Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


«Раббыңның әмірі келген сәтте, олардың Алла



бет6/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Раббыңның әмірі келген сәтте, олардың Аллаһтан өзге жалбарынған құдайлары өздеріне ешбір пайда келтірмеді. Сондай-ақ зияндарын арттырғаннан басқа түкке тұрмады» («Худ» сүресі, 101-аят). Елшілер өздері жіберілген (қауымдарына): «Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендердің Одан басқа құдайларың жоқ», - деп айтқан болса («әл-Әғраф» сүресі, 59-аят), біз Аллаһ Тағаладан басқа әлдекім құдайлық болмысқа ие деп айтуымызға қалайша болмақ?! Алайда мұндай сұрақтар куәліктің бірінші бөлігінің мағынасын «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деп түсінгендерде туындамайды, демек, сондықтан да адамдардың Аллаһтан басқа құлшылық ететін құдайлары жалған құдайлар болып табылады әрі ешбір жағынан құдайлық болмысқа ие болу құқығына талаптана алмайды. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٦٢)

«Міне, күдіксіз, Аллаһ – Ол Хақ, ал олардың Одан өзге сиынғандары жалған. Рас, Аллаһ – Ол өте Жоғары, аса Үлкен» («әл-Хәжж» сүресі, 62-аят).

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздері де:

أَفَرَأَيْتُمُ اللاتَ وَالْعُزَّى (١٩)وَمَنَاةَ الثَّالِثَةَ الأخْرَى (٢٠)أَلَكُمُ الذَّكَرُ وَلَهُ الأنْثَى (٢١)تِلْكَ إِذًا قِسْمَةٌ ضِيزَى (٢٢)إِنْ هِيَ إِلا أَسْمَاءٌ سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ

«Ләт пен Ғуззаны көрдіңдер ме? Үшінші басқа Мәнатты? Еркек текті (ұрпақ) сендердікі де, әйел текті Аллаһтікі ме? Онда бұл орынсыз бір бөліс. Бұл – сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Аллаһ оларға байланысты ешбір дәлел түсірген жоқ («ән-Нәжм» сүресі, 19-23 аяттар). Әрі бұған сондай-ақ бізге Аллаһ Тағала жеткізген Юсуфтың мына сөздері де нұсқайды:

مَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِهِ إِلا أَسْمَاءً سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ

«Сендердің Одан өзге құлшылық еткендерің – сендер әрі аталарың ойлап тапқан құр аттар ғана. Аллаһ оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген» («Юсуф» сүресі, 40-аят).

Осылайша, «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздерінің мағынасы аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты шынайы (хақ) объект жоқ дегенді білдіреді, ал адамдардың Одан басқа құлшылық ететіндеріне келер болсақ, онда бұл құлшылық объектілері шынайы құдайлық болмысқа ие емес, тіпті соларға құлшылық ететіндер солай деп айтса да.

Автордың сөзі:



وَتَفْسِيرُهَا: الَّذِي يُوَضِّحُهَا قَوْلُهُ تَعَالَى ﴿وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لأَبِيهِ وَقَوْمِهِ إِنَّنِي بَرَآء مِّمَّا تَعْبُدُونَ * إِلاَّ الَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُ سَيَهْدِينِ * وَجَعَلَهَا كَلِمَةً بَاقِيَةً فِي عَقِبِهِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ ﴾[الزخرف: 26 ـ 28].

“Осы (куәліктің) мағынасын Аллаһтың мына сөздері толық ашып береді:



﴿وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لأَبِيهِ وَقَوْمِهِ إِنَّنِي بَرَآء مِّمَّا تَعْبُدُونَ * إِلاَّ الَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُ سَيَهْدِينِ * وَجَعَلَهَا كَلِمَةً بَاقِيَةً فِي عَقِبِهِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ ﴾

«Сол кезде Ибраһим өз әкесіне және еліне: «Расында, мен сендердің құлшылық етіп жүргендеріңнен аулақпын, тек мені жаратқаннан (Аллаһтан) басқа. Расында, ол мені тура жолға салады», - деді. Ол осыны кейінгі ұрпақтарына мұра сөз етіп қалдырды, олар осыған қайта оралулары үшін» («әз-Зухруф» сүресі, 26-27 аяттар)”.



Шарх:

(«Ибраһим») Ибраһим – бұл Аллаһтың халилі, яғни сүйіктісі, «саналы түрде ширктен бас тартқан» ханифтердің имамы, әрі Мухаммадпен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатар елшілердің ішіндегі ең ардақтысы. Оның әкесінің аты Азар болған.

(«Расында, мен сендердің құлшылық етіп жүргендеріңнен аулақпын»). Ибраһимнің: «Расында, мен сендердің құлшылық етіп жүргендеріңнен аулақпын», - деген сөздері оның куәліктің бірінші бөлігін, яғни «Лә иләһа...» («құлшылыққа лайықты құдай жоқ») сөздерін іс жүзінде қолданғанына айғақ болады.

Тек мені жаратқаннан (Аллаһтан) басқа»). Ибраһимнің: «...тек мені жаратқаннан (Аллаһтан) басқа...», - деген сөздері куәліктің екінші бөлігін, яғни «илләЛлаһ» немесе «билігінде серігі болмағандай құлшылықта да серігі жоқ Пәк Аллаһ Тағаладан басқа» сөздерін іске асыру ретінде айтылған. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

أَلا لَهُ الْخَلْقُ وَالأمْرُ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (٥٤)

«Күдіксіз, жарату және әмір беру Оған тән. Өте Жоғары Аллаһ – бүкіл әлемдердің Раббысы!» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят). Бұл аятта жарату және билік тек бүкіл болмысқа барлық жағынан билік жүргізетін әлемдердің Раббысы жалғыз Аллаһқа ғана тән екендігі туралы айтылады.

(«Расында, ол мені тура жолға салады»). Яғни маған ақиқатты көрсетеді, әрі маған сол (ақиқатқа) қол жеткізуге көмектеседі.

(«Ол осыны кейінгі ұрпақтарына мұра сөз етіп қалдырды»). Яғни Аллаһтан басқа кімге (неге) болсын құлшылық етуден бас тартуды.

(«Олар осыған қайта оралулары үшін»). Яғни олар өздерінің көпқұдайшылығынан бас тартып, осыған қайта оралулары үшін.

Автордың сөзі:

وقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ تَعَالَوْاْ إِلَى كَلَمَةٍ سَوَاءٍ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ أَلاَّ نَعْبُدَ إِلاَّ اللّهَ وَلاَ نُشْرِكَ بِهِ شَيْئاً وَلاَ يَتَّخِذَ بَعْضُنَا بَعْضاً أَرْبَاباً مِّن دُونِ اللّهِ فَإِن تَوَلَّوْاْ فَقُولُواْ اشْهَدُواْ بِأَنَّا مُسْلِمُونَ ﴾[آل عمران: 64].

“Сондай-ақ мына Оның сөздері де:

﴿قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ تَعَالَوْاْ إِلَى كَلَمَةٍ سَوَاءٍ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ أَلاَّ نَعْبُدَ إِلاَّ اللّهَ وَلاَ نُشْرِكَ بِهِ شَيْئاً وَلاَ يَتَّخِذَ بَعْضُنَا بَعْضاً أَرْبَاباً مِّن دُونِ اللّهِ فَإِن تَوَلَّوْاْ فَقُولُواْ اشْهَدُواْ بِأَنَّا مُسْلِمُونَ﴾

«Айт: «Ей, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңда ортақ бір сөзге келейік. Жалғыз Аллаһқа құлшылық етейік, Оған еш нәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді раббы тұтпайық». Егер олар бет бұрса: «Куә болыңдар, расында, біз мұсылманбыз!», – деңдер» («Әли Имран» сүресі, 64-аят)”.

Шарх:

(«Айт»). Бұл сөздер Мухаммад Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағытталған, әрі ол осы сөздерді Кітап иелерімен, яғни яһудилермен және христиандармен айтысқан кезде қолдануға тиісті еді.

Біздің арамыз бен сендердің араларыңда ортақ бір сөзге келейік»). Бұл «біз Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпейік, әрі Оған ешкімді серік қоспайық, және бір-бірімізді Аллаһтан өзге раббы тұтпайық, Одан басқа ешкімге құлшылық етпейік» дегенді білдіреді, әрі «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздерінің мағынасы да, міне, осы болып табылады. Ал «біздің арамыз бен сендердің араларыңда ортақ бір сөзге» деген сөздерге келер болсақ, олар «бұл сөз бізге де, сіздерге де бірдей қатысты» дегенді білдіреді.

Оған еш нәрсені серік қоспайық»). Бұл біз бір-бірімізді аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан басқа раббы тұтпауымыз керек дегенді, яғни үкім Аллаһтан басқа әлдебіреуге тән бола алады деп санап, бір-бірімізді аса Құдіретті және Ұлы Аллаһты дәріптейтіндей етіп дәріптемейік, немесе бір-бірімізге тек Аллаһқа құлшылық етуге тиісті болғандай етіп құлшылық етпейік.

Егер олар бет бұрса»). Яғни егер олар сендер оларды шақырған нәрседен бас тартса.

(««Куә болыңдар, расында, біз мұсылманбыз!», – деңдер»). Яғни оларға өздеріңнің Аллаһқа мойынсұнғандарыңды және олардың осы «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген ұлы сөздерден бас тартып, қасарысуларына қатыссыз екендеріңді жариялаңдар, әрі оларды осыған куә болуға шақырыңдар.



Автордың сөзі:

وَدِليلُ شَهَادَةِ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ لَقَدْ جَآءكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ ﴾[التوبة: 128].

“«Мухаммад – Аллаһтың елшісі» куәлігінің дәлелі – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:



﴿ لَقَدْ جَآءكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ ﴾

«Сендерге өздеріңнің араларыңнан ардақты елші келді. Оған сендердің бастарыңа түскен қиыншылықтар ауыр тиеді, (ол) сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, рахымды» («әт-Тәуба» сүресі, 128-аят)”.



Шарх:

Өздеріңнің араларыңнан»). Бұл сөздер оның басқалардай адам екенін, әрі ол сендердің араларыңнан шыққанын білдіреді, әрі Аллаһ Тағаланың мына сөздері бұған дәлел болады:

هُوَ الَّذِي بَعَثَ فِي الأمِّيِّينَ رَسُولا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلالٍ مُبِينٍ (٢)

«Ол (сондай Аллаһ) сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға (Аллаһтың) аяттарын оқитын, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға Кітап пен даналық үйрететін бір елші жіберді. Негізінде, олар бұрын ашық адасуда еді» («әл-Жумуа» сүресі, 2-аят).

(«Оған сендердің бастарыңа түскен қиыншылықтар ауыр тиеді»). Яғни сендерге ауыр тиетін нәрсе оған да ауыр тиеді.

(«(Ол) сендерге өте ынтық»). Яғни ол сендерге пайда келтіруге әрі сендерден зиянды тойтаруға ұмтылады.

(«Мүминдерге өте жұмсақ, рахымды»). Оның тек мүминдерге қатысты осылай қарым-қатынас жасауының себебі оған кәпірлермен және екіжүзділермен күресу және оларға қатысты қатал болу бұйырылғандығында еді. Аллаһ Елшісінің бұл сипаттары оның хақ елші болғандығына нұсқайды, әрі бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері айғақ болады:

مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ

«Мухаммад – Аллаһтың елшісі» («әл-Фатх» сүресі, 29-аят).

Сондай-ақ Оның мына сөздері де:

قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ لا إِلَهَ إِلا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الأمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ (١٥٨)

«ухаммад:) «Әй, адам баласы! Мен барлығыңа Аллаһтың елшісімін; жер мен көктің иелігі Оған тән. Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Аллаһқа және Аллаһтың сөздеріне иман келтірген, сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Оған еріңдер, әрине, тура жол табасыңдар», - де» («әл-Әғраф» сүресі, 158-аят). Әрі өздеріне осы мағынаны қамтитын және Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың хақ елшісі екеніне нұсқайтын аяттар өте көп.

Автордың сөзі:

وَمَعْنَى شَهَادَة أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ: طَاعَتُهُ فِيمَا أَمَرَ، وَتَصْدِيقُهُ فِيمَا أَخْبَرَ، واجْتِنَابُ مَا نَهَى عَنْهُ وَزَجَرَ وأَلا يُعْبَدَ اللهُ إِلا بِمَا شَرَعَ.

«Мухаммад – Аллаһтың елшісі» куәлігінің мағынасы: оның бұйрықтарына бойсұну; хабарлаған нәрселерінің хақ екенін растау; тыйған және қайтарған нәрселерінен тыйылу; сондай-ақ Аллаһқа тек ол шариғат етіп бекіткендей етіп құлшылық ету”.



Шарх:

(«Мағынасы»). «Мухаммад – Аллаһтың елшісі» куәлігінің мағынасы – құрайш тайпасының хашим руынан шыққан Мухаммад бин Абдуллаһ аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһтың бүкіл жындар мен адамзатқа жіберген елшісі екенін тілмен және жүрекпен растау. Өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

ﮋ ﭳ ﭴ ﭵ ﭶ ﭷ ﭸ ﭹ ﮊ وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإنْسَ إِلا لِيَعْبُدُونِ (٥٦)



«Мен жындар мен адамдарды олар тек Маған құлшылық етулері үшін ғана жараттым» («әз-Зәрият» сүресі, 56-аят).

Бірақ Аллаһ Тағалаға тек Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген уахилардың негізінде ғана құлшылық ету керек. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَى عَبْدِهِ لِيَكُونَ لِلْعَالَمِينَ نَذِيرًا (١)

«Бүкіл әлемдерге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Аллаһ өте Жоғары» («әл-Фурқан» сүресі, 1-аят).

Бұл куәліктің мағынасы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлаған нәрселердің ақиқат екендігін растауды, ол бұйырған нәрселерді орындауды, ол тыйым салған және қайтарған нәрселерден тыйылуды және Аллаһқа ол заңдастырып бекіткендей етіп құлшылық етуді қамтиды. Бұл куәліктің мағынасы сондай-ақ сенің «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Раббының әлдебір құқықтарына ие еді, әрі сондықтан да ол болмысты басқара алады деп», немесе «ол оған құлшылық етуге болатындай (әлдебір) құқықтарға ие» деп санамауыңда. Өйткені ол – оған құлшылық етуге рұқсат етілмейтін құл, әрі оған өтірік жапсыруға болмайтын Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), әрі ол Аллаһ Тағаланың қалауынсыз өзіне де, өзгеге де не пайда, не зиян тигізе алмайды. Ал Аллаһ Тағала былай деген:

قُلْ لا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلا أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌ إِنْ أَتَّبِعُ إِلا مَا يُوحَى إِلَيَّ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الأعْمَى وَالْبَصِيرُ أَفَلا تَتَفَكَّرُونَ (٥٠)

(Мухаммад, оларға:) «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 50-аят). Сөйтіп, ол оған (Аллаһ Тағаланың) әмірлері бұйырылатын, әрі өзіне бұйырылған (әмірлерге) ілесетін құл еді, ал Аллаһ Тағала былай деді:

قُلْ إِنِّي لا أَمْلِكُ لَكُمْ ضَرًّا وَلا رَشَدًا (٢١)قُلْ إِنِّي لَنْ يُجِيرَنِي مِنَ اللَّهِ أَحَدٌ وَلَنْ أَجِدَ مِنْ دُونِهِ مُلْتَحَدًا (٢٢)

«Расында, мен сендерге зиян да келтіре алмаймын, игілік те істей алмаймын, - де. «Расында, ешкім мені Аллаһтың азабынан қорғай алмайды да, мен де Одан өзге пана таба алмаймын», - де(«әл-Жинн» сүресі, 21-22 аяттар).



Әрі Ол, Оған мақтаулар болсын, сондай-ақ былай деді:

قُلْ لا أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعًا وَلا ضَرًّا إِلا مَا شَاءَ اللَّهُ وَلَوْ كُنْتُ أَعْلَمُ الْغَيْبَ لاسْتَكْثَرْتُ مِنَ الْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِيَ السُّوءُ إِنْ أَنَا إِلا نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ (١٨٨)

ухаммад:) «Аллаһ қаламайынша, өзім үшін пайда-зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине, жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген ел үшін бір қорқытушы әрі қуандырушы ғанамын», - де” («әл-Әғраф» сүресі, 188-аят).

Осының себебімен сендер құлшылық етуге Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), жаратылыстардың кез-келгені де лайықты емес екендігін, әрі тек Аллаһқа ғана құлшылық ету керек екендігін білесіндер. Ал (Аллаһ Тағала) былай деді:

قُلْ إِنَّ صَلاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (١٦٢)لا شَرِيكَ لَهُ وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ (١٦٣)

(Мухаммад:) «Намазым, құлшылығым, өмірім және өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы – Аллаһ үшін. Оның серігі жоқ. Мен осыған бұйырылдым, әрі мен бой ұсынушылардың алғашқысымын», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 162-163 аяттар).

Сендер сондай-ақ Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құқығы – бұл сендердің оған Аллаһ Тағала берген орынды берулерің, яғни оны Аллаһтың құлы және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деп санауларың болып табылатынын да білесіңдер.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الصَّلاةِ، وَالزَّكَاةِ، وَتَفْسِيرُ التَّوْحِيدِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُوا الصَّلاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ ﴾[البينة: 5].

“Намаз бен зекетке дәлел әрі таухидтің түсіндірмесі - Аллаһ Тағаланың мына Сөздері:



﴿وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُوا الصَّلاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ ﴾

«Оларға тек Аллаһқа ғана ханиф (бірқұдайшыл) болған күйде ықыласпен құлшылық ету, намазды орындау және зекет беру бұйырылған еді. Міне, осы тура дін» («әл-Бәйина» сүресі, 5-аят)”.

Шарх:

(«Намаз бен зекетке дәлел»). Яғни намаз бен зекет діннің құрамдас (ажырамас) бөлігі екендігіне дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُوا الصَّلاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ ﴾

«Оларға тек Аллаһқа ғана ханиф (бірқұдайшыл) болған күйде ықыласпен құлшылық ету, намазды орындау және зекет беру бұйырылған еді. Міне, осы тура дін» («әл-Бәйина» сүресі, 5-аят)».



Бұл аят өзінің құрамына құлшылықтың барлық түрлеріне деген дәлелдерді қамтиды, әрі адам оларды орындауда Аллаһқа қатысты ықылас танытуы, бірқұдайшылықтан ауытқымауы және Оның шариғатына ілесуі қажет.

(«...намазды орындау және зекет беру...»). Намазды орындау мен зекет беру де құлшылықтың құрамына кіреді, бірақ Аллаһ Тағала оларды жеке атап айтқанының себебі олардың маңыздылығында, өйткені намаз денемен жасалатын, ал зекет мал-мүлкіңмен жасалатын құлшылық болып табылады, әрі Аллаһ Тағаланың Кітабында олар бір-бірінің жанында орналасқан.

(«Міне, осы...»). Яғни Аллаһқа ханиф ретинде берілген күйде құлшылық ету, намазды орындау және зекет беру.

(«Тура дін»). Яғни қисықтығы жоқ тура жолмен жүріп жатқан үмметтің діні, өйткені бұл – аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһтың діні, ал Аллаһтың діні тұп-тура болып табылады. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلا تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَنْ سَبِيلِهِ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ (١٥٣)

«Күдіксіз, Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер де, басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан тайдырады» («әл-Әнғам» сүресі, 153-аят).

Бұл қасиетті аятта тек құлшылық, намаз, зекет туралы ғана емес, сонымен қоса бірқұдайшылықтың (таухидтің) шынайы мәні туралы да айтылуда, ал ол көпқұдайшылыққа ұмтылудың мүмкіндігін жоққа шығаратын аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһқа берілгендікте, өйткені кімде-кім өзінің Аллаһқа берілгендігін сақтамаса және тек Оған ғана құлшылық етпесе, сол бірқұдайшылық дінін ұстанбағаны.

Автордың сөзі:

وَدَلِيلُ الصِّيَامِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴾[البقرة: 183].

وَدَلِيلُ الْحَجِّ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَلِلّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلاً وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ الله غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ ﴾[آل عمران: 97].

“Оразаның дәлелі – Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға (ораза) парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді. Бәлкім, тақуалық етерсіңдер!» («әл-Бақара» сүресі, 183-аят).

Қажылыққа дәлел – Аллаһ Тағаланың келесі Сөздері:

﴿وَلِلّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلاً وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ الله غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ ﴾

«Аллаһтың жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат ету міндетті. Ал кім күпірлік етсе, Аллаһ бүкіл әлемдерден бай!» («Әли Имран» сүресі, 97-аят)”.
Шарх:

(«Оразаның дәлелі»). Яғни оразаның парыз екендігіне Аллаһ Тағаланың:



﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға (ораза) парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді. Бәлкім, тақуалық етерсіңдер!», - деген сөздері дәлел болады.

Ал Аллаһ Тағаланың: «...Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей...», - деген сөздері туралы айтар болсақ, ол бірқатар нәрселерге нұсқайды:

Біріншіден, Аллаһ тарапынан бізден бұрын өмір сүрген халықтарға да парыз етілген оразаның маңыздылығына, сондай-ақ Аллаһтың оразаны жақсы көретініне әрі оны барлық діни үмметтер ұстауы керек екеніндігіне нұсқайды.

Екіншіден, бұл үмметке жеңілдік жасалғанына нұсқау бар, өйткені жан мен тәнге ауыр болып келетін ораза бұл үмметке ғана емес, басқаларға да парыз етілген еді.

Үшіншіден, Аллаһ бұл дінді кемелдікке жеткізгеніне нұсқалады, өйткені Ол оны оған дейін болған діндердегі артықшылықтармен толықтырды.

(«Бәлкім, тақуалық етерсіңдер»). Бұл аятта аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ: «...бәлкім, тақуалық етерсіңдер», - яғни «бәлкім, оразаның және ораза ұстаушылардың бойында қалыптасатын тақуалардың сипаттарының себебімен сендер Аллаһтан қорқарсыңдар» деп, оразаның мәнін де түсіндірді. Бұған Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқап: «Егер адам өтірік айтуы мен өтірікке амал етуін доғармаса, онда Аллаһқа оның жеп-ішуді доғарғаны да керек болмайды», - деді.

(«Қажылыққа дәлел»). Яғни қажылықтың парыз екендігіне Аллаһ Тағаланың: «Аллаһтың жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етуі міндетті», - деген сөздері дәлел болады.



Бұл аят хижраның 9 жылы түсіріліп, мұсылмандарға қажылық жасауды парыз етті. Бірақ, сонымен бірге, аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ: «…шамасы келген адамдарға», - деп айтты. Осылайша, бұл аяттың құрамында егер адам тиісті мүмкіндіктерге ие болмаса, ол қажылық жасамауына болатынына да нұсқау бар.

(«Ал кім қарсы шықса»). Аллаһ Тағаланың «Ал күпірлік етсе, Аллаһ бүкіл әлемдерден бай!» деген сөздері қажылық жасауға шамасы келетіндердің қажылық жасаудан бас тартуы күпірліктің көрінісі болып табылатынына нұсқау бар, бірақ адамды діннен шығаратын күпірліктің емес. Ал бұл білім иелерінің ортақ пікіріне және Абдуллаһ бин Шақиқтың: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары намаз оқудан бас тартудан басқа қандай да болсын ізгілік амалдарынан бас тартуды күпірліктің көрінісі деп санамайтын еді», - деген сөздеріне сәйкес келеді.

Автордың сөзі:



الْمَرْتَبَةُ الثَّانِيَةُ: الإِيمَانُ

وَهُوَ: بِضْعٌ وَسَبْعُونَ شُعْبَةً، فَأَعْلاهَا قَوْلُ لا إلٰه إِلا اللهُ، وَأَدْنَاهَا إِمَاطَةُ الأَذَى عَنِ الطَّرِيقِ، وَالْحَيَاءُ شُعْبَةٌ مِنْ الإِيمَانِ.

Екінші дәреже: иман.

Оның жетпістен астам тармағы бар. Олардың ең жоғарғысы – «Лә иләһә илләЛлаһ» куәлігі. Ал ең төменгісі – жолдан адамдарға зиян тигізуі мүмкін болған нәрселерді алып тастау. Сондай-ақ ұялу да – иманның бір тармағы”.

Шарх:

(«Екінші дәреже»). Яғни діннің дәрежелерінің екіншісі.

(«Иман»). Шариғатта иман «жүректің сенімі, тілмен айтылатын сөздер және дене мүшелерімен жасалатын амалдар, әрі ол өзінің құрамына жетпістен астам тармақтарды біріктіреді» деп анықталады.

(«Алып тастау»). Яғни жүрушілерге зиян тигізетін барлық нәрселерді, мысалы, тастарды, тікенектерді, тастандыларды, қоқыстарды, жаман иісі бар барлық заттарды т.с.с. алып тастау.



Автордың, Аллаһ оны рахым етсін, иман жетпістен астам тармақтардан құралатыны және ол алты тірекке негізделетіні туралы сөздерін біріктіріп, біз иман – бұл алты тірекке негізделетін белгілі бір көзқарас екенін, әрі ол туралы Жәбірейіл (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман туралы сұрағанында, ол: «Иманның мәні – сенің Аллаһқа, Оның періштелеріне, Оның Кітаптарына, оның елшілеріне және Ақырет Күніне иман келтіруіңде және сенің тағдырға оның жақсылығы және жамандығымен иман келтіруіңде», - деп жауап берген хадисте баяндалатынын айтамыз (бұл хадисті Бухари мен Муслим келтіреді).

Ал егер иман туралы түрлі іс-әрекеттерді біріктіретін ұғым ретінде айтар болсақ, онда ол өзіне жетпістен астам тармақтарды біріктіреді, әрі дәл сондықтан да Аллаһ намазды иман деп атады:

وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُضِيعَ إِيمَانَكُمْ



«…Аллаһ ешқашан имандарыңды жоймайды» («әл-Бақара» сүресі, 143-аят). Құранның тәпсірлеушілері бұл жерде «сендердің намаздарыңды» деген меңзелетіндігін, әрі сөз мұсылмандар намаздарында жүздерін Иерусалимге қаратқан кез туралы болуда деп айтқан. Өйткені Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары оларға намазда жүздерін Қағба жаққа қарату бұйырылғанға дейін солай істейтін.

Автордың сөзі:



وَأَرْكَانُهُ سِتَّةٌ: كما فى الحديث (أَنْ تُؤْمِنَ بِاللهِ،(...

«Иманның алты тірегі бар:

  1. Аллаһқа иман келтіру;...»

Шарх:

Аллаһқа иман келтіру»). Аллаһқа иман келтірудің төрт құрамдас бөліктері бар:

БІРІНШІСІ: АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ БАР ЕКЕНДІГІНЕ ИМАН КЕЛТІРУ.



Аллаһ Тағаланың бар екендігіне адамның құрылысы, оның ақыл-ойы, шариғат және түйсік-сезімдер нұсқайды.

1 – Адамның құрылысының өзі Аллаһ Тағаланың бар екендігіне нұсқайтыны – әрбір адамға о бастан ойлануды да, оқытуды да талап етпейтін Жаратушысына деген иман тума дарытылғанында, әрі бірде-бір адам өзіне табиғи тұрғыдан тән болған (осы) нәрседен таймайтынында. Бұдан тек жүректерінде оларды осыдан бет бұрғызатын ақаулар орын алатын адамдар ғана тыс ерекшеленеді. Бұл тұжырымды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері растайды: «Әрбір сәби өзінің тума бітімінде /фитрада/6 туылады, ал (содан кейін) әке-шешесі оны яһуди, христиан немесе отқа табынушы етеді» («Мухтасар «Сахих әл-Бухари», №644 хадис).

2 – Аллаһ Тағаланың бар екендігін растайтайтын ақыл-ой дәлелдеріне келер болсақ, олар бұрын бар болған әрі болашақта бар болатын барлық нәрселердің міндетті түрде олардың барлығын жаратқан Жаратушысы бар екенінде. Өйткені еш нәрсе өзін-өзі жарата алмайды немесе кездейсоқ пайда бола алмайды.

Ешбір зат өзін-өзі жарата алмайды, өйткені өзінің пайда болуына дейін ол еш нәрсе емес еді, ал енді еш нәрсе Жаратушы бола алады ма?!

Сол сияқты ешбір зат кездейсоқ пайда бола алмайды, өйткені әрбір құбылыстың өзіндік себебі бар, әрі барлық құбылыстардың таңқаларлық реттілігі мен үйлесімділігі, ал себептер мен салдарлардың және бүкіл болмыстағы заттардың арасында тығыз өзара байланыстың (бұзылмай) сақталып тұруы осының барлығы кездейсоқ пайда болды деп тіпті жорамалдаудың өзіне де жол бермейді, өйткені кездейсоқ пайда болатын нәрсе өз негізінде ретсіз болады, ендеше, ол тіршілік етуі мен дамуын жалғастырғанда қалайша өз реттілігін сақтар еді?!

Осылайша, егер жаратылған әлдебір нәрсе өзін-өзі жаратпаса және кездейсоқ пайда болмаса, онда осының барлығының Жаратушысы болуы керек екендігі, ал Ол – әлемдердің Раббысы Аллаһ екені айқын болады.

Аллаһ Тағала осы ақыл-парасатқа қонымды әрі бұлтартпас дәлелді «әт-Тур» сүресінде былай деп келтіреді:



أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ (٣٥)

«Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме?» («әт-Тур» сүресі, 35-аят). Бұл олардың Жаратушысыз жаратылған болуы және өздерін өздері жаратуы мүмкін емес екендігін білдіреді, ал сондықтан да олардың Жаратушысы Пәк Аллаһ Тағала болып табылады. Міне, сондықтан да көпқұдайшыл болған кезінде Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ (٣٥)أَمْ خَلَقُوا السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ بَل لا يُوقِنُونَ (٣٦)أَمْ عِنْدَهُمْ خَزَائِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ الْمُسَيْطِرُونَ (٣٧)

«Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме? Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды. Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Әлде олардың өздері игеруші ме?», - деген аяттарды оқып жатқанын естіген Жубайр бин Мутим кейіннен былай дейтін: «(Сол кезде) менің жүрегім ұшып кете жаздады, әрі сол кезде иман менің жүрегімде алғаш рет орнықты» (әл-Бухари, №4854 хадис, 6-том, 140-бет).

Осы ой-тұжырымды айқындайтын мысал келтірейік. Сізге біреу ішінде өзендер ағып жатқан бақтармен қоршалған керемет түрде жиһаздалған әрі түрлі-түрлі әшекейлермен сәнделген әлдебір сарайдың бар екенін баяндап, осы сарай оған тиісті болған барлық заттарымен бірге өзін-өзі жаратты немесе жаратушысыз кездейсоқ пайда болды деп айтты делік. Бұндай жағдайда сіз, әрине, бұны теріске шығарасыз да, мұны айтып тұрған кісі ақылсыз нәрселер айтып жатыр деп есептеп, мұның өтірік екенін айтасыз. Ендеше, осыдан кейін өзіне көк пен жерді, ондағы орын алып жатқан барлық нәрсені қамтыған керемет реттілікке ие осы кең дүние өзін-өзі жаратты немесе кездейсоқ жаратылды, әрі оны ешкім жаратпады деп қалайша ойлауға болмақ!?

3 – Аллаһ Тағаланың бар екенін растайтын шариғи дәлелдерге келер болсақ, онда бұған көктен түскен барлық Кітаптар нұсқайды. Әрі бұған сондай-ақ осы Кітаптар өзіне қамтыған әрі адамдардың мүдделеріне сәйкес келетін заң-ережелер нұсқайды, ал, міне, осы олардың Өзінің жаратылыстарына не пайда келтіретінін білетін Дана Раббы тарапынан екеніне растау болады. Әрі ең соңында, бұған шындық екені іс жүзінде орын алып жатқан фактілермен расталатын оқиғалар мен құбылыстар туралы хабарлар да нұсқайды. Ал бұл (яғни олардың фактілермен расталуы – ауд.) олардың Өзі хабарлаған нәрселерін жаратуға құдіретті Раббы тарапынан екеніне дәлел болады.

4 – Ал түйсіктеріміз арқылы бізге келтірілетін Аллаһтың дәлелдеріне келер болсақ, олар екі түрлі болады:

БІРІНШІСІ: біз Аллаһқа дұға етіп жалбарынғандардың жауап алатынын, ал қайғырғандарға көмек беріліп жатқанын естиміз және өз көзімізбен көреміз, әрі бұл Аллаһ Тағаланың бар екеніне бұлтартпас дәлел болып табылады. Аллаһ Тағала былай деген:

وَنُوحًا إِذْ نَادَى مِنْ قَبْلُ فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ (٧٦)

«Бұрын жалбарынған Нухтың тілегін қабыл етіп, оны әрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік» («әл-Әнбия» сүресі, 76-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ

«Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол тілектеріңді қабыл етті...» («әл-Әнфал» сүресі, 9-аят).

Хадистердің бірінде Әнас ибн Мәликтің былай деп айтқаны жеткізіледі: “(Бірде) жұма күні Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа айтып тұрған кезінде, мешіттің мінберге қарама-қарсы есігінен бір кісі кіріп келді. Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына келіп тұрып алды да, отырмастан, оған былай деп сөз қатты: «Уа, Аллаһтың Елшісі, малымыз құрыды, ал өзіміз болса жолға шыға алмай қалдық7, Аллаһқа ол бізге жаңбыр жіберуін сұрап дұға етіңізші!» Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қолын көкке көтеріп: «Уа, Аллаһ, бізді сусындат! Уа, Аллаһ, бізді сусындат! Уа, Аллаһ, бізді сусындат /Аллаһуммә-сқи-нә, Аллаһуммә-сқи-нә, Аллаһуммә-сқи-нә!/», - деп дұға ете бастады. Аллаһтың атымен ант етемін, (сол кезде) аспанда бірде-бір бұлт, тіпті еш нәрсе жоқ болатын, ал біз бен Сәл‘8 тауының арасында ешқандай құрылыстар мен үйлер де жоқ еді. Сол кезде (кенет) таудың артынан бейнесі қалқанға ұқсаған бір бұлт пайда болды, (кейін) аспанның ортасына келіп орналасқан соң (жан-жағын) қамтыды да, ізінен жаңбыр құйып кетті.

Аллаһтың атымен ант етемін, (осыдан кейін) біз алты күн бойы күннің (бетін) көрмедік, ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі жұмада құтпа айтып тұрған кезінде, тура сол есіктен бір кісі кіріп келіп, оның алдына тұрып алды да: «Уа, Аллаһтың Елшісі, мал-мүлкіміз құрыды, ал жолдардан жүруге болмай қалды. Ендеше, Аллаһтан Ол (жаңбырды) тоқтатуын сұраңызшы», - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қолын көкке көтеріп: «Уа, Аллаһ, бізге емес, біздің айналамызға! Уа, Аллаһ төбелерге, тауларға, төбешіктерге, қыраттарға, аңғар-алқаптарға және ағаштар өсетін жерлерге!», - деп дұға етті. Әрі ол қай жерге қолымен нұсқаса да, (сол жерде) бұлттар тарай бастайтын” («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №521 хадис).

Аллаһқа жалбарынатындар бүгін де өз дұғаларына жауап алып жатады, тек егер олар Аллаһ Тағалаға шын ықыласпен жалбарынса және бірнеше қажетті шарттарды орындаса болды.

ЕКІНШІСІ: Пайғамбар алып келген және адамдар оларды өз көздерімен көрген немесе естіген муғжизалар деп аталатын аят-белгілер оларды түсірген Аллаһ Тағаланың бар екеніне бұлтарпас дәлел болып табылады. Өйткені олар адамдардың қабілетінің шегінен тыс еді және Аллаһ Тағала тарапынан Оның елшілеріне көмек пен қолдау көрсету үшін жасалатын.

Бұған Аллаһ Тағала Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) асатаяғымен теңізді ұруды бұйырып, ал ол осыны орындаған кезде теңіз қақ айырылып, он екі құрғақ жол пайда болғанның, әрі олардың жан-жағынан су таулар сияқты көтеріліп тұрған муғжиза мысал бола алады. Аллаһ былай деген:

فَأَوْحَيْنَا إِلَى مُوسَى أَنِ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْبَحْرَ فَانْفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقٍ كَالطَّوْدِ الْعَظِيمِ (٦٣)

Мусаға: «Таяғыңмен теңізді ұр!», - деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды” («әш-Шуғара» сүресі, 63-аят).

Екінші мысал ретінде Исаның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың әмірімен өлгендерді тірілтетін және оларды тірілтіп қабірлерінен шығаратын муғжизасын келтіруге болады. Аллаһ оның былай деп айтқанын хабарлады: «…және өлгендерді Аллаһтың рұқсатымен тірілтемін» («Әли Имран» сүресі, 49-аят).

Ол сондай-ақ (Исаға) былай деген:

إِذْ تُخْرِجُ الْمَوْتَى بِإِذْنِي

«…сен Менің рұқсатыммен өлілерді шығаратын едің» («әл-Мәида» сүресі, 110-аят).

Үшінші мысал ретінде (пайғамбарымыз) Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрайыштықтар одан аят-белгі талап еткен кезде жасаған муғжизасын келтіруге болады. Ол қолымен айға сілтеген кезде, ол екіге бөлінді де, адамдар осыны көрді. Ал Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді:

اقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَانْشَقَّ الْقَمَرُ (١)وَإِنْ يَرَوْا آيَةً يُعْرِضُوا وَيَقُولُوا سِحْرٌ مُسْتَمِرٌّ (٢)

Қиямет жақындады, ай жарылды. Олар бір мұғжиза көрсе, бет бұрады да: «Жалғасты түрдегі бір сиқыр», - дейді” («әл-Қамар» сүресі, 1-2 аяттар).

Әрі Аллаһ Өзінің елшілеріне көмек пен қолдау көрсету үшін жасаған осы түйсікпен танылатын аят-белгілер Аллаһ Тағаланың бар екеніне бұлтартпас дәлел болып табылады.

ИМАННЫҢ ЕКІНШІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ: АЛЛАҺ ЖАЛҒЫЗ ЖАРАТУШЫ ЕКЕНІНЕ ИМАН КЕЛТІРУ.

Басқаша айтқанда, жалғыз Аллаһ қана Раббы екеніне және Оның серігі де, көмекшісі де жоқ екеніне иман келтіру.

Кімге жарату, билік және бұйыру тән болса, сол Раббы болып табылады, бірақ Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, Одан басқа ие жоқ, әрі тек Ол ғана әмір ете алады. Аллаһ Тағала былай деген:

أَلا لَهُ الْخَلْقُ وَالأمْرُ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (٥٤)

«Күдіксіз, жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте Жоғары Аллаһ – бүкіл әлемнің Раббысы?!» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят). Ол сондай-ақ былай деген:

ذَلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ لَهُ الْمُلْكُ وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ مَا يَمْلِكُونَ مِنْ قِطْمِيرٍ (١٣)

«Біртұтас осылар Раббыларың Аллаһтікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес(«Фатыр» сүресі, 13-аят).

Өзінің қоластындағыларына:

أَنَا رَبُّكُمُ الأعْلَى (٢٤)

«Мен сендердің ең ұлы раббыларың», - деп айтқан Перғауынмен орын алғанындай, өздерінің айтқандарына өздері сенбейтін өркөкірек адамдардан басқа әлдебіреудің Аллаһтың Раббы екенін теріске шығарғаны болған емес. Ол сондай-ақ былай деп те айтқан:

وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَا أَيُّهَا الْمَلأ مَا عَلِمْتُ لَكُمْ مِنْ إِلَهٍ غَيْرِي

Перғауын: «Уа, ақсүйектер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдайды білмеймін», - деді” («әл-Қасас» сүресі, 38-аят), бірақ оның өзі де өзінің айтқанына сенбейтін.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَجَحَدُوا بِهَا وَاسْتَيْقَنَتْهَا أَنْفُسُهُمْ ظُلْمًا وَعُلُوًّا

«Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық және менмендікпен қарсы шықты» («ән-Нәмл» сүресі, 14-аят). Әрі Аллаһ Тағала Мусаның Перғауынға былай деп айтқанын баяндады:

قَالَ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا أَنْزَلَ هَؤُلاءِ إِلا رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ بَصَائِرَ وَإِنِّي لأظُنُّكَ يَا فِرْعَوْنُ مَثْبُورًا (١٠٢)

(Муса:) «Расында, сен бұларды көктер мен жердің Раббысы көрнеу мұғжизалар ретінде түсіргенін білесің. Әй, Перғауын? Шын мәнінде, мен сені типыл болады деп ойлаймын», - деген еді” («әл-Исра» сүресі, 102-аят).

Әрі осы себепті де көпқұдайшылдар Аллаһ Тағаланың Жаратушы екенін мойындайтын, бірақ Онымен бірге басқа да құдайлар бар деп санайтын.

Аллаһ Тағала былай деген:

قُلْ لِمَنِ الأرْضُ وَمَنْ فِيهَا إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ (٨٤)سَيَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ أَفَلا تَذَكَّرُونَ (٨٥)قُلْ مَنْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ السَّبْعِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ (٨٦)سَيَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ أَفَلا تَتَّقُونَ (٨٧)قُلْ مَنْ بِيَدِهِ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ يُجِيرُ وَلا يُجَارُ عَلَيْهِ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ (٨٨)سَيَقُولُونَ لِلَّهِ قُلْ فَأَنَّى تُسْحَرُونَ (٨٩)

ухаммад): «Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзіндегілер кімнің иелігінде?», - де. Олар дереу: «Аллаһтың», - дейді. «Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?», - де. «Жеті көктің Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?», - де. Дереу: «Аллаһ», - дейді. «Сонда да қорықпайсыңдар ма?», - де. «Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы кімнің Қолында? Өзі Қорғаушы, ал Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын кім?», - де. Олар дереу: «Аллаһ», - дейді. «Ендеше, нендей алданғансындар!», - де” («әл-Муминун» сүресі, 84-89 аяттар).



Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ لَيَقُولُنَّ خَلَقَهُنَّ الْعَزِيزُ الْعَلِيمُ (٩)

ухаммад,) егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты?», - деп сұрасаң, әрине: «Оларды өте Үстем, аса Білуші Аллаһ жаратты», - дейді («әз-Зухруф» сүресі, 9-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет