Абдолла Ишан мешіті



бет34/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті

Қордай батыр ескерткіші

Ел басына күн туған шақта халқына қорған болған Қордай батырдың ескерткіші – Қордай ауданы, Алматы-Қордай күре жолының 171 шақырымындағы Қордай асуында қойылған. Ескерткіш 2002 ж. қызыл гранит тастан көлемді етіп жасалып, тас тұғырдың үстіне орнатылған.


Ертеден жеткен аңыз әңгімелердің желісі бойынша Қордай батыр І-ІІ ғ. көшпелі сақтар мен ғұндар заманында өмір сүрген. Сол заманда осы өңірді жайлаған Асиби деген ел билеушінің Қордай, Аспара, Атар деген үш батыры болған екен. Патша алыс жорыққа аттанарда Қордай батыр шығыстан келетін, ал Аспара батыр батыстан келетін жауға қарсы шабуылға шығып тойларыс беріп отырған.
Қордай батырдың дене бітімі өте ірі болғандығы айтылады. Оның соншалықты алып болғандығын табанының көлемінен байқауға болады. Ескерткіш орнатылған жерде адам аяғының ізі қалған тас бар. Биік шоқының үстіндегі тастың үстіне шығып, жауларының келе жатқанын көріп, қаһарланып, айқайлаған кезде тастың үстіне аяғының іздері қалған екен.
Аңыз бойынша Хантау тауларының бөктерін жау шапқан кезде, Шудың батыс жағалауынан Аспара батыр, шығыстан Қордай батыр екеуі ақылдаса келіп, оңтайлы жоспар құрып амалдарын асырады. Жауға төтеп беріп, жасақтарымен қырып салады. Сол кезде Хантау тауының бөктері мен сай-саласынан қырылған сансыз жау әскерінің қып-қызыл қаны аққан екен. Бір деректерде жер атауының – «қантау» болуы осыған саяды делінген.
Өмірінің соңында Атар батырдың сүйегі Қап тауында, Аспараның сүйегі қазіргі Аспара өзеннің жоғарғы ағысында, ал Қордай батыр осы Қордай асуындағы биік шоқының басына жерленген екен.
Тарихи аңыздарда Қордай батырдың елігі, қыран бүркіті болғандығы айтылады. Сол себептен, ескерткіш маңына қыран бүркіт пен қос екіліктің алтын түстес мүсіндері орнатылған.


Әдебиеттер: Абдуалы А.Б., Серікбаев Е.Қ., Өтепбергенова Г.С., Тобаджанов Р. Әулиеата өңірі киелі орындарының тарихи аңыздары: Оқу құралы. – Тараз: Тараз университеті, 2018. – 104 бет.

Қостөбе қалашығы
Қостөбе қалашығы Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының солтүстік-шығыс шетінде Талас өзенінің оң жағасында, Тараз қаласының оңтүстігінде 15 шақырым жерде орналасқан.
Қалашық VІ-ХІІ ғғ жататын археологиялық ескерткіш және 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енген.
Қостөбе – Жамұқат (Джамукат) қаласына баланған Талас алқабындағы ірі қалалық орталықтың бірі. Жазба деректерде Талас өңірінің ортағасырлық қаласы Жамұқат Х ғ. тарихшысы Нершахидың айтуы бойынша VІ ғасырда Бұхарадан келген келімсектер салған және басшысы Жамұқтың атымен атаған. Ал-Максиди еңбектерінде «Жамұқат үлкен қала. Айналасында қабырғалы мешіті бар, рабатында базарлары бар» деп сипатталады. Шығыстанушы В.В. Бартольд Жамұқатты басқа зерттеушілер айтқандай Сырдарияда емес, Талас аңғарында жатқанын дәлелдеген. Алайда қаланы нақты бір ескерткішпен баламалау мәселесі әлі күнге толық шешімін таба қойған жоқ.
Қаланың топографиясы Суяб пен Навакет қалаларына баланған Шу алқабының Ақбешім мен Краснаяречка қалаларына ұқсас келеді. Қаланы қоршаған ұзын қамалы, рабад, шахристан, орталық бөлігі, от храмы мен төңірегінде қорымдары бар. Қаланының негізгі шаруашылық бөлігі ор мен мұнаралы қабырғалар арқылы қоршалған аумағы 460х375 м келетін биік алаң және орталық бөлігі төртұрышты шағын төбе түрінде сақталған.
Қаланың құрылысына 1938 жылдан бастап археолог мамандар тарапынан әр кезеңдерде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ішкі қамалдағы археологиялық зерттеулерден VІ-ХІІІ ғғ. кезіндегі сәулетті құрылыс нысаны ашылған. Қала құрылысының төменгі қабаты VІ-VІІІ ғасырларда салынған. Ол айналма дәліздер, тұрғын бөлмелер мен шаруашылық жайлары бар қамал сарайы болған. Ішкі қамалдағы ою-өрнек жергілікті сәулет өнерінің дамығанын көрсетеді. Өсімдік пен геометриялық ою-өрнектің жиі кездесуі, ислам дінінің ықпалы болса керек. Сәулет өнерінде Орта Азиялық нақыштардың ең озық үлгілері айқын байқалады. Бұның өзі Талас өңірінде сәулет өнері жоғарғы деңгейде болғанын көрсетеді. Ең жоғарғы қабаттан табылған тиындар мен қыш бұйымдар оның ХІІІ ғ. басына дейін өмір сүргендігін дәлелдейді. Қазба барысында қамыс пен ағаш күлінің жиі кездесуіне қарағанда қала қалың өрттің немесе соғыс салдарынын қираған болуы ықтимал.
Қостөбе қаласы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан және Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс қалаларымен сауда, мәдени байланыста болған ең ірі саяси және экономикалық орталықтың бірі. Тараз қаласына жақын орналасуы, оның гүлденуіне үлкен әсер еткені сөзсіз. Қала өмірі монғол шапқыншылығын кейін тоқтай бастаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет