ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭКОНОМИКА МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Саралап оқыту жоғары сынып оқушыларының әртүрлі топтарына материалды баяндаудың тереңдігі, мәліметтердің көлемі, қамтылатын тақырыптардың құрамы, сондай-ақ оқытудың мазмұна жағынан ерекшеленетін бағдарламалар бойынша оқытуды ұйғарады.
Жоғары сыныптарда оқыту жүйесі болашақ өндірістегі жоғары маманданған жұмысшылардың ерекше ойлау стилін қалыптастыруды көздейді. Сондықтан ондай сыныптарда математиканы оқытудың жалпы мақсаттарымен қатар оқытудың арнайы мақсаты да болады, ол оқушыларды ойлау стилінің бастамаларын қалыптастыру.
Ойлау үш құраушыдан тұрады; ұғымдық, бейнелік және практикалық. Қоғамның дамуы, өндірістің барлық буындарын механикаландыру мен автоматтандыру адамның еңбек іс-әрекетінің мазмұны мен сипатына түбегейлі өзгерістер енгізді. Өндірістік іс-әрекеттерді орындау процесінде ойлау операцияларының рөлі артады, яғни практикалық дағдылармен қатар интеллектуалдық біліктерді (жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу, абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы және жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу) игеру талап етіледі. Бейнелер жасау және оларды қолдана білу біліктілігін қалыптастыру да маңызды болып табылады. Бұл білікті игеру мидың алғырлық, шапшаңдық, бейнелер мен схемаларға сүйеніп ойлау қабілеттігі, нақтылы өндірістік обьектілер динамикасын ескере отырып, бейнелер мен схемаларды түрлендіру сияқты арнайы қасиеттерін дамытуға байланысты. Оқушылардың әртүрлі ойлау стилін дамыту проблемаларын зерттеген психолог ғалымдардың еңбектерін талдау нәтижесінде ойлау стилін сипаттайтын біліктіліктер анықталған.
Нақтылы процестерді модельдеу /математикалық модельдер құру/.
Эксперименттік жұмысты дұрыс жүгізе білу, сондай-ақ есептеулердің, өлшеулердің, зерттеулердің және конструкциялау нәтижелеріне математикалық баға беру.
Есепті шешу үшін керекті алгоритмді немесе тиімді математикалық әдісті құру немесе таңдап алу;
Жалпылама алгоритмдерді қолдану;
Осы күнгі есептеуіш машиналарды пайдалана білу;
Жетілдірілген графикалық біліктіліктер.
Математиканы оқытудың мазмұнын таңдау мәселесінің әр түрлі қырлары көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған, олардың көпшілігінде оқытудың мазмұны оқытудың мақсаттары арқылы анықталады делінген.
Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың мақсаттары білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық болып бөлінеді.
В.А.Оганесян орта мектепте математикалық білім беру мазмұнын таңдаудың толықтық, кеңдік және дидактикалық маңыздылық сияқты жалпылама критерийлерін ұсынды. Экономика мен статистиканы оқытуда жоғары сыныптарда математикалық білім мазмұнын мынадай критерийлерді таңдап алуға болады.
1-кесте.
Жоғары сыныптарда математикалық білім мазмұнын таңдаудың критерийлері
Реті
|
Критерий
|
Мағынасы
|
1
|
Психофизиологиялық
|
Оқу материалының мазмұны ойлаудың бейнелік құраушысын дамытуға ықпал ететіндей болуы, оқу материалдарын баяндау кезінде графиктік кескіндеуге сүйену
|
2
|
Құрылымдық- мазмұндық
|
Барлық бағыттарға ортақ базалық математикалық дайындықты кеңейтетін және толықтыратын қосымша бөлімдердің бар болуы
|
3
|
Халықаралық маңыздылық
|
Жаңа мазмұнды қалыптастыру кезінде бүкіл әлемдік масштабта математиканы оқытудың алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алу
|
4
|
Мазмұндық- әдістемелік
|
Теориялық материалмен салыстырғанда практикалық есептерді шешуге көбірек уақыт бөлу.
|
Математиканы оқытуда есептерді пайдалану мәселесіне арналған зерттеулерде есептер математиканы оқып үйренудің құралы ғана емес, көбінесе оқытудың мақсаты түрінде болып табылатыны, яғни математиканы оқыту мазмұнына енетіні көрсетілген.
Математикада экономика мен статистиканы оқытудың мақсаты, оқушыларға математикалық модельді құра білуді үйрету; тапсырмаларды орындау үшін тиімді математикалық әдісті таңдай білуге үйрету; тәжірибелік жұмыстарды дұрыс жүргізе білу қабілеттілігін қалыптастыруға себептесу және есептеу, өлшеу, зерттеу және құрастыру нәтижелеріне математикалық баға беру; өз бетімен білім алу икемділігін қалыптастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі математиканы оқыту процесінде қолданбалы есептерді пайдалану болып табылады.
Математиканы оқыту процесінде қолданбалы есептердің ролі ең алдымен олардың педагогикалық тәжірибеге маңызды дидактикалық принциптерді (теория мен практиканың байланысы, дамытушылық және тәрбиелік, саналық және белсенділік /табысты енгізу арқылы анықталады/.
Оқыту әдістемесі нақтылы процестерді модельдеу біліктілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс; оқу материалын баяндау кезінде мүмкіндігінше аталған бейнелердің графиктік кескіндеріне сүйену, яғни графикалық біліктіліктерді, ойлаудың бейнелік құраушысын жетілдіру; пәнаралық, әсіресе берілген оқыту бағдары үшін негізгі пәндер арасындағы, байланыстарды күшейту, сабақтарда қолданбалы есептердің арнайы түрлерін пайдалану; жуықтап есептеу әдістерін кеңінен пайдалану және оқытудың алгоритмдік қырын күшейту; оқытудың акцентін лекциялық жүйеге қарай жылжыту; практикалық және лабораториялық жұмыстардың санын көбейту. Техникалық жоғары оқу орнына түсетін оқулықтарда, ғылыми басылымдарда, анықтамалықтарда кездесетін статистикалық берілгендерді талдап, оны дұрыс түсіне білуі қажет. Экономика мен статистика элементтерін оқыту оқушылардың ойлау стилін қалыптастыруға игі ықпалын тигізеді, интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Статистикалық зерттеулер жүргізу қажетті деректерді жинау және оларды көрнекі бейнелеу кезеңін қамтиды, ол бейнелерді қайта кодтау біліктілігін (шартты-графиктік және шартты-белгілік) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Статистикалық өлшеулер нәтижелерін көрсететіндей графиктер мен диаграммалар біртіндеп, деректердің жинала түсуіне сай толтырылатын белгілі бір статистикалық кестелер бойынша тұрғызылады. Сондықтан статистикалық кестелер құру процесінде жаттығу статикалық және жылжымалы бейнелерді график түрінде елестету біліктілігін дамытуды ұйғарады, бұл іс жүзінде бейнелерге амалдар қолдану біліктілігін жетілдіруді білдіреді.
Экономика сабағы қазір барлық жоғарғы оқу орындарына, мектептерге ене бастады. Россия білім академиясының жалпы орта білім Институты әлеуметтік-экономикалық білімді және жалпы білім беретін мектепте тәрбиені дамыту концепциясын талдаған, бірінші және он бірінші барлық сыныптарға дейін экономикадан оқулықтар жарыққа шыға бастайды, өндіргіш, бизнес, микро-макроэкономика және т.с.с..көптеген материалдар жарияланды. Шыныда да бүгінгі күні Россия әлемдік экономикалық жүйеге енуде және үшінші мыңжылдық қарсаңында өмірдің өзі экономиканың негізгі заңдарын мектепте оқытуды талап етеді. Экономикалық білім және экономикалық ойлау экономика курстарын оқытумен ғана шектелмейді. Жалпы жағдайда мектеп дисциплинасында математика бойынша экономикалық мазмұнның ролі ерекше болады. Мұның өзі математикалық аппараттың көмегімен талдаумен анықталады, бұл VII-XI сыныптардың алгебра курстарында келтірілген. Математика мен экономиканың байланыстары пайда әкеледі, математика кең өріс алады, ал экономика-жаңа білім алудың үлкен құралы. VII-IХ және Х-ХІ сыныптарда математика курсы программасына экономикалық білімді енгізу математиканың өзін тереңдетіп оқытуға сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |