Абдолла Ишан мешіті



бет28/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Керей ханның қыстауы.
Мойынқұм ауданы, Хантау тауы аймағында жергілікті жұрт аузында «Керейдің қыстауы», «Орта хан тағы» «Хан сатысы» деп аталатын тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштер ашы­лып, есепке алынды.
Хантаудың қыс қыстауға қолайлы болуы, тау беткейлерінде отын болатын тобылғы, ал солтүстік шығысындағы Жусанды даласында сексеуіл сияқты қызуы күшті ағаштар өседі.
Тұрғындар қыс кезінде отын жағынан таршылық көрмеген. Сол себептенде Хантау жері қазақ халқының қыста тұрақты жай салып мекендеген басты жерлерінің бірі болған.
Хантаудың шығыс жағында Керей ханның «хан қорасы» деген қорасы бар. Табиғи дөңгелек жартастың ортасындағы қораны ХХ ғ. 50-60 жж. дейін пайдаланылып келген.
Қораның ішінде 30м жерде ханның мініс аттары тұратын орны бар. Бұл жерде ұзындығы 10м биіктігі 2-3м үлкен бір тас тұр. Түбінде тастан жасалған
ақыры бар. Хан қорасы осы мініс аттар тұратын жерден екі бөлікке бөлінеді. Бірінші шығыс жағындағы қораның ені 18м, ұзындығы 24м. Ал екінші, батыс жағындағы қораның ені 16м, ұзындығы 20м. Бірінші қораның оңтүстік жағында қораға кіретін екі ашық жері бар.
Бұрын-соңды тарих ғылымында аты айтылғанымен, нақты ғылыми деректермен негізделмеген «Керей ханның қыстауы» орта ғасырлардағы және хандық дәуірдегі қазақ тарихы үшін тың жаңалық болып отыр.

Керімбай Бұралқының зираты, ХХ ғғ. басы.
Керімбай Бұралқыұлы (1862-1924) болыс, ағартушы, сазгер зираты - Жуалы ауданы, Құмсуат ауылынан оңтүстік-батысынан 800 м, Тоғызтарау ауылының оңтүстік-шығысынан 5,2 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 2013 ж. «Археологиялық сараптама» ЖШС ескерткіштер жинағы экспедициясы тауып, зерттеген болатын.
Керімбай Бұралқыұлының басына қойлыған мазар ХХ ғ. 50 ж. тұрғызылған. Қазір ол жерде сәл ғана ойыла құлаған зират орны бар.
Мазар алты қырлы конструкциялы, алты қырлы жақтауға орнатылған қабырға негізі 3 м, жақтауларының ені 4 м. Қабырғалары қызыл кірпіштен тұрғызылған, ішкі жағы цементпен қапталып, әктелген. Портал-күмбезді типті мазардың кіре берісінің ені 1,1 м, биіктігі 2,7 м.
Керімбай Бұралқыұлы ХХ ғ. басындағы болыс әрі ел басқарушысы болған тұлға. Ұрпақтарының есінде Керімбай образы өктем, қатал, бірақ өз жерлестерінің пікірін қолдаушы адам ретінде қалғаг. Керімбай Бұралқыұлы Жуалы ауданына қарасты Билікөл маңында дүниеге келген.
Әулиеата уезінде 19 жасында болыстыққа сайланып, ұзақ жылдар осы салада абыройлы қызмет атқарған. Ол елді диханшылыққа, сауда-саттыққа, кәсіпшілікке ұйымдастырған. Тұз өндіретін, балық аулайтын бірнеше кәсіпорындар ашуға ұйытқы болған. Керімбай болыстың ағартушылық қызметімен де ел аузында аты қалған.
1888 ж. ол мешіт салдырып, орыс-бұратана мектебін ашады. Тараз қаласындағы №12 мектепті қазақ балалары үшін Керімбай болыс интернат етіп салдырған.
Өз заманында көзі ашық, сауатты кісі болған, күйші сазгерлігімен де аты шыққан. Ол 1912 ж. Ташкент қаласында өзі жинастырып құрастырған қазақ шежіресін де бастырып шығарған.
Керімбай болыс туралы жазушылар А.Ормантай, Б.Әбділдаұлы, Ә.Жүргенов, Ы.Сағынтаев өз еңбектерін арнаған болатын.
Ашаршылық жылдары, Әулиеатада Тұрар Рысқұлов асханалар ұйымдастыра бастағанда Керімбай Бұралқыұлының басшылығымен Билікөл, Меркі, Алмалы-Ботамойнақ, Күйікте аштарды тамақтандыру орталықтары ашылған.
Керімбай Бұралқыұлы 63 жасында дүниеден озған. Ол Жуалы ауданындағы Тоғызтарау жеріне жерленген және қазіргі кезде оның құрметіне бірқатар жер - су аттары сақталып қалған. 
Әдебиеттер:

  1. Байдалиев Д.Д.. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. Тараз, 2007, 96 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет