқа қойылған тәрбие мен оқу арқылы қалыптасады. 
Болашақ маманның стильдік ойлауы терең түрінде дербес болып, нақты дағды 
болып табылып, жеке адамның психикалық-эмоциялық және адамгершілік 


46 
сипаттамаларының кері әсеріне ұшырайды. Белгілі бір ойлау түрінің басым 
болуы, нақты жағдаятқа, қызметтің ерекшелігі мен аяққы мақсаттарына 
байланысты. Күрделілік деңгейі, адамның зияткерлік, ерік, адамгершілік 
қабілеттеріне қойылатын талаптары бойынша ойлаудың барлық түрлері бір 
деңгейде болса да, стильдік ойлау, өзгешелігіне қарай маңызды болып 
табылады.
Ойлау қызметінде субъектілердің ақыл-ой қызметтерінің типологиялық 
ерекшеліктері бейнеленеді. Оның негізіне сигналдық жүйелердің ерекше 
қатынасы жатады. Адамның нақты-әрекеттік немесе нақты-бейнелік ойлауы 
басым болса, оның бірінші сигналдық жүйесі екіншіге қарағанда артық болады. 
Ал адамға сөздік-логикалық ойлау тән болса, оның екінші сигналдық жүйесі, 
екіншіге қарағанда басымырақ болады. Адамның ойлау қабілетіндегі біршама 
тұрақты айырмашылықтар ақыл-ой сапасына жатады. Адамның ақыл-ойы, 
оның ойлау ерекшеліктерін ғана көрсетпей, оның басқа танымдық үрдістерінің 
ерекшеліктерін ашады: байқампаздығы, шығармашылық елес, логикалық ес, 
ықылас. Қоршаған орта құбылыстарының күрделілігін түсіну бүгінгі күннің 
маманнан әріптестер мінез-құлқының ерекшеліктері мен уәждерін, ерекше 
кәсіби және адамгершілік қасиеттерін түсінуді талап етеді. Ол ақылды, 
қайырымды, ықыласты, жауапты, қатал, мейірімді, ашық, адал, өнерпаз болу 
қажет. Сонымен бірге, ақыл-ой сапасына икемділік, дербестік, тереңдік, таза 
ниеттік және жүйелілік жатады.
Ақыл-ойдың икемділігі ойлау үрдістерінің әрекетінде, қызметтің өзгеріп 
отыратын жағдайларын есепке ала білуде және оған сәйкес міндеттерді шешу 
тәсілдерін өзгерте білу қабілетінде көрінісін табады. Икемділік ойлау 
енжарлығына қайшы келеді. Ақыл-ойдың енжарлығы жаңаны табу 
белсенділігінен, меңгерілгенді келтіруге артықшылық береді. Ақыл-ойдың 
икемділігі әр түрлі кәсіптік салалар мамандарының қажетті қасиеттеріне 
жатады.
Ақыл-ойдың дербестігі сұрақтарды сыпайы қоя білу қабілетінен және 
оларды соны түрде шеше білу қабілетінен көрінеді. Ақыл-ойдың дербестігі 
өзіндік жеткіліктілігі мен өзін-өзі сынаушылығын қарастырады, яғни 
қызметкердің өзінің жақсы және нашар жақтарын, қызметінің мүмкіндіктері 
мен шектеулерін көре білетіні болып табылады.
Ақыл-ойы терең адам негізгіні көре біліп, үрдістердің, заттар мен 
құбылыстардың мәнін түсінуге қабілетті болады. Ақыл-ойдың жүйелілігі 
пайымдай білу, өз пікірлеріне логикалық, сенімді және дәлелді дәлелдерді 
келтіре алу, дәлелдердің күші мен сенімін салыстыра білу мүмкіндігі дегенді 
білдіреді. Ақыл-ойдың кеңдігі, кең ой-өрісі, жан-жақты білмекке құмарлығы 
бойынша қызметтің әр түрлі жақтарын қамтитын оның танымдық қызметі 
мөлшерінде көрінісін табады. Ойлау қасиеті ретінде субъектінің танымдық 
белсенділігі жан-жақты және терең білімдерге, табиғи және әлеуметтік 
үрдістердің мәнін түсіну қажеттілігіне негізделеді.


47 
Ақыл-ойдың тереңдігі әлеуметтік болмыстың мәнін түсіне білу, 
әлеуметтік феномендердің мағынасын және механизмдерін көру, кәсіптік 
қызмет контрагенттерінің жүріс-тұрыстарының уәжін көре білуге қатысты. 
Қызметкердің терең ақыл-ойына құбылыстар мен жағдаяттардың пайда болу 
себептерін түсіну, олардың кейінгі даму бағытын болжай білу тән. Ақыл-ой 
тереңділігінің дамуы оның кеңдігінің дамуы сияқты субъектінің кәсіптік 
қызметімен, оның білімдерімен, тұрақты танымдық мүдделерінің болуымен 
байланысты болады.
Кәсіптік қызметтің қарқындылығы басшының ойлау қызметі барысының 
жылдамдығына байланысты. Ақыл-ойдың жылдамдығы адамның күрделі 
жағдайды бағалай біліп, қысқа мерзімде ойланып, дұрыс шешім табу дегенді 
білдіреді. Ақыл-ой жылдамдығының қасиеттері ретінде тапқырлық пен 
аңғарымпаздық бүгінгі күнгі маманға аса қажетті. Ойлау жылдамдығы ойлау 
дағдыларының дамуы деңгейіне және ми қабығындағы жүйке үрдістерінің 
қозғалысы негізіндегі ойлау қызметінің жеке қарқынына байланысты. Ақыл-ой 
жылдамдығынан асығыстықты айыра білу қажет. Аталмыш ақыл-ойы бар адам 
ұзақ және табанды жұмыс жасау әдетінің болмауымен көзге түседі. Асығыстық 
– ақыл-ойдың үстірт сипаты, субъект тек бір ғана нәрсені метафизикалық түрде 
көріп, мәселенің күрделілігін көре алмайды. Ақыл-ойдың сыншылдығы – 
қызметкердің идеялар мен шарттарды жан-жақты көріп, бағалай білуі, 
қойылатын барлық ережелер мен шешімдерді мұқият тексеруі. Бүгінгі күнгі 
маман үшін өз жұмысының жағымды және жағымсыз жақтарын көру, жалпы 
іске қосылатын үлесін сыни тұрғыдан бағалай білу маңызды болып табылады.
Ақыл-ойдың сапасы ойлау стилінің қалыптасу механизміне байланысты. 
Соңғы нәтижені алуға бағытталған кәсіптік қызметтегі ерекше орын 
шығармашылық ойлауға, шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктеріне 
беріледі. Біздің пайымдауымызша, қызметті жағдаяттық талдаумен байланысты 
болатын шығармашылық қабылдау, өнер, теория, дағды мен біліктердің бірлігі 
ретінде субъектінің кәсіптік белсенділігінің дәлме-дәл моделін жасауға 
мүмкіндік туғызады. Өнерпаздық көзқарастың өзі компоненттерден құралып, 
келесі шарттарды қарастырады: 
- біріншіден, субъектінің әлеуметтік ортаға шығармашылық қарым-
қатынасы және оның әріптестерімен сындарлы сұхбатқа бағытталуы; 
- екіншіден, субъектінің тиімді саясат формасындағы агрессивті ортаның 
қайшы келуіне дұрыс реакциясы; 
- үшіншіден, бүгінгі күннің маманының ықпалдасқан, біріктірілген 
жұмысының қорытындысы ретінде жаңа әлеуметтік ақиқаттың болуы. 
Оның жаңашылдығы әлеуметтік байланыстардың айнымалы сипатымен, 
олардың жаңа объектілер мен субъектілер арқылы қалпына келуімен, 
әлеуметтік топтардың мұқтаждықтары мен мүдделерінің өзгеруімен өзара 
байланысты. Даму үнемі прогрессивті емес болса да, үнемі үдемелі болады. 
Көп еңбекті талап ететін өндірістік операцияларға да шығармашылық сипат тән 
болып келеді, өйткені адамдардың реакцияларын, кәсіпорын, фирма, 


48 
мемлекеттік мекеме қызметіндегі өзара қарым-қатынас жасайтын тараптары 
мүдделері қақтығысының алуан түрлілігін есепке алу қажет.
Жаңа, бұрын белгілі болмаған, кәсіптік қызметте жоқ жаңалық ретіндегі 
шығармашылық қызметкердің бүкіл түсініктерін кәсіби игерудің, жағымды 
экономикалық және қаржылық нәтижелерге жетудің, қызметкермен өзара 
әрекет жасаудағы жаңа сапаға жетудің ең жоғары дәрежесі дегенді білдіреді. 
Шығармашылық 
көзқараспен 
біріктірілетін 
ойлау 
үрдісінің 
негізгі 
факторларына мәселені шешудің шығармашылық үрдісі, шығармашылық тұлға 
және шығрмашылық ұйым жатады.
Нәтижеге, шығармашылық жетістіктерге жету үшін маманның кәсіптік 
білімі, ниеті мен еркіндігі қажет болады. Адам реакцияларының психологиялық 
ерекшеліктері бейнеленудің осы 
түрінің 
қоғамдық-тарихи дамуына 
байланысты. Ол толық мөлшерде адам рухының ең жоғарғы көрінісі – рух 
қажеттіліктеріне де жатады. Әлеуметтік қатынастар жеке адамның табиғи 
құштарлығы мен нышандарын жеке адамның шығармашылық қабілеттері 
жүйесіне айналдырады. Ата-бабадан мұра етілген және генетикалық тұрғыдан 
бекітілген адамның биологиялық қажеттіліктері дегеніміз – өмірді сақтауға 
деген талпыныс, азыққа, қауіпсіздікке және өз тегін жалғастыруға деген 
қажеттілік. Қарым-қатынас жасауға талпыныс еліктеу және өз ойын білдіру 
рефлекстері түрінде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі түрінде 
көрсетіледі. Қызмет өзін-өзі ұйымдастырудың биологиялық қажеттіліктердің 
жалғасуы және адамзат қоғамының өзін-өзі дамытудың әлеуметтік 
мұқтаждығын іске асыру ретінде пайда болады.
Әлеуметтік тәжірибені көрсететін қажеттіліктердің өздері жүріс-тұрысқа 
құштарлықпен бірдей әсер етіп, басты рөлге ие болатынын ескерген жөн. Оны 
төмендегідей сызба арқылы көрсетуге болады:
құштарлық
тілек 
ой
қажеттілік
сезім 
әрекет
2- сурет 
Адам, әдеттегідей бес буыннан тұратын жүйелілікке толық мән бермейді: 
құштарлық (қажеттілік) – сезім – тілек – ой – әрекет. Осы жүйеліліктің төртінші 
кезеңінде (ойлау) ол өзі үшін мақсат қойып, кейін оны іске асыру үшін әрекет 
жасайды. Кейінгі кездерде оған мақсатты түсіну кезеңі қызмет жасау үшін 
түрткі болған бастапқы нүктесі сияқты көрінеді. Атқарылған жұмыс келесідей 
кезеңдерді белгілейді: мақсат – объект – әдіс – нәтиже. Автор тағы бір кезеңді: 
мақсат – объект – әдіс – нәтиже – шешім.


49 
Дайын нәтижелерді көрсету логикасының зерттеу логикасынан едәуір 
айырмашылығы бар және дайын қорытындылар бойынша оларға жету жолында 
қолданылған тәсілдер туралы сөз қозғау қиынға түсіреді. Ал басшылық 
қызметке талпыныс жасауға түрткі болатын ниеттер тіпті айқындалмай қалады. 
Демек, әрекеттер басшының ойлауынан емес, қажеттіліктен туады. Келтірілген 
сызба бойынша, ойлау қажеттілік пен қол жеткізген нәтиже арасындағы аралық 
кезең ғана болып табылады.
Тілек күші мен қызмет нәтижелері арасындағы сандық тәуелділікті 
анықтау қажет. Аталмыш тәуелділік Еркес-Додсонның заңы арқылы 
сипатталып, графикалық түрде көрсетілген (3 сурет). Тәуелділік «тілеу күшіне, 
сапалы нәтижеге байланысты» формуламен белгіленеді. Алайда, тек нақты 
шегіне дейін ғана солай болады . Уәждеме бұл биіктіктен асатын болса, 
қорытынды сапасы да түседі.
3- сурет 
Еркес-Додсонның заңы осы сияқты тәжірибелер жүргізілген түрлі 
эксперименттердің теориялық жалпыламасы болып табылады. Сынақтан 
өтушіге бірқатар мәселелерді шешу ұсынылады, жалпы саны он екі. Берілген 
мәселелердің ішінен шешілген әрқайсысы үшін сыйақы төленеді. Ол 
геометриялық прогрессияда өсіп отырады: екі, төрт, сегіз есе артық және т.б. 
Сыйақы төленетін сынақтан өтушілер материалдық ынталандырулары жоқ 
бақылау топтарынан көрі мәселелерді дұрыс шешетіні байқалған. Алайда, 
сыйақы сомасы тым артық болып кеткен кезде мәселелерді шешу сапасы 
төмендейді, өйткені асығыстық пен қатты қызбалықтан қателер пайда болады.
4-сурет 
А. А. Леонтьев Еркес-Додсонның заңына маңызды түзетуді енгізді (4 
сурет). Ол – оның абсциссалармен қиылысу нүктесі. Ол дегеніміз, ынталандыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет