Абдолла Ишан мешіті


Әдебиеттер: Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. – 204 б. Қарақожа мешіті



бет31/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Әдебиеттер:
Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. – 204 б.


Қарақожа мешіті

Қарақожа мешіті Талас ауданы, Ойық ауылына қарасты Сейілбек елді-мекенінен 1 шақырым солтүстік-шығыстағы тегіс жазықта орналасқан. Мешіт құрылысына 1945 ж. бастап арнайы мамандар тарапынан ғылыми-зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.


Мешіт 1909 ж. салынып, ХІХ ғ. Шу-Талас өңірінің сәулеттік құрылыс үлгісінде безендірілген. Құрылысы төртбұрышты, күйдірілген кесектен өрілген. Шығыс қапталы аркалы айва, үсті бірдей көлемдегі тоғыз күмбезбен көркемделіп жабылған. Тек залдың михраб қуысы орналасқан тұсының күмбезі біршама биіктеу. Бұл діни құрылыстың көлемді жобадағы маңыздылығын ерекше көрсетіп тұр. Биік емес қасбеті қыш кірпішпен қаланып, сыланған. Орталық михрабта хиджра жыл санауы бойынша 1327 ж. жұмыстың орындалғандығы жазылған.
Заманында Қарақожа мешітін салуға Жұпан ананың ықпал еткен. Жұпан ана текті әулетке келін болып, бата дарыған, жұбайынан жастай жесір қалса да қайсарлық үлгісін танытып, осы тарихи нысанды тұрғызуға басшылық жасайды. Әуелі Тәшкенге барып, сол жерден ұста-шеберлер әкеліп, осы мешітті салдырады. Мешіт құрылысы аяқталған соң, он төрт жасар Қарақожаны сол жерге имам етіп тағайындайды. Мешітті салдыру барысында сол маңдағы халықты д сауапты іске жұмылдырған. Қарақожа мешіті қазақ даласындағы Ұлы Отан соғысына дейін елге қызмет еткен, имандылыққа тәрбиелейтін киелі орындардың бірі болған.
Бүгінгі күні Талас өңіріндегі ең көрікті сәулет ескерткіштерінің санатында. Мешіт Бөлтірік шешен мемориалымен қатарлас орналасқан бір кешенді құрайтын, көпшіліктің жиі келіп тәу ететін қасиетті орындардың бірі.


Әдебиеттер:
1.Дәдебаев Ж. Талас аңыздары. – Алматы, 2002. – 72 б.


Қарақоңыз петроглифтері.

Қола дәуіріне тән, Қарақоңыз петроглифтері Қордай ауданы, 1-ші Күнбатыс ауылының солтүстігінде 3,5 км жерде, Батыс Жіңішке өзенінің оң жағалауында орналасқан.


Петроглифтерді алғаш рет 2009 ж. Қордай ауданы ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С.Ақылбек, С.Пәрменқұл) зерттеп, координаттарын алған.
Жартасқа салынған суреттер қырық үш тастың бетінде кездеседі. Бұлардың ішіндегі басым көпшілігі тау ешкілерінің бейнелері болып келеді. Суреттер ішінде көпшіліктің қызығушылығын туғызып отырған садақ асынып, ат мініп, тазы ерткен аңшы бейнелері бар. Сондай – ақ садақ кезеніп тұрған жеке адам бейнелері мен өгіз аулап жатқан көптеген адамдар, қазіргі кезге көмескіленіп жеткен ит бейнелері кездеседі. Суреттер нүктелеу және сызу тәсілімен салынған. Тас беттері қоңыр түске ысталған.
Қазіргі кезде Қарақоңыз шатқалында мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша бар. Бұл түрлі өсімдіктер мен ормандарды қорғауды күшейту мақсатында құрылған. Мұнда өсімдіктердің 520 түрі кездеседі.


Әдебиеттер.
Абдуалы А.Б., Торбеков И.С., Жапсарбеков Г.П., Дуйсембаева А.Т., Джоланов Е.Е. Жамбыл облысының танымал және жаңа туристік маршруттары. - Тараз, 2018, 45б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет