Абдолла Ишан мешіті



бет30/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Қали Жүніс моншасы
Қали Жүніс моншасы 19 ғ. басында Байзақ батыр және Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан архитектуралық ескерткіш. 1986 және 2002 ж. зерттеліп, қайта жаңғыртылған.
Монша Әулиеата кезеңінің сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Атақты Ибн-Сина да көп еңбектерін монша тақырыбына арнады. Ол моншаның бөлмелері кең және жарық, бір қалыпты жылы, суының мол болуы, қабырғалары жан жадырататын суреттермен безендірілуі адам ағзасына зор пайдасы барын жазған.
Монша тек қана тәнді тазалап қоймай саясатшылардың, саудагерлердің, әскерилердің, қала тұрғындарының көптеген мәселелерін шешетін, тынығып дем алатын орны да болған.
Моншаны Әулиеата қаласының тұрғыны Қали Жүніс өз қаржысына 1906 ж. салдырған. Салтанатты 10 күмбезбен көмкерілген, түрлі көлемдегі 10 бөлме бар, олар бір-бірімен аркалы өткелдер арқылы жалғасқан. Қабырғаларының қалың болуы, ауа айналымына арналған күмбез ұшындағы саңылаулары кішілеу келген терезе ойықтары, еден асты жылыту жүйесі, ортағасырлық Шығыс моншаларына тән.
Ауладағы құдықтан шығыр арқылы шығарылатын су монша ішіндегі қазандыққа жеткізілген. Монша күндіз-түні үздіксіз жылытылып отырған.
Қали Жүніс моншасы өткен ғасырдың 20-шы ж. дейін жұмыс істегені тарихтан белгілі.
Тариха деректерге қарағанда, Қали Жүніс өте қарапайым тұрмыс кешкен екен. Ол монша салдыру үшін Ферғана мен Бұқара қаласынан шеберлерді шақырады. Алыстан ат арытып жеткен шеберлер Қали Жүністің тұрмыс тіршілігін көріп, монша салдыруға қаржысы барына күмән келтіреді. Сонда Қали Жүніс шеберлерді үйіне кіргізіп алтын мен күміске толы екі сандықты ашып көрсеткенде, олар естерінен тана таңқалған екен.
Осылайша Қали Жүніс барлық жиналған қаржысын ел игілігіне арнапты.


Қамыстыбұлақ шатқалындағы петроглифтер
Қамыстыбұлақ шатқалындағы петроглифтер Байзақ ауданы, Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде, Қыpғыз Aлaтayының теріскей бетінен жоғары өрлейтін Қамыстыбұлақ шатқалында орналасқан. Петроглифтер қола дәуірінен ортағасырға дейінгі аралықты қамтитын археологиялық ескерткіш.
Қамыстыбұлақ шатқалы негізінен бес тау қыратынан тұрады. Ертеректе шатқалдың ішіндегі бұлақтардан аққан өзеннің аяғы көлге айналып, айналасына қамыс өсіп Қамыстыбұлақ атанған. Қазіргі уақытта бұлақтың көзі тартылып, кішкентай ғана көлшікке айналған, жағасындағы қамыстары қурап кеткен. Шатқалдың етек жағынан кірген сай терістікке қарай өрлей береді де таудың күнегей қапталындағы қара гранит тастар бірден көзге түседі. Осы тастардың бетінде шекіп салған өнер туындыларын кездестіруге болады. Петроглифтер шатқалдың бойындағы жартастарда, 1 шақырым аралықта кездеседі. Қазіргі таңда елуден астам суреттер белгілі. Жартас бетіндегі тауешкі, түйе, бұқа сияқты жануарлардың жекелеген суреттері және аңшылар мен жауынгерлер бейнеленген. Тауешкі бейнелерінің сұлбасы берілсе, бұқа мен түйелердің көлемді бейнелері нүктелермен толықтырылып түсірілген. Адам бейнелерінен: екі қолымен күнді ұстап тұрған адам, садақ атқан аңшы, найзасын көлденең ұстаған жауынгер, би үстіндегі екі адам бар. Қолына қайқы қылыш ұстаған салт атты бейнесі ортағасырлар кезеңіне жататын болса керек.
Осы тастардың тегіс бетінде көне замандағы тайпалардың тіршілігі мен салт-санасындағы нышандар бейнеленген. Суреттер осы жерді мекендеген бір қауым тайпаның тыныс – тіршілігін баяндайтын белгілі бір мазмұнға құралған көне заман шеберлерінің өнер туындылары екені даусыз. Жалпы алғанда тастағы суреттердің сюжет желісі осы өңірді мекендеп отырған халықтың таным-түсінігімен ұштасып жатыр. Аңшылық пен қарулы сарбаз бейнесі қашанда қазақтың дәстүріне жақын құбылыс. Ал, таутекенің мүйізі мен күннің бейнесі бүгінгі мемлекеттік рәміздерге таңбаланған қастерлі нышандар. Ендеше бұл ескерткіштер халқымыздың тірі жады, бүгінгі бейбіт тұрмысы мен құбылмалы болмысының бейнесі, ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың талғам-түсінігінің айғағы. Олардың бейнесі мен мазмұны алуан түрлі болғанымен халқымыздың бірегей ортақ құндылықтар жүйесінде тоғысады. Бұл суреттер бір жағынан өткен дәуірлер мен қоғамның тарихынан сыр шертетін құнды дерек көзі болса, екінші жағынан оны салған адамдардың рухани жан-дүниесін сездіретін «ашық аспан астындағы галерея».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет