Абдолла Ишан мешіті



бет32/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Қарахан кесенесі

Қарахан кесенесі Тараз қаласының орталығында ХІ ғ. салынған сәулет өнерінің қайталанбас ескерткіші. Кесене төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш жанама бөліктен тұрады. Төбесі киіз үй тәрізді күмбезбен жабылып, алдыңғы қос қапталына мұнаралар тұрғызылған. Құрылыс толықтай күйдірілген кесектен өрілген. Кіреберіс маңдайшасында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген Құран сөздерімен өрнектелген. Кесененің алғашқы құрылысы қирап, ХХ ғ. басында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.


Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Шах-махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына тұрғызылған.
Қарахан өз заманында аса данышпан, құдіретті билік иесі болған. Заманында дүниені дүр сілкіндірген атақ-абыройға ие болған. Мансапты билік пен шексіз байлығына қарамастан, қарапайым тұрмыс кешкен.
Х ғ. екінші жартысында көшпелі түркі тайпаларының арасында Қарахан тұлғасы аңызға айналып, оларды бір тудың астына біріктіруге шақырған идеологиялық ұстаным ретінде көрініс табады. Нәтижесінде Жетісу, Шу, Талас өңірін қамтитын Қарахан мемлекеті орнайды.
Қарахандықтар дәуірі кезінде елдің тұрмысы жақсарып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болған. Ел билеген Қараханды халқы мәртебелі қайраткер ретінде бағалап, әулие тұтып, оның құрметіне кесене салған. Кейін арада жүздеген жылдар өтіп, Тараз қаласы қирауға ұшырап қалған кездің өзінде, қала қирандыларының арасынан бой көрсетіп тұрған кесене жергілікті халықтың жадында қалған.
Қарахан жайлы аңыздардың дені Айша бибі тағдырымен байланысты. Сүйген сұлуы Айшадан қапыда айырылып қалған Қарахан оның басына кесене орнатады. Өзі де өмірден өтер шағында Айша бибінің кесенесі көрініп тұратындай етіп жерлеуді тапсырады.
Міне содан бері мың жыл уақыт өтсе де Қараханның ардақты есімі елінің абыройы, оның басына қойылған кесенесі ұрпақтан-ұрпаққа тарихи сәулет ескерткіш болып жетіп отыр.


Әдебиеттер:

  1. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2012. Т. 85: Тарихи аңыздар. – 416 б.

  2. Ошанов О. Тараз - Жібек жолының інжу-маржаны. Тараз - Жемчужина Шелкового пути. Taraz -Рearl of the Silk Road. – Алматы: Таймас, 2014. – 296б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет