IІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
1. ЕҢБЕКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зертеудің көкейкестілігі соңғы жылдағы еліміздегі қоғам өмірінде және экономикада болып жатқан ауқымды өзгерістерге орай білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіруге деген талап-тілектерден туындайды.
Орта мектептің жоғарғы сыныптарында саралап оқыту кезінде математика ғылымының қазіргі даму деңгейіне және осы пәнді оқыту саласындағы алдыңғы қатарлы озық ғылыми идеялар мен тәжірибелерге сүйену қажет.
Осы жұмыста саралаудың концепциялық мәселелері баяндалған, оларды оқу процесінде жүзеге асырудың кейбір жолдары анықталған. Аталған зерттеулерде саралаудың әртүрлі қырлары, мысалы, жоғары сыныптарды ұйымдастыру тәсілдері, оқытудың әртүрлі бағыттарын ажырату мен осы бөлінген бағыттарда математиканы оқыту мазмұнын қалыптастырудың арнайы экономикалық жолдарын іздеу қарастырылады. Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтардағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында оқушыларды саралап оқыту айрықша көкейкесті проблемаға айналып отыр. Болашақта республикамыздың экономикасына қажетті мамандарды дайындайтын техникалық жоғарғы оқу орындарында оқытуды жалғастыруды мақсат еткен оқушыларға математиканы оқытудың мазмұнын анықтау маңызды мәселе болып отыр.
Алайда осы күнге дейін әр аймақтың ерекшеліатері ескеріліп, жоғары сынып оқушыларына математикалық білім берудегі бағдарлық саралауға қойылатын талаптар жасалмаған.
Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеге, біртұтас білім беру кеңістігіне енуі халықаралық деңгейдегі талаптарға сай болатындай мамандарды дайындау мәселесін тудырды. Қазақстан Республикасы мен шет ел мектептерінің математикалық білім беру мазмұнындағы айырмашылықтар білім беру эквиваленттілігі деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген халықаралық зерттеулер ТМД елдерінде оқушыларды дайындауда математиканың кейбір бөлімдері бойынша ауытқу бар екендігін көрсетті. Барлық дамыған елдердің орта мектеп бағдарламаларына ықтималдықтар теориясының элементтері енгізілген. Өйткені, ықтималдық-статистикалық материалдарды оқып үйрену оқушылардың жеке басын дамытып жетілдіреді. Оның осы күнгі ақпарат көздері мен қатынас жасау мүмкіндігін кеңейтеді, коммуникациялық қабілеттіліктері мен қоғамдық процестерде бағдарлану біліктілігін жетілдіреді, жағдайларды талдауына және ғылымға негізделген шешімдер қабылдануына мүмкіндік береді, өмірге деген көзқарасын кедейсоқ факторлар тобының заңдылықтары туралы саналы түрде алған түсініктерімен байытады. Бұл материалдар қазіргі білім стандартында енгізілген. Келтірілген дәлелдер оқушыларға статистикалық білім беру мәселелерінің маңыздылығын айқындайды.
Біздің елімізде мектептердегі математика курсының бағдарламасына ықтималдық-статистикалық білім элементтерін енгізу мәселесіне Қ.Бектаев, Б.С.Жаңбырбаев сияқты ғалым математиктер зор үлестерін қосты.
Оқушыларға статистикалық білім берудің обьектифті қажеттілігі мен оны практикада іске асырудың ғылыми әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз дәрежеде қамтамасыз етілуі арасында қайшылық бар екені анықталды. Бұл қоғамның қазіргі кездегі талаптарын ескере отырып, мектептерде математиканы оқытудың мазмұнын негіздеу және математика курсына статистиканы енгізудің әдістемелік жағынан мақсатқа сай жолын зерттеу қажет екендігін көрсетеді.
Экономикамыздың дамуына байланысты дамыған елдердің бәрімен әр түрлі салада қарым-қатынас, сату немесе сатып алу процестері басталды. Осы үрдістің одан әрі кеңеюі үшін біздің еліміздің мектептерінде, оның жоғарғы сынып оқушыларында әр түрлі деңгейде экономикалық білім болуы керек. Экономиканың әр түрлі саласындағы қарым-қатынастарда сауатты білік пен дағды ғана өз әріптестерімізбен тең дәрежеде әр түрлі сауда байланыстарды жүргізе аламыз.
Еліміздегі жер асты байлықтарын игеру, халық шаруашылығында, әр түрлі зауыт-фабрикаларда осы заманғы озық технологияларды қолданып, өндірісте ұлғайту үшін техникалық біліммен қатар үнемдеу тұрғысынан алғанда таза экономикалық білім қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі.
Қазіргі заманға сай аса қуатты автоматты басқарылатын әр алуан робот машиналарды құрастырумен оны іске қосу мамандардан жоғары интеллект пен талапты мамандардың біліктілігін қажет етеді. Еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы, бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге талпынуы дүниежүзіндегі озық прогреспен технологиялық үрдістерді еліміздің өндірістерінде кеңінен қолданудың талап-тілегі республиканың мамандарының алдына қойылған үлкен сенім-міндеттерді жүктейді.
Кең қарыштап дамыған ақпараттық технологияны өмірде, өндірісте қолдану еліміздің экономикасының дамуында бұл құралдарды кеңінен қолдану еліміздің экономикасын еселеп өсіруге мүмкіндік береді. Бұл адамдардан көптеген білім-білік, ақыл-ой қызметінің дамуын талап етеді. Әр түрлі математикалық заңдылықтарды экономикалық процесстерде тиімді қолданудың зор мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |