Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған «Ерлігің естен кетпес»



Дата27.02.2020
өлшемі28,67 Kb.
#57744
Совет Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған

«Ерлігің естен кетпес» тәрбие сағаты.
Дайындаған және өткізген №31 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі- Ибраева Қалдыбала Алдабергеновна,

Астана қаласы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Бауыржан Момышұлының өмір жолы арқылы оқушылардың санасында Отан алдында әр азаматтың борышы бар екендігін сезіндіру, іскер, мәдениетті, халық салтын сүйетін, тілін, жерін қастерлейтін, отансүйгіш жеткіншек тәрбиелеу.
Бұл тәрбиелік мәні үлкен шара осы тәрбие сағаты өткізілген

мектеп-гимназияның оқушылары түгелдей дерлік өзге ұлт өкілдері болуы және олардың ата-аналары қонақ ретінде шақырылуы себепті, оқушылардың қызығушылығын арттыру, қазақ халқының аты аңызға айналған сүйікті ұлы Бауыржан Момышұлыны өз жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін терең түсіндіру үшін екі тілді араластыра дайындалды.


Көрнекілігі: Бауыржанның суреті, ол туралы кітаптар көрмесі, Жамбыл

облысының картасы, «Ерлігің естен кетпес», «Человек -

легенда» атты екі қабырға газеті, батырдың соғыс кезіндегі,

соғыстан кейінгі өмірі, документалді фильм жөнінде слайд

көріністері, «Аңыз адам» журналы, газет мақалалары, оқушы-

лардың шығармашылық жұмыстары, «Батырдың өмірі-

келесі ұрпаққа үлгі» тақырыбына әдеби-библиографиялық

шолу тізім і.


Мұғалімнің алғы сөзі:
Құрметті оқушылар,ұстаздар!

2010 жылы біздің Отанымыздың тарихы үшін аса белгілі жыл,жеңіс күніне 65 жыл толды. Қазақстан халықтары басқа халықтармен бірге

Ұлы Отан соғысына қатысып отан қорғау жолында жан аямады.Фашизмді жеңген ерлердің өшпес ерліктері біздің жүрегімізде әрқашан сақталады, Батырларымыздың атақ даңқы мәңгі ұмтылмайды.

Қазақ халқының атақты ұлдарының бірі- Совет Одағының батыры,

«Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлы. Оның есімінің ерекшелігі сондай, биылғы жылы батырдың 100 жасқа толу мерейтойы ЮНЕСКО

аясында аталып өтеді.Қазір сіздер аты аңызға айналған батырдың өмірінен қысқаша мәлімет тыңдайсыздар.

Сахнаға бірнеше оқушы шығады.

1-жүргізуші оқушы:

Бауыржан Момышұлы - Совет Одағының батыры, жазушы,

Әскери ұстаз,әскери философ.Ол желтоқсанның 24-де, 1910 - жылы

Жамбыл облысының, Жуалы ауданында малшының отбасында дүниеге келген. 1929- жылы 9 жылдық Әулиеата мектебін бітіреді.

1934-жылға дейін әртүрлі қызметтер атқарады: раийсполкомның жауапты хатшысы, аудандық атқару комитетінің бастығының орынбасары, аудандық прокурор,ауылшаруашылық аудандық кооперативтің бастығы.

1934-1936 жылдары Ленинград финанс академиясын бітіреді.

1932 жылы Бауыржан шұғыл әскери қызметке шақырылады, 14- тау-атқыштар полкіне жазылады.

1941 – жылы 316-атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады.



1-оқушы:

Атыңды мен естідім –

окоптардан

Ормандардан ,

оқ жосып бұтақталған

Жауынгердің аузынан

Москва үшін

Атой беріп

айбынды атақты алған.

2- оқушы:

Атыңды мен естідім -

өрт ішінен

Жалын шалған,

шоқ шалған,

өрт түсіңнен

Қан жосадан,

қаһарлы аңыз тарап

Дауысыңнан,
Майдангер ер түсінген.
3– оқушы:

Атыңды мен естідім –

Шырқап таңнан,

Бұлбұл қонып,

Жайқалған бұтақтардан,

Өлеңінен

Өзімдей ақындардың

Өзіңдей шебер жазған

Кітаптардан.

Сол атың

Алыстарға таныс бүгін

Халықпен,

Заманамен тоғысты үнің.

Құрметтейді

Әрқашан тұрғыласың,

Ардагер Отан ұлын,

Момышұлын.

2-жүргізуші оқушы:
Бауыржан Момышұлы отличался характером твердым и

прямым. Говорил всегда и всем только то,что думал, никогда ни под кого не подстраивался. Будучи требовательным к себе, требовал многого и от других. Его идеи в области тактики отличался смелостью и новизной. Его героизм в битвах под Москвой стал легендой еще в годы войны.

Огромной любовью к простым солдатам, к Родине признана его книга

«За нами Москва» , посвященная боевым подвигам гвардейской Панфиловской дивизии. Помогали ему в написании правды о войне и те 38 тетрадей – дневников, что вел он на фронте, вел в любых условиях на марше, в окопе, в снег и даже в окружении.


Слайдтар көсетіледі: «Аты аңызға айналған батыр.»


Бірнеше оқушы ортаға шығып, батырға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқиды.

Жүректе оты жанған жігіт едің,

Атаның алып қалған үміт-кегін;

Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға,

Қазақтың қайсар ноян жігіттерін.
Еріндей ертегінің қайта туған,

Ашуың атқан толқын айбатыңнан;

Кегінен қалың қазақ қайнап жігер,

Тасыған қайратыңмен жауға атылған.

Қаһарман қар бораған қабағыңнан

Қанқор жау қалтыраған қамалыңнан.

Тапталған дүлей дұшпан табаныңа,

Тәйірі, қазақ деп пе ең таба қылған.


Жеңіске жорығыңды жолдау үшін

Жайпаған жаудың талай жолдағысын.

Жалындай аспанға ұшқан атағымен,

Мәліктей жойқын күшті жолбарысың.


Өзіңнің арта берсін өр атағың,

Айбынды сүйген ұлы бол атаның!

Мақтансын туған елің дабысыңа,

Қорғаған батырым деп ұлы Отанын.


Жарқылдап жау үстінде қаруларың,

Көтерсін қазекеңнің аруағын,

Білсін жау бір ел барын қазақ деген,

Ашынса көрсетпейтін жауына күн!
Бастай бер жасағыңды алдан-алға,

Дауылды тоқтататын қамал бар ма?

Сондай-ақ азаттықты алып жөнел,

Туысқан тұтқындағы адамдарға!


4– оқушы:

Мы гордимся тем, что являемся потомками отцов – победителей. Мы гордимся тем, что продолжаем традиции старшего поколения, свято чтившего дружбу и единство народов. Ведь Победа над фашистской Германией состоялась благодаря Великому патриотизму, единству народа.


5- оқушы:

«Нам известны военные подвиги Бауыржана Момышұлы.

став писателем, он совершил второй подвиг. Оба подвига, на мой

взгляд, равноценны»,- говорил писатель Петр Вершигора.


Алысқа даңқы тараған,

Ақ пейіл досым, әрі ағам

Бауыржан батыр, талайдан,

Бересім қанша бар оған.


Бауыржан бірі досыңның,

Бауыржан басы қосынның.

Дүбірлеп жетті құлаққа

Сарыны қатты осы үннің.



6-оқушы:

Б.Момышұлы сочно и страстно,глубоко и страстно говорил

и писал на двух языках . Он понимал это так: «Родной язык – с родным соединяет, русский язык с другим сближает».
1-жүргізуші :

Халық жазушысы Қалижан Бекхожин соғыстан қайтқаннан кейін Баукеңмен жиі араласып дос болып кеткенін есіне алып, табиғатында, ереуілді тұлғасында, мінезінде өр ақынға тән қасиеті бар Баукең майдан

тұсында кейбір бұрқанған шақтарында өлең де толғаған екен дейді.
7-оқушы: батырдың «Осылай болғым келеді.» өлеңін жатқа оқиды.
Ойға,ойға батқым келеді.

Ойды оймен толқытып,

Шалқып, шалқып аққым келеді.

Сезімге,сезімге батқым келеді,

Сезімді сезіммен жандырып,

Рақатын,

Рақатын тапқым келеді.

Мен, өзім сүйген әлемді

Мерекелі еткім келеді.

Бей-береке дүниені

Берекелі еткім келеді.

Мен,өмірге,

Өмірге енгім келеді.

Өмірсізге

өмірімді бергім келеді.

Ауруға

ауырып барғым келеді,

Оның ауруын жұлып алғым келеді.

Ажалға ажалмен төнгім келеді.

Өмірді,


Өмірді жұртқа бергім келеді,

Шіркін, поэзия!

Саған жанымды қиғым келеді.

Өлеңді өлең боп ұшырып,

Қанатынан сүйгім келеді...
2-жүргізуші :
Батыр туралы жазушы Александр Бек былай деп әңгімелейді:

Я долго искал человека, который мог бы рассказать о битве под

Москвой, человека, чье повествование охватило бы замысел и смысл

операций и вместе с тем повело бы туда, где проверяется и решается

все,- в бой.

Я отправился к панфиловцам и, еше не ведая ни имени, ни звания

человека, который расскажет историю великой двухмесячной битвы, верил: я встречу его.

И, действительно, встретил.

Это был Бауырджан Момыш-Улы,в дни битвы под Москвой старший лейтенант, а теперь, два года спустя, гвардии полковник.

Слушая, я приглядовался к нему.Этот казах свободно владел

богатством русской речи. Даже в минуты волнения он не коверкал слов и оборотов.Лишь некоторая неторопливость речи казалась иногда наро-

читой. Впоследствии я подметил: слова текли быстрей, когда он разгова-

ривал по-казахски.
1- жүргізуші :

Вышедшие из – под его пера крылатые слова восхищают

точностью и глубиной, красотой и человечностью. Его меткие высказы-

вания поражают многогранностью и разнообразием.

Например: 1. Намысты нанға сатпа. Честь за хлеб не продавай.

2. Ұлттық сезім, ең лайықты сезім.Национальное чувство- достойнейшее из чувств.

3. Отан үшін отқа түс, күймейсің. За Родину в огонь войдя

Не сгоришь.

4. Әділдік асықпайды – бірақ оның келері анық. Справедливость

поспешает медленно, но приходит неизбежно.

5.Сын- ерді шыңдайды,

Қорқақты қинайды.



  1. Армия- азаматтық зор мектеп.

Жеке солдаттың тәжірибесі- жақсы мектеп.

Ал бүтін взводтың тәжірибесі- университет.

7.Устав- бейбіт күнде заң.


Мұғалім (жүргізуші) батырдың 100- жылдық мерейтойына

арнайы режиссер Қалила Омаров «Қазақтың Бауыржаны» атты

деректі фильм түсіргені туралы айтады.Фильм түсіру барысындағы

көріністер слайды көрсетіледі.

Мұғалім: Батыр ата бір сөзінде: « Мен батыр емеспін, мені батыр

Қылған- халқым. Соғысқа барған ерлердің бәрі менен кем емес еді.

«Қаһарман» деген сайын , халық мені күнде сондай ерлік жасайды деп ойлап жүретін болса керек. Адамның тек бір ғана ерлігі оны аңызға, қаһарманға айналдырып жібереді. Менде де сондай бір сәт болған шығар»,-депті. Яғни,бұдан батырдың кішіпейілдігін көреміз. Алды-артын

ақыл-оймен барлай білген, зерделей білген өр тұлға.



2- жүргізуші :

Соғыс аяқталған соң, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы

Жоғары әскери академияны бітіреді. Калинин қаласында әскери академияда сабақ береді. 1953-жылы академик Ван-Чон-Худың

Басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.1950-1955-жылдары

әскери академияда сабақ береді.1963-жылы Куба үкіметінің қайта- қайта

шақыртуымен 10 күндік сапарға барып қайтады.

1952-1956-жылдары «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» деген алғашқы кітаптары жарық көреді.Кейін «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдандағы кездесулер», «Генерал

Панфилов», «Төлеген Тоқтаров»,»Куба әскерлері», «Ел басына күн туса»,

«Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б. кітаптары жарыққа шығады.

Б.Момышұлының шығармалары екімиллион тиражбен басылып

шығарылды. Куба мен Израилде – 20 рет, Польшада – 15 рет, Чехославакияда – 13 рет басылды.

Көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға



1982- жылы 10- маусымда дүниеден өтті.

1990-жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ беріледі.


1-жүргізуші :

Куба, Израиль,Никарагуа елдерінде Бауыржан Момышұлының

әскери тәжірибесі арнайы оқытылады. Соғыс уақытында жазған ең қомақты еңбегі «Соғыс психологиясы». Батырдың бұл еңбегі ағылшын тіліне аударылды және бұл шығарма отандық әскери философияның негізі болып саналады.

Халқы өз ұлының еңбегін жоғары бағалады, 1990-жылы 80 жылдық мерейтойы қарсаңына жазушыға «Халық қаһарманы» атағы берілді.

2010- жылдың 22-қыркүйегінде «Өнер» баспасынан батыр-жазушының 30 томдық академиялық шығармалары жарық көрді.

Туған жері Жуалыда үлкен мұражай ашылды. Жазушының еңбектерін баспаға даярлауда «Бауыржан Момышұлы мұралары – XXI ғасыр

көгінде» атты ғылыми жобамен ғылыми қызметкерлер тобы жұмыс істеді.

2- жүргізуші:

Сам Бауыржан Момышулы говорил: «Мои судьи время и народ.

Герои рождаются для народа и умирают за народ».

Он писал свои книги кровью сердца, они поражают беспощадной

правдивостью.

Слова писателя остались на бумаге для нас,а сам он прошел земной путь ни разу не согнувшись перед властьимущими, глядя прямо, держась гордо, терпя страдания от прямоты своего народа.


8-оқушы:

Мен Бауыржан Момышұлымын - я – знаменитый полковник.

Я признан как полководец – как воин, не только в Казахстане, не только

В Советском Союзе, а во всем мире. Я писатель, я ученый – философ, психолог. Я – поэт, я – инженер...Все это говорится без ложной скромности, на все эти перечисленные вещи у меня имеются документы.

Со мной шутить можно, но баловаться нельзя.

Служу Советскому Союзу.


9- оқушы:

«Он истина и легенда, ироничный и своевольный. Он –

«феномен казахского народа»,- так пишут известные писатели –

Поэты Ч.Айтматов и М.Шаханов в своих книгах- диалогах.

(« Плач охотника над пропастью», «Исповедь на исходе века»).
А сколько легенд при жизни писателя сложил казахский народ:
10– оқушы:

Вы слышите

Слава героя гремит

Как горный поток по весне.

И девушкам снится бесстрашный джигит,

Летящий на белом коне.

Я много прошел тропинок и трасс,

Не мало увидел я стран,

И вместе приветствия слышал не раз:

Москва, Казахстан, Бауыржан

С.Муканов.

11– оқушы:

Я счастлив тем, что в этом мире,

Где зори не всегда светлы,

Поются песни о батыре ,

Достойнейшем Момышулы.

Я восхищаться не устану

И молодым им, седым.

Пускай подобных Бауыржану

Все больше будет рядом с ним.

И каждый пусть его восславит

Сейчас, сегодня, не потом

Нас Время петь еще заставит

В прошедшем времени о нем.

К.Садыков



Мұғалім:

Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға саған тартылмаған.

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған.
Қандай сый тартсам екен, аға, саған

Білмеймін жараса ма, жараспай ма?!

Ешбір сый таба алмасам, аға, саған

Аппақ тонын атамның – теберігін,

Жүзге кел деп арқаңа жаба салам! – деп 1979 жылы

Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, XXI – ғасырдың жас ұрпақ, жаңа ұрпақ ақындары да талай жырлар арнайтындығына сенімдіміз.Халық жазушысы Тахауи Ахтанов: «Тағдырдың өзі Отан соғысының тамаша қаһармандары арасында осынау біздің елімізде ғана емес, өзге елдерге де атағын аспанға шығарған аптал азаматты айрықша алға тартып, әдейі ұлыға балатқандай. Есімін ауызға алмақшы адамның бейнесінен қазақ халқы өзінің бұрынғы, байырғы ерлік бітімін көріп қана қоймай, жарқын ойын да, алмастай жарқылдаған жігер – қайратын да, батырлық – батылдыққа, жақсылық атаулыға құштарлығын да,өз ұлтына тән пейіл – пиғылын да аңғарған,білген, сезген», - деп ой толғаған.

Бауыржан Момышұлының өз халқына ұқсаған сом тұлғасы солай пайда болған.

Ол туралы түсірілген документалді фильм туралы айтылады және қысқа хабар көрсетіледі. Кітапханашы батыр туралы әдебиеттерге шолу жасайды.



Батырдың өзі жазған өлеңдері оқылады, оның сүйікті әні «Катюшамен» тәрбие сағаты аяқталады.



Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет