Қабылбаев Қанат Ерсінбайұлы



бет17/19
Дата07.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#88538
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
stud.kz-19239
2020 БАК ВРб Мұқтарият Ф., stud.kz-19239
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫ:

Еліміздің мектептерінде комбинаторика, экономика және математикалық статистика бөлімдері тек факультативтік сабақтарда танысу тұрғысында оқытылып келеді. Бірақ статистикалық материалдардағы нақты жағдайларға талдау жасау қажеттігі барлық жаратылыстану ғылымында, экономикада, өндірісті ұйымдастыруда, инженерлік істе жетекші роль атқарады және оны оқып-үйрену мақсатқа сай. Сонымен , экономика мен математикалық статистика элементтерін оқып үйрену оқушыларда ойлау стилінің негіздерін қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді деген қорытындыға келеміз.


Экономика элементтерінің оқу материалдарының мазмұнын оқыту әдістемесінің тиімділігі математиканы оқытуды жетілдірудегі еліміздің және шетел мектептерінде қалыптасқан қазіргі кездегі тенденцияларына сай екендігі, жоғары сынып оқушыларының меңгеруіне лайық екендігі және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына оң әсерін тигізетінін көптеген педагог-психолог ғалымдар дәлелдеді.
Бүгінгі күннің бас мәселелері – жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс, әскери шығындар, қазыналық жеткіліксіздіктер, кедейлік, қоғамдағы теңсіздік, әлеуметтік түрлі үрдістердің төмендеуі, қоршаған ортаның ластануы және т.б. сол сияқты өздерінің түп-тамырымен «сирек ресурстарды» эффективті түрде қолдану мәселесін алдыға тартады. Ал «сирек» деп барлық ресурстар саналады. Біздің тіршілік етуіміздің қайнар көзі болып табылатын оттегі беретін ормандар, еншідегі таза су, мұнай-газдар, металдар, көмірлер, тағам өндіретін қажеттіліктердің барлығы жаһанымызда шектеулі. Осы аталғанның барлығын үнемді, тиімді пайдаланған жөн. Аталған ресурстарға, қоршаған ортамызға антропогенттік қысымды аса күштеп жіберсек, онда жаһанда адам тіршілігінің жойылуына әкеліп соқтыратын негізгі қауіпті фактор болады.
Экономикалық өнімдермен материалдық қажеттіліктер тудыратын үрдістерді өндіріс арқылы жүзеге асырып, адамдардың күнделікті қолданылатын қажеттілігін шексіз арттырады. Адамзаттың максималды түрде қажеттілік қолданыстарын қанағаттандыру үшін жалпылай қоғамның, шаруашылықтың, өндірістің, жанұяның әлеуметтік және экономикалық ауқымында, жаратылып кетіп жатқан еңбектерді ескеріп, қолданыстардың барлық жан-жақты үнемді, әрі тиімді жолдарын қолданыста қарастыру керек.
Бүгінгі таңда аса мән беретін мәселе, ол қабылданған экономикалық шешімдердің ретін қарап бақылау ғана емес. Сонымен қатар, болшақ ұрпақ біздің қабылдаған шешімдерімізден кейіннен зардабын шекпес үшін алға қойған мақсат-тілектерді болжай білу қажетілікті өте аса талаптылықты қажет етеді. Алысқа кетпей-ақ, мысал ретінде, солтүстік өзендерден құрылған су қоймаларының тасып, жарылуы әсерінен көптеген егістіктерді, гектар-гектар жерлерді, ауылды мекендерді шаюы салдарынан ядролық жарылыстар және т.б. сол сияқты әлеуметтік және экономикалық шығын келтіргенін айтуға болады.
Экономиканың өсуі мен жетілуін, қоғамда нақты моделін құру заңдары мен принциптерін болжап, бақылау – экономикалық теорияның басты мақсаты болып табылады.
Экономикалық қатынастардың болжауларын және олардың өте тиімді жол-нұсқаларын таңдап іздеу экономикалық теория, математикалық әдістер және өндіріс мәселерімен тығыз байланыста. Индуктивтік және дедуктивтік әдістерінің жиынын, экономикалық болжау-бақылау фактілерін жалпылай және жүйелі түрде қолдану, шығатын теориялық талдау жүргізу және үрдістерді кеңінен қолдануға жоғары аталғандар айқара етіп үлкен есігін ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет