Абдолла Ишан мешіті


«Қозыбасы» Қазақ хандығының туы тігілген жер



бет33/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

«Қозыбасы» Қазақ хандығының туы тігілген жер

Балқаш көлінен оңтүстікте, Хан тауынан солтүстік – батыста, Жамбыл тауынан шығыста жатқан кең алқаптың ортасындағы жота «Қозыбасы» - деп аталады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ халқы Мойынқұм даласына келіп хандық құрып ту тіккен Қозыбасы тауы ел тарихындағы маңызы жоғары қасиетті орындардың бірі.


Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығының құрылған жері Шу бойындағы Қозыбасы екендігі айтылады. Ш. Уалихановтың еңбектерінде «Қозыбасы» деген екі жердің аты аталған. Оның біреуі Верныйдан екі күндік жерде орналасқандығы көрсетіледі де, екіншісі белгісіз. Тарихшы-ғалым С. Жолдасбаев «Қозыбасы жайлауында Керей хан болған. Ал Шу деген жері қазіргі Шу теміржол бекетінің аймағында Үлкен Хан таудың шығыс жағында «Хан қорасы», «Хан сатысы», Хантауда «Үлкен хан тағы», «Кіші хан тағы» (немесе Бала хан тағы) деген тас хан тақтарының бар екендігі анықталды» - деп жазады.
Мойынқұм жеріне Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне байланысты бірнеше аңыздар сақталған. Соның бірінде, Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап шыққан ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлап, өздерін «қазақ» деп атапты. Керей мен Жәнібек сұлтандар Шудың бойына шәһар салдырыпты, олардың жаз жайлауы Қозыбасы, Хан тауы мен Жамбыл тауларында, ал қыстауы Шудың бойы мен Мойынқұм екен. Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті. Керей хан дүниеден қайтқанына екі жыл толғанда оның ұрпақтары мен Жәнібек сұлтан Сырға қайта көшіпті. Бұл кезде Жәнібек аты Шу мен Сырға, Арқаға белгілі әрі батыр, әрі ақылды, ел құрметіне бөленген сұлтан екен делінген.
Келесі бір деректерде, хан сайлауы кезінде ел жабыла қозы сойып топтанып етін жейді, бас сүйектерін бір жерге жинайды. Сөйтіп, бас көп үйілген жер «Қозыбасы» - аталған десе, енді бірінде шоқы қозының басына ұқсағандықтан «Қозыбасы» - аталып кеткендігі айталады.


Әдебиеттер:
Валиханов Ч.Ч. Из «Тарих-и Рашиди». Сорание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата, 1985. – Том 4. – 463 с.
Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (6-13 ғ. басы). Бірінші бөлім. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 210 б.
Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: Сардар», 2014. – 520 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет