АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

маңайы  ұңғыл-шұңғыл  тасасы  көп  тастар.  Желдің  лебіне  қарап,  бұл  ара

ықтасын  болатын  шақта,  аржағындағы  шыңдарда  жусайтын  аңдарды

Қарамұрынның талай атып алғаны бар.

Жүрісі олардан əлдеқайда епті Қарамұрын, қалаған «Қатынасына» еркін

жетті  де,  арқалаған  Шоқанды  түсіріп,  үшеуі  біраз  тыныс  алды.  Толық  ай

батысқа  қарай  ойысқанмен,  сəулесі  əлі  жарқын  қалпында  еді.  Аспандағы

ала-шабыр  бұлт  ара-тұра  əр  тұсынан  қоюланып,  аңшылардың  үстін  баса

сіркіреп  өтеді.  Сондай  бұлттар  желді  аударып  əкете  ме  деп  қауіптенеді

Қарамұрын.  Жел  ауып  ықтасын  ауысса,  иісшіл  аңдардың  бұл  тұсқа

жоламаулары мүмкін.

Аз  тыныстанғаннан  кейін,  аңшылардың,  əсіресе  Шоқанның  іші  пыса

бастады. Не істеу керек?

Оның  еркіне  салса,  Тоқбет  өңгеріп  келген  үлкен  домбыраны

Қарамұрынға  ұстатып  шерттіріп  көру,  одан  əрі  дауысын  қостыру  еді.

Екеуінің  де  сезімтал  аңдардың  құлақтарына  шалынып  үркуін  сыбырлап

қана айта кеп:

–  Сəті  түссе,  –  деді  Қарамұрын,–  қанжығамыз  қанданғаннан  кейін

көрерміз.

– Қанжыға бар ма бізде? – деді Шоқан, бейнелі түрде айтылғанын түсіне

тұра.

–  Аңшының  аузы  дағдыланған  сөздің  сырағысы  да,  –  деп  жауап  береді



Қарамұрын.

Біраздан зеріге бастаған Шоқанның төңіректі барлағысы келді.

– Оқасы жоқ,– деді Қарамұрын.– Бірақ, еппен, сақтықпен...

Төңіректе  барлай  қояр  жер  де  шағын  екен:  шоқиған  «Қатынтастың»

шығыс  жақ  таяуында,  төбесінен  төмен  қараған  кісінің  басы  айналарлық

терең  құз;  алыстан  киіз  үй  сияқты  күмбездене  көрінетін  «Жалғыздың»

шығыс  жақ  жартысы  кертіп  алғандай  жарқабақ;  орманға  бөленген

тайпақтау  батыс  жақ  жарымы  қайқайған  қалың  жынысты  далаға  тұтасып

кеткен...


«Ақ  келеді»  деген  тұс  «Қатынтастай»  төмендей  біткен  шыңдар  мен

шоқылар екен. Қарамұрынның айтуынша:

–  «Қанды  басы  бері  тартса,  арқарлар  болсын,  бұғылар  болсын,  киіктер

болсын,  сол  тастардың  арасына  жусайды  да,  күзетшісі,  əне  бір  «мая»

тəрізденген қырқаның үстіне шығады.

Олар  төңіректі  осылайша  барлап  тұрған  шақта,  аспанның  шығыс  жақ

шекесінен, жел үрлеген шоқтай жайнап Шолпан көріне кетті.

– Таң Шолпаны туды, – деді Қарамұрын. – Аңдар да көп кешікпей келе

бастар. Жасырынайық.

Аңшылар  «Қатынтасты»  ықтай  жасырынды.  «Күзет  аңы  көтеріледі»

деген  жота  «Қатынтас»  қасындағы  жақпардың  жырасынан  көрініп  тұр.

Ақпан  шитінің  екі  аяғын  жерге  қадай  құрып  алды  да,  мылтықтың  дүм

жағын  иығымен  тірей,  қарашығын  қарауылына  қарай,  бір  тізерлей,  бүк

түсіп отыра қалды.

– Аңдар əлі көрінген жоқ қой, ерте емес пе əлі? – дейді Шоқанға:

– Даяр отыру керек, мырзам. «Мені ат» деп тұра ма аң? Қапысын тауып,

тез басып қалу керек, – деді Қарамұрын.

Шоқан


мен

Тоқбет


көздеген

шыңға


«Қатынтастың»

екінші


босағасындағы жырадан қарап отыратын болды.

Олар  күткен  аңдары  «əне  көрінеді,  міне  көрінеді»  деген  үмітпен  үн-

түнсіз, қимылсыз бірталай уақыт отырды. Мұндай халде, уақыттың тасбақа

жүрісімен  əрең  жылжитын  əдеті...  Аң  көрінуін  күткендердің,  шыдамдары

жұқарып,  жыртылуға  айналды.  Сондай  шыдамсыздықты  күшейте  түскісі

келгендей,  ай  да  аспанның  батыс  жиегіне  батып,  төңірек  қарауытып  кетті.

Аңшылар,  əсіресе  Шоқан  қараңғылыққа  тұншығуға  айналған  шақта,

шығыстан таң сібірлей бастады... Сол кезде, көз тіккен шыңдарының өзіне

ғана  тəуелді  таңы  сияқтанып,  бауыры  бозамық,  жоны  қоңыр  бір  жануар

шың  төбесіне  көтеріле  берді.  Мұндайды  бұрын  көрмегенмен,  Шоқан  тани

кетті:  арқар!..  Қошқары  екені,  шекелеріне  иіріле  біткен  жуан  жəне  үлкен

мүйіздерінен  көрініп  тұр.  (Арқардың,  қошқарын  қазақтың  «құлжа»

дейтінін  Шоқан  білмейтін  еді).  Құлжа  көтерілген  жотаның  арғы  еңісінде,

бұдырмақ  тастарға  жан  біткендей,  əлденелер  қыбырлайды.  Шоқанның

ойынша,  олар,  əрине,  мына  қошқардың  саулықтары  мен  қозылары.  Олар

əлден уақыттан жатып жусағандай, қыбырларын доғарып тым-тырыс бола

қалысты...

Төңірегінде қауіп бар-жоғын абайлап алғысы келгендей, құлжа айбарлы

мүйіздерін  аспанға  көтере  жота  тастың  үстінде  ерсілі-қарсылы  жүрді  де,

«қауіп  жоқ  екен»  дегендей,  танауын  жерге  тоса,  жотаның  қақ,  ортасына

төрт тағандап қалшия қалды. Семіз құлжаның ірілігі «құнан өгіздей» дерлік


екен. Бірақ, қарны ондай қампиған жуан емес, жарау жылқыдай тартыңқы;

ұрт  жағы  –  кер  миық,  əуке  орнына  жалбыраған  жал  біткен,  алдыңғы

аяқтары  қаққан  қазықтай  тіп-тік  қапталдығынан  төменгі  бауыр  жүні

бозамық, таңының түгі əппақ, жабу сияқты жон терісі қара қоңыр.

Тарихшылар  «адам  қоғамының  өмірінде,  баяғы  заманда  «аналық»

аталатын,  яғни  аналар  үстемдік  жасаған  мезгіл  болған»  деседі.  Ол  рас  та

шығар. Бірақ, қай мезгіл болса да, қоғам өмірінің, сыртқы қамқоры – ерлер,

ішкі қамқоры – əйелдер болуына ешкім таласуға тиісті емес.

Ал,  аңдардың  өмірін  алғанда,  табындап  жайылатын  олардың  күзетінде

үнемі  еркектері  ғана  тұруы  да,  талассыз  шындық.  Құлжа  да  сондай

қарауылдардың  біреуі.  Үйірімен  күні  бойы  оттайтын  ол,  жусайтын  шақта,

қарамағындағыларын тастардың тасасына иіріп тастап, өзі биікке көтеріліп

күзетке тұрады.

«Қатынтастың» екінші босағасынан атылған мылтықтың даусы гүрс ете

түсті.  Кенет  дыбысқа  селк  ете  қалған  Шоқан  «құлжа  не  халде  екен?»  деп

жалт  қарап  еді,  қашуға  қарғыған  сияқты  қимылмен,  таңы  ағараңдаған

құлжа  жота  тастан  көтеріле  беріп,  əрі  емес,  бері  қарай  бейімделіп  құлай

берді...  Бұдырмақ  тастардың  арасына  жоқ  болды...  «Үйірі»  деп  жорыған

жануарлар  қыбырлай  қаша  жөнелісті  де,  ар  жаққа  жоқ  болды.  Өліп

үлгерген  бейшара  күзетші  домалап  кеп  тоқтаған  тұсында  бүлк  етпестен

қалып қойды...

– Тиді! – деді орнынан тұра берген Қарамұрын.

Құлжаға  қарай  тұра  жүгірген  ол  да  бұдырмақ  тастардың  арасына  сіңіп

кетіп, лезде алпамсадай құлжаны арқалап бері қарай көтерілді.

О  талмау  жүректің  тұсынан  тиген  екен.  Жарасынан  аққан  қан  жылап

тұр...


– Тез алып тастамаса жынының дəмі етіне шабады, – деді де, Қарамұрын

құлжаның, ішін жарып шек-қарынын аударып тастады.

–  Адал  аңның  ішінде  май  болмайды,  –  деді  ол  Шоқанға,  –  етінде  де

туырылған  май  сирек  кездеседі.  Онда  да  ұрғашылары  мен  қозыларынан.

Үйірге  түскен  еркектерінің  ең  семіз  дегенінде,  пышақ  сыртындай  ғана

майлар қызыл етпен қабаттасып бітеді. Саулықтарына қарап жүрген шақта,

құлжаның еті күлімсі сасып жеуге келмейді. Қазір үйірден ажыраған шағы,

сондықтан  етін  жеуге  болады.  Бірақ,  дəмі  ұрғашыларындай  болмайды...

Саған,  мырзам,  не  саулығын,  не  қодығасын  атып  жегізуім  керек.  Оған

оралым  болмай  қалды.  Жатар  болсаң,  тағы  да  атып  берермін.  Əйтпесе,

«бұйырғаны осы» дейміз де:

– Əрине.


– Ендеше кеттік! – деп Қарамұрын құлжаны арқалауға бейімделіп еді:

– Өлең ше? – деді Тоқбет «орыстығын» ұмытып, қазақшылап.

«Мұнысы қалай?!» дегендей таңдана қараған Қарамұрынға:

– Қазақ арасында көп болған орыс. Қазақша ептеп тіл қағары бар, – деді

Тоқбетті  кешеден  бері  «орыс»  деп  жүрген  Шоқан.  Одан  арғы  сөзді  əн-күй

жағына аударып еді:

–  Айдалада,  таудың  төбесінде,  құланның  қаңғырып  жүрген  текесіндей

арқырау ұят болмай ма? – деді Қарамұрын.

– Оқасы жоқ, – деді Шоқан. – Уəде солай еді ғой.

– Мақұл.


Қарамұрынның  əрбір  саусағын,  арықтау  жас  баланың  білегіндей  деуге

болатын  еді.  Үнемі  темір  тұтып,  балға  соққан  оның  алақандары  да,

саусақтары  да  түйінделген  мүйізгек.  Сондай  қолы  шектерді  қағып,

пернелерді басқаны, жорға аттың тұяқтарындай тайпаңдап кетті.

–  Ал,  кəне,  қосылып  жіберіңіз!  –  деген  шақта  бір  кісі  қоңыр  үнмен

баяулата  бастап,  кейінгі  жағын  тауға  ентелей  шыққан  өзі  сияқтандырып

шырқап кетті. Не деген күшті, əдемі дауыс!

Əне бір жылы Омбыға «Италия мектебінің қазіргі ең тəуірі» деген атағы

бар  Камилло  Франсуа  Эверарди  гастрольмен  келген  еді.  Атақты  əншіні

тыңдауға жиналған халық оның зор дауысына тəнті болған.

–  Шіркін-ай!  –  деп  ойлап  отырды  Шоқан,  Қарамұрынның  əнін  зер  сала

тыңдап, – қазақ елінде де бар екен-ау, мынадай ғажап күшті, ғажап көркем

дауыстар!.. Əттең, не керек, халықтың, қымбат қорына қосылмай, далиған

далаға  босқа  тарап,  із-тұзсыз  кете  барады-ау!  Тым  болмаса,  осындай

əншілердің мұрагерлері туса!..

Бір  құлжа  олжасы  бар  аңшылар  кейін  оралса,  манағы  қалған  жерін

айнала оттаған аттар шалкəдені əлі де құмарта іскектеп жүр екен. Бұл кезде

көкжиектен  қылтиған  күннің  тармақты  сəулесі,  манағы  шың  тастардың

төбесін  малып,  сұрғылт  түсті  шоқылар  алтынға  боялғандай  сап-сарғылт

емен жайнай құлпырып тұр.

Қарамұрынның  еркіне  салса,  Тасқатыннан  құлжаны  тірсегінен  еткізген

аршамен сүйреп, Шоқанды арқалап əкелу еді.

– Өзім ептеп жүрермін, – деп Шоқан көнбеді.

Шоқанның етекке түскенге дейін шеккен азабын сипаттамай-ақ қояйық.

(Азапты  айтудың  несі  қызық).  Біз  оның  осынша  азапқа  неліктен  түсу


себебін қысқаша ғана баяндайық.

Кадет  корпусындағы  ұстазының  жəне  досының  бірі  Костылецкий  араб

поэзиясының əдемі нұсқаларын айтып отыруды жақсы көретін. Бір сəтте ол

ересек болып қалған Шоқанға арабтың көне замандағы ірі ақыны Əбу Ғалə

əл-Мағарридің махаббат жайында жазған бір ауыз төрт тағанын (рубағият)

жатқа айтқан:

Махаббат та бейне сəуле, Бар сəуленің тегі – от. Түскен сəуле, адам əуре

Не жалын, не сөнген шоқ.

Осы төрт тағанға қызығып жаттап алған Шоқан өз басын да сондай бір

сəуле шалады деп ойламаған еді. Оның шалғанын енді ғана абайлағандай...

Қазақтың халықтық бір өлеңінде:

Кетпейсің тұрсам ойдан, жатсам түстен,

Басымды не сиқырмен əуреледің?!

дейтініндей,  оның  есінен  де,  түсінен  де  Айжан  шықпай  қойды.  Сонда,

еткен  күндерін  көз  алдынан  өткізсе,  араб  поэзиясында,  не  қазақ  жыры

«Қозы  Көрпеш  –  Баянда»  сипатталатындай,  Айжанға  ол  кішкене  күнінен

ғашық сияқты.

Баяғыда,  туған  үйі  Құсмұрын  қырқасын  мекендеген  шақта,  құрдасы

Жайнақпен ойнап жүріп, ол Ақпанның үйіне сансыз кіріп, сансыз шығатын

еді.  Сонда,  жасау-жиһазы  жоқ  бұл  үйден  оның  көзіне  қола  сақинаға

орнатқан титтей ақ меруерт сияқтанып Айжан ғана жарқ ете қалатын.

Омбыға  оқуға  аттанарда  шешесі  Зейнепке  Айжанды  тапсырып  кету

себебі де іштей ерекше жақсы көруінен еді.

Оқу  жылдарында  да  оның  Айжанды  естен  шығармауын  жоғарыда

айттық.  Сондай  сүйікті  Айжанын  өрмекшідей  Малтабардың  торлап

жүргенін де ескерттік.

Шоқанның ендігі ынтасы қалай да құмартқан Айжанмен «есейіп қалды»

деген шағында дидарласу.

Жолшыбай

əлденеше

отырып,

əлденеше

тұрып,

дегендей


Қарамұрынның  етектегі  мекеніне  Шоқан  «өлдім-талдым»  дегенде  əрең

жетті.  Сонда  да  ол  намысына  тырмысып,  Қарамұрынның  «мырзам,

қалжырадың ғой, бұл арада бізді көріл тұрған ешкім жоқ, арқалап алайын»

деп  əлденеше  рет  жасаған  ұсынысының  біреуін  де  қабылдамады;  сонда

есіне  берік  тұтқаны  Суворовтың:  «Бейнетке  төзе  алмаған  солдат,  зейнетке

жете  алмайды»  деген  қағидасы.  Өзі  қолақпандай  жігіт  бола  тұра,  бірге

жаяулаған Қарамұрынның арқасына асылуды ол ар көрді.

Олар  етектегі  мекенге  шалшы  түс  бола  əрең  жетсе,  жəмшіктер  де



оралған екен. Жүремін десе аттар да, тарантас та даяр. Оның үстіне:

– Шаршадың ғой, мырзам, бір күн болса да тынығып, ең берісі – ертең

жүр;  əйтпесе,  денең  өзіңе  келгенше  осында  жат!  –  деп  Қарамұрын  жік-

жапар болды. Шоқан:

–  Жоқ,  жүрем!  –  деуден  танбады.  Ол  танар  еді,  егер,  көзі  көрмеген

Айжанның магниті оны өзіне еркінен тысқары тартпаса!..



СЫРЫМБЕТ САЛАСЫНДА

«Жалғыздан»  Сырымбетке  тартатын  екі  жол  бар  еді:  бірі  –  орман

арасынан  жыландай  жорғалайтын  жалғыз-аяқ  соқпақ,  тұрқы  жиырма

шақырымдай  ғана,  бірақ  онымен  салт  қана  жүруге  болады;  екіншісі  –

орманның  теріскей  жақ  жалаңқы  тұсын  жағалап  кетеді,  оның  тұрқы

соқпақтан  екі  есеге  жақын  ұзын,  бірақ  бұл  жолшыбай  кедір-бұдыры

көбірек болғанмен, тарантас жүре алатын жол.

Шоқанда  салт  мінер  хал  жоқ,  сондықтан,  жырақтығын  біле  тұра,

тарантасқа амалсыз келісті де, кешікпей жүріп кетті.

Ол  аттана  Əбіле  де  жөніне  тартты.  Оның  кім  екендігін  жайлаудан  бұл

араға неге келгенін оқырмандарға қысқаша айта кетейік.

Əбіленің  Қарамұрын  аталған  Сандыбайға  туған  аға  екенін  жоғарыда

ескерткенбіз.  Олардың  əкесі  –  Дербісəлі  Əбіліш–  «бұл  өзі  бойы  шарғалау,

нəзіктеу,  ұғымталдау,  сұңғылалау,  қара  жұмысқа  жарамсыздау  болар»  деп,

Есіл  бойында  мешіті,  медіресесі  бар  Қожақмет  хазіретке  бала  шағынан

сабаққа  берген.  Оның  оқуын  тауысқан  зерек  Əбіле  Қызылжардағы

Мұқаметжан қаридың медіресесіне барып, «хатым-кардан» болып шыққан.

Сол  кезде  Шыңғыс  Көкшетау  дуанына  аға  сұлтан  болып  келген.  Оған

дейін,  Айғаным  заманынан  бері  дуанда  Балта  Керей  руынан  Maңабайдың

Мұхаметқалиы хатшы болып келген екен.

Керей,  Уақпен  зыйты  бар  Шыңғыс,  Мұхаметқали  олардың  тыңшысына

санап,  өрісін  біртіндей  тарылта  келіп  соңғы  үш-төрт  жылда  одан

құтылғанда  ғана  орнына  Əбілені  отырғызған.  Бірақ,  Шыңғыс  ел  билеу

істерінде  оған  Мұхаметқалидай  еркіндік  бермей,  тізгінін  тартыңқырай

ұстайтын. Əбілеге сол да қанағат. Оның бар ынтасы – Шыңғысқа қайткенде

жағыну, қайткенде сенімді кісі болу.

Малтабар,  Шоқан,  Айжан  жайларында  елге  тарап  кеткен  əңгімені

Шыңғыс  Əбіледен  жасырмай,  елге  беттегенде,  баласының  Сырымбетке

соғу  қаупін  айтып,  жүрер  жолын  жобалап,  Əбілені  «Жалғызтауға»  əдейі

жұмсаған еді. Ол кездегі арасы сирек ауылдарда бейсауат жүретін адамдар

көзге шыққан сүйелдей. Əбіленің Сырымбетке бара қоярлық сылтауы жоқ,

ал «Жалғызға» сылтауы бар: өткен көктемде тəуір көретін бір баласы өліп,

аулының зиратына жерлеген, соған кеп Əбіле ай сайын дұға оқитын.

Шоқанмен  жолығысқан,  дəмдес  болған  шақтарында,  Əбіле  оған  осы

қайғысын  ғана  білдірді  де,  хан  баласының  алдында  əдеп  сақтаған

бейнемен,  өзге  сөздерге  араласпады,  тек  сұрауларына  қысқаша  ғана  жауап

айтты  да,  өз  тарапынан  сөз  қыспады;  өз  ішінде  тығылып  жатқан  түйіннен

бірдеменің  ұшығы  көрінер  ме  екен  деген  дəмемен,  ол  үнемі  Шоқанның

аузын аңдумен болды.


Мұсылман  дінін  оншалық  ұнатпайтын  Шоқан,  молдамсып  мүлгіген

Əбілеге  көңіл  бөлмей,  ұсталық,  аңшылық  жайлы  қызық  əңгімелері  кө

Қарамұрынмен болды.

Шоқан  аттана,  Əбіленің  де  аттанған  себебі  –  басқаша  білгені

болмағанмен,  Шоқанның  Сырымбетке  тарту  хабарын  Шыңғысқа  тез

жеткізу.  Шыңғыс  Əбілеге  «Шоқан  Айжанға  қызығады»  деу  жағынан

ештеңе  сездірмеген  ол  тек  «Малтабарға  сол  қызды  беру  ісіне  бөгет  бола

ма»  деген  қауіпті  ғана  ескерткен.  Сырымбетке  неге  баруын  сұрауға  өзінің

батылы жетпеген Əбіле Қарамұрын арқылы сұратқанда:

– Əжемнің басына! – депті Шоқан.

–  Əжесі  –  Айғаным  ғой,  –  деген  Əбіле,  інісіне,  –  көзін  көрген  а  дамы

емес,  неге  барады  оған?  Аят  оқуға  ма!  Естуім,  осы  бала,  ислам  дінін  жек

көреді дейді.

– Енді неге келе жатыр? – деген Қарамұрын.

– Ақпанның қызын көруге.

– Қайтеді ол қызды?

–  Қызылшыл  қырандай  емес  пе,  хан  тұқымы?  Ажарлы  қыз  бар  деп

естісе,  көргенше,  тояттағанша  есінен  танбай  ма  бұлар?  Бұл  да  сол

«қызылға» құмартып ұшып келеді.

–  Апырай-ə?!..  Естігенім  болмаса,  көрген  емен  сол  қызды.  Өзі  расында

сондай айта қаларлық па?

– «Хордың қызы» десем күнəлі болармын. Аспанда ғой олар. «Жұмақта»

деседі ғой. Ал, жердегі əйел жынысында бұдан сымбаттыны да, ажарлыны

да көрген емен.

– Ендеше, көрсе қызығады екен!

– Неге көрмейді! Іздеп бара жатқан жоқ па? Сырымбетте деседі ғой.

– Сонда!

– Бұның арты неге соғар екен!

–  Неге  соқсын!  «Иесіне  керек  болса,  қоңсысы  өкпелемейді»  дегендей,

қарашаның  беті  жылтыраған  қатын-қызы  ежелден  хан  тұқымының  үлесі,

өзгелер олардан қалған-құтқанға да риза!

Əбіле де жөніне кете барды.

Уəлі  ханның  Сырымбет  тауына  қоныс  салуы,  тоқалы  –  Айғанымның


тілегін  орындаудан  шыққанын,  біз  осы  шығарманың  бірінші  кітабынан

білеміз.


Оған  қоныстану,  Уəліге  оңайлыққа  түспеген.  Патша  өкіметінің

бұйрығымен «хан ордасы» аталатын мекенді салуға кіріскен əскерге аюлар

үнемі шабуыл жасап, оңашаланған талайын жеп те қойған.

Ақыры,  аюды  адам  жеңіп,  орманға  бөленген  екі  еркешті  таудың  саяң

етегіне  орда  орнаған.  Қарулы  қуғынға  ұшыраған  аю  табындары  əлдеқайда

босып, Сырымбет төңірегінде азы ғана қалған.

Айғаным жəне Шыңғыс заманында, адамға осы «азының» да залалы кем

тимейді  екен.  Əсіресе  жаздыгүні,  ел  жайлауға  кетіп,  қора-қопасы  құлазып

бос  қалған  шақта.  Осы  кезде  аюлар  жас  қабырларды  ақтарып,  өліктерді

жейді  екен.  Сондай  оқиғалар  кездесе  берген  соң,  қарашыларын  ертіп  орда

ауылы  жайлауға  көшкенде,  еруге  жарамайтын  азын-аулақ  үй  күзетте

қалады  екен.  Олар  зиратпен  қатар  орданың  үйлерімен  қора-қожыларын  да

жəне  қыстауда  қалдыратын  қоймаларын  да  күзетеді,  əйтпесе  маңайдағы

селолар мен жатақтар, ол-пұлдарын ұрлап шыдатпайды.

Сырымбет  тауының  теріскей  жақ  етегінде,  аумағына  ат  шауып  жете

алмайтын,  айдыны  орта  тұсына  біткен,  төңірегі  қопалы  қалың  қамысты,

екі-ақ жердегі жалтырынан суат беретін тұлабойы құс пен балыққа толған,

қабандары қойдай өретін айналасын жиегіне дейін қалың орман қоршаған

үлкен  көл  бар.  Оның  бұрынғы  аты  «Шошқасы»  екен.  Пірəлі  ишан  бір

келгенінде:

– Аты «доңыз» көлдің өзі де арам, – деп, – бұрын «Қылды қарауылдың»

мекені болған,– деп, көлдің атын «Қылды» ғып өзгерткен. Кейін ол «Қылы»

аталып кеткен.

Ордаға жұмсалатын қарағайды əскер Қылы көлінің шығыс жақ жиегінен

бастап кескен екен. Ағаш көп кесілгендіктен, ол тұс аумағы кең алаң болып

кеткен.  Орданың  күзетшілері  осы  алаңда,  қылшақты  өзенінің  көлге  құяр

қолтығында,  зиратқа  жақын  тұста,  шымнан  жасалған  балағандарда

отырады  екен.  Аржағында  орда  да  жаяу  қатынасатын  жақын  тұста.  Орда

мешітінің  қасындағы  бір  бөлмелі  қарағай  үйде,  бізге  белгілі  азаншы  –

Ғалиакбар  қарт  тұрады.  Бұл  кезде  ол  жайнамаздан  түсер  халы  жоқ,  белі

бүкірейген,  буындары  босаған,  көзі  бұлдырланған,  құлағы  мүкістенген,

таяқсыз  тұрып  жүре  алмайтын  қарт.  Құр  «ер  қара»  демесе,  күзетке  оның

себі жоқ.

Жыл  жағдайына  қарай  «күзетші»  аталатындардың  үй  саны  көбейіп  те,

азайып та жүретін еді.

Биылғы саны үш үйдің жұрнағы. Олар: айналадағы ағашты атпен аралап

бақылап  жүретін  Орманбай,  қолындағы  тақтай  тоқылдағын,  іңірден  таң

атқанша  қағудан  тынбайтын  –  Тоқпақбай  жəне  сырқатының  аса



ауырлығынан,  орнынан  жылжуға  шамасы  болмай  қалған–Ақпан;  қалған

жандары – анау екі үйдің қатын-қалашы, бала-шағалары.

Күзетшілердің  тұрақ-жайы  шымнан  жасалған  балаған  екенін  жоғарыда

айттық.  Олар  тігерге  тұяқ  жоқ  кедейлер.  Өзге  берер  азығы  жоқ  Шыңғыс

«жайлауға  тиышсыз  мал»  деп,  ешкілерін  оларға  қалдырып  кетеді;  маса,

сонасы қалың орман маңында ешкіден басқа мал шілде айларында шыдай

алмайды.  Күзетшілердің  азығы  –  сол  ешкілердің  сүмесі:  сүттей  де,

айрандай  да  ішеді,  қаймағы  мен  қаспағы  да  қалың  жəне  дəмді  болады,

артылған  сүт  пен  айраннан  құрт  пен  ірімшік  те  қайнатады,  егіз  лақтаған

ешкілердің,  сықарын  есейе  келе  сойып  та  жейді.  Қылшықты  түбіттерін

кіріп  ермек  те  тоқиды,  өлген-жіткеннің  терілерін  илеп  тон  да  тігеді,

қысқасы өскелең ешкілердің күзетшілерге одан басқа да көрсетер пайдасы

көп.  Шыңғыстың  күзетшілерге  көліктен  қалдырары  –  төрт-бес  есек.  Өзге

көлік  жаз  айларында  бұл  араға  шыдамайды.  «Шыбын-шіркейге  шыдамды

болады»  деген  соң,  Шыңғыс  есектерді  Орта  Азиядан  келетін  өзбек

сəудегерлерінен сұрап алған. Жалғыз ат – Орманбайдың ғана келіп.

Шоқан  Қылы  көлінің  жағасына,  күзетшілер  балағаны  жағынан  күн

кештікке қарай ойысқан шақта ілікті. Төбелері шошайған балағандардың не

нəрсе  екенін  білмей  келе  жатқанда,  көзіне  көл  жағасының  тақырында

жусаған  бір  топ  ешкі  ұшырады.  Маңында  мал  жүргенге  балағандарды

«кісілер  тұратын  күрке  болмағай  еді»  деп  жорамалдады  Шоқан,  Тақырға

жусаған  ешкілер  тұсында  біреу  ербиеді.  Содан  жөн  сұрау  мақсатымен,

Шоқан  делбешіге  соған  қарай  ойыса  жүруді  айтты.  Таянып  келсе,  қара-

дүрсін  киімді  жас  қыз!..  Қолында  бауынан  білегіне  ілген  кішкене  ағаш

шелек.  Жолаушыларға  таңдана  қарап  тұрған  қыз  олар  жақындаған  шақта

киіктің  аңдаусызда  алдынан  арыстан  шыға  келген  лағындай  аңырып  тұра

қалды  да,  сол  лақтың  халіндей,  жүрегі  тас  төбесіне  шығып,  өкпесі

алқымына  тығылып,  тұла-бойы  дірілдеп  кетті.  Қатер  төнгенде  қашып

құтылудан  басқа  жəрдемшісі  жоқ  жəндіктей,  Айжан  да  балағандарды

беттей  жүгіре  жөнелді.  Шоқан  оның  жалт  еткен  көзінен  Айжан  екенін

байқап  қалды:  шешесіне  тартқан,  үлкен  қара  көз!  Беті  бала  шағынан  гөрі

сомдана,  қызғылт  шырайы  құлпыра  түскен  сияқты.  Бірақ,  жалпы  бет

бейнесі  сүйір  иектенген.  Денесі  бала  кезінен  əлдеқайда  биіктеген!  Бұл

түрінде  жасы  он  екі,  он  үште  емес,  он  бес-он  алтыда  дерлік  үстіне  ілгені

етегі  тізеден  төмен  түскен  қазақы,  жалаң  ескі  көйлектен  дене  мүсіні

аңғарылмады. Бала шағындағы қою қара бұйра шашы өсіп, өрген екі жуан

бұрымы тірсегіне тиеді.

– Айжан! – деп қалды Шоқан, еркінен тысқары, қатты дауыспен.

Дауысты естігенмен қыз тоқырамады, жүгірісін жылдамдата түсті...

Əлде, Айжан емес пе? – деген күдік кірді Шоқанға,– бола қалған күнде,

мені  танып  жалт  берді  ме,  танымай  жалт  берді  ме?  Бұл  жатырқауы  ма,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет