Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


«…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген



бет18/20
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#33115
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




«…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген

Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлы па?

Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:

– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

Жомарт айтты дейдi:

– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.

Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» — адамға тән қасиет, «Атымтай» — адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, «жуван» жас, жігіт, «мард» — адам де

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.  Ақын шығармалары  осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қалады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған.

Сандаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің жорық жолын дәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді. Тек бір ғана шығыс елдерінің өзінде Балами, Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты таланттардың негізгі шығармалары Александрдың жорық жолдарын уағыздауға арналған. Оның сыртында халық атымен айтылатын көптеген аңыздар қаншама!

пікір. Өйткені Абай – Ескендір тақырыбын былай қойғанда, орыс әдебиетінің Сондай-ақ, Абайдың «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп барып, «Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы ер көңілді, мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен» деген сөздері де Ескендір тарихшыларының еңбектерімен бір жерден шығады. Оның македониялық патша Филипп ІІ-нің баласы екені де, кішкентайынан мақтан сүйгіш, жүректі және аса тәкаппар болғаны да рас. (Әйгілі гректер… 1977, 224-б). Абай одан әрмен Ескендірдің халін:

Филип өлді. Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды.

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау болды, тұра аттанды. 

Көп елді күтінбеген қырды, жойды,

Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды, —

 деген жолдармен баяндайды. Бұл да ақиқаттан алшақ емес. Филипп өліп, Ескендір таққа отырғанда не бәрі жиырма жаста ғана болған екен. Оның таққа отыра сала, көршілеріне қырғындай тиюі де – тарихи шындық. Міне, осы жайлардың ұзын ырғасын Абай ақын әлгіндей жолдармен баяндайды да, оның жорықтағы табыстары арта түскен сайын, аранының ашылып, күллі әлемді жеке  билемек болған ниетін былайша хабарлайды:

Ескендір елде алмаған хан қоймайды,

Алған сайын көңілі бір тоймайды.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердің жүзін алуға ой ойлады.

Бұл да шындық. Ақын пікірінде, осылардан арылмаған адам – өзін қаншама ақыл, ерліктің, шексіз биліктің иесімен деп түсінсе де, төңірегі солай деп бағаласа да, оның шамасы белгілі, ол «есер» адам. Сондықтан да Абай оқырманына бағыштаған негізгі ойын:

Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Тоймас көзің толар деп қайғы жеме, —

деген сөздермен бітіреді.         

Бұл сөздер – қазақ ақынының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі адамгершілікке үндейтін насихаттарымен тамырлас. Бірақ, поэма сюжетінің оқырманын «бес асыл іс», «бес дұшпан» туралы өлеңге қарағанда көбірек ойлантары хақ. Абай соны тереңнен ойлап, тап басқан, сондықтан да осындай әрекетке барған. Оған жоғарыда келтірілген бір шумақ дәлел. Онда «тоймас көз» сюжетінің не үшін әңгіме болғанын және оның «өзге сөздің бірі» емес, мағынасы терең әңгіме екенін айқын аңғартады. Сөйтіп, ерте дүние билеушісі Ескендір жайында Абай игерген тарихи материалдар мен фантастикалық сюжет ақынның оқырманына жоғарыда айтқан пікірлерді жеткізу үшін, сол арқылы ғибрат алуға үндеу үшін қызмет еткені анық. 



ген Начало формы

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние–ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз



Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен — ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да «Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.
Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.
Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда көрдім шоқырағын,
Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып әкең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағым.
Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.
Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет