АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет30/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

3  ғып  алыпты»  деген  хабар

дүңк етті.

Шыңғыстың  құдайдан  жатса-тұрса  тілері  –  Шоқанның  биік  шендердің

біріне  тұяғы  ілігуі,  содан  бастап  жоғарылауы  еді.  Қараңғы  қазақтар

«атұлтан» деп кішісінгенмен, орыс тілінен мəліметі бар Шыңғыс ол сөздің

маңыз-мағынасын  жақсы  біледі.  Кейде  «ұлы  князьдар»  аталатын  биік

даражалы  адамдарға  полковниктердің,,  кəтте  генералдардың  адъютант

болғанын  көргені  бар.  Батыс  Сібірдің  генерал-губернаторына  Шоқанның

адьютант  болуы,  Шыңғыс.  тын,  ұғымында  –  ірі  даражаға  тұяғы  ілігудің

басы.  Аржағында  қалай  көтерілудің  жолын  зерек  баласының  таба  алуына

күмəні жоқ.

Шыңғыстың  «жанса!»  деген  үміті  солай  тұтана  бастаған  шақта,

«Атбасардың  биылғы  базарын  жанарал-гүбірнадырдың  өзі  келіп  ашады

дейді,  Шоқанды  ерте  келеді  дейді»  деген  хабар,  оған  қосымша,

«жəрмеңкеде  алты  дуанның  аға  сұлтандары  мен  билерінің  мəслихаты

болады  дейді,  оны  да  жанарал-гүбірнадырдың  өзі  басқарады  дейді,

тілмашы  Шоқан  болады  дейді»  деген  хабар  жер  жарды.  Осыдан  артық  не

тілесін Шыңғыс?!

Ендігі  оның  қаупі  –  сырттай  «өкпелі»  деп  еститін.  Шоқанның  Атбасар

жолында  туған  үйіне  соғу-соқпауында.  Омбыдан  Атбасарға  тік  тартатын

жол  Бурабайды,  Балқаш,  Ақан  тауларын  басады.  Бұл  жол  Шыңғыстың

ешбір мекеніне соқпайды.

–  Егер,  –  деп  қауіптенеді  Шыңғыс,  –  тұқымымызға  тартқан  қыңыр,

тентек шіркін өкпе-назына жетектетіп, тік жолмен тартып кетсе қайтем?!

Өйтуі  Шыңғыс  үшін  елім.  Құсмұрын  қосылған  Көкшетау  дуанында


оның  досынан  дұшпаны  көп.  Шоқан  жолшыбай  соқса,  достарының  көңілі

есер  еді  де,  дұшпандарының  көңілі  өшер  еді,  сөйтіп  кейінгі  жылдарда

үстінен  жоғарғы  ұлықтарға  арыз  кетіп  жатқанын  білетін,  содан  қауіп

күтетін  Шыңғыстың  соңғы  жылдарда  түсе  бастаған  еңсесі  қайтадан

көтерілер еді. Егер соқпаса – дұшпандарының отына май құйғаны.

Көңіліне  сондай  қобалжу  кірген  Шыңғыс,  Шоқанға  өзі  баруды

«кішірею»  көріп,  достас,  сенімді  адамдарынан  бірер  кісіні  жіберіп  алуды

ойлады,


сонда

таңдағандары:

Уақ

атаулы


рулардан

Тоқпайдың,

Жарылғамысы,  Қарауыл  атаулы  рулардан  Байсарының  Шөбегі.  Екеуі  де

естияр, сөз білетін, тыңғылықты кісілер.

Шақырып  ап  астыртын  ақылдасқан  олар  көне  кетті.  Екеуін  Аба  бастап,

Омбыға сапар шекті.

Шоқан  əкесіне  іштей  қатты  наразы  бола  жүре,  оларға  тез  көнеді.

Нағашысы Мұсаға сырттай жақындаса жүре, «қарына тартпағанның, қары

сынсын» дегендей, əке мен екеуінің бірін таңдауға келгенде, оның бүйрегі,

əрине, əкеге бұрады. Оның басына да «хан тұқымымын» деген тəкаппарлық

мықты ұялап алған. Мұсаны «қарасүйекке», өзін «ақсүйекке» санайтын ол,

қанша  жампаңдағанымен,  нағашысын  іштей  кейде  менсінбейді.  Кадет

корпусына əкелу жолында, бір сəтте əкесінің:

–  «Бөрі  арығын  білгізбес,  сыртқа  жүнін  қампайтар»  дегендей,  жұртқа

жүнімізді  қампайтып  кісімсінгенімізбен,  хан  тұқымы  –  біздің  ішіміз

жалаңаштанып келеді, балам. Атамыз Абылайдың қара шаңырағы құлады.

Оны  болашақта  көтеру  үміті  жалғыз  сенде  ғана.  Сенің  де,  менің  де  ендігі

тірегіміз – ақ патша, оған жағу үшін тілін білуіміз керек. Сені оқуға əкеле

жатқан  себебім  де  сол.  Ақылсыз  бала  емессің.  Айыбын,  –  тентектігің.

«Тентектен  түзелген  жақсы  болады»  дейді  қазақ.  «Оқу–шала  естіні  бүтін,

бүтін  естіні  данышпан  қылады»  дейді.  Оқы.  Түзел.  Кісі  бол.  Сөйтіп,  атан,

Абылайдың  шөккен  аруағын  тұрғыз!  Ел  басқар.  Есепке  қасыл!  –  дегені

тасқа салған таңбадай Шоқанның басына берік орнап қалған. Əкесі ат ізін

салмағанмен,  елден  қатынасатын  кісілерден  естуінше,  Құсмұрын  дуаны

таратылған  шақта,  «басынан  ұшты»  деген  бағы,  Көкшетау  дуанына  аға

сұлтан болғаннан кейін тағы қонған сияқты. Кейінгі кезде сол бағы тағы да

қопаңдап  қайтадан  қашуға  талпынатын  түрі  бар.  Егер  ұша  қалса,  «тігілді

ме»  деген  Абылай  ордасының  заман  дауылына  төтеп  бере  алмай,  тағы  да

жалп ете жығылуы мүмкін. Шоқан өйтпеуіне тілектес. Ендеше, желпілдеп

тұрған  орданы  жөнге  келтіру  керек.  Ол  үшін  əкесінің,  аға  сұлтандық

даражасын  сақтап,  шайқала  бастаған  беделін  бекіту  керек.  Ол  үшін,

Атбасар  жəрмеңкесіне  жиырма  пəуеске,  қырық  нөкер,  жүз  салт  атты

əскермен баруды жоспарлаған Гасфорт пен Майельді əкесінің үйіне түсіріп

аттандыру керек.

Бірақ, бұндай қонақты көтеру оңай боп па? Ауыл қонағы болса бір сəрі.

Оларға  керекті  тамақ:  ет  пен  қымыз.  Ондай  ас  Шыңғыста  аз  болғанмен,

елде  көп.  Көкшетау  дуанына  қарайтын  алты  руда  Шыңғыстың  қанша


қонағы  болса  да  жалғыз  өзі  көтеретін  дос  байлары  көп.  Шоқан  апаратын

қонақтар  қазақы  қонақтардан  мүлдем  басқа.  Бұлар  шылғи  европалықтар,

ендеше европалық ішімдіктер яғни арақ, шараптар керек. Қайдан табылады

олар?  Табылған  күнде,  ақша  қайдан  табылады?  Шоқан  осы  жайларды

ескерткенде:

–  Елміз  ғой,  –  десті  Жарылғамыс  пен  Шөбек,  –  «ел  іші  –  алтын  бесік»

деген. Бізге де табылар, сондай бір бесік.

–  Сонда  да,  көктем  жаумайды  ғой  ақша.  Жерден  де  шықпайды,  көптен

бармағанымызбен,  қазақ  аулының  хал-жайынан  хабарымыз  бар.  Қазіргі

ауылда  ептеп  ақша  жинай  бастағандар  барын  білем.  Олардан  сіздерге

қажетті мөлшерде ақша шықпайды.

–  Онда  жұмысың  болмасын,  мырза,–  десті  елшілер,–  бізге  Омбы

əкімдерін  туған  аулыңа  соқтырам  деген  берік  уəдеңді  берсең  болды,  ар

жағын ел болып қарастырамыз да, қандай жəне қанша төрелермен келсең,

де, риза ғып жіберу қамын жасаймыз.

Шоқан  берік  уəде  берді  де,  елшілер  қайтып  кетті.  Олардың  сенгені  ел

емес,  Қызылжар,  жалпы  Қызылжар  емес,  оқырмандарға  осы  шығарманың

бірінші кітабынан мəлім – Малтабар.

Баяғыда,

Шоқанды


Шыңғыс

оқуға


апара

жатқан


жолында,

Қызылжардағы Малтабарға соғып, оның, телегей теңіз байлығынан, əсіресе

ақшасынан пайдаланғанын білеміз. Шыңғыс қаншама төресінгенмен, оның

қалтасының тақырлығына, бере берсең ала беретің тойымдықты білмейтін

ашпа-жалап екендігіне Малтабардың көзі жеткен. «Бір жылға қоян терісі де

шыдайды»  дегендей,  Шыңғыстың  бір  жолғы  шығынына  шыдауға  бекінген

ол  ақшасы  аздарға  ауыр  салмақ  болатын,  ұлан-байтақ  суммаға  «ыңқ»  дей

қоймаған.  Сөйте  тұра  Малтабар  есеп  дəнігін  істеп,  «берерім  сонша

болғанда,  аларым  қанша?»  деген  сұрауды  басынан  шығармаған.  Сол

сұрауды  түптеп  кеп  байқаса,  берері  көп  те,  алары  жоқ.  Соны  түсінгеннен

кейін,  Шыңғысты  Омбыға  апарып  салған  Малтабар,  Қызылжарға  ерте

оралып,  Шыңғыс  та  қайтқан  кезде,  үйдегілеріне  «жолаушылап  кеткен  еді

деңдер» деген де, өзі таптырмайтын жерге тығылып қалған.

Содан бері Шыңғысқа өзі де маңайлаған емес, оған өзі де жолаған емес.

Өзге  сапарын  былай  қойғанда,  Атбасар  1853  жылдың  жазында  ашылғалы

жатқан  жəрмеңкеге  қатынасуды  ниет  еткен  Малтабар  сауда  орнын  даярлау

ниетімен  Атбасарға  көктемнен  бері  сан  рет  барып  қайтты.  Сонда  қашса

құтылмайтын,  Атбасар  жолы  жиектеп  ететін  Сырымбет  тауына,  оның

солтүстік  етегінде  отыратын  ордаға  бір  рет  те  соқпай,  мезгілсіз  уақытта

үнемі жанап өтеді. Бұл өтулерін Шыңғыс сезбейді емес. Малтабарды көріп

қалған  əлдекімдер  мəлімдеп  жүреді.  Шыңғыс  та  оған  қың  ете  қоймайды;

несіне  етсін,  түсіп  тұрған  күні  жоқ  жəне  ондай  күн  түседі  деп  ойламайды

да.


Енді,  міне,  Шоқан  Омбы  əкімдерін  ертіп  келе  қалса,  күтіп  алуға  ақша

керек.  Жəне  көп  керек.  Ондай  мөлшердегі  ақша,  Шыңғыс  білетін

адамдардан  жалғыз  Малтабарда  ғана  бар.  Ендеше,  Омбы  төрелерін

бастаған  Шоқанның  туған  үйіне  соғуына  көзі  жетсе,  қайткенде  де

Малтабардың  қалтасын  қолға  түсіру  керек.  Сондықтан,  Жарылғамыс  пен

Шөбекті Омбыға аттандырар алдында, оңаша сөйлесті де:

–  Құдай  оңдап,  Қанашжан  үйге  соғуға  көнсе,  қайтарда  Қызылжарға

тоқтаңдар да, Малтабарға жолығыңдар, – деген.

Малтабардан  ақшаны  қалай  алу  амалын  Шыңғыс  күні  бұрын  ойлаған.

Оны ешбір дүние мүлкіне қызықтыра алмасын біледі. Жалғыз қызығары –

əйел  ғана.  Шыңғыс  білетін  Малтабар  «қазақ  байыса  қатын  алады»  деген

мақалға берік жүгінген адамның бірі. Жəне оның жалпы əйелге емес, «жас

иіске»,  əсіресе  сұлуға  құмарлығын  Шыңғыс  ана  жылы  байқап  қалған.  Бұл

жағынан  Малтабарды  қызылға  шабатын  қорқауға  есептеген  Шыңғыс,

«қайдан  табам,  ондай  қызылды?»  деген  ойға  батқанда,  есіне  Айжан  түсе

кетті.


Айжанды

біз


осы

шығарманың

бірінші

кітабынан

білеміз.

Қаршадайында  панасыз  жетім  қалған  оны,  Омбыдағы  оқуға  еріксіз  кетіп

бара  жатқан  Шоқан  шешесі  Зейнепке:  «саған  қалдырам,  өз  балаңдай  күт»

деп тапсырып кеткені мəлім. Баласына «жарайды» деп уəде берген Зейнеп,

кішкене Айжанды артына міңгестіріп, қараша ауылдан ордаға əкеткенін де

білеміз.


Зейнеп Айжанды қызы Рақияның, қасына қосты. Олар бірге тұрды, бірге

ойнады,  бірге  тамақтанды,  жатар  жерлері  де  бірге  –  Зейнеп  пен

Шыңғыстың жазғы кигіз үйінде, оң жаққа құрылған торғын шымылдықтың

іші.


Осындай  жағдайда  бірге  ескен  екі  қызды,  Зейнеп  мұсылман

шариғатының  «əйел  тоғыз  жасында  балиғ  болады»,  яғни  «ерге  беруге

жарайды»  деген  заңына  бағындырып,  бұған  дейін  еркек-шоралау  киініп

келген  екеуін  де  «бойжеткен»  салтымен  киіндірді.  Бұдан  кейін,  басқа

күтімдері бұрынғыша қалғанмен, екі қыздың сырт көріністері басқаланды:

Рақияның,  бөленгені  жібек  пен  барқыт,  киімдерінің  өн-бойы  асыл  тұнған

моншақ,  құлақтарында  салпыншағы  кө  алтын  сырғалар,  шашбауында

алақаны  жалпақ,  үзбесі  мен  теңгесі  көп  күміс  шолпы,  білектерінде  күміс

пен  алтыны  аралас  білезіктер,  саусақтарында  сақиналар,  басындағы

қамшат  құндызынан  дөңгелете  жасаған  бөркін  алтын  зерлі  үш  топпен

тыстаған,  оның  төбесінде  жайқалған  сарғылт  үкінің  үлкен  шоғы,

маңдайында  тотының  құлпырған  бір  тал  қанаты.  Айжанды  Зейнеп  қара-

дүрсін ғана киіндіріп, моншақтармен əшекейлеген жоқ.

Бірақ,  жұрттың  көзі  жылтырап  киінген  Рақияда  емес,  жұпыны  киінген

Айжанда.  Ол  Рақиядан  əлдеқайда  сымбатты,  өлшеусіз  сұлу.  Білетін  жұрт

Айжанды  дене  жағынан  да,  кескін  жағынан  да,  жас  шағындағы  аумаған



шешесі – Күнсұлу дейді.

Ол  да  осындай  талдырмаш  сұңғақ  бойлы  болатын  деседі  білетіндер,  ол

да осы сияқты  қылдырықтай қыпша бел  болатын. Оның да  екі бұрым ғып

өрген  қолаң  шашы  тірсегіне  түсетін.  Оның  да  көздері  осындай  томпақтау,

мөп-мөлдір,  қап-қара.  Кірпіктері  оқшантайға  қаз-қатар  салған  садақтың

жебелеріндей  ұзын,  тістері  тізген  меруерттей  əппақ.  Саусақтары  осы

сияқты, судан тартқан сүйріктей жұп-жұмсақ еді деседі...

Түр-тұрпаты  ғана  емес,  мінезі  де  аумаған  шешесі  деседі  біреулер,–  бұл

да шешесі сияқтанған сыпайы, əдепті. Ол марқұм үлкеннің, алдынан кесіп

етпейтін. Қаршадайынан жетім қалған мынау қызы, сол мінез-қылықтарын

қайдан үйреніп қалған!..

– Шеберлігін айтсаңшы, – деседі біреулер, – он саусағынан өнері тамған

ісмер  емес  пе  еді  Күнтай?  Маңайдағы  елде  əлі  жетіп,  əдемі  киінгісі

келгендер  үстіне  ілетін  лыпаларының  бəрін  соған  піштіріп,  біразы  соған

тіктіріп  алмайтын  ба  еді?  Матаны  қайығанда,  мəнерін  машинадан  кем

түсіретін бе еді? Кестеге қандай еді жарықтық, көрген кісінің көзі сүрінетін

еді  ғой,  өрнегіне?  Оюға  қандай  еді  қолы!..  Осы  маңайда  отаулап  қыз

ұзататындар,  жасау,  жиһаздарын  Күнтайға  əшекейлетіп  алатын  еді  ғой!..

Сол өрнектеріне қазақ түгіл орыс та қызығып, біреулері сүгіретін де салып

алған  деседі.  Бұл  жағынан  да  қызы  шешесіне  ұқсаған  да  қойған!  Зейнеп

бəйбіше  Айжанның  сондай  өнерлерін  пайдаланып,  қаршадайынан  қол

өнеріне отырғызып қойды.

Рақияны Айжанға салыстырғанда тым ажарсыз-ақ.

Ең  алдымен,  оның  бойы  өспей,  тарбиған  тапалтақ  болып  қалған.

Жастары  құрдас  Айжан  екеуі  қатар  тұрғанда,  Рақияның  ұзын  тұрқы  оның

кеудесінен  ғана  келеді.  Сол  қалпымен  бып-быртық,  жұп-жуан.  Қысқа

мойнына  шекелері  жалпайған  бас  біткен.  Көзіне  түскен  дудар  шашының

тұлымы  бір-ақ  қарыс  жəне  жылқының  жалындай  қатқыл.  Өңі  қоңыр-

тарғыл. Қысыңқы бітік көз, танауы кең май мұрын, дүрдиген қалың ерін.

Осындай  сиықсыздығына  мінезсіздігі  де  дəл  келген.  «Төрт-бес  ұлдан

кейін  көрген  жеңсік»  деп,  Зейнеп  оны  туған  «үнінен  мəпеледі  де,  аяғын

басып, тілі шыққан күндерден тұрпайы қимылды, бейпіл сөзді болды.

Рақия  «көк  инені  көзіне  түрте  білмейтін»  олақ.  Ол,  ең  аяғы,  көйлек-

көншегінің  үзілген  түймесін  де  қадап  ала  алмайды.  Өз  бетімен  шайын  да

қойып  іше  алмайды.  Соның  үстіне  барып  тұрған  салдыр-салақ,  Айжан

тауып бермесе қай киімінің қайда жатқанын да білмейді; тіпті, айта берсең

Айжан жуындырмаса, өз бетімен шомыла да алмайды.

Қыз күнінде сондай Рақия, ертең біреуге барса қайтпек? Балалы-шағалы

болса ше? Ендеше, қасында Айжан сияқты пысық біреу болмаса, «көштен

қалып, аштан өлетіннің» нағыз өзі!..



Рақияның  қорлығынан  құтылар  амалы  жоқ,  барар  жер,  басар  тауы  жоқ

Айжанның,  көз  жасын  төгуден  басқа  қолынан  келері  болмады.  Онда  да,

оңашада  ғана,  Рақияның  көзі  шалып  қалса,  «немене,  жылайсың?  Байың,

өліп,  бақытын,  күйіп  отыр  ма?  -  деп  шыжғырады.  Жалғыз  сүйенері  «Əя-

апа»  деп  атайтын  Зейнеп  еді,  басында  арашалайтын  ол  да  кейінгі  кезде

қызының  өктемдік  қылықтарын  көрмеген  сияқтанады.  «Есейе  келе  арқа

тұтармын»  деп  үміттенетін  жалғыз  ағасы  Жайнақты  Шыңғыстың  он  төрт

ағасының бірі – Əміре Тоқырауын бойындағы төреге ұзатқан қызына «жеті

жетімнің»  біреуі  ғып  қоя  берген.  Содан  бері  өлі-тірісінен  хабар  жоқ.

Итжеккенге  жер  ауып  кеткен  əкесі  Ақпан  да  хабар-ошарсыз.  Басқа

жанашыры  болмаған  соң,  тəңірінің  талайына  берген  қорлығына  көнбеуге

шарасы жоқ.

Осынша  ауыр  халдегі  Айжанға,  тоғыздан  онға  шығарда  көңілін

көншітерлік  игілік  кездесе  қалды.  Сол  жылы,  бір  кезде  Айғаным

Шұңғырша Қарауыл аталатын рудан Бұхара Шəріпке оқуға жіберген Талас

баласы  Науан  табан  аудармай  он  сегіз  жыл  оқа,  «он  екі  пəнді  тəмəм  ғып»

туған  еліне  қайтып  келді.  Ол  жалғыз  келмей,  өзі  оқыған  Коклан

медресесінің  бас  мүдəррисі  –  Ғабдулла  Ғабдуһудің  қызы  Гүлшаһрамен

көңіл  қосып,  сабағын  бітіргеннен  кейін,  жасырын  түрде,  салт  атпен  қазақ

даласына  зытып  отырды.  Гүлшаһраның  əкесі  білімді  Байруттың  дарро-əл-

фнунінен  алған  хатым  –  кəрдан  екен.  Бұл  Ислам  əлемінде  екі  бағыттың

күресіп  жатқан  шағы:  бірі  –  «мүтəкаддимин»  аталып,  құдай  сөзі  –

құранмен,  пайғамбар  сөзі  –  хадиске  талқылау  жасаттырмайтын,  ғылым

оқуларынан  безетін  кертартпа  бағыт;  екіншісі  –  мүтəкаллимин»  аталып,

медреселерде  құран  мен  хадиске  де  сын  көзімен  қарайтын  «ахирет»

сабағымен  қатар,  «дүние  сабағын»  да,  яғни  ғылымды  да  оқытуды

жақтайтын  прогрестік  бағыт.  Байруттан  соңғы  бағытты  ұстап  келген

Ғабдуһу,  Бұхарадағы,  Коклан  медресесін  осы  жолға  түсірді.  Ол  ұлдармен

қатар, медресе сыныфын да ашып, өз қызы Гүлшаһраны қоса, əмірдің, тіл

алатын  уəзірлердің,  имамдардың  қыздарын  да  оқуға  қосты.  Бұл  Ислам

əлеміндегі бірінші жаңалық еді.

Осы  жаңалықты  қазақ,  даласына  Науан  мен  Гүлшаһра  ала  келді.  Науан

«шариғат» аталатын дін сабағына жəне «тариқат» аталатын дүние сабағына

жүйрік;  Гүлшаһра  поэзияға,  əсіресе  арабтың,  фарсының,  жəне  Орта

Азиядағы  мұсылман  елдерінің  арғы-бергі  заманда  жасаған  ғашықтық

жырларына жетік. Оның көңілін Науанға шешілместей түйіндеп берген де

осы жырлар.

Науан  келгенге  дейін  «хан  мешітінде»  имамдық  құру,  «хан

медресесінде»  бала  оқыту  міндеттерін  Ғалиакбар  есімді  татар  молдасы

атқаратын. Ол хатты Орынбор маңындағы Қарғалы аулының, медресесінен

таныған,  «түрікше»  аталатын  кітаптардан  басқаға  тісі  батпайтын,  ой  өрісі

тар, барып тұрған фанатик, мейлінше кертартпа адам. Айғаным заманынан

келе  жатқан  бұл  молда,  кейінгі  жылдары  керенау  тартып,  жұма  күндері

болмаса,  мешітке  барып  намаз  оқымайтын.  Баяғыдан  бері  алдын  көрген



шəкірттерінің  бірен-саран  зеректері  болмаса,  өзгелері  «намаздығын»  ғана

шала үйреніп, жазу-сызуға шорқақ болатын. Қыз баланы ол оқытпақ түгіл,

маңайына  да  жолатқан  емес.  Оның  ойынша  –  əйел  де  бір,  шайтан  да  бір.

Екеуі  де  адамды  аздырушылар.  Басында  бұл  елге  садақа  сұрап  келген

Ғалиакбар, сіңісіп алғаннан кейін мінез шығарып, кім көрінгенмен ұрсыса

беретін  жəне  тілі  удай  ащы  болып,  балағаттаған  адамын  шаяннан  кем

шақпайтын.

Сондай  молдадан  Шыңғыс  та,  ел  де  қалай  құтылудың  амалын  таба

алмай  жүргенде  Науан  келе  қалды.  Ел  екеуін  салыстырып  қараса  Науан  –

теңіз  де,  Ғалиакбар  –  шұқанақ.  Сондықтан,  Шыңғыс  имамдықты  да

мүдəрристікті де Науанға беріп, Ғалиакбарды азаншылық пен қайыр-садақа

алу  ісіне  ғана  қалдырды.  Оның  көнбеуге  ылажы  жоқ.  Бірақ,  сырттай  көне

кеткен  сияқтанды  да,  іштей  Науанға  «əй,  бəлем,  сені  ме?!»  деген  кекке

бөленді.


Науан  «Коклан  медресесінің  үлгісімен  «хан  медресесінде»,  ұлдармен

қатар  қыздарды  да  оқытуға  ниет  етті.  Ұлдарға  сабақты  өзі  бермек,

қыздарды Көкешіне4 оқыттырмақ.

Ұлдан  оқушылар  көп  жиналды.  Бəрін  ала  берсе  медресеге  сыймайтын.

Сондықтан,  қалаулы  адамдардың,  балаларын  таңдауға  тура  келді.  Ал,

қыздар ше?

Қыз  баланы  «жат  жұрттық»  санайтын,  «байтал  шауып  бəйге  алмайды»

деп менсінбейтін қазақтан қызын сабаққа беруге көнген жалғыз – Шыңғыс

қана. Оның сабаққа беруге – Рақия. «Ата даңқымен – қыз, мата даңқымен –

боз  өтеді»  дегенмен,  «мына  түр,  мына  мінезіне  қарағанда,  осы  қызымды

ешкім  алмай  қоймаса  не  қылсын!»  деп  қауіптенетін-ді  Шыңғыс.

Қызғылықты қыздарға, əсіресе атақты адамдардың қызына бесігінен бастап

құда  түскендер  толып  жатыр.  Рақия  онға  келіп  қалды.  Бұндай  жасында

біреуге  атастырмайтын  қыз  қазақ  аулында  болмайды.  Рақияға  ешкімнің  де

өйтпеуі жақсы ырым емес.

Осындай уайымда жүрген Шыңғыс, Науанның:

–  Қызды  сабаққа  беруге  сіз  жетекші  болыңыз,  сұлтан!  Өзгелер  сізден

үлгі алады,– деген сөзіне, «оқу – жарым естіні бүтін есті етеді, бүтін естіні

данышпан  етеді»  дегенге  сенетін  Шыңғыс  тіл  қайырмастан  көне  кетті.

Зейнеп те сондай ойда еді.

Бұл  мəселеде  ойлары  қабысқан  əке  мен  шеше,  Рақияны  Көкештен

оқытайын  десе,  жападан-жалғыз  көнер  емес.  Ендеше,  оның  қасына

Айжанды отырғызу керек.

Бұған да Рақия əрең көнді.

Бірақ  ол  оқып  жарытпады.  Ішінде  арабтың  «əліп-биі»  бар  «Иманшарт»


аталатын  жұқа  кітапша,  көп  болса,  бір  жұма  ұстауына  жетеді.  Одан  əрі

түтесі  шығып,  шеттері  жымырылады  да,  беттерін  кір  басып,  тұтынуға

жарамай  қалады.  Қолға  оңайлықпен  түспейтін  бұл  кітапша  іске  алғысыз

болған  шақта,  жазуға  шебер  Науан  мен  Көкеш,  бір  тарақ  қағазға  «əліп-

биді» жазады да, шыбықтың жарған басына қыстырып береді. Ол, тіпті де

ұзаққа бармайды, сөйтіп, қыстырма «əліп-билер» тез ауыса береді. Сондай

қыстырманы  Көкеш  ұғындырмақ  болып  қаншама  тырысқанмен,  Рақияға

жұма түгіл, ай түгіл жыл тəулігінде де ұқтыра алмай шаршады.

Ал, Айжан ше?

Бетіне кір жұқтырмай, қағаздарын сындырмай таза ұстаған ол, бір айдың

шамасында  «Иманшарттың»  «əліпбиі»  түгіл,  ішіне  сыйған  бар  сөзін  түгел

жаттап алды. Бір жылдың мөлшерінде Айжан «Əптиектен» өтіп, «түрікше»

аталатын кітаптардың қолға түскендерін түгел тауысты.

Айжанның  зеректігіне  қызыққан  Көкеш,  араб  пен  иран  тілдерінде

жазылған  кітаптармен  таныстыра  бастады.  Бұл  тілдердің  сарфын

(грамматика),  нахун  (синтаксис),  мантиғын  (логика)  өтіп,  одан  əрі  дін

философиясын

талқылайтын

«ғақа-идке»,

басқа


діндермен

талас


мəселелерді шешуге тырысатын «фиқһиға» бару керек.

Араб  тілінің  ол  кездегі  сарфын  «Шарх-Ғабдолла»  дейді.  Бұл,  Ғабдолла

есімді  кісінің  араб  тілінде  жазып,  əр  беттің  төңірегіне  фарсы  тілінде

түсініктер  (комментария)  берген  еңбегі.  Аталған  екі  тілді  білмейтін  кісіге

«Шарх-Ғабдолланы»  меңгеру  өте  қиын.  Бірақ,  бұл  кітапты  Айжанға

ұқтыру, Көкешке ауырлыққа түскен жоқ. Оның аржағында, жаңағы əдіспен

жазылған  «Молла  Жəлил»  (наху).  Сабаққа  отырудың  үшінші  жылында

Айжан  бұл  кітаптарды  игеріп  қалды.  Ол  Көкешпен  араб  жəне  фарсы

тілдерінде еркін сөйлесе бастады.

Көкеш  зерек  шəкіртін  өз  бағытына  түсіруге  тырысып,  араб  пен  Иран

поэзияларының  шеберлері  жасаған  көркем  шығармалармен  таныстыруға

кірісті.  Сонда  байқағаны,  өзі  сияқты,  бұл  қыз  да  ғашықтық  бəйіттері  мен

қиссаларын  ықласын  сала  оқиды,  кей  жырға  əсерленген  шақта  нақ  өзі

тəрізденіп, көзіне жас алады!..

Көкештің  даусы  əдемі  еді.  Өз  мекеніндегі  дос  қыздарының  мəжілісінде

жырлайтын  оны,  құрбылары  «Бұхара  бұлбұлы»  деп  атайтын.  Өзбектің

талай  тамаша  əндерін  құйқылжыта  айтқанда,  құрышы  қанбайтын  құлақ

болмайтын.

Науан  да  үнді  жігіт  еді.  Екеуі  қосылып  əн  айтуды  Бұхарадағы  бау-

бақшаларда  жасырын  жолығатын  сəттерінен  бастаған.  Науаннан  ол  қазақ

əндерін үйренген де, Көкеш оған өзбек əндерін үйреткен. Бірге сайраған екі

бұлбұлдың алғаш, бау-бақшада қорғалай, құмыға шыққан үндері, қазақтың

кең  даласына  шыққаннан  кейін,  жетер  мөлшеріне  дейін  биіктеген.

Жолшыбайға құмайтты, шелді кең даланы кезетін ұзақ жолды олар қосыла



айтқан əндерімен қысқартқан...

Сырымбет  саласындағы  елге  келгеннен  кейін  де  олар  қосыла  айтатын

əндерін  доғарған  жоқ.  Бұхара  сияқты  қызығы  көп  шəһардан  аз  ғана  үйлі

хан  аулына  келген  Көкештің  іші  кейде  қатты  пысып  кетеді.  Сондай

шақтарда  көз  жасы  ағыл-тегіл  болатын.  Ғашығының  көңілін  аулау  үшін,

Науан  салт  атпен  қасына  ертеді  де,  күзді,  көктемді  шақтарда  айнала

қоршаған  қарағайлы  қалың  орманды,  төбеден  төніп  тұрған  айыр  өркешті

Сырымбет  тауының  салаларын  кезіп,  немесе,  айналасы  ат  шаптырым

«Қылы» келіп жағалап кетеді. Орда ауылдың жаз шығар жайлауы – Ұлытау,

Кішітау  жақ  беттегі  белесті  жалпақ  далаға,  сол  маңдағы  «Қалмақкөл»,

«Салқынкөл»  одан  əрірек  –  «Құлаайғыр»  өзені.  Науан  ол  өлкелерді  де

Көкешке  салт  атпен  түгелге  жақын  аралатты.  Оны  да  місе  тұтпай,  жаз

ортасында шəкірттер үйді-үйіне тараған шақта Көкшетауға ортақ: Айыртау,

Имантау, Сандықтау, екі Жыланды, Зеренді, Ақан, Бурабай тауларының да

көбін  көрсетті.  Бұл  таулардың  төңірегінде,  о  шеті  мен  бұ  шетіне  көз

жетпейтің  түбі  терең,  асты  қайраң  көлдер  көп.  Науан  көргенде  Көкешке

оларды  да  аралатты.  Екеуінің  сондағы  серіктері  жекелеп,  я  қосылып

айтатын қазақ пен өзбектің əндері...

Көкештің байқауынша, Айжан əнші қыз. Дін сабағында құранды əндетіп

оқуды «мақам» дейді. Бұхара сияқты үлкен қалалардың мешітінде, намазға

жиналған  көптің  алдында,  мақамдап  аят  оқу,  опералық  театрлар

сахнасында ария айту сияқты өнер. Европаның əнші артистеріндей, Ислам

дүниесінде де атаққа шыққан талай мақамшылар болған.

Көкеш Айжанның əнші боларын əуелі құран оқыған мақамынан сынады.

Оның  да  даусы  күмістей  сыңғырлайды.  Бұл  даусына  қызыққан  Көкеш,

ауылда  əндетуге  қымсынатын  Айжанды  не  орман  ішіне,  тау  саласына,

белесті жыраққа алып кетеді де мақамдар мен əндерге жаттықтырады.

Көкеш  Айжанның  зеректігі  мен  үнділігіне  ғана  қызықпайды,  түр-

тұлғасына  да  қызығады.  Өзін  өзбек  кескіндінің  сұлуына  санайтын  ол,

Айжанды қазақ кескіндінің қас сұлуы көреді. Бұхара мен Көкшетау арасын

мекендеген  мыңдаған  қазақ  ауылдарына  соққан  ол,  талай  сұлуларды  көре

жүре, нақ бұған теңдесерін кездестірген емес. Сонысына қарап, «егер мен

еркек  болсам  осыны  ғана  таңдар  едім»  дейді  ол  ішінен.  Бұл  ойын  сүйікті

ері  Науаннан  жасырмайды.  Көкештің  көңілін  жықпайтын  Науан,  «мен  де

сөйтер едім» дей алмайды.

–  Бірақ,  амал  нешік  –  деп  күрсінеді  Көкеш,  –  қазақ  арасында  аз

болғаныммен, əдет-ғұрпымен танысып та үлгердім. Қазақта:

«Бір жаман мал бердім деп алып кетті,

Жылқы екен қыздың байы, сығыр ойбай!»

деген өлең бекер айтылмаған. Қалың малын төлесе, қазақ қызын шал да,



кемтар да ала беретінін көріп жүрміз. Əсіресе, кедейдің қыздарын!.. Теңіне

тиетін қыз кемде-кем. Айжан бейшара да солардың біріндей қор болып кете

барады да!

Бұл  қорлықтан  Айжанды  қалай  құтқарудың  ебін,  Науан  мен  Көкеш

қалай  ойласа  да  таба  алмайды.  Тек,  Көкеш  қана  алыстағы  бір  үміттің

ұшқынын  жылтыратқандай  болады.  Ел  əйелдерінің  салтымен  Шыңғысты

«сұлтан» деп атайтын ол:

–  Осы  сұлтанның,  –  дейді,  Науанмен  оңаша  сырласқанда,  –  Омбыда

оқып жүрген баласы бар деседі ғой?

– Бар дейді, аты – Шоқан дейді.

– Сыртқы жұрт оны əдемі жігіт, оқымысты жігіт дейді.

–  Мен  де  солай  деп  естідім,  –  дейді  Науан  əйелінің  көмекейінен  келе

жатқан бір сырдың лебін аңғарғандай елеңдеп. – Оны неге айтып отырсың?

– Соның жұбайына Айжан лайық сияқты.

– Айтпайтын сөзді айттың ғой, Көкеш...

– Неге?


– Ол ханның баласы – ақсүйек, бұл жалшының қызы – қарасүйек...

–  Бола  берсін.  Көңілдері  қосылса,  қай  сүйек  екені  неге  керек?  Егер  ол

ақылды жігіт болса, бұл қызға көзі түссе-ақ құмартады...

– Мүмкін. Бірақ, сонда да үйлене алмайды!

– Неге?

– Ең алдымен, Шоқанның əкесі мен шешесі көнбейді...



–  Мейлі,  көнбесе!..  Біз  қарадық  па,  менің  əке-шешемнің  көнген,

көнбегеніне?

–  Бізді  қорқыныштан  қазақтың  кең  даласы  құтқарды.  Олар  қайда

барады, жауларынан қашқанда?

– «Орысшыл» деседі ғой, сол жігітті? Орыстың да жері кең дейді ғой?

– О да бар екен-ау! – дейді бұл сөз көкейіне қона қалған Науан. – Бірақ,

ол кəпір арасы ғой!

– Бола берсін. Қорлықта өлгеннен, шоқынып кеткен жақсы!

– Астапыралда!....


– Айжанның болашақ тағдыры туралы олар осылайша толғанып жүрген

шақта,  ойда  жоқ  кесір  кездесе  кетті.  Сырымбеттің  күнгей  жағында,  отыз

шақырымдай  жерде  «Иман»  аталатын  тау  болатын,  соның  етегіне  он

тоғызыншы  ғасырдың  басында  «Иман»  аталатын  татар  селосы  орнап,

тұрғындары  казачествоға  жазылған  да,  қазақ-орыстар  даражасында  патша

өкіметінің  осы  маңдағы  күзеті  болумен  қатар,  қазақ  арасында  қандай

наразылықтар  барын  полиция  басқармасына  астыртын  хабарлап  тұратын,

татарша аты – Салах, орысша аты – Сергей Яманкин урядник басқаратын.

Шыңғыс  ауылындағы  Ғалиакбар  молда,  «атам  заманнан»  тыңшылық

қызметін  атқарып,  тұрған  жеріндегі  тышқанның  қыбырлағанына  дейін

Яманкинге жеткізе беретін.

«Орнымда  тартып  алды»  деп  өшіккен  Науанның  із-өкшесіне  Ғалиакбар

жарық  алып  түсті  де,  қымс  еткенін  қағазға  тізіп  Яманкинге  мəлімдеді  де

тұрды.  Бұл  мəліметтерден  «кəпірге  қарсылықтың»  иісі  көңірси  бастаған

соң,  Яманкин  Ғалиакбарға  арнаулы  тапсырмалар  беріп,  «Науан  жүреді»

дейтін  жолдың  тораптарын  қазыңқырай,  тереңдете  бастады.  Содан  келіп

шыққаны:  Науан  христиан  дүниесіне  дұшпан,  ол  қазақ  арасына  ислам

идеясын  таратады,  қазаққа  түрік  сұлтандарын  жақсы  көрсеткісі  келеді,

сайып келгенде ол барып тұрған пан-исламшыл-пан-түрікшіл адам.

Яманкин бұл мəліметтердің қорытындысын жоғары қарай хабарлады да,

ақыры,  Россияның  ішкі  істер  министрі  –  генерал-адъютант  Перовскийден

Науанды  Сырымбеттен  Көкшетау  қаласына  көшіруге,  онда  полицияның

қатты бақылауында ұстауға бұйрық келді. Яманкин сол бұйрықты орындап,

бір кеште он шақты қарулы солдатпен сау ете түсті де, Науан мен Көкешті

əй-түйсіз кешірді де əкетті. Неге екенін жазықсыздар да, ел де білген жоқ.

Шыңғыстың кейінірек естігені – «патшаға зиянды адам». Одан арғысының

керегі жоқ, зəресі ұшып қорқуына сол сөз де жетеді.

Бұл таяқтың ауыр соққысы ең қатты батқан адам – Айжан. Ол не болып

не қойғанын білмей де қалды. Бірін айындай, бірін күніндей көріп жүрген

екі  жарық  сəулесі  жалп  етіп,  ойда  жоқта  сөнді  де  қалды;  оның  аспанын

қалың  бұлтты  қап-қара  түн  жапты!  Арты  неге  соғарына  ойы  да,  ақылы  да

жетпейді.

Ұстаздары  кете,  Айжанның  тұрмысында  Рақияға  байланысты  тағы  бір

жаңалық басталды.

Оқуға,  шаруа  жабдықтарына  шорқақ  Рақия,  кішкене  күнінен  ыржаң-

қылжаңға  əуес  болатын.  Еркек-шора  кезінде,  өзін  бейпіл  еркек  баладай

ұстайтын ол қызша киінгенде де сол дағдысынан арылмай, кім көрінгенмен

жарбаңдап  ойнай  беретің  қандай  сөзді  айтқысы  келсе  де  тартынбайтын,

өрескелдігін тастамайтын. Сонда Зейнеп байқаса, қызы енді, жалпы балаша

емес, ер балалармен, кейде бозбалалармен қызша қалжыңдасатын түрі бар.

Еркіне жіберсе, бетімен кетуге де бейім.

Көкеш  бар  кезде,  сабақты  сылтау  ғып,  Зейнеп  оны  күндізгі  кездерде



көгендеген  көбдіктей  тырп  еткізбей  қоятын  еді,  сабақтан  босай  өзі

бақылап, аяғын қия бастырмайтын еді. Енді сабақтан құтылғанда қалай ие

болмақ?!

Осы  жайды  ойланған  Зейнеп,  қызын  тырп  еткізбейтін  берік  «құлып»

тапты,  ол  –  Шыңғыстың  бірге  туған  ағасы  Мəмке  батырдың  үйі.  Уəлі

ханның он төрт ұлының бірі – Мəмке өзге туыстарынан бөлініп, Кенесары

қолына  қосылған  да,  патша  əскерімен  соғыста  жүріп,  жас  жігіт  шағында

оққа  ұшқан.  Оның  əйелі  –  Бүбі  жиырма  бір  жасында  жесір  қалған.  Уəлі

тұқымдары «ендігі Абылайымыз осы болады» деп жүргенде, мезгілсіз қаза

тапқан Мəмкені, басы – тоқал шешесі Айғаным болып, бұл атаның барлық

əйелдері  жыл  тəулігі  жоқтаған.  Ерінен  жиырма  бір  жаста  жесір  қалған

сымбатты,  сұлу  Бүбіге  əменгерлік  заңымен  кейбір  төрелер  үйленбек

болғанда,  «батырдың  аруақты  төсегін  басқаға  бастырмаймын»  деп,  Бүбі

көнбеген.

Бүбі  Айғаныммен  төркіндес,  əлдене  оқымысты  қожаның  мұсылманша

сауаты бар қызы екен. Аруақ сыйлап ерге тимеген Бүбі намазын, оразасын

қаза  қылмаған,  шақырмаған  үйлерге  бас  сұқпаған,  шақырған  үйлердің  де

елеулілеріне  ғана  барған,  бос  уақытын  тісі  батарлық  кітаптарға  қараумен

өткерген.  Сондықтан  Мəмкені  сыйлайтын  жұрт  оны  да  сыйлап,  үлкендері

«əулие  келін»  деп,  кішілері  «əулие  апа»  деп  ерекше  қадір  тұтқан.  Бала

күнінен мінезі салмақты Бүбі, жесір қала тіпті салмақтанып, Зейнеп сияқты

сырлас, сыйлас абысын-ажындары болмаса, үйіне еркектер түгіл, əйелдерді

де кіргізбеген.

Зейнеп  Рақия  мен  Айжанды  осы  Бүбінің  қолына  берді.  Рақияны  берген

себебі  жоғарыда  айтылды.  Айжанды  қоса  беретін  себебі:  Рақияға  күтуші

болсын  дегендік  қана  емес;  қыз  болып  қылтия  бастағаннан  кейін  оған

ауылдың, қыз құмарлары, əсіресе Шыңғыстың ересек болып қалған баласы

Жақып  маза  бермейтін  болды.  Олардың  бəрінен  қалай  қорғамақ?

Сондықтан Зейнеп оны да Бүбінің қолына қамағысы келді.

Қолына берген қыздарды «əулие апай» қақпанға түскен түлкідей етіп-ақ

ұстады.  Айжан  тəртіптен  таймайтын  кісі.  Еркінсіп  өскен  Рақия  бастапқы

күндері бұлталақтайын деп еді, күші көп, қолы қарулы Бүбі:

–  Былай  көндірейін  сені!  –  деп,  біраз  мелжемдеп  алды.  «Аюға  намаз

үйреткен  таяқ»  дегендей,  соққы  батқан  Рақия,  Бүбінің  бұйрығынан  бас

тартуды қойды. «Күнін өткізуге ермек болсын» деп Бүбі оның қолына ине

беріп іске отырғызды....

Айжанды Малтабарға беру ойы Шыңғысқа осы кезде туды.


ҚҰ

ПИЯ ҚҰДАЛЫҚ

Енді  Шыңғыс  Омбыға  жұмсаған  жолаушылар  жайына  оралайық.

Шоқанның  туған  үйіне  келу  ризашылығын  алған  Жарылғамыс  пен  Шөбек

Қызылжардағы  Малтабарға  coғуға  ниет  еткенін  жоғарыда  айтқамыз.  Салт

жүретін  ұзақ  жолдың  бойында,  мінген  жорғаларын  ара-тұра  ғана  көсілтіп,

жерді ұтып алулары болмаса, олар көбінесе бүлкіл аяңмен ғана отырады да,

ішті  пыстыратын  ұзақ  жолды,  қызғылықты  кеңестермен  қысқартады.

Қастарында  оншақты  жолдас-жоралары  бар.  Қос  ағалары  оларға  кейде,

«аттарыңның  басын  ірке  жүріңдер!»  деп  қатарласып  қалады  да,  оңаша

сөйлескілері  келгенде,  «озыңқырап  кетіңдер!»  деп  араларын  алшақтатады,

құпиялары біте, жалбағайларын бұлғап жақындатады.

Жарылғамыс  бір  сəтте  сөйтті  де,  Шөбектен  басқа  серіктерін  алға  қарай

оздырды.  Неге  екенін  білмеген  Шөбектің  көңіліне  қауіп  кіре  бастады.  Ол

екеуі түйдей құрдас еді. Қара өңді Жарылғамыс алпамсадай денелі, қарулы

адам,  ал  ІІІөбек  сарғылт  өңді,  жуантық  семіз,  тапалтақ  денелі,  қарусыз

адам.  О  заман  да  бұ  заман,  қазақ  құрдастарының  қолмен  де,  тілмен  де

қатты  ойнайтын  əдеті  бары  мəлім.  Қол  жағына  келсе  Жарылғамыс  жеңеді

де,  тіл  жағына  келсе  Шөбек  жеңеді.  Тілден  жеңе  алмайтын  Жарылғамыс

Шебекті  алып-ұрып  астына  умаштай  басады  да,  білгенін  істеп,  «өлдім,

талдым»  дегенде  əрең  босатады.  Сондықтан,  Шөбек  арашалар  біреулердің

қасында  болмаса,  Жарылғамысқа  тілін  түйремейді.  Жарылғамыс  жеке

жерде əзілдескенді, Шөбек көпшілік бар жерде əзілдескенді жақсы көреді.

Ол Жарылғамысты «Қара аю» дейді, Жарылғамыс оны «Сары шаян» дейді.

Омбыдан Қызылжарға беттеп келе жатқан жолда да, іштері пысқан олар

біраз қақтығысып келе жатқан. Екеуінің құрдас екенін білетін жолдастары

олардың  тіл,  я  қол  батырып  ойнауларына  көбіне  араласпай,  тек,

Жарылғамыс  умаштаған  Шөбек  «өлдім!»  деп  айқайлағанда  ғана  айырып

алатын. Бірде Жарылғамыс Шөбекті атынан жұлып ап, жерге тастап кеткен

де, серіктеріне «бармаңдар!» деп бұйырып, бірталай жер жаяу жүргізген.

Жарылғамыс  жолдастарын  соңғы  рет  оздырып  жібергенде  «сөйте  ме?!»

деп қауіптенген Шөбек:

– Арттарыңа алаңдай шабыңдар! – деп қалды, тебіне, шоқыта жөнелген

жолдастарына.

– Неге? – деді, қатар келе жатқан Жарылғамыс.

– Кім біледі, сен кəпір аюдай арбаңдап, тағы да бас саларсың!

– Қорықсаң сен де жөнел, шаңдарын қаба!

– Қумаймысың сен? Атың ағынды, жетпеймісің? Жетсең ғой, «қаштың»

деп қолыңды батыра түсесің? «Қашқан жауға қатын ер», одан да, не көрсем


де қашпай көрейін.

Жарылғамыс «ə, солай ма?!» деп, масаттанғандай бір күрілдеп қойды да:

– Əзіл-оспақтан басқа да кеңесім бар еді, – деді.

– Ие, қандай? – деді Шөбек елеңдеп.

– Осы біз ғой, Қызылжардағы Малтабарға келе жатырмыз?

– Ие, келе жатырмыз. Оны неге сұрадың?

– Жас иіске құмар Малтабардың, біз атайтын қызға құлай кетуі сөзсіз.

– Менімше де. Əсіресе қыздың сұлулығын сипаттай алсақ.

– Тіліміз жеткенше баяндап бағармыз. Жетпегенін көргенде білер.

–  Жеткізе  алайық,  жеткізе  алмайық,  «сұлу»  деген  сөзді  құлағы  шалған

соң, əрі «балапан жас қыз» деген соң, Малтабар көруге, əрине, құмартады.

– Мен естіген қыз болса, «көрді» дегенде, «қызықты» дей бер.

–  Маған  сонысы  керек.  Ал,  Малтабар  қызыға  қалды  дейін,  сонда  сол

қызды ала ма?

– Неге алмайды? Кім бөгет болады?

– Шоқан! – деді Жарылғамыс адырақ үлкен көзін Шөбекке алайта қарап.

– Қайдағы Шоқан?

– Кəдімгі Шыңғыстың.

– Ол неге бөгет болады?

– Арғы шешімін саған қалдырып, мен көрген-білгенімді айтайын.

– Ие?!

– Омбыға төрт-бес қонғанда, менен Шоқан сол қыздың жайын бір емес,



бірнеше рет сұрады.

– Не деп?

–  Əуелі  «сондай  қыз  бар  екенін  білесің  бе?»  «Қаршадайынан  жетім

қалған бейбақ еді» деп, оқуға аттанарда Əяапаға (шешесі – Зейнепті ол да

солай  атайтын)  «өз  қызыңдай  күт  деп  тапсырып  едім,  күтімі  тəуір  ме?»

дегені  бар.  Мен  «тəуір  деп  естідім»  деген  соң,  «ордаға  бір  үлкен  жолда

келіп,  содан  оқып  жүр  дейді,  өзі  зерек  дейді  деген  сөз  рас  па?»  деді.  Мен


болған  істен  тана  алмай  қап,  «рас  еді,  бірақ  ол  молда  өкіметке  жақпай,

ауылдан Көкшетау қаласына қуылды» деп ағымнан жарылдым. Сөйтіп, қыз

жайында Шоқаннан мені майлы шектей айналдырғаны!..

– Неліктен өйтті екен?! – деді, Жарылғамыс айтқан сөздердің байыбына

əлі байыбына бара қоймаған Шөбек.

– Қайдам? деді ішкі пікірін тез аша қойғысы келмеген Жарылғамыс.

– Сонда да?

– Хан тұқымына менен гөрі сен сырласырақсың, əрі іргең айырылмаған

қоңсысың, мəн-жайын көбірек білесің, неге жорысаң да сен жоры!..

– Не деп жоримын? Хан тұқымының не барып тұрған қатал қара жүрек,

не  үлбіреген  аямпаз  ақ  жүрек  бола  қалатын  əдеті  бар.  Бұның  да  ақ  жүрек

болғысы келгені шығар...

–  Жо-жоқ,  –  деді  Жарылғамыс  Шөбектің  сөзін  бөліп  –  жəй  ақ  жүректік

ғана емес сияқты бұл...

– Енді не дейсің?

– Шоқанда сол қызға құмарлық бар ма деп қалдым.

Шөбек қарқылдап күліп жіберді.

– Неге күлесің?

– Бой жеткелі көрмеген қызға қалай құмартады?

–  Сөз  əлпетіне  қарағанда,  осы  қыздың  сымбаттылығы  мен  сұлулығына

Шоқанның құлағы қанған сияқты. Мен естігенім болмаса көргенім жоқ еді,

сол қыз расында да айта қалғандай ма?

–  Мен  көрмей  жүріп,  бір  сəтте  тасадан  көз  тігіп  ем,  шынында  да

адамзаттың  періштесі  екен!  Қатын  құмар  Малтабарға  Шыңғыстың  сол

қызды көлденең тартпақ болып жүруі де содан ғой деймін...

– Мен де солай ойлаймын. Бірақ, Шоқан Малтабардың қолын жеткізсе!

– Ойнап келе жатыр екен десем, шындап келе жатыр екенсің ғой, тəйірі,

–  деді  Шөбек,  кейіген  кескінмен.  –  Қызыққанмен,  Шоқан  соған  үйленер

деймісің? Əйелқұмарлық хан əулетінің ата дағдысы. Құмарта қалған күнде

де, «күйек астыдан» əрі бармайды. Малтабарға қалғаны да қанағат.

– Əй, білмеймін,– деді Жарылғамыс басын шайқап,– қорқам мен!..

Жарылғамыс  жобалаумен  қорықса,  негізінде  «қорқарлық»  та  жəй  бар



еді.  Кадет  корпусына  түскелі,  Шоқанның  өз  туыстарынан  ешкім

қатынаспағанмен, аналық жүрегі елжіреп Зейнеп жыл сайын көктемде бір,

күз де бір Абаны жəне қасына қосқан біреулерді Омбыға жұмсап, Шоқанға

сыбаға  жіберіп  алатын.  Сонда  Шоқан,  туған  жерінің  өзге  тіршілігімен

қабат, Айжан жайын да сұрастырып қоятын. Төрелердің төсек қамын ойлап

жүретін Аба, өсіп келе жатқан Айжанды өлердей мақтайтын, сондағы ойы –

Шоқанды  əйел  құмарлық  жағынан  тұқымына  тартады  деп  санайтын  ол

Айжанның  сымбаттылығы  мен  сұлулығын  құлағына  құю  арқылы  «безіп

жүр»  деген  үйіне  тартудың  бір  амалы  болатын.  Сондықтан,  Шоқанға

жолыққан  сайын  Айжанды  мақтай  беретің  оған  гүлі  ашылмаған  кезде

қауыштыру мақсатымен, маңына басқаны жолатпай, қызғыштай қорғайтын.

– Ал, Шоқан ше?

Корпуста  оқып  жүрген  күндерінде,  оның  арабша  оқытушысы

Костылецкиймен  жақын  болғаның  сол  арқылы  арабтың  тілінен,

əдебиетінен  мəліметтер  алғанын  білеміз.  Сонда,  Шоқанның  ерекше

қызығатыны – ғашықтық жыр» лары болушы еді. Бұл тақырыпта жазылған

Европа  поэзиясымен  таныстығы  бар  Шоқан,  араб  жырларында  оларға

ұқсамайтын  өзгешелік  табатын.  Мысалы,  араб  жігіттері  сұлу  қыздарды

өңінде  емес,  түсінде  көріп  ғашық  болады  да,  соны  іздеп  азап  шегеді,  не

(мысалы, Қасым патшаның, баласы – Сейфүлмəлік) адам емес, пері қызына

ғашық  болады  (Əміре),  немесе  тумай  жатып  ғашық  болады  «Лəйлі-

Мəжнүндегі»  Ғабдүули,  тағы  тағылар.  Солардың  көбі  іздеу  жолындағы

азаппен  өледі.  Мұратына  жете  алмаған  кейбіреулері  «ғашқи  Илаһи»

жолына, яғни, софылардың қолы жетпейтін құдайға құмартуы сияқты, «тəн

емес, жан ғашықтығына» айналады.

Біздің  Шоқан  Абаның  Айжан  жайлы  əңгімесін  ести-ести,  оны  көруге

қатты құмартып алды. Шақыра келген Жарылғамыс Шөбекке «барам» деп

уəде  беруіне  үлкен  себептің  бірі  осы  еді.  Бірақ  бұнысы  ғашықтыққа

айналады деген ой Шоқанда жоқ.

Үйлену  ойы  оның  басына  əлі  кірген  жоқ.  Оның  ойы  –  Гасфорт

кеңсесінде  төрт-бес  жыл  қызмет  істеп,  содан  кейін  Петербургке  бармақ  та

«жоғарғы»  аталатын  оқулардың  біреуін  бітірмек.  Содан  кейін  саяхат

жолына  түсіп,  аяғы  жетер  жерлердің  бəрін  əсіресе  Азия  мен  Африканы

араламақ, содан кейін, еңбектерін оқыған атақты саяхатшылар: Венециялық

Марко Поло, Фламандық Рубруквиюсь, қытайлық Юань Цзянь, араб – Əл-

Идриси,  ағылшын  –  Кук,  қазақ  –  Мұхаммед  Хайдар  -  Дулати,  француз  –

Абель  Peмьюзе,  орыс  –  Иакин  Бичурин,  Фин  –  Кастрен  тағы  басқалардың

үлгілерімен  ғылымдық  еңбектер  жазбақ.  Осы  белестерге  шығып  болмай,

үйлену ойы жоқ.

Шыңғыстың  ойы  Шоқанды  Кадет  корпусын  аяқтай  салысымен

үйлендіру. Бірақ, кімге?

Құсмұрында  аға  сұлтан  болып  тұрған  шағында,  ол  көршілес



орынборлық  аға  сұлтан  Ахмет  Жантуриннің  бесіктегі  қызына  құда  түсіп

қойған. Ол соңғы бірер жылда «балам ер жетті, Шоқан оқуын бітіре алып

кетсін, əйтпесе басын босатсын» деп хабар үстіне хабар айтуда. Көкшетау

дуанына  аға  сұлтан  болғаннан  кейін,  онымен  сүйектес  болғысы  келгендер

де  əр  рудан  біріндеп  емес,  бірнешеулеп  табылды.  Солардан  Шыңғыстың

əзірге  уəде  бергені–Ұлытау  төңірегін  мекендейтін  бес  болыс  Бағаналы

руының  бірінші  шонжары  –  Сандыбайдың  Ердені.  Ерден  Бағаналыға  ғана

емес,  маңайдағы  өзге  руларға  да  беделді  адам.  Оның  үстіне  қазақ

даласының  Қоқан  хандығы  жақ  шетінде  отырғандықтан,  орыс  өкіметін

«Қоқанға  бағынам»  деп,  Қоқан  ханын  «Россияға  бағынам»  деп  қорқытып,

шынында біреуіне де бағынбай. Ұлытау төңірегіне өзі «қарадан хан болып»

жүрген кісі. Соның үстіне «батыр Ерден» аталған жауынгер адам. Шыңғыс

оны  қорқып  сыйлайды  да,  тату  көршісі  болғысы  келеді.  Құда  болу  себебі

содан. Естуінше оның қызы бой жетіп қалған, өзі бəйбішеге лайық семіздеу

жалқын  сары  қыз  дейді.  Ерден  де  былтырдан  бері  Шыңғысты  мазалап,

«құдай  қаласа,  тойды  алдағы  жазда  жасармыз»  дейді.  «Дəм  білер,

көрерміз» дейді Шыңғыс.

Олай  дейтіні:  былтырдан  бері  құлағын  жаңа  бір  жел  қағуда:  Омбының

соғыс  губернаторы  Карл  Карлович  Гутковскийдің  үлкен  чиндегі  жалғыз

ағасы болады. Оның əйелі Гасфорттың қарындасынан туған жиені болады,

ағасы ер« терек өледі де, Гутковский бала жаста жетім қалған жалғыз қызы

–  Катеринаны  асырап,  өз  баласы  ғып  алады.  Осы  қыз,  Шоқан  Кадет

корпусында оқып жүрген шақта онымен дос болады да, Омбы гимназиясын

Шоқаннан  бірер  жыл  бұрын  тамамдап,  Петербордағы  ақсүйек  қыздардың

институтына түседі.

–  Бала  күнінен  достасқан  қыз  бен  Шоқанның  арасынан,–  деседі

білетіндер,–  қарым-қатынас  үзілмепті,  олар  бір-біріне  ғашық  дейді.

Гасфорт  пен  Гутковский  Шоқанды  күйеу  болар  деген  үмітпен  қолдайды

дейді.

Шыңғысқа ең жағымды сөз осы. Омбының ең үлкен екі ұлығына бірдей



күйеу болса, арманы не? Ахмет, Ерден дегендер көрмей жүрген қазағы ма?

Шыңғыс  Шоқанға  жіберген  өкілдеріне  «Гасфорттың  жиен  қызы

жайында не қауесет барын да біле қайтуға тырысыңдар» деген еді. Шөбек

пен  Жарылғамыс  ол  жайда  ештеңе  біле  алмай  қайтты.  Шоқаннан

сұрастырса,  қылжаққа  салып  жөнін  айтпайды,  басқа  «біле  ме»  дегендер

жəне Шыңғыстың Шоқанға арнап кімге құда түскенін естігендер:

–  Қой  неге  өйтсін:  қалың  қазақтың  ішінен  кімнің  қызын,  қандай  қызды

болса  да  таңдап  алу  мүмкіндігі  бар  мырза  орыстың  шегір  көз,  сары

шашына қайдан қызықсың – деп маңайлатпайды.

Сонымен,  Жарылғамыс  пен  Шөбек,  Айжан  мен  Шоқан  жайындағы

сөздерін  доғарғаннан  кейін,  тағы  да  жерді  ұтып  алу  ниетімен  аттарын

тебіне жөнелді...



Малтабар  қаннен  қаперсіз  еді.  Шыңғыс  жұмсаған  адамдарды,  ол  үйіне

келіп  түскенде  бір-ақ  білді.  Малтабар  бұрыннан  танитын  жолаушыларды

жылы  шыраймен  қабылдады.  Олар  жол  жайын  бірден  баяндай  қоймай,

жата-жастана, жырақтан орағыта түсіндірді. Сонда олар «Шыңғыс жіберіп

еді»  демей,  өз  беттерімен  жол  соқты  келген  болып,  əңгіме  үстінде

Малтабардың  Шыңғыс  ордасына  ат  ізін  салмау  себебін  білмек  болды.  Қу

Малтабар  ол  сөзге  «қол  тимей  кетті,  əйтпесе  көңіл  баяғыдай»  деп  қана

жауап берді.

Сондай  аңдыса  сөйлескен  сəттердің  біреуінде,  шешен  Шөбек  Айжанға

да соғып, оны өлердей мақтады. Малтабардың құлағы бұл мадаққа елеңдей

қалды. Үйіндегі үш-төрт əйелінің бəрін де «тоздыға» санап, төсек жаңарту

ниетінде  жүрген  оның  көктен  тілегені  жерден  табылған  сияқтанды.  Оның

қызға  сырттай  қызыға  қалған  қалпын  байқаған  жолаушылар,  «сол  қызды

көрмеймісің?»  дегенді  тура  айтпай,  «Атбасарға  барар  жолында  хан  үйіне

соқпаймысың?»

деген


сөзді

көлденеңдетті.

Залымдықты

алыстан


болжайтын  Малтабар,  үйіне  жолаушылардың  неге  келгенін  енді  ғана

жорамалдады.  Содан  кейін  мəселе  ашығына  көшіп,  шешен  Шөбек  əдемі

сөздермен  сырлай  отырып,  шынын  айтты.  Малтабар  ол  сөздерді  қуана

қарсы  алып,  жуық  арада  жүргелі  отырған  Атбасар  жолында  Шыңғыс

ордасына  соға  кетуге  уəде  берді.  Омбы  төрелерін  күтіп  алуға  даярланып

жүрген  шағында  алдап  шақырған  қызылы  болар;  барам,  көрем  қызды:

көңіліме  ұнаса,  берем  сұраған  ақшасын;  қанша  сұрар  дейсің,  ең  көп

болғанда  Атбасар  жəрмеңкесінен  алам  ба  деген  түсімнің  жүзден  бір

жарнасы ғана болар!»

Шоқанның қыз туралы сөзін олар Малтабарға сездірген жоқ.

Шоқанмен  жəне  Малтабардың  ордаға  соғу  хабары  Шыңғысты  шектен

шыға қуантты. Өйтпегенде ше?

Елге  «жанарал-гүбірнадырдың  оң  қолы  болыпты-мыс»  деген  Шоқан

үйіне соқса жəне жалғыз емес, басы жанарал ғып, Омбының бас əкімдерін

түгел  ерте  келсе...  оларды  күтіп  аларлық  қаражатты  Малтабар  берсе,

Шыңғыс құдайдан одан артық не тілейді?!..

Құсмұрын  мен  Көкшетау  дуандары  қосылып,  екеуі  де  Көкшетау

аталғанын білеміз. Сол үлкейген дуанның, аға сұлтаны Шыңғыс болғаны да

есімізде.  Бұл  дуанда:  Атығай,  Қарауыл,  Керей,  Уақ,  Қанжығалы,  Күрлеуіт,

Бағаналы,  Алысай  –  сегіз  ру  бар.  Алғашқы  кезде  бұл  рулар  «Құсмұрын.

«Көкшетау»  деген  бұрынғы  əкімшілік  аттарын  тастамай,  өзара  жіктесіп

жүрді.  Екі  жікті  де  тең  ұстағысы  келген  Шыңғыс  аға  сұлтанға  ақылшы

болатын  екі  заседательдің  біреуін  Құсмұрын  жігіндегі  елден,  біреуін

Көкшетау  жігіндегі  елден  алды.  Құсмұрыннан  таңдағаны  –  Табайдың

Тəштиті,  Көкшетаудан  таңдағаны  –  қоныс  жағынан  Атығайға  жататын,

арғы  түбі  алтын  орда  ханы  –  Тоқтамыстан  тарайтын  Маңдай  батырдың

баласы  Əбдіғапар.  Екеуі  де  елдеріне  беделді  адамдар  жəне  жас  жағынан

Шыңғыспен  құрбылар.  Олар  үкіметтен  айлаған  жалақы  алады  да,



Шыңғыспен  жылында  бірер  қабат  бас  қосқаны  болмаса,  өзге  кезде

мекендерінде тұрады.

Бағынышты  елдерін  ірітіп,  сүзістіріп  ұстау,  қанаушы  тап  билеген

заманның  əдеті  болғанын  білеміз.  Шыңғыс  та  сөйтіп,  үлкейген  Көкшетау

дуанының  аға  сұлтаны  болғаннан  кейін  де,  ру  мен  руды,  ру  ішіндегі

аталықтарды  өзара  араздастырып,  шабыстырып  отыруды  салт  қып  алды.

Ол  ру  ішіндегі  «басты  адам»  дейтіндердің  біреуін  əрі  итеріп,  біреуін  бері

тартып...  дегендей  ала-құла  ұстады.  Содан  ба,  əлде  Россияға  бағынғаннан

кейін  қазақтың  бұрынғы  əдет  заңынан  жыл  сайын  алшақтап,  орыс  заңына

жете алмай, əурешілікте жүруінен бе, көші-қоны аралас қазақ, рулары өзара

қым-қиғаш болып, жылдан жыл дау-дамайы өрши түсті. Соған байланысты

ел ішіндегі «барымта», «сыдырымталар» белең алып кетті.

– Соны қалай тыю керек?

Хан  заманында  ұрылар  «арғы  жағы  –  ханнан,  бергі  жағы  –  ру  басы

билерден  ығысқан»  деседі.  Хандық  туы  құлағаннан  кейін,  уақ-түйегі

болмаса,  «мықты»  аталатын  ұрылар  билеріне  пысқырмайды  да,  өктемдік

жасағысы  келген  билердің  өздеріне  дүрсе  қоя  береді;  «аға»  жəне  «кіші»

аталып  патша  өкіметіне  қызмет  ететін  сұлтандардың  арқа  тірері  –  Омбы

əкімдері.  Сұлтандар  ұрылар  жайын  үкіметке  хабарлап  та  тұрады.  Басында

үкімет  шара  қолданып,  бірен-саранын  кіріптар  етіп  те  байқады.  Бірақ,

онымен  ұрылар  саны  жыл  сайын  азаю  орнына  көбейе  түсті.  Бəрін  жою

үшін, қазақ даласына қарулы қалың əскер шығару керек, оның аты – «елді

жаппай  дүрліктіру»  деген  сөз;  оның  арты  көтеріліске  соғу  қаупі  бар...  Бұл

жайды  Омбы  үкіметі  Петербурға  хабарлағанда,  «күшпен  түгел  тыям

дегенді  қойыңдар,  біртіндеп  еппен  тыйыңдар»  деген  бұйрық  алды.

Біртіндеуге  болар  түрлері  жоқ.  Мысалы,  бізге  аты-жөні  өткен  тараулардан

мəлім  Мақаштың  Қожығын  жергілікті  сұлтандар  мен  билер  тыя  алмаған

соң, Омбы үкіметі Қызылжардың үйездік начальнигі Мамонтовқа «қарулы

отрядпен бар да, балаларын да, өзін де ұстап Омбыға жеткіз» деген бұйрық

берген.  Сол  бұйрықты  орындауға  барған  Мамонтовқа  Қожық  «көнем,

тақсыр!» деп құлдық ұрған да, «қазақ ғұрпымен, үйімнен дəм тат» деп, қой

сойып  қонақ  асы  берген.  Сонда  сорпаға  меңдуана  (белена)  тастап,  уыты

сіңген  сорпаны  ішкеннен  кейін,  қонақтар  түгел  есірген.  Сол  кезде  Қожық

қаруларын сыпырып ап, аяқ-қолдарын қыл арқанмен байлаған да, өзгелерін

бір  оңаша  үйге  қамап,  құрымға  бөлеген  Мамонтовты  шаңыраққа  асып,

бірнеше күн ұстаған. Тірідей сүрленген Мамонтовты Қожық босатып:

– Білгендеріңді істеңдер! – деп қоя берген.

Бұл оқиғадан кейін, Омбы үкіметі қырға қарумен шығып, ұры ұстаймын

дегенді  қойған.  Ел  бетімен  жайыла  берген.  Оларды  жинауға  əлі  келмесін

көрген  Шыңғыс,  Омбыға  барын  үкімет  адамдарына  ақылдаспақ  ниетінде

еді.

Енді,  сəті  түсіп,  сол  үкімет  үйіне  келгелі  жатыр  жəне  оларды  Шоқан



бастап  əкеледі.  Атбасар  жəрмеңкесінің  кезінде,  алты  дуанның  билері  мен

бас  қосқан  мəжіліс  болуы  туралы,  мəжілісті  генерал-губернатордың  өзі

басқаруы  туралы  нұсқау-хат  Шыңғысқа  да  келген.  Мəжіліске  өз  дуанынан

қатынасатын адамдарды ол даярлап та жатқан.

«Сол  мəжілісте»  –  деп  қиялданады  Шыңғыс,  –  ел  адамдары  мен  Омбы

төрелерінің  арасына  Қанашжан  дəнекер  болса,  менің  де  төбем  көкке

жетпей  ме?  Оның  да  атақ-абыройы  аспанға  шарықтамай  ма?  Содан  кейін,

«төмендеп  келеді»  дейтін  даражам  тағы  биіктемей  ме?  О,  жасаған  жайлар

не, тек сол күнге жеткіз де, оралған бағымызды тіл-көзден сақтай гөр!».

«Əлде  қайтемін»,  бұған  дейін  қысқы  ордасының,  алшақтамай  қойып

келген  Шыңғыс,  көңіліне  қуанышты  ойлар  ұялағаннан  кейін,  қонақтарын

көктемдегі  мекенінде  қарсы  алуға  ойлады.  Ол  мекен  Сырымбет  тауының

күнгей  жақ  бетінде,  жиырма  шақырымдай  жердегі  «Саумал»  аталатын

көлдің  жағасында  еді.  Түбі  терең,  асты  қайраң,  аумағы  ат  шаптырым  бұл

көлдің батыс жақ биік жар қабағына қалың шытырман болып өскен қызыл

қайыңның  орманы  төмендеп  барып,  көл  шетіне  тірелетін.  Көлдің  суы

саумалдау, мал суаруға болмаса, адам ішуге сортаң татиды. Ал, оның суын

татқан  мал,  қайдан  болса  да  қашып  кеп  ішеді.  Көлге  орман  арасындағы

жыралардан  да,  етек  жақтан  да  бал-бұлақтар  құйылып  жатады,  көл

төңірегін қоныстаған жұрт ауыз суды содан алады.

Жар қабақ жағынан қарағанда Саумалкөлдің бітімі өгіздің имек мүйізіне

ұқсайды:  теріскей  жағы  жуантық,  мұқыл,  күнгей  жағы  жіңішкелеу,  сүйір.

Сондықтан,  орыстар  ол  көлді  «Кривое  озеро»  дейді,  кейін  соған  жақын

орнаған орыс поселкесі советтік дəуірге дейін «Кривоозерное» аталып кеп,

бертінде Володаровка болып өзгерді.

Саумалкөл қабағы, су жағынан бірталай биік болғанмен, үстіне шықсаң

айналасы  жазық  далаға  айналып,  əр  тұстағы  таулар  бар  мүсінімен  айқын

көрінеді.  Теріскей  жақ  ойпатына  біткен  қарағай  орманның  арасынан,

Сырымбет  тауының  ұшар  басы  жалаңаштанған  екі  өркеші  қылтияды;

күнгей жақта, аттың еріне ұқсайтын қырқасы, бойын бұлт тан асырған, мол

денесі  дөңгелене  бітіп,  дария  көлді  қаусырған  құшағы  қымқалау  боп,  екі

босағасы кезеңдене түйіспей қалған көгілдір түсті Айыртау тұрады.

Орда ауылы қысқы мекенінен қозғалғанда, көктем кезінде Саумалкөлдің

дөңіне  қонатын  еді  де,  биені  сол  арада  байлап,  шілде  туа  Ұлытау  жақ

жырақтағы  «Қалмақ»,  «Сал«  қын»  аталатын  көлдерге  беттейтін  еді.  Бірақ,

бұл  ауыл  асықпай  көшіп,  жол  бойында  сынысып  отыратын  ауылдардан

ерулігін жей жүретін.

Биылғы  жағдай  одан  басқарақ  болды.  Əуелі  Малтабарды,  одан  кейін

Шоқан  тобын  Атбасар  жолының  үстінде  күтіп  алу  үшін,  Саумалкөл

жағасынан қолайлы тосқауыл жоқ. Басқа жолдардың бəрі де бұрыс.

Осы  себеппен  хан  ауылы  Саумалкөлдің  жарқабағын  жиектей  қонды  да,


малдарын  бағатын  қарашы  ауылды  көлдің  шығысындағы  тоғайлы

жазығына  орналастырды.  Салтанатты  жыл  болатындықтан,  Шыңғыс  өз

ордасына да, бірге қонатын отаулары мен қонақ үйіне де кіршіксіз ақ кигіз

жаптырды.  Қонақ  үйін  ол  ылғи  ордадан  алшағырақ  тіктіретін.  Биыл  да

сөйтті.  Ал,  «отау»  аталатын,  бұған  дейін  ордаға  іргесі  тақау  қонатын

Мəмкенің  үйін  биыл  алысырақ  тұсқа  орнаттырды.  Неге  бұлай  болуын

Шыңғыс пен Зейнеп, Бүбі үшеуінен басқа жан білген жоқ.

Шөбек пен Жарылғамысты Омбыға аттандырар алдында, үнемі ақылшы

көретін Зейнепке Шыңғыс «осылай да осылай!» деп мəн-жайды дəттеткен.

Сонда, аз уақыт тұнжырап қалған Зейнеп Шыңғыстың:

– Ие, не дейсің, бəйбіше? – деп қайталай берген сұрауына:

– Обал болмай ма? – деген-ді.

– Неге обал болады? Ауы атқа, аузы асқа жарымай жүрген жалғыз атты

жалаңқая  біреуге  берсем  обал.  Дəулеті  теңіздей  шалқыған,  ішері  алдағы,

ішпесі  арттағы,  босағасын  аттай  үлде  мен  бүлдеге  орайтын  кісіге  берсем,

несі обал?

– Жəй, жас шамалары алшақ дегенім ғой.

– Сөз еместі айттың ғой, бəйбіше! Оның не оқасы бар? Жас тоқал алған

талай  шалды  көріп  жүрміз.  Аш,  жалаңаш  жүрген  жігітке  барғаннан,

дəулетті  қартаңға  барып,  ішініп,  киініп  отырғаны  артық  емес  пе?  «Қарт»

деп,  қарт  адам  ба  Малтабар?  Мен  білетін  Малтабар  болса,  əлі  де  бірер

қызды қартайтады.

Ол  да  рас  сияқтанған  Зейнеп  əрі  қарай  таласпаған.  Екеуі  де

Малтабардың  қыз  көруге  келер-келмесін  күткен.  Енді  Малтабар  келетін

болды.  Оған  қызды  көрсетудің  жағдайын  жасау  керек.  Өйтуді  Шыңғыс

төмендегідей  жоспарлады,  ауылды  Саумалкөлге  көшіргенде,  Мəмкенің

отауын орда үйден алшақ тіктіру керек те, қонақ үйге түсетін Малтабар, не

ертемен,  не  кешпен...  дегендей,  қыздар  үйде  болатын  мезгілсіз  бір  шақта

кіріп  баруы  керек.  Сонда  көзі  жалған  қыз  Малтабарға  ұнаса  болды,  арғы

əңгіме оңай. Үйінде бұндай өрескелдік болып көрмеген Бүбі шошып кетпеу

үшін, Зейнеп күн бұрын ұғындырып қояды.

Бүбі Зейнепті «келіншек» дейтін еді. Басында жесір, əдемі жас қатынға

əмеңгер  Шыңғыс  аяқ  сала  ма  деп  қауіптенетін  Зейнеп,  жүре-келе  ондай

оқиға  болмауына  сенген  де  екеуі  абысын-ажын  болып  сырласып  кеткен.

Сондай Зейнептің Малтабар жайлы айтқан сөзіне қарсы болмаған Бүбі.

– Тек, былай болсын, келіншек, – деген тұжырымын айтты. – Күйеу бұл

отауға  кірерде,  мен  ішінде  отырмайын,  келерінен  белгі  берілсе,  тысқа

шығып кетейін.



Жоспар дəл орындалады: Қызылжардан Саумалкөлдегі орда ауылға бір-

ақ  күнде  жеткен  Малтабар,  Абаның  бастауымен,  Шыңғыстың  қонақ  үйіне

түсті.  Сəті  келгенде,  өзге  күндерде  топырлап  жататын  қонақтар,  бүгін  бұл

үйде жоқ екен.

Бертін келе еті қалыңдаған Малтабар, таразы жас шағындағы елгезектік

салтынан  егде  тартқанда  да  арылған  жоқ  еді.  Үйінде  де  құс  ұйқылы  ол

жолға  шықса  тіпті  сергіп,  ояу  кезі  түгіл  ұйқыда  да  тышқанның  сыбдырын

сезіп  жататын,  өлі  түнде  əлденеше  оянып,  даладағы  дүниелерін,  сұлыға

тойғызғаннан  кейін  арқаннан  босатпайтын  аттарын  əлсін-əлсін  тысқа

шығып қарай беретін...

Бүгін мұрнына «жақын жердегі маңда ұйықтап жатырға» жорыған сұлу

қалыңдығының,  иісі  келгендей,  ол  тіпті  сергіп,  «ұйықтармын»  деген

дəмемен көзін қанша жұмса да, мызғи алмады. Бір өлеңде:

–  «Кетпейсің  тұрсам  ойдан,  жатсам  түстен  Басымды  не  сиқырмен

əуреледің?!» – дегендей, сыртынан сипаттаған қыздың бейнесі көз алдында

елестеді де тұрды. Оған бұл түннің ұзақтығы жылдан кем көрінген жоқ.

Сілесін  солайша  қатырған  таң  созылып  барып,  əрең  дегенде  атты-ау!..

Кеше кешке Малтабардың қызды қалай көруі сөз болғанда:

– Анау ақ үйді көріп тұрсың ғой, – деген еді Аба Малтабарға, Мəмкенің

отауын қолымен нұсқап.

– Бадырайып тұрған үйді көрмей не бопты маған? – деген еді Малтабар.

– Онда не бар?

– Сенің қалыңдығын, сол үйде. Мəмке батырды естіп пе едің?

– Естідім, – дей салған, естімеген Малтабар.

– Жаугершілікте өлген батыр ғой ол.

– Солай десетін...

–  Соның  жастай  қалған  қатыны  байға  тимей,  аруағын  күтіп,  сауыт-

саймандарын күзетіп, кө жылдан бері жесір отыр.

– Ə-ə-ə...

– Ол жəй қатын емес, əулие қатын. Күні-түні оқитыны – намаз. Бейсауат

кісі үстіне батып кіре алмайды. Түн мезгілдерінде есігі ішінен құлыптаулы

болады.


– Апырай, ə...

–  Хан-ием  саған  бермек  болған  қызды  сол  үйге  қамап  ұстап  отыр.



Сондағы  ниеті  –«ашылмай,  шашылмай  барсын»  дегендік.  Құдай  жазса

көрерсің,  Малтеке,  менің  байқауым  бекер  болмаса,  бұл  əлі  «емшек  табы  –

аузынан, бесік табы – арқасынан кетпеген» періштедей таза қыз.

Бұл  сөздерді  естіген  соң  Малтабардың  қызды  көруге  құмары  тіпті

күшейген. «Ертең» деген мезгіл, оған өмір жетпейтін алыстық сияқтанған.

Өз  еркіне  салса,  Мəмкенің  отауына  сол  сəтте-ақ  кіріп  барар  еді,  оны

Шыңғыс белгілеген тəртіп көтермейді!..

Көрер  таңды  тағы  да  көзімен  атырған  Малтабар,  таң  сібірлей

арқандаулы  атының  төңірегінде  жүрді  де  қойды,  себебі,  уəде  бойынша

Абаның  белгілеген  тұстан  көрініс  беруін  күтті;  шытырман  орманның  отау

жақ  жиегін  жағалаған  Аба,  Бүбінің  дəретке  шығар  кезін  күтті.  Оған  да  əр

минут  сағаттай  көрініп,  батырдың  отауына  тіккен  көзінің  майы

сарғайғандай болған уақытта, Бүбі бар болғыры, желеңін басына бүркеніп,

есіктен əрең дегенде шықты-ау!..

Уəде,  Бүбінің  үйінен  шыққаның  орда  маңындағы  атқа  жайдақ  мінген

Аба,  сонадайдан  жортып  өтумен  сездіреді.  Бұл  –  Абаның  жақын  тұстағы

жайылымда оттайтын сауын биелерді жинар шағы.

Тағы  бір  уəде:  Малтабар  Мəмке  батырдың  отауына  жалаңаш  қыратпен

емес, жарқабаққа өскен шытырманның бір қабат жиегімен барады.

Абадан белгі алған Малтабар, жарқабаққа еппен еңкеңдей жетіп, қалың

шытырманның  аяққа  оралуына,  бетін  осуына  қарамай,  қасқырдан  қашқан

қабандай  жылдам  қимылмен  жүрді  де,  «отау  осы  тұста  болар»  деген

мөлшерде,  құрт  көтерілетін  биікке  өрледі.  Оның  көз  өлшемі  дəл-ақ  екен,

жарқабақтың шетіне таяна қонған отаудың іргесінен тура шықты.

Батырдың  көрініп  тұрған  есігіне  ентелей  кіріп  баруға  жүрексінгендей,

Малтабар  жарқабақты  жиектей  өскен  орманды  тасаланып  аз  кідірді  де,

«ұялған  ұрғашыдан  құр  қалады»  деген  мақалдың  итермелеуімен,

жамылтқы  кигізі  түрулі  тұрған  жарма  есікті  ішке  қарай  нұқып  қалды,  ол

ашылып кетті. Еппен басқан Малтабар үйге кіре берді.

Қаннен-қаперсіз екі қыз бұл кезде төсек-орындарын жинастырып жатыр

еді. «Аруақты орын» деп, өзгелер түгіл өзі де үстіне шықпайтын, бет жағын

оюлы  сүйектермен,  жарқырақ  тастармен  əшекейлеген,  тапалтақ  кең  төсек-

ағаштың  Бүбі  алдына  жататын  да,  шымылдық  құратын;  «іргеге  жақын

жатса,  біреулер  сырттан  сыбырлап  тіл  қатар,  немесе  сайқы-мазақтау

біреулер  сағанақтан  шыбық  жүгіртіп  мазасын  кетірер»  деген  оймен  Бүбі

қыздарды төрдің шыбық түгіл сырық жетпейтін ортасына жатқызатын.

Үй  ішін  жинастыру  жабдығында  жүрген  қыздар,  əсіресе  Айжан,

Малтабардың  үйге  кіріп  келуін  аңғармай  қалды.  Əдетте,  бұл  үйдің  түндігі

күн  сəскеден  жоғарыламай  ашылмайтын,  оған  дейін,  кигіздері  жаңа  үйдің

іші қара-көлеңке болатын. Бүгін қашқарлық құманын қолына ұстай дəретке



шыққан Бүбінің түндікті күнгей жағынан кең ғып ашуы, қыздарға түсініксіз

болған.  Оның,  бүйтуі  кездейсоқ  емес  еді.  Айжанның  түр-тұлғасын

Малтабар  түгел  жəне  айқын  көру  үшін,  «сөйт,  келіншек!»  деп  Зейнептің

тапсыруы еді.

Қыздар  табалдырықты  аттаған  Малтабарды  тез  аңдамас  па  еді,  қайтер

еді,  егер  күйбеңдеп  жүрген  екі  қыздың  өз  қалыңдығы  қайсысы  екенін

Малтабардың  тез  көргісі  келмесе.  Сол  мақсатпен  ол  «іһə»  деп  қаттырақ

дыбыстап қалғанда, күтпеген үнге қыздар жалт қарады.

Малтабардың түрі көрмеген кісіге, əсіресе – қыздарға Шошынғандай еді.

Ол  соңғы  жылдарда  ерекше  шарланып  Кеткен.  Кейбір  семізге  қазы  ғана

қалың  бітіп,  өзге  денесі  сылалау  болады  ғой.  Малтабардың  бар  мүшесіне

май  бірқалыпты  өсіп,  ортадан  төмендеу  денесі  жуан  бөшкедей  тор»  Сия

дөңгеленіп  алған.  Семіз  біреулердің  бас  еті  ашаңдау  болады  ғой,  бұның

басы  да  семіріп,  беті  кіші-гірім  табақтай  болып  жалпайған.  Бұғағы

салбыраған,  шүйдесі  күдірейген,  қабақ  астына  шодырая  біткен  шел  былай

да  кішірек  көзін  сығырайтып,  күлгенде  жабылып  қалатын  болған.  Сондай

бетінің,  кем-кетігін  қабалау  боп  қалың  біткен  сақалы  бүркеп  тұратын  еді.

Осы  сапарға  шығарда,  жас  қызға  қияқ  мұртты,  шоқша  сақалды  болып

көрінгісі  келді  де,  бурылданған  бет  түгін  тонап  əкеп,  иегінің  ұшына  бір

тұтамдай тұлдырын ғана тастады. Өсімтал сақалының, қырған түбірі ілезде

қаулап,  ылай  көлдің  бетіне  қатқан  қара  көк  мұздай  жылтырай  қалды.

Малтабардың  бір  əдеті  –  сақалын  жүндеуде,  мұртын  басуда  ешкімге  де

сенбей,  ол  істі  өзі  атқаратын.  Жасырақ  кезде  оның  дірілсіз  қатты  қолы,

бетіне ұстарадан дақ түсірмейтін. Бертін келе, басына да, қолына да аздап

қалтақ кіре бастаған ол, қанша сақтанам дегенмен ұстара жүзін тайдырып

ап,  бет  терісінің  əр  жерін  қалпын  кететін.  Кеше,  орда  ауылға  келе  жатып,

орман  арасындағы  оңашада,  «мен  қырып  берейін»  деген  атқосшысына

сенбей,  сақалын  өзі  алам  дегенде  бет  терісін  қан-жоса  ғып  кескен.  Сол

жараларынан жылап аққан қанды, бұлақтың сазын басып, əрең тоқтатқан.

Қалыңдыққа  киімдерімен  де  ұнағысы  келген  Малтабар,  шекесі  жалпақ

басына  татардың,  қонымсыз  дөңгелек  тақиясын,  үстіне  орыстың  тылтиған

тар  костюмін  киген,  сондықтан,  бұрын  етегі  ұзын,  пішімі  мол  татарша

шапанмен,  жүргенде  жасырынып  тұратын  салпы  семіз  қарны,  енді  ері

бауырына ауған ат сияқты салбырап бұлтия қалған.

Осындай бейнемен кіріп барған Малтабардан қыздар қалай шошымас!

Малтабар  дыбыс  бергенде  жалт  қараған  екі  қыздан,  жеңілтек  мінезді

Рақия,  бірінші  боп  сыр  білдіріп,  «аһ!»  деп  бақырып  қалды  да,  терге  қарай

сырулы  тұрған  шымылдықты  оранып  тығыла  қойды.  Айжан  айдаһар

арбаған  қояндай,  қаны  ішіне  тартылған  сұп-сұр  кескінмен,  бір  сəт

қимылсыз қатты да қалды. Оның сымбаты мен келбетіне қайран қалған

Малтабар:  «Міне,  қыз!»  ден  алақандарын  бір-біріне  сарт  еткізе  соғып

жіберді.  Малтабарды  көрген  шақта  қатты  шошынған  Айжан,  есін  енді



жиып,  сып  беріп  шымылдыққа  кіріп  кетті.  Сол  кезде  сырттан  келе  жатқан

адамның сыбдыры да естілді. Дыбыс беруіне қарағанда – əйел.

Абаның  Малтабарға  ескерткені:  –  Қызды  көрсең  болды.  Тіл  қатпай-ақ

қой. Қатқаныңмен жауап ала алмайсың. Мəмкенің əулие қатыны тыста ұзақ

болмайды. Ол үйге жақындай дыбыс береді, сонда сен есіктен шыға жөнел!

– деген.


– Жарайды, – деген Малтабар.

Сол  уəдемен  есіктен  шыға  бергенде,  көлденең  келіп  қалған  Бүбі

желегінің  етегімен  бүркей  тұра  қалды.  Малтабар  оған  қарамастан,  ірге

түбіндегі  жарқабақтың  төменгі  жағына  тұна  өскен  қисық-қыңыр

қайыңдардың  ішіне  сіңді  де  кетті.  Содан  ол,  өзі  орналасқан  қонақ  үйдің

тұсынан барып, биікке бірақ көтерілді.

Сыртынан  естіген  дыбыстарға  қарағанда,  қонақ  үйде  біраз  адамның

басы  құралып  қалған  сияқты.  Алысырақтағы  ашаларға  байланған  салт

аттардың  да  саны  бірталай.  Малтабар  бұл  үйге  түк  көрмегенсіген,  түк

білмегенсіген бейнесімен кірген еді, үйдің төрінде тізіле отырған адамның

көбі  білеміз  қайда  барып,  не  көріп  келгеніңді!»  дегендей  жымия  қарап

сəлемдесті.  Бұл  топтың  ішінде  Шөбек  пен  Жарылғамыс  та  бар  екен.

Малтабар  жүрісінің  жайын  біліп,  ішке  түйіп  отырған  олар,  өзге  қонақтар

алдында


сыр

бермеуге

тырысып

түстерін

жинақы

ұстады.


Былайғыларының  малтабармен  амандық-саулық  жəне  қалжың  сөздерінен

білеміз дегеннің лебі аңқып тұр.

Ендігі əңгіме Шыңғыспен қыздың бағасына келісу. Бұл жайда бетпе-бет

сөйлесулері мүмкін емес, оған екі себеп бар: бірі – ханның нəсілі екендігін,

дуанда  аға  сұлтан  екендігін  биік  ұстауға  тырысатын  Шыңғыс  кім

көрінгенмен жамырап кеңесе бермей, көп істерге тұпа-тура араласа бермей,

алыстан  салқынын  сала  отырып,  біреулер  арқылы,  ойдағысын  ішкірнелей

орындайтын еді; екіншісі – бұл қазақ деген елдің қандай хабаршы шайтаны

барын кім білсін, қанша жасырам дегенмен, «отыз тістен шыққан сөз, отыз

ру  елге  жетеді»  дегендей,  «ұзын  құлақ»  арқылы  ілезде  тарайды  кетеді.

Малтабармен ол əлі сөйлеспек түгіл кездескен де жоқ, сонда да «Шыңғыс

Ақпанның  асырап  отырған  жетім  қызын  Малтабарға  тоқалдыққа  береді

дейді»  деген  хабар,  үш  жүзге  болмағанмен,  орта  жүзге  түгел  тараған.  Сол

қаңқу Шыңғыстың да құлағына шалынған. Сонда оның қайран қалатыны–

осы сөзді кім таратады, қалай тарайды?! Үй ішінен бұл сырды білетін адам

жалғыз  Зейнеп.  Уəделері  бойынша,  ол  ешкімге  айтпайды.  Одан  басқа

білетіндер:  Аба,  Шөбек,  Жарылғамыс.  Олар  да  айтпайтындығына

қарғанып, ант-су ішеді. Бүбі жұрттан жырақ жүретін кісі. Сонда кім?!

Өсектен  жасқанған  Шыңғыс  аулына  келген  Малтабармен  сөйлесудің

ретін таба алмай, «тиянақты» деп тағы да Жарылғамысты жұмсады. Оған,

тек,  аузын  қанша  ашатындығын  ғана  айтты.  Дəметері  –  «бір  жарым

жұдырық», яғни қағаз ақшамен мың жарым сом екен. Сол кездегі бағамен



ол жүз шақты ту биенің құны. Бұл – төрелерге арнап қаладан сатып алатын

ішімдік-жемдікке керек. Ол үшін мың сом да көл-көсір ақша, қалай шашсаң

шаш-етектен  келеді.  Қымыз,  ет  сияқты  азықтар  өз  алдына,  Шыңғыстың

көңілдес байлары оларды керегінше табады.

Айжанға  қатты  қызыққан  Малтабар,  Жарылғамыстың  жүйелеп,

жіктестіріп,  жетілтіп  айтқан  кеңесін  тыңдап  алды  да,  жауабын  қысқа

қайырды.

–  Маған  дүние  қымбат  емес,  адам  қымбат,  –  деді  ол.  –  Көрдім  қызды,

көзім  де,  көңілім  де  толды.  Денедегі  екі  жұдырықты  жалқылап  қайтеміз,

екеуін де тұтас берем.

–  Екі  мыңды  ма?!  –  деді  Малтабардың  мырзалығына  қайран  қалған

Жарылғамыс,  сөзіне  сенер-сенбесін  білмеғендей,  анықтап  алғысы

келгендей.

– Əрине! – деді Малтабар жымиып.

– Өйдөйт дерсің!..» – деді қуанып кеткен Жарылғамыс. – Қашан?

– Осы жəрмеңкеден орала.

– Атбасардан ба?

– Əрине. Не саған, не сен сияқты біреуіне, не сұлтанның өзіне қолма-қол

тапсырып кетем. Тағы да айта кететін бір сөзім – бұларым сұраусыз ақша.

Жəне  де  ескертерім  –  қыздың  қара  басын  əкетсем  болды,  жасау-масау,

көлік-мөлік дегендер керек емес.

–  Сонда,  сол  Атбасар  базарынан  қайтқан  жолыңда  ала  кетпекпісің,

қалыңдығыңды?  –деді  Жарылғамыс,  Малтабардың  сөзіне  түсіне  тұра,

анықтап алғысы көп.

– Əрине! «Береген қолым алаған» демей ме? Қалың малы төленген соң,

қыз менікі емес пе?

– Рас.

Шыңғыс Малтабардың бұл тілегіне қарсы болған жоқ.



Малтабар «екі жұдырықтың» орнына, Шыңғыстың қолына құрғақ уəдені

ғана ұстатты да, Атбасарға жүріп кетті.

Малтабар  аттана,  Шыңғысқа  Гасфорттың  Омбыдан  Атбағарға  жүретін

сапары  туралы,  жолшыбайғы  қазақ  сұлтандарының  қандай  даярлықтар

жасауы  жайында  бұйрық  та  келіп  қалды.  Бұйрық  бойынша,  Көкшетау

дуаны  Гасфорт  пен  нөкерлерін  Ақан  тауының  етегіндегі  дария,  көлдің

жағасында  күтуге  тиісті.  Ендеше  орда  ауыл  Саумалкөлден  сонда  көшуі


керек.

Шыңғыс  өзіне  бағынышты  елдің  игі  жақсыларын  тез  жинады  да,  көші-

қоны жайынан, қонақтарды қалай қарсы алу жайынан ақыл құрды.

Мəслихат  тарқағанда  Жарылғамыс  бірер  күнге  қалып  қойды  да,  оңаша

сөйлескен Шыңғысқа бір жайда ақыл айтты.

– Ақанға көшерде, – деді ол Малтабардың қалыңдығын қысқы ордаңды

күзететіндерге қалдырып кет.

– Неге?


–  Сырдың  бəрі  бірдей  айтыла  бермейді  ғой,  сұлтаным.  Мен  саған

қалтқысыз  дос  адаммын.  Бұл  –  достық  сөзім.  Осы  тілімді  ал.  Неге  бұлай

деуімнің мəн-жайын кейінірек айтам. Қазір қыстама!

Астында  зілі  бар  ақыл  екенін  аңғара  тұра,  сөзге  тоқтағыш  Шыңғыс

«болсын»  деді.  Жарылғамыстың  іш  пікірі  Шоқанның  Айжан  тағдырын

шұқшия  сұрастыруы  еді.  Содан  бері  оның  көкейінен  «осы  қызға

қызықпағай  еді?!»  деген  күдік  кетпей  қойған.  Бұл  сырдың  бетін  ашса,

былай  да  шалғай  жүрген  əке  мен  баланың  арасы  тіпті  шиеленісіп  кетуі

мүмкін.

Ендеше


қызды

Шоқанға


көрсетпеу

керек,


Малтабарға

атастырғанын  сездірмеу  керек.  Гасфортқа  атқосшы  Шоқан,  бастағысы

белгілеген  жолмен  Атбасарға  тік  барып,  тік  қайтады,  Сырымбетке

соқпайды, содан кейін қызды Малтабарға қалай жөнелтуін Шыңғыстың өзі

біле береді.

Жарылғамыстың  тілін  алған  Шыңғыс,  көп  кешікпей  орда  алуын  Ақан

тауына  көшірді,  Айжанды  Сырымбет  етегіндегі  қысқы  орда  күзетшілеріне

жөнелтті.

Ұмытып  барады  екенбіз:  Айжанның  баяғыда  кісі  өлтіріп  жер  ауып

кеткен  əкесі  Ақпан,  Қиырдағы  Сібірде  көп  жыл  каторгіде  болып,

Романовтар меншігіндегі алтын қазбасында ауыр бейнетті қызмет атқарған

да,  өкпе  ауруына  шалдыққан.  Содан  жұмысқа  жарамсыз  Ақпан  жазасын

аяғына  дейін  өтеуден  босанып,  өзі  сияқты  топқа  ерген  де,  мекеніне

беттеген.  Көп  жыл  жүріп,  көп  азап  шеккен  ол,  əуелі  Құсмұрынға,  одан

Сырымбетке тірі аруақ күйінде əрең жеткен. Ол – Айжанды, Айжан – оны

көрген. Бірақ, бұл екеуінің бір-біріне жəрдемі жоқ, дəрменсіз көрісу болған.

Содан кейін, Ақпанның сырқаты, Айжанның қайғысы. бұрынғыдан да үдей

түскен.


Ауылын  Ақанға  көшіргенде,  Айжанның  Сырымбетке  жіберілуін  Аба

жұртқа «қыз əкесін күту үшін жіберілді» деген хабар таратқан. Оған ешкім

де сенген жоқ. Айжанның Малтабарға берілуін естіп отырған жұрт:

– Белгісіз жерден білдірмей алып кетсін дегені ғой, – десті.



Əңгімені Шоқан жағына аударайық.

Атбасар жəрмеңкесін өзі ашпақ болған Гасфорт нөкерлерімен Омбыдан

ертерек  шығып,  жолшыбайғы  жерді,  елді  асықпай  аралай  отырып,

жəрмеңкеге  басталар  алдында  ғана  жетпек  еді.  Жүріс  маршрутын  ол

географиялық  картаға  қарап  отырып  өзі  белгіледі.  Сондағы  сызығы:

Омбыдан  шыға  Бурабай  тауы,  Көкшетау  қаласы  арқылы  Атбасарға  соғып,

одан  əрі  Түркістандатып,  Тəшкенге  баратын  «хақ  жолының»  сорабымен

тарту.  Бұл  жолдың  өн  бойында,  қазақ,  даласына  қадақ-құдақ  орналасқан

қазақ-орыс станицалары бар, аралары жиырма бес-отыз километрден.

Шоқанның туған аулына бірер күнге соға кетуін мақұлдаған Гасфорт:

– Тек, жол бойында болса ғана дегенді аятты.

Гасфорт  қолынан  қызыл  қарындашпен  түсірген  сызықтың  бойында,

ондай мекен – Ақан аталатын тау ғана.

Гасфорттың  бұйрығы:  жолға  он  бес  пəуеске  даярланады  да,  оларға  үш-

үштен  қырық  бес  чиновник  отырады.  Əрқайсысына  бойлары,  түсі,  түгі

ұқсас  жақсы  жылқылардан  үш-үштен  аттар  жегіліп,  алдарында  жүйрік

жылқыдан  көсем  салт  шауып  отырады;  пəуескелердің  алды-артын

шапқынмен  жүз  қылыш  қоршайды,  аттар  да,  қылыштар  да  станица  сайын

ауысады.  Станицаларға  таңдаулы  аттар:  Баян,  Қарқаралы,  Ақмола,

Көкшетау  –  төрт  ауданнан  жиналады.  Ол  кездегі  қазақ  арасында  арбаға

көнбіс  жылқы  кемде-кем.  Омбы  өкімдері  келіп  қалғанда,  жиналған  аттар

арбаға бас білмей жатса, немесе асаусып ала қашып бүлдірсе, одан жаман

жоқ.  Соны  білетін  Батыс  Сібірдің  полиция  басқармасының  начальнигі

полковник  Майдель  дуан  бастықтарына  «аттарыңды  арбаға  үйретіп

қойыңдар»

деген


бұйрық

берді.


Оның

орындалуын

бақылау,

станицалардағы  қазақ-орыс  атамандарына  тапсырылды.  Қылыштарды

əзірлеу  де  солардың  міндетінде.  Сұлтандарға  ерекше  тапсырмалар,  аттар

ағытылатын  жерлерде,  келе  жатқан  əкімдер  тыныстау  үшін  жақсы  кигіз

үйлер  тігілу  керек  те,  іштері  көрікті  жиһаздармен  безеніп,  төрелерге

лайықты  тағамдар  тұру  керек.  He  тағам  керектігін  алдын  ала  жіберілген

шапқын  хабарлайды.  Бұл  жұмысты  алты  дуан  генерал-губернатор

қасындағы  советник  аталатын  Тұрлыбек  Көшенов  басқарады.  Омбыға

жылында  бірер  рет  қана  шақырылатын  ол,  негізінде  Қалғұты  өзенінің,

бойындағы ата мекенінде, Күрсары Керейдің ішінде тұрады.

Омбы  əкімдерінің  Атбасарға  барар  жолында  күтіп  алу  жабдығы  қызу

қарқынмен  жүріп  жатты.  Гасфорттың  ойы  –  Атбасарда  алты  дуанның  игі-

жақсылары  бас  қосумен  пайдаланып,  ауыл  арасындағы  біраз  дау-дамайды

бітіре қайту, бітпеген істердің ау-жəйін байқап, келешекте не істеу шарасын

қарастыру.


КЕНЕТ КЕСЕЛ

Гасфорт «ертең ертемен аттанамыз» деп бұйрық берген күннің, түнінде

«құдай  ұрып»  ауырды  да  қалды.  Ұйқыға  жатқан  оған,  бір  кезде,  ішкі

сарайын  жылан  жайлағандай  сезім  пайда  болып,  шошып  оянды.Ояна  сала

байқаса,  шек-қарнын  əлде  не  суырып  жатқандай,  кіндік  тұсы  удай  ашып

бүріп барады.

Оның жатқан жері жуық арада ғана мекендеген жаңа резиденциясының

жоғарғы  этажында  еді.  «Омбыға  патша  туысарынан,  министрлерден,

жоғарғы  чиньдерден  біреулер  келе  қалса»  деп,  Гасфорт  жоғарғы  этаждың

тең  жартысындағы  жасаулары  сəнді,  мебельдері  көрікті,  көркем

картиналармен,  Романов  тұқымынан  патша  болғандардың  бояулы

сүгіретпен салынған портреттерімен безенген кең зал мен үлкен бөлмелерді

мейманхана  ғып  бос  қойдырған,  тең  жартысындағы  қарсыма-қарсы

бөлмелерге əйелі мен өзі орналасқан. Орталарында сəулетті вестибюль.

Мақтаншақ  Гасфорт  кейде  өзіне  арнаулы  бөлмелерге,  кейде  сый

қонақтарға  арналған  бөлмелерге  ұйықтайтын.  Ауырған  түні  ол  сыйлық

бөлмеде  қонған.  Бертінде  ол  əйелімен  бөлек  бөлмелерде  ұйықтау  əдетін

шығарған.  Себебі,  жасында  сидам  денелі  Гасфорт  егде  тарта  шарланып,

содан  ба,  басқа  себептен  бе,  қалғыса-ақ  үйді  басына  көтере  қорылдайтын,

кейде  ұйқысырап  əлденені  сандырақтап  кететін  де,  қатардағы  төсекте

жататын  əйелінің  тиыштығын  бұза  беретін.  Бұл  дағдыдан  арылу  орнына,

жыл  сайын  үдете  түскен  соң,  төсегін  əйелінен  алыстатып,  екеуі  қарама-

қарсы бөлмелерге жататын.

Əйелінің  тиыштығын  ауырған  жолы  да  бұзғысы  келмеген  Гасфорт,

дыбыс  шығармауға  тырысып  еді,  ішкі  сыздау  еркінен  тысқары  «ах,  ух!»

дегізіп  айқайлатып  жіберді.  Дөрекі  дауыстан  шошып  оянған  Елизавета

Николаевна,  əуелі  «бұрынғы  дағдысы  шығар»  деп  тым-тырыс  жата  тұрды

да,  ерінің  ыңқылы  үдеп  бара  жатқан  соң,  орнынан  тұрып  қасына  барды.

Гасфорт ішін екі қолымен де басып, төсек үстінде дөңбекшіп жатыр екен.

– Не болды, Гуська



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет