Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ بِالْحَقِّ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَإِنْ مِنْ أُمَّةٍ إِلا خَلا فِيهَا نَذِيرٌ



бет3/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ بِالْحَقِّ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَإِنْ مِنْ أُمَّةٍ إِلا خَلا فِيهَا نَذِيرٌ (٢٤)

«Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде, бір ескертушісі болмаған бірде-бір үммет жоқ» («Фатыр» сүресі, 24-аят).

Аллаһ адамдарға қарсы дәлелі болуы үшін және олар Аллаһқа Ол жақсы көретіндей және разы болатындай етіп құлшылық етулері үшін міндетті түрде елшілер жіберуі керек еді. Аллаһ былай деген:

إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَوْحَيْنَا إِلَى إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالأسْبَاطِ وَعِيسَى وَأَيُّوبَ وَيُونُسَ وَهَارُونَ وَسُلَيْمَانَ وَآتَيْنَا دَاوُدَ زَبُورًا (١٦٣)وَرُسُلا قَدْ قَصَصْنَاهُمْ عَلَيْكَ مِنْ قَبْلُ وَرُسُلا لَمْ نَقْصُصْهُمْ عَلَيْكَ وَكَلَّمَ اللَّهُ مُوسَى تَكْلِيمًا (١٦٤)رُسُلا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ لِئَلا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللَّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا (١٦٥)

«ухаммад,) Біз Нухқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ибраһимге, Исмаилге, Исхаққа, Яқубқа және оның ұрпақтарына, және Исаға, Аюбқа, Юнусқа, Һарунға және Суләйманға да уахи еттік. Әрі Дәудке Зәбурды бердік. Және саған бұрын баян еткен елішілерді (жібердік), сондай-ақ елішілердің саған баян етпегеніміз де бар. Және Аллаһ Мусамен (тікелей) сөйлескен. Адамдардың елшілерден кейін Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін, Біз елшілерді қуандырушы әрі қорқытушы етіп жібердік. Аллаһ өте Үстем, аса Дана» («ән-Ниса» сүресі, 163-165 аяттар).

Әрі біз Аллаһқа Ол разы болатындай етіп тек олардың (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесіп қана құлшылық ете аламыз, өйткені солар бізге Аллаһ нені жақсы көретінін, Ол неге разы болатынын және не нәрсе бізді аса Құдіретті және Ұлы (Аллаһқа) жақындататынын түсіндіріп берді. Әрі сондықтан да Аллаһтың дана ойластырғанына сәйкес Ол адамдарға қуандырушы және ескертуші елшілерді жіберді. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:



إِنَّا أَرْسَلْنَا إِلَيْكُمْ رَسُولا شَاهِدًا عَلَيْكُمْ كَمَا أَرْسَلْنَا إِلَى فِرْعَوْنَ رَسُولا (١٥)فَعَصَى فِرْعَوْنُ الرَّسُولَ فَأَخَذْنَاهُ أَخْذًا وَبِيلا (١٦)

«Расында, Біз Перғауынға елші жібергендей, сендерге де қарсы куә ретінде елші жібердік. Сонда Перғауын елшіге қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық» («әл-Муззаммил» сүресі, 15-16 аяттар).

Автордың сөзі:

فَمَنْ أَطَاعَهُ دَخَلَ الجَنَّةَ، وَمَنْ عَصَاهُ دَخَلَ النَّارَ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّا أَرْسَلْنَا إِلَيْكُمْ رَسُولاً شَاهِداً عَلَيْكُمْ كَمَا أَرْسَلْنَا إِلَى فِرْعَوْنَ رَسُولاً * فَعَصَى فِرْعَوْنُ الرَّسُولَ فَأَخَذْنَاهُ أَخْذاً وَبِيل﴾[المزمل: 15، 16].

«Кім оған бағынса, сол Жәннатқа кіреді, ал кім оған мойынсұнбаса – Отқа түседі. Аллаһ Тағаланың келесі сөздері бұған дәлел болады:

﴿إِنَّا أَرْسَلْنَا إِلَيْكُمْ رَسُولاً شَاهِداً عَلَيْكُمْ كَمَا أَرْسَلْنَا إِلَى فِرْعَوْنَ رَسُولاً * فَعَصَى فِرْعَوْنُ الرَّسُولَ فَأَخَذْنَاهُ أَخْذاً وَبِيل﴾ «Расында, Перғауынға елші жібергеніміздей, сендерге де қарсы куә ретінде елші жібердік. Сонда Перғауын елшіге қарсы келді, сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық» («әл-Муззаммил» сүресі, 15-16 аяттар)».

Шарх:

(«Кім оған бағынса, сол Жәннатқа кіреді»). Бұл ақиқатты Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды:



وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ

«Аллаһқа және Елшісіне бой ұсыныңдар, әлбетте, мәрхаметке бөленесіңдер» («Әли Имран» сүресі, 132-133 аяттар); сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздері де:

تِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الأنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَذَلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ (١٣)

«Бұлар – Аллаһтың қойған шектері. Кім Аллаһқа және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Міне, зор табыс осы!» («ән-Ниса» сүресі, 13-аят). Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздері де:

وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَخْشَ اللَّهَ وَيَتَّقْهِ فَأُولَئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ (٥٢)

«Кімде-кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынса, сондай-ақ Аллаһтан қорқып сақтанса, солар жетістікке жеті» («ән-Нур» сүресі, 52-аят); сондай-ақ Аллаһтың мына сөздері:

وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاءِ وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُولَئِكَ رَفِيقًا (٦٩)

«Әрі кім Аллаһқа және Елшіге бой ұсынса, міне, солар Аллаһ нығметке бөлеген пайғамбарлармен, шыншылдармен, шәһидтермен және ізгілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!» («ән-Ниса» сүресі, 69-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا (٧١)

«Сондай-ақ кім Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсынса, әрине, ол ұлы табысқа қол жеткізді» («әл-Әхзаб» сүресі, 71-аят), әрі мұндай аяттарды көптеп келтіруге болар еді.

Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, оның бірде: «Менің үмметімнің барлық (мүшесі) Жәннатқа кіреді, тек бас тартқандарынан басқа», - деп айтқаны жеткізіледі. (Адамдар): «Уа Аллаһтың Елшісі, (Жәннаттан) кім бас тартады?», - деп сұрады. (Сонда) ол: «Кім маған бойсұнса, сол Жәннатқа кіреді, ал кім маған бойсұнбаса, сол бас тартқан болады», - деді («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», № 2116).

(«Ал кім оған мойынсұнбаса – Отқа түседі»). Бұл ақиқатты Аллаһ Тағаланың келесі сөздері растайды:



وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُ يُدْخِلْهُ نَارًا خَالِدًا فِيهَا وَلَهُ عَذَابٌ مُهِينٌ (١٤)

«Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келіп, Оның (орнатқан) шектерінен шықса, сол ішінде мүлде қалатын Отқа кіргізіледі. Әрі оған қорлаушы азап бар» («ән-Ниса» сүресі, 14-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلالا مُبِينًا (٣٦)

«Ал кім Аллаһқа және Елшісіне қарсы келсе, сонда, рас, ашық адасқан болады» (әл-Әхзаб» сүресі, 36-аят), сондай-ақ Оның мына сөздері де:

وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَإِنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا (٢٣)

«Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе, шәксіз, оған ол онда мәңгі қалатын Тозақ оты бар» («әл-Жинн» сүресі, 23-аят).

Бұдан тыс, бұған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген: «…Ал кім маған бойсұнбаса, сол (Жәннаттан) бас тартқан болады», - деген сөздері де растау болады.

Автордың сөзі:

الثَّانِيَةُ: أَنَّ الله لا يَرْضَى أَنْ يُشْرَكَ مَعَهُ أَحَدُ فِي عِبَادَتِهِ، لا مَلَكٌ مُقَرَّبٌ، وَلا نَبِيٌّ مُرْسَلٌ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلاَ تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَداً ﴾[الجن: 18].

«Екіншісі: Аллаһ құлшылықта Өзіне серік қосқанға разы болмайды. Тіпті ол (Аллаһқа) жақын періште, не жіберілген пайғамбар болса да. Бұған дәлел – Аллаһтың келесі сөздері:

﴿وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلاَ تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَداً ﴾

«Расында, мешіттер Аллаһқа тән. Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімге дұға етпеңдер» («әл-Жинн» сүресі, 18-аят)».



Шарх:

(«Екіншісі:»). Яғни біз білуімізге тиіс болған екінші мәселенің мәні – Аллаһ Өзімен қатар басқа кімге болсын құлшылық жасалуын қаламайтынында, өйткені тек Ол ғана құлшылыққа лайықты, ал бұған автор (Аллаһ оны рахым етсін) келтірген сөздер, яғни Аллаһтың мына сөздері нұсқайды:

وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلا تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَدًا (١٨)

«Расында, мешіттер Аллаһқа тән. Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімге дұға етпеңдер» («әл-Жинн» сүресі, 18-аят).



Аллаһ Тағала адамға Аллаһпен қатар кімге болмасын дұға етуге тыйым салды, Пәк Аллаһ Тағала Өзіне ұнамайтын нәрседен басқа еш нәрсеге тыйым салмайды. Мысалы, аса Құдіретті және ұлы Аллаһ былай деген:

إِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنْكُمْ وَلا يَرْضَى لِعِبَادِهِ الْكُفْرَ وَإِنْ تَشْكُرُوا يَرْضَهُ لَكُمْ

«Егер күпірлік етсеңдер, сонда Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады» («әз-Зүмәр» сүресі, 7-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

يَحْلِفُونَ لَكُمْ لِتَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنْ تَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لا يَرْضَى عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ (٩٦)

«Егер сендер олардан разы болсаңдар да, расында, Аллаһ бұзық қауымнан разы болмайды («әт-Тәуба» сүресі, 96-аят).

Күпірлік пен (Аллаһқа) серік қосу (ширк) Пәк Аллаһ Тағалаға ұнамайды, өйткені Ол күпірлікпен және ширкпен күресу үшін және оларды тамырымен жою үшін адамдарға елшілерді жіберді, әрі оларға Кітаптарды түсірді. Аллаһ былай деген:

وَقَاتِلُوهُمْ حَتَّى لا تَكُونَ فِتْنَةٌ وَيَكُونَ الدِّينُ لِلَّهِ



«Олармен бүлік қалмай, дін толығымен Аллаһқа арналғанға дейін соғысыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 193-аят). Ал егер күпірлік пен ширк Аллаһқа ұнамайтын болса, онда олар мүминге де ұнамауға тиіс, өйткені өзінің разы болуы мен ашулануында мүмин кісі Аллаһқа иіледі. Ол Аллаһ ашуланатын нәрселерге ашуланады және аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ ұнататын нәрсені ұнатады, әрі сондықтан да егер күпірлік пен ширк Аллаһқа жек көрінішті болса, онда мүмин адамға да мұндай нәрселерге разы болу сәйкес келмейді. Аллаһқа серік қосу (ширк) өте қауіпті нәрсе болып табылады, Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деген:

إِنَّ اللَّهَ لا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا (٤٨)

«Расында, Аллаһ Өзіне серік қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» («ән-Ниса» сүресі, 48-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ (٧٢)

«Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, Аллаһ оған Жәннатті харам етеді. Оның орны - Отозақ). Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ («әл-Мәида» сүресі, 72-аят).

Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, Жәбир бин Абдуллаһтың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) былай деп баяндағаны жеткізілген: «(Бірде) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, (міндетті түрде белгілі нәтижеге алып келетін) екі себеп қандай?», - деп сұрады. Ол оған былай деп (жауап берді): «Кім Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпей қайтыс болса, сол Жәннатқа кіреді, ал кім Онымен қатар кімге (неге) болсын құлшылық етіп өлетін болса, сол Тозаққа кіреді» («Мухтасар «Сахих» Муслим», № 53).

Автордың сөзі:

الثَّالِثَةُ: أَنَّ مَنْ أَطَاعَ الرَّسُولَ، وَوَحَّدَ اللهَ لا يَجُوزُ لَهُ مُوَالاةُ مَنْ حَادَّ اللهَ وَرَسُولَهُ، وَلَوْ كَانَ أَقْرَبَ قَرِيبٍ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ لاَ تَجِدُ قَوْماً يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ يُوَادُّونَ مَنْ حَادَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَوْ كَانُوا آبَاءَهُمْ أَوْ أَبْنَاءهُمْ أَوْ إِخْوَانَهُمْ أَوْ عَشِيرَتَهُمْ أُوْلَئِكَ كَتَبَ فِي قُلُوبِهِمُ الإِيمَانَ وَأَيَّدَهُم بِرُوحٍ مِّنْهُ وَيُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ أُوْلَئِكَ حِزْبُ اللَّهِ أَلاَ إِنَّ حِزْبَ اللَّهِ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴾[المجادلة: 22].

«Үшіншісі: Елшіге бағынатын және құлшылығын жалғыз Аллаһқа ықыласты түрде арнаған адамның Аллаһ пен Оның Елшісіне дұшпандық көрсететіндерге достық пен сүйіспеншілік танытуына тыйым салынған, тіпті олар ең жақын туыстары болса да.

Бұған дәлел – Аллаһтың келесі сөздері:



﴿ لاَ تَجِدُ قَوْماً يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ يُوَادُّونَ مَنْ حَادَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَوْ كَانُوا آبَاءَهُمْ أَوْ أَبْنَاءهُمْ أَوْ إِخْوَانَهُمْ أَوْ عَشِيرَتَهُمْ أُوْلَئِكَ كَتَبَ فِي قُلُوبِهِمُ الإِيمَانَ وَأَيَّدَهُم بِرُوحٍ مِّنْهُ وَيُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ أُوْلَئِكَ حِزْبُ اللَّهِ أَلاَ إِنَّ حِزْبَ اللَّهِ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴾

«Аллаһқа және Ақырет Күніне иман келтірген қауымның Аллаһ пен Оның Елшісіне қарсы шыққандармен достасқанын көрмейсің, тіпті олар – әкелері, не балалары, яки ағайын-туыстары болса да. Олардың жүректеріне Аллаһ иман жазып, Өз тарапынан рухпен қуаттады. Және оларды астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарына кіргізеді, және олар онда мәңгі қалады. Аллаһ оларға разы, ал олар Аллаһқа разы. Міне, солар - Аллаһтың тобы. Расында, Аллаһтың тобы – құтылушылар» («әл-Мужәдәлә» сүресі, 22-аят).



Шарх:

(«Үшіншісі:»). Яғни біз білуге тиіс мәселелердің үшіншісі достық пен қатыссыздыққа («әл-уәлә уәл-бара») қатысты. Достық және қатыссыздық діннің ең ұлы негіздердің бірі болып табылады, әрі олар туралы көптеген аяттарда айтылған. Мысалы, аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деген:



يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تَتَّخِذُوا بِطَانَةً مِنْ دُونِكُمْ لا يَأْلُونَكُمْ خَبَالا وَدُّوا مَا عَنِتُّمْ قَدْ بَدَتِ الْبَغْضَاءُ مِنْ أَفْوَاهِهِمْ وَمَا تُخْفِي صُدُورُهُمْ أَكْبَرُ قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ الآيَاتِ إِنْ كُنْتُمْ تَعْقِلُونَ (١١٨)

«Әй, иман келтіргендер! Өздеріңнен өзгелерді дос әрі көмекші тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды» («Әли Имран» сүресі, 118-аят).

Аллаһ сондай-ақ былай деген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تَتَّخِذُوا الْيَهُودَ وَالنَّصَارَى أَوْلِيَاءَ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ مِنْكُمْ فَإِنَّهُ مِنْهُمْ إِنَّ اللَّهَ لا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ (٥١)

«Әй, иман келтіргендер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда, күдіксіз, ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» («әл-Мәида» сүресі, 51-аят).

Пәк Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты:



يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تَتَّخِذُوا الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَكُمْ هُزُوًا وَلَعِبًا مِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَالْكُفَّارَ أَوْلِيَاءَ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ (٥٧)

«Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы-мазақ жасап ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмин болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар» («әл-Мәида» сүресі, 57-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تَتَّخِذُوا آبَاءَكُمْ وَإِخْوَانَكُمْ أَوْلِيَاءَ إِنِ اسْتَحَبُّوا الْكُفْرَ عَلَى الإيمَانِ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ مِنْكُمْ فَأُولَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ (٢٣)قُلْ إِنْ كَانَ آبَاؤُكُمْ وَأَبْنَاؤُكُمْ وَإِخْوَانُكُمْ وَأَزْوَاجُكُمْ وَعَشِيرَتُكُمْ وَأَمْوَالٌ اقْتَرَفْتُمُوهَا وَتِجَارَةٌ تَخْشَوْنَ كَسَادَهَا وَمَسَاكِنُ تَرْضَوْنَهَا أَحَبَّ إِلَيْكُمْ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ وَجِهَادٍ فِي سَبِيلِهِ فَتَرَبَّصُوا حَتَّى يَأْتِيَ اللَّهُ بِأَمْرِهِ وَاللَّهُ لا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ (٢٤)

«Әй, иман келтіргендер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көрі күпірлікті абзал көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса, онда олар залымдар. (Мухаммад, оларға:) «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, әйелдерің, отбасыларың, тапқан мал-мүліктерің, тоқырап қалуынан қорыққан саудаларың, жақсы көрген үйлерің сендерге Аллаһтан, Оның Елшісінен әрі Оның жолында күресуден артық көрінсе, Аллаһтың әмірі келгенге дейін күтіңдер», - де. Аллаһ бұзық қауымды тура жолға салмайды» («әт-Тәуба» сүресі, 23-24 аяттар).



Аса Құдіретті және Ұлы (Аллаһ) тағы да былай деді:

قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّى تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ

«Расында, сендерге Ибраһим және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды. Сол уақытта олар еліне: "Сендерден де, Аллаһтан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызга мәңгі дүшпандық, өштік орнады. Сендерге Аллаһтың бірлігіне иман келтіргендеріңе дейін қарсымыз", - деген» ( «әл-Мумтахана» сүресі, 4-аят).

Сөйтіп, адамның Аллаһқа қарсы болушылармен достық қарым-қатынасты ұстануы және олардың көңілінен шығуға тырысуы оның жүрегіндегі Аллаһқа және Оның Елшісіне деген иманының әлсіз екенін білдіреді, өйткені егер адам өзі жақсы көретін нәрсесіне дұшпандық сипаттағы өзге бір нәрсені жақсы көрсе, бұл қисынға сыймайын жәйт болады. Ал кәпірлерге қатысты достық қатынаста болуға келер болсақ, бұл олардың күпірлігіне және адасушылығына қолдау жасауда көрініс табуы мүмкін, ал олардың алдында жалтақтап-жағымпаздану адамның олардың сүйіспеншілігіне кез-келген жолмен жетуге ұмтылып, оларға ұнайтын нәрселерді істеуінде көрінеді. Мұндай іс-амалдар иманмен мүлдем үйлеспейтініне ешқандай күмән жоқ, өйткені мүмин адам Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы болатын адамға дұшпандық танытуы қажет, тіпті ол оның жақын туысы болса да, оны жек көруі және одан алшақтауы керек, алайда бұл оның мұндай адамға игі насихаттар айтпауы және оны ақиқатқа шақырмауы керек дегенді білдірмейді.

Автордың сөзі:

اعْلَمْ أَرْشَدَكَ اللهُ لِطَاعَتِهِ، أَنَّ الْحَنِيفِيَّةَ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ: أَنْ تَعْبُدَ اللهَ وَحْدَهُ، مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ.

«Біл, Аллаһ саған Өзіне мойынсұнуды нәсіп етсін, Ибраһим ұстанған әл-ханифия бірқұдайшылық діні – бұл жалғыз Аллаһқа ғана ықыласты түрде құлшылық етуің».

Шарх:


(«Мойынсұнуды»). Яғни сізге бұйырылғанды орындау және харамнан тыйылу.

(«Бірқұдайшылық діні (әл-ханифия)»). Бірқұдайшылық діні (әл-ханифия) - бұл көпқұдайшылыққа қарама-қарсы және аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа қатысты ықыласқа негізделген дін.

(«Дін (милләһ)»). Яғни Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұстанған діндегі жол.

(«Ибраһим»). Ибраһим аса Рахымдының сүйіктісі еді, өйткені аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деген:

وَاتَّخَذَ اللَّهُ إِبْرَاهِيمَ خَلِيلا (١٢٥)

«Өйткені Аллаһ Ибраһимді Өзінің сүйіктісі етті» («ән-Ниса» сүресі, 125-аят). Ибраһим барлық пайғамбарлардың атасы болып табылады, әрі адамдар оған ұқсаулары үшін (Құран мен Сүннетте) оның жолы туралы жиі қайталанып айтылады.

(«Бұл сіздің жалғыз Аллаһқа ғана ықыласты түрде құлшылық етуіңіз»). Бұл сөздер баяндауыштың рөлін атқарады, ал жалпы құлшылық дегенде «Аллаһты дәріптеумен әрі оған деген махаббатпен шартталатын және Оның әмірлерін Оның шариғатының заң-ережелеріне сәйкес орындауда әрі Ол тыйым салған нәрселерден аулақ болуда көрініс табатын Аллаһқа мойынсұну» меңзеледі.

Ал егер құлшылық туралы толығырақ айтар болсақ, онда шейхул-Ислам Ибн Таймияның (Аллаһ оны рахым етсін) былай деп айтқан сөздерін келтіруге болады: «Ғибадат – бұл Аллаһ жақсы көретін және Ол разы болатын барлық сөздердің және қорқу, қауіптену, намаз, зекет, ораза сияқты сырттай және іштей жасалатын амалдардың, әрі Ислам адамдарға міндеттеген өзге де істердің жалпы атауы» («Мәжму‘ әл-Фәтауа», 10-т., 149-бет).

(«Ықыласты түрде»). Ықылас дегенде бұл жерде тазалық меңзеледі, басқаша айтқанда, адамның бір жағынан бүкіл құлшылық түрлерін тек Аллаһқа ғана арнауы, әрі екінші жағынан «Одан басқа кімге (неге) болсын құлшылық етуге болады» дегенді теріске шығаруы меңзеледі. Әрі өз құлшылық-ғибадатыңда аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың Дидарына жүгіну және Оның разылығын алуға ұмтылу. Осы орайда ол Аллаһпен қатар (Аллаһқа) жақындатылған періштеге де, адамдарға жіберілген пайғамбарға да құлшылық етпеуге тиіс. Аллаһ Тағала былай деген:



ثُمَّ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ أَنِ اتَّبِعْ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ (١٢٣)

«ухаммад,) содан соң саған бірқұдайшыл (ханиф) болған күйде Ибраһимнің дінін ұстануды уахи еттік. Ол серік қосушылардан болған емес» («ән-Нәхл» сүресі, 123-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَمَنْ يَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلا مَنْ سَفِهَ نَفْسَهُ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا وَإِنَّهُ فِي الآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ (١٣٠)إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ (١٣١)وَوَصَّى بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَى لَكُمُ الدِّينَ فَلا تَمُوتُنَّ إِلا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ (١٣٢)

Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ибраһимнің жолынан бет бұрады? Расында, оны дүниеде таңдадық, әрі, күдіксіз, ол Ақыретте де игілерден болады. Міне, сол кезде Раббысы Ибраһимге: «Бой ұсын!», - деді. Ол: «Бүкіл әлемдердің Раббысына бой ұсындым», - деді. Ибраһим бұны ұлдарына өсиет етті, әрі Яқуб та: «Әй, ұлдарым! Әрине, Аллаһ сендер үшін осы дінді қоштап ұнатты, сондықтан сендер тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер», - деді” («әл-Бақара» сүресі, 130-132 аяттар).

Автордың сөзі:

وَبِذَلِكَ أَمَرَ اللهُ جَمِيعَ النَّاسِ، وَخَلَقَهُمْ لَهَا؛ كَمَا قَالَ تَعَالَى: ﴿ وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإِنْسَ إِلاَّ لِيَعْبُدُونِ ﴾[ الذاريات: 56]. وَمَعْنَى ﴿يَعْبُدُونِ﴾: يُوَحِّدُونِ،

«Аллаһ барлық адамдарға осыны бұйырды, өйткені Ол оларды осы үшін жаратты. Аллаһ Тағала бұл туралы:

﴿ وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإِنْسَ إِلاَّ لِيَعْبُدُونِ ﴾

«Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым», - деп айтқанындай («әз-Зәрият» сүресі, 56-аят).

«Яғбудун» сөзінің мағынасы - «юуаххидун», яғни Аллаһты құлшылықта жалғыздау, бірлеу».

Шарх:


(«Осыны»). Яғни Аллаһ тарапынан барлық адамдарға бұйырылған және Ол оларды осы үшін жаратқан Аллаһқа құлшылық етуді және дінде Оған қатысты ықыласты болуды меңзейтін таухидті (бірқұдайшылықты). Бұл туралы Аллаһ Тағаланың Өзі былай деп айтқан:

وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رَسُولٍ إِلا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلا أَنَا فَاعْبُدُونِ (٢٥)

«(Мухаммад,) Біз сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз, Менен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық қылыңдар!", - деп қана уахи етіп, жібердік» («әл-Әнбия», 25-аят). Әрі аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Өзінің Кітабында адамдар тек осы үшін жаратылғанын түсіндіріп, былай деді:

وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإِنْسَ إِلاَّ لِيَعْبُدُونِ

«Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым» («әз-Зәрият» сүресі, 56-аят).

(«Яғни Аллаһты құлшылықта жалғыздау, бірлеу»). Аталған жағдайда таухид өзімен құлшылықты меңзейді. Біз таухидке қарағанда жалпырақ ұғым болып табылатын құлшылық ұғымының нені білдіретіні туралы және нені құлшылық деп атуға болатынын айтып кеткен болатынбыз.

Құлшылықтың екі түрі бар екенін біл:

Біріншісі – бұл ғаламдық сипаттағы құлшылық, яғни бүкіл болмыстың Аллаһ Тағаланың әміріне бағынатыны. Осы мағынада құлшылық – бұл Аллаһ Тағаланың:

إِنْ كُلُّ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ إِلا آتِي الرَّحْمَنِ عَبْدًا (٩٣)

«Көктер мен жердегінің әрбірі аса Мейірімдіге тек құл болып келеді» («Мәриям», 93-аят), - деп айтқан сөздеріне сәйкес бүкіл адамзатқа тән нәрсе болып табылады. Сөйтіп, осы тұрғыдан алғанда мүмин де, кәпір де, ізгі де, бұзық та құлшылық етуші болып табылады.

Ал құлшылықтың екінші түрі – бұл адамдарға шариғат міндеттеген құлшылық. Мұндай құлшылық Аллаһ Тағалаға шариғаттың заң-ережелері арқылы мойынсұнуды меңзейді әрі тек Аллаһ Тағалаға бағынған және елшілер алып келген нәрсеге ілескендерге ғана тән болып табылады. Мұндай құлшылық туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

وَعِبَادُ الرَّحْمَنِ الَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى الأرْضِ هَوْنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ الْجَاهِلُونَ قَالُوا سَلامًا (٦٣)

«Аса Мейірімдінің құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға надандар тіл тигізсе де: "Сәләм!", - деп, дұрыс жауап береді» («әл-Фурқан» сүресі, 63-аят).

Құлшылықтың бірінші түріне қатысты айтар болсақ, адам ол үшін мақтау күтуінің қажеті жоқ, өйткені ол оның өздігінен жасайтын істеріне қатысы жоқ, бірақ егер ол игілікте шүкір етушілерден, ал сынақтар кезінде сабырлы болса, онда оған мақтау айтылуы мүмкін. Ал енді құлшылықтың екінші түріне келер болсақ, онда ол үшін адам мақтауға лайық болуы мүмкін.

Автордың сөзі:

وَأَعْظَمُ مَا أَمَرَ اللهُ بِهِ التَّوْحيِدُ، وَهُوَ: إِفْرَادُ اللهِ بِالْعِبَادَةِ.

«Аллаһтың ең ұлы бұйырығы – біқұдайшылықты (таухидті) ұстану. Ол тек Аллаһқа ғана құлшылық етуді білдіреді».

Шарх:


(«Таухид»). «Таухид» сөзі араб тілінде «уахида» (біріктіру, әлдебір нәрсені жалғыз ету) етістігінен пайда болған зат есім («әл-масдар») болып табылады. Мұндай біріктіруге (жалғыз етуге) тек теріске шығару және растау арқылы, яғни осы үкімді біріктірудің (жалғыз етудің) объектісінен өзге қандай да бір нәрсеге қатысты қолдану мүмкіндігін теріске шығару және оны тек соған қатысты ғана қолдануға болатындығын растау арқылы қол жеткізіледі. Мысалы, біз: «Адамның бірқұдайшылығы ол Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екендігіне куәлік етпей, әрі сонысы арқылы Аллаһтан басқа кім (не) болсын құдайлық болмысқа ие болуы мүмкіндігін теріске шығармай, және оған (яғни құдайлық болмысқа – ауд.) тек жалғыз Аллаһ қана ие екендігін растамай толық болмайды» деп айтамыз.

Ал «таухидтің» арнайы термин ретіндегі мағынасына келер болсақ, автор оған «жалғыз Аллаһқа құлшылық ету» деп анықтама береді. Бұл біздің тек Аллаһқа ғана құлшылық етуге тиісті екінімізді әрі Онымен қатар ешкімді, мейлі ол адамдарға жіберілген пайғамбар, жақындатылған періште, көсем, басшы, патша немесе басқа адам болсын, құлшылық объектісіне айналдырмауға тиісті екенімізді білдіреді. Басқаша айтқанда, біз Аллаһқа деген махаббатымыздың және Оны дәріптеуіміздің негізінде, сондай-ақ өзіміздің игі ниет-еркімізбен және Одан қорыққанымыздан тек Оған ғана құлшылық етуіміз керек. Автор (Аллаһ оны рахым етсін) адамдар соны амалға асырулары үшін оларға елшілер жіберілген таухидті меңзеді, өйткені дәл осыда олардың руластары түрлі ауытқуларға жол беретін.

Таухидтің (бірқұдайшылықтың) «Аллаһқа ғана тән нәрселерге тек Ол ғана ие екендігін мойындау» деп түсінілетін бұдан да жалпылама анықтамасы бар.

Таухидтің (бірқұдайшылықтың) үш түрі бар:



БІРІНШІСІ: Пәк Аллаһ Тағаланы жалғыз Жаратушы, Ие және Басқарушы деп мойындауды меңзейтін таухид. Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деді:

اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ (٦٢)

«Аллаһ – барлық нәрсенің Жаратушысы. Ол – барлық нәрсенің Қамқоршысы әрі Сақтаушысы» («әз-Зүмәр» сүресі, 62-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ هَلْ مِنْ خَالِقٍ غَيْرُ اللَّهِ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالأرْضِ لا إِلَهَ إِلا هُوَ فَأَنَّى تُؤْفَكُونَ (٣)

«Әй, адам баласы! Аллаһ сендерге берген нығметін еске алыңдар: Сендерге көктен, жерден несібе беретін Аллаһпен қатар бір жаратушы бар ма? Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ендеше нендей ақиқаттан бет бұрғансыңдар(«Фатыр» сүресі, 3-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (١)

«Бүкіл билік Қолында болған Аллаһ Игі-Берекелі (Тәбарак), әрі Оның әр нәрсеге күші толық жетеді(«әл-Мүлк» сүресі, 1-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ أَلا لَهُ الْخَلْقُ وَالأمْرُ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (٥٤)

«Күдіксіз, Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Содан кейін Аршыға көтерілген. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді, және күн мен айды, сондай-ақ жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Күмән жоқ, жарату және бұйрық беру Оған тән. Бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ Игі-Берекелі (Тәбарак)» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят).

ЕКІНШІСІ: тек Аллаһ қана құдайлық болмысқа ие екендігін мойындауды меңзейтін таухид. Оның мәні адам тек Пәк Аллаһ Тағалаға ғана құлшылық етуі керек екендігінде әрі Аллаһтан басқа ешкімді құлшылық объектісі ретінде таңдамауы және Одан басқа ешкімге жақындауға ұмтылмауы керек екендігінде.

ҮШІНШІСІ: (құдайлық) есімдер мен сипаттарға қатысты таухид. Бұл – тек Пәк Аллаһ Тағала ғана Өзін Өзі атаған есімдерге және Өзінің Кітабында Өзін солар арқылы сипаттаған немесе олар туралы Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлаған әрі ол осы туралы адамдарға айтып жеткізген сипаттарға ие екендігін мойындау. Мұндай мойындау Ол (Өзінің есім сипаттарына қатысты) бекіткен нәрселерді ешбір бұрмалауларсыз, алып тастаусыз, өзгертусіз және ұқсатусыз растауды және Ол теріске шығарған нәрселерді теріске шығаруды меңзейді.

Аталған жағдайда автор жоғарыда аталған бірқұдайшылық түрлерінің екіншісін, яғни тек Аллаһ қана құдайлық болмысқа ие екендігін атап тұр. Міне, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соғысқан көпқұдайшыл-мүшриктер дәл осыда адасқан болатын. Әрі елшілер өздері жіберілген қауымдарды басқа нәрселерден бұрын дәл осыда хақ жолға салуға талпынатын. Аллаһ Тағала былай деді:

وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَسُولا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاجْتَنِبُوا الطَّاغُوتَ فَمِنْهُمْ مَنْ هَدَى اللَّهُ وَمِنْهُمْ مَنْ حَقَّتْ عَلَيْهِ الضَّلالَةُ فَسِيرُوا فِي الأرْضِ فَانْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ (٣٦)

«Расында, Біз әр үмметке: “Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі тағуттан аулақ болыңдар”, - дейтін елші жібердік» («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят).

Сөйтіп, дұрыс деп тек аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа жасалатын құлшылықты ғана атауға болады, ал бірқұдайшылықтың осындай түрінен бас тартатынның кез-келгенін мүшрик және кәпір деп есептеу қажет, тіпті ол Аллаһты жалғыз Жаратушы және белгілі есім сипаттардың жалғыз құқықты иесі деп мойындаса да. Мысалы, егер адам Аллаһтың жалғыз Жаратушы екенін және белгілі есім сипаттардың жалғыз құқықты иесі екенін сөзсіз мойындаса, бірақ осы орайда әлдебір қабір-кесенеге зиярат жасап, сол жерде жерленген әлдебіреуге құлшылық етсе, немесе оған арнап құрбан шалса әрі осынысымен оған жақындауға ұмтылса, бұл оның көпқұдайшыл-мүшрик және кәпір екенін әрі оны ол онда мәңгі қалатын От күтіп тұрғанын білдіреді. Өйткені Аллаһ былай деді:

إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ (٧٢)

«Расында, кім Аллаһқа ортақ қосса, Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны Тозақ болады. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ!» («әл-Мәида» сүресі, 72-аят).

Бірқұдайшылықты (таухидті) ұстану Аллаһтың ең ұлы бұйрығы болуының себебі – дәл таухид бүкіл дін соған негізделетін нәрсе болып табылатынында, әрі сондықтан да пайғамбар Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Аллаһқа шақыруын дәл таухидтен бастады, әрі басқа адамдарға осы дағуатты жеткізу үшін жіберген (сахабаларына да) осыдан бастауды бұйыратын.

Автордың сөзі:

وَأَعْظَمُ مَا نَهَى عَنْه الشِّركُ، وَهُوَ: دَعْوَةُ غَيْرِهِ مَعَهُ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى ﴿وَاعْبُدُواْ اللّهَ وَلاَ تُشْرِكُواْ بِهِ شَيْئ﴾[النساء: 35].

“Ал Аллаһ тыйым салған ең үлкен нәрсе – ширк, яғни Аллаһпен бірге басқаларға да құлшылық жасау. Бұған дәлел – Аллаһтың келесі сөздері:

﴿وَاعْبُدُواْ اللّهَ وَلاَ تُشْرِكُواْ بِهِ شَيْئ﴾

«Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар» («ән-Ниса» сүресі, 36-аят)”.



Шарх:

(«Тыйым салған ең ұлы нәрсе»). Аллаһтың ең ұлы тыйымы ширкке деген тыйым болуының себебі – бүкіл хақылардың ең ұлысы – бұл аса Құдіреті және Ұлы Аллаһтың хақысы болып табылатынында, әрі егер адам Оның хақысын бұзатын болса, ол сонысымен хақылардың ең ұлығын, яғни аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың Оған жалғыз құлшылыққа лайықты хақ Құдай ретінде қарым-қатынас жасауға деген хақысын бұзған болады. Аллаһ Тағала былай деді:

وَإِذْ قَالَ لُقْمَانُ لابْنِهِ وَهُوَ يَعِظُهُ يَا بُنَيَّ لا تُشْرِكْ بِاللَّهِ إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ (١٣)

Сол уақытта Луқман өз ұлына үгіт-насихат бере отырып: «Әй, ұлым! Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз, серік қосу зор зұлымдық», - деді” («Луқман» сүресі, 13-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا (٤٨)

«Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» («ән-Ниса» сүресі, 48-аят).

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді:

وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلالا بَعِيدًا (١١٦)

«Ал кім Аллаһқа серік қосса, сол зор адасушылыққа түсті» («ән-Ниса» сүресі, 116-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ (٧٢)

«Расында, кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны Тозақ болады. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ!» («әл-Мәида» сүресі, 72-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

إِنَّ اللَّهَ لا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا (٤٨)

«Аллаһ Өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» («ән-Ниса» сүресі, 48-аят).

Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол: «Ең ұлы күнә - Аллаһ сені жаратқан бола тұра, Оған кімді болса да теңеу», - деп айтқан («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», (№1631); және Муслим (№ 52)).

Жәбир бин Абдуллаһтан (оған және оның әкесіне Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһпен қатар ешкімге құлшылық етпей қайтыс болса, сол Жәннатқа кіреді, ал кім Онымен бірге кімге (неге) болса да құлшылық етіп өлсе, сол Тозаққа кіреді» (Муслим, № 92).

Сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһпен қатар кімге (неге) болса да құлшылық етіп өлсе, Отқа кіреді» , - деп айтқаны жеткізіледі («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», № 598).

Аллаһ Тағаланың құлшылықты парыз еткеніне және ширкті тыйым салғанына дәлел ретінде автор (Аллаһ оны рахым етсін) Аллаһ Тағаланың мына сөздерін қолданған:

«Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар» («ән-Ниса» сүресі, 36-аят)».



Сөйтіп, Аллаһ Тағала Өзіне құлшылық етуді бұйырғаны және Оған кімді (нені) болса да серік қосуға тыйым салғаны, әрі бұл тек Оған ғана құлшылық ету керек екенін растауды меңзейтіні айқын болды. Ал егер адам Аллаһқа құлшылық етпесе, онда ол кәпір әрі тәкаппар болғаны, ал егер ол Аллаһқа құлшылық етсе, бірақ Онымен қатар тағы да әлдекімге (әлденеге) құлшылық етсе, онда ол кәпір және мүшрик болғаны, әрі кім тек Аллаһқа ғана құлшылық етсе және Оған ешкімді серік қоспаса, сол өз дінінде ықыласты мұсылман болғаны.

Көпқұдайшылықтың (Аллаһқа серік қосудың) «ширктің» екі түрі болады: үлкен ширк және кіші ширк.



БІРІНШІ ТҮРІ: Үлкен ширк – бұл Заң Шығарушы (Аллаһ) ширк деп атаған және соның салдарынан адам өз дінінен шығатын ширк.

ЕКІНШІ ТҮРІ: Кіші ширк – бұл шариғат тарапынан ширк деп сипатталатын, кез-келген сөз бен істерде көрініс табатын, бірақ адамды діннен шығармайтын ширк.

Қалай болғанда да адам үлкен ширктен де, кіші ширктен де сақтануы қажет, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:

إِنَّ اللَّهَ لا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا (٤٨)

«Аллаһ Өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» («ән-Ниса» сүресі, 48-аят).

Ал кейбір білім иелері бұл қорқыту ширктің кез-келген түріне, соның ішінде кіші ширкке де қатысты деп айтқан.



Автордың сөзі:

فَإِذَا قِيلَ لَكَ: مَا الأُصُولُ الثَّلاثَةُ التِي يَجِبُ عَلَى الإِنْسَانِ مَعْرِفَتُهَا؟ فَقُلْ: مَعْرِفَةُ الْعَبْدِ رَبَّهُ، وَدِينَهُ، وَنَبِيَّهُ مُحَمَّدًا صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ.

Егер сізден: «Адам білуі парыз болған үш негіз қандай?» - деп сұраса, оған: «Пенденің өз Раббысын, дінін және пайғамбары Мухаммадты (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) тануы», - деп жауап беріңіз.

Шарх:


(«Негіз»). Негіз деп оған өзге бір нәрсе негізделетін барлық нәрсе аталады, мысалы, қабырғаның негізі немесе оның іргетасы немесе ағаштың бұтақтары тарайтын діңгегі. Ал Аллаһ былай деді:

أَلَمْ تَرَ كَيْفَ ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلا كَلِمَةً طَيِّبَةً كَشَجَرَةٍ طَيِّبَةٍ أَصْلُهَا ثَابِتٌ وَفَرْعُهَا فِي السَّمَاءِ (٢٤)

«ухаммад,) Аллаһ қандай мысалдар келтіретінін көрмейсің бе? Көркем сөз - тамыры мықты, бұтағы көкке көтерілетін бір көркем ағаш тәрізді» («Ибраһим» сүресі, 24-аят).

Автор (Аллаһ оны рахым етсін) осыны ескерту арқылы адам қабірінде сұралатын үш негізге нұсқағысы келді, өйткені әрбір адамға: «Раббың кім? Дінің не? Пайғамбарың кім?» - деп үш сұрақ қойылады.

(«Үш негіз қандай»). Автор (Аллаһ тағала оны рахым етсін) бұл сөйлемшеге сұрақ райын беруінің себебі – ол адамның көңілін осыған бұрғысы келгенінде, өйткені бұл маңыздылығы ұлы мәселе әрі үлкен негіздердің бірі болып табылады. Ол осы үш негізді адам танып білуі керек екендігін айтты, өйткені адам қабірде солар жайында сұралады, себебі ол жерленген соң және оның достары оны тастап кеткен соң, оған екі періште келеді де, отырғызып қойып, одан: «Раббың кім? Дінің не? Пайғамбарын кім?», - деп сұрайды. Әрі егер қайтыс болған адам мүмин болған боса, онда ол: «Раббым – Аллаһ, дінім – Ислам, ал Пайғамбарым – Мухаммад», - деп жауап береді. Ал егер өлген адам күмәнданушы немесе екіжүзді болған болса, ол: «Білмеймін, мен тек адамдардың әлдебір нәрселер айтып жүргенін еститінмін және соны қайталайтынмын», - деп айтады.

(«Пенденің өз Раббысын тануы»). Аллаһты тануға бірнеше себептер арқылы қол жеткізу мүмкін болмақ. Олардың арасында Ол жаратқан нәрселерге назар салып қарау және бұл туралы ойлану бар, өйткені бұл Аллаһты, Оның билігінің ұлықтығын, Оның құдіретінің кемелдігін, Оның даналығын және Оның рахымын тануға алып келеді. Аллаһ Тағала былай деді:



Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет