Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


Шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усайминнің



бет2/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усайминнің

шейхуль-Ислам Мухаммад әт-Тамимидің «Үш негіз және оның дәлелдері» кітабына жасаған түсіндірмесі

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған

«Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы

1436/2015 ж.

بِسْـمِ اللهِ الرَّحْمـَنِ الرَّحِيـمِ

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Бұл кітап өзінің шағын көлеміне және қарапайым баяндалу тәсіліне қарамастан, әрбір мұсылманға қажетті болып табылады, өйткені онда Ислам дінінің ең маңызды сұрақтары және негіздері туралы баяндайды. Ол дінді үйренуге кіріскендерге жүректерінде дұрыс сенімдердің бекемделуі үшін қажетті, сондай-ақ балаларын Ислам сенімінің (ақидасының) басты негіздеріне оқытып-үйреткісі келген ата-аналарға да қажетті. Оны діни оқу орындарында және қазақ тілді мұсылмандарды оқытуға арналған бағдарламаларда оқу құралы ретінде қолдану өте орынды болмақ. Кітаптың өзі де, оған қоса берілетін түсіндірме де толығымен Құранның аяттарына және көп бөлігі орыс тіліне аударылған, басып шығарылған және кең таралған әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарынан алынған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде жеткен (сахих) хадистеріне сүйенеді.

Автордың1 сөзі:

بِسْـمِ اللهِ الرَّحْمـَنِ الرَّحِيـمِ

«Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен»

Шарх2:

(«Атымен»). Автор (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың Кітабының өнегесіне ілесіп, - өйткені ол да осы сөздермен басталады, - әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың атымен!» - деп басталмаған кез-келген іс толыққанды болмайды", - деп айтқан хадисіне сай, сондай-ақ өз жолдауларын осы сөздерімен бастайтын Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес, өзінің кітабын «Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен» деген сөздермен бастады.

(«Аллаһтың»). Аллаһ – бұл аса Ұлы және өте Жоғары Жаратушының жалқы есімі, әрі Оның осы есіміне басқа есімдерінің барлығы бағынады.

(«Аса Мейірімді»). «Мейірімді» («Рахман») деген есім тек Ұлы және Құдіретті Аллаһқа ғана тиесілі және басқа ешкімге қатысты қолданылмайтын есімдердің бірі болып табылады. «Аса Мейірімді» («әр-Рахман») «мейірімінің кеңдігімен ерекшеленетін» дегенді білдіреді.

(«Ерекше Рахымды»). «Рахымды» («Рахим») деген есім Аллаһқа қатысты да, басқаларға қатысты да қолданыла алады, әрі ол «басқаларға тарайтын рахымның иесі» дегенді білдіреді. Сонымен, «Рахман» – бұл Өзінің мейірімінің кеңдігімен ерекшеленетін, ал «Рахим» – бұл басқаларға тарайтын рахымның Иесі, әрі егер бірі екіншісімен біріксе, онда мұндай сөз тіркесінің мағынасы «Өз рахымын қалаған құлдарына таратушы» дегенді білдіреді. Бұл туралы Аллаһ Тағала:

يُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَيَرْحَمُ مَنْ يَشَاءُ وَإِلَيْهِ تُقْلَبُونَ (٢١)

«Ол қалағанын азаптайды, әрі қалағанын рахымына бөлейді, әрі Оған ораласыңдар», - деп айтқан («әл-Анкабут» сүресі, 21-аят).

Автордың сөздері:

اعْلَمْ رَحِمَكَ اللهُ أَنَّهُ يَجِبُ عَلَيْنَا تَعَلُّمُ أَرْبَعِ مَسَائِلَ:

«Біл, сені Аллаһ Өз рахымына бөлесін, біздің әрбірімізге төрт мәселені білу міндетті (уәжіп) болады...»

Шарх:


(«Біл»). Білім - бұл қандай да бір нәрсенің шынайы мәнін күмәнға орын қалмайтындай етіп түсіну.

Түсінудің алты дәрежесі бар:



БІРІНШІСІ: қандай да бір нәрсенің шынайы мәнін күмәнға орын қалмайтындай етіп түсіну;

ЕКІНШІСІ: жай білместік немесе толық түсінбеу;

ҮШІНШІСІ: толық білместік, (яғни) қандай да бір нәрсені оның шынайы мәніне ешбір нәрседе сәйкес келмейтіндей етіп түсіну;

ТӨРТІНШІСІ: белгілі бір нәрсені оның шынайы мәніне қайшы келу ықтималдығы басым болатындай етіп түсіну деңгейіне сәйкес келетін болжау;

БЕСІНШІСІ: белгілі бір нәрсені оның шынайы мәніне қайшы келу де (келмеу де) ықтимал болатындай етіп түсіну деңгейіне сәйкес келетін күмән;

АЛТЫНШЫСЫ: белгілі бір нәрсені оның шынайы мәніне қайшы келу ықтималдығы аз-ақ болатындай етіп түсіну деңгейіне сәйкес келетін болжау.

Білім екі түрге жіктеледі: қажетті (білім) және теориялық (білім).

Қажетті білім бұл оның объектісін (яғни білуге тиісті нәрсені) танып-білу мәжбүрлі түрде қажетті болатын және қарап шығуды да, ойланып-пікір етуді де қажет етпейтін білім болып табылады. Бұған оттың ыстық екендігі туралы білім мысал бола алады.

Ал теориялық білім – бұл қарап шығуды және ойланып-пікір етуді талап ететін білім. Мысалы, дәрет алғанда белгілі ниеттің болуы міндетті (уәжіп) екендігі туралы білім.

(«Сені Аллаһ рахымына бөлесін»). Яғни: Ол саған Өзінің рахымынан, сен соның арқасында іздегеніңңе жететіндей және бәлекеттерден аман қалатындай бір бөлігін үлестірсін. Бұл «Аллаһ сенің бұрыңғы істеген күнәларыңды кешірсін, әрі саған көмектессін және олардан (күнәлардан) сақтасын» дегенді білдіреді. Мұның барлығы рахымға қатысты, ал егер рахым туралы кешірумен біріктірілген түрде сөз етілсе, онда мұнымен өткен күнәларды кешіру меңзеледі. Ал рахым дегеніміз бұл игілікке болысу (көмектесу) және күнәлардан сақтау болып табылады.

Автордың (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) бұл сөздері оның өз жолдауын арнап жатқан адамға деген қамқоршылығына және жанашырлығына, сондай-ақ оны игілікке келтіруге деген ұмтылысына айғақ болады.

(«Төрт мәселені»). Автор (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) атап кеткен бұл мәселелер өзінің құрамына дінге қатысты болған барлық нәрселерді қамтиды, әрі оларға зейін қою қажет, өйткені бұл үлкен пайда алып келеді.

Автордың сөзі:

الأُولَى: الْعِلْمُ، وَهُوَ مَعْرِفَةُ اللهِ، وَمَعْرِفَةُ نَبِيِّهِ، وَمَعْرِفَةُ دِينِ الإِسْلامِ بِالأَدِلَّةِ.



«Біріншісі – білім. Ол өзіне Аллаһты, Оның пайғамбарын және Ислам дінін дәлелдермен тануды қамтиды».

Шарх:

(«Аллаһты тану»). Яғни аса Құдіретті және Ұлы Аллаһты жүрекпен тану, Оның заң етіп бекіткен нәрселерін қабылдауды және Оның елшісі Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген шариғатты амалға асыруды талап ететін тану. Пенде өзінің Раббысы туралы аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың Кітабындағы Оның заңдарының үкім-ережелері қамтылған аяттарға зейін салу арқылы, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен танысу арқылы және адамдардың бойында көрініс табатын болмыстағы аят-белгілерді байқау арқылы біледі, әрі, ақиқатында, адам осы аят-белгілерге әр сәт назар салған сайын оның Жаратушысы әрі құлшылық ететін Құдайы туралы білімі арта береді, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:



وَفِي الأرْضِ آيَاتٌ لِلْمُوقِنِينَ (٢٠)وَفِي أَنْفُسِكُمْ أَفَلا تُبْصِرُونَ (٢١)

«Жер жүзінде нық сенушілер үшін дәлелдер бар. Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме?» («әз-Зәрият» сүресі, 20-21 аяттар).

(«Оның Пайғамбарын тану») Яғни Оның Елшісі Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тану, ол алып келген басшылық пен хақ дінді қабылдауды, ол хабарлаған нәрселердің шындық екенін растауды, ол бұйырған нәрселерді орындауды, ол тыйым салған және қайтарған нәрселерден аулақ болуды, оның заңына жүгінуді және оның шешіміне разы болуды талап ететін тану. Аллаһ Тағала былай деді:

فَلا وَرَبِّكَ لا يُؤْمِنُونَ حَتَّى يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا (٦٥)

«Жоқ! Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би етіп, сонсоң берген үкіміңе көңілдерінде ақау таппай, толық бой ұсынғанға дейін мүмин бола алмайды» («ән-Ниса» сүресі, 65-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

إِنَّمَا كَانَ قَوْلَ الْمُؤْمِنِينَ إِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ أَنْ يَقُولُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ (٥١)



Расында, мүминдерді, араларына үкім беру үшін Аллаһ пен Оның Елшісіне шақырғанда, олардың сөздері: «Естідік және бой ұсындық», - деу болады. Міне, осылар құтылушылар” («ән-Нур» сүресі, 51-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ذَلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلا (٥٩)

«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Елшіге ұсыныңдар; егер Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген болсаңдар. Міне, осы хайырлы әрі нәтижеде жақсы» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَنْ تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ (٦٣)

«Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір бүлік (фитна) жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» («ән-Нур» сүресі, 63-аят).

Имам Ахмад (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Сен бүліктің (фитнаның) не екенін білесің бе? Бүлік (фитна) – бұл көпқұдайшылық (ширк), өйткені оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі босын) айтқандарының бір бөлігін қабылдамаған адамның жүрегінде ауытқушылықтар пайда болады да, сөйтіп ол опат болады».

Ислам дінін тану»). Ислам жалпы мағынада Аллаһқа Ол адамдарға Өзінің елшілерін жібере бастағаннан бері заңды етіп бекіткен және сонау Қиямет Күніне дейін заң күшіне ие болған нәрселердің көмегімен құлшылық ету болып табылады. Бұл туралы аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ барлық бұрыңғы заң-ережелер адамдарға аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа мойынсұнуды (Исламды) міндеттегеніне нұсқайтын көптеген аяттарда атап айтқан. Аллаһ Тағала Ибраһимнің (оған Аллаһтың сәлемі болсын) былай деп айтқанын хабарлаған:

رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ

«Раббымыз, екеумізді де Өзіңе бой ұсынушы ет, ұрпақтарымыздан да Өзіңе бой ұсынушы бір үммет ете көр!» («әл-Бақара» сүресі, 128-аят).

Ал Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлығының басталуынан кейін бұл сөз (яғни Ислам – ауд.) өзінің ерекше мағынасына ие болды, әрі сол кезден бастап ол Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға не нәрсемен жіберілген болса, сонымен байланысты болды, өйткені ол өзімен барлық алдыңғы діндердің күшін жойды, әрі кім оған ілескен болса, сол мұсылман (яғни Аллаһтың қалауына мойынсұнған) болды. Ал кім оған қарсы болса, сол мұсылман емес, өйткені мұсылмандар деп өз кезіндегі пайғамбарларға ілескендерді ғана айтуға болады. Мысалы, яһудилер Мусаның кезінде мұсылман еді, ал христиандар Исаның кезінде мұсылман болды, олардың екеуіне де Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Бірақ адамдарға Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберілгеннен кейін олар оған иман келтірмеді, әрі сондықтан да қазір олар мұсылман емес.

Алайда тек осы Ислам діні ғана Аллаһ тарапынан қабыл болады әрі оны ұстанушыларға пайда әкеледі, өйткені аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деп айтты:

إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الإسْلامُ

«Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін – бұл Ислам» («Әли Имран» сүресі, 19-аят).

Ол сондай-ақ былай деді:

وَمَنْ يَبْتَغِ غَيْرَ الإسْلامِ دِينًا فَلَنْ يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي الآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ (٨٥)

«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, Ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» («Әли Имран» сүресі, 85-аят).

Әрі бұл – Аллаһ Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның үмметіне сыйлаған дін. Аллаһ Тағала былай деді:

الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإسْلامَ دِينًا

«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» («әл-Мәида» сүресі, 3-аят).

(«Дәлелдерімен»). Дәлел – бұл адамды іздеген нәрсесіне бағыттайтын нәрсе. Ислам дінін тану жолындағы дәлелдерге келер болсақ, олар есту арқылы қабылданатын дәлелдер және ақыл-ой дәлелдері болып табылады. Есту арқылы қабылданған дәлелдер деп біз уахи арқылы бекітілгенді, яғни Құран мен Сүннетті атаймыз. Ал ақыл-ой дәлелдеріне келер болсақ, оларға назар салу және ойлану арқылы бекітілген нәрселер жатады. Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ мұндай дәлелдер туралы Өзінің Кітабында жиі ескертеді, өйткені көптеген аяттарда Ол Өзінің аяттарының қатарына пәлен және пәлен нәрселер жатады деп айтады, басқаша айтқанда, Аллаһ Тағала Өзі туралы куәлік ететін ақыл-ой дәлелдерін келтіреді.

Есту арқылы қабылданған және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тануға мүмкіндік беретін дәлелдерге келер болсақ, оларға Аллаһ Тағаланың мына сөздері мысал бола алады:

مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ وَالَّذِينَ مَعَهُ ...

«Мухаммад – Аллаһтың елшісі, онымен бірге болғандар…» («әл-Фатх» сүресі, 29-аят), - немесе Оның:

وَمَا مُحَمَّدٌ إِلا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ

«Мухаммад – тек елші ғана, оған дейін де елшілер болған», - деген басқа сөздері де («Әли Имран» сүресі, 144-аят).

Ал оны (яғни Пайғамбарды – ауд.) ақыл-ой дәлелдері арқылы тануды оның алып келген айқын аят-белгілеріне назар салу және олар туралы ой-пікір құру арқылы іске асыруға болады. Олардың ең ұлысы – өзіне шыншыл және игілікке бастаушы хабарларды, сондай-ақ әділетті үкімдерді қамтыған Аллаһтың Кітабы. Алайда бұл аят-белгілердің қатарына оның көрсеткен муғжизалары және оның ғайып туралы айтқан хабарлары да жатады, ал олар туралы білім тек уахи арқылы ғана алынуы мүмкін еді, әрі олар шындығында орын алған фактілер арқылы расталды.

Автордың сөзі:

الثَّانِيَةُ: الْعَمَلُ بِهِ.



«Екіншісі – соған сәйкес амал ету».

Шарх:

(«Соған сәйкес амал ету»). Яғни осы тану (білу) талап ететін нәрселерге сай амал ету, ал ол Аллаһқа иман келтіруді және Оған мойынсұнуды талап етеді, әрі бұл жеке ғибадат саласында да, қоғамдық ғибадат саласында да Оның әмір-бұйрықтарын орындауда көрініс табуға тиіс. Жеке ғибадат саласына, мысалы, намаз, ораза және қажылық жатады, ал қоғамдық ғибадат жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаруды, Аллаһтың жолындағы күресті т.с.с. меңзейді.

Іс жүзінде амал білімнің жемісі болып табылады, сондықтан да білімсіз амал жасаушы христиандарға ұқсайды, ал біліп, бірақ амал жасамайтын адам яһудилерге ұқсайды.

Автордың сөзі:

الثَّالِثَةُ: الدَّعْوَةُ إِلَيْهِ.



«Үшіншісіоған шақыру (дағуат ету)».

Шарх:

Оған шақыру (дағуат ету)»). Яғни Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген Аллаһ Тағаланың заңына (шариғатына) шақыру. Осы орайда осы шақыруды, Аллаһ Тағала бұл туралы («ән-Нәхл» сүресінің 125-аятында):

ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُمْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنْ ضَلَّ عَنْ سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (١٢٥)

«Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде айтыс», - деп айтқан, оның үш немесе төрт сатысына сәйкес іске асыру қажет.

Ал төртінші сатыға келер болсақ, ол туралы Аллаһ Тағала былай деді:

وَلا تُجَادِلُوا أَهْلَ الْكِتَابِ إِلا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ إِلا الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ

«Іштеріндегі зұлымдық еткендерінен басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар» («әл-Анкабут» сүресі, 46-аят).

Мұндай шақыруды іске асыру үшін, әрі бұл дағуат білім мен айқын түсінікке ие болуы үшін, аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың заңы туралы білімге ие болу қажет, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

قُلْ هَذِهِ سَبِيلِي أَدْعُو إِلَى اللَّهِ عَلَى بَصِيرَةٍ أَنَا وَمَنِ اتَّبَعَنِي وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ (١٠٨)

«“Менің жолым осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел үстінде шақырамыз. Аллаһты пәктеймін. Сондай-ақ мен серік қосушылардан емеспін”, - де» («Юсуф» сүресі, 108-аят).

Осылайша, (дінге) шақырушы (адам) өзі үгіт-насихат жасап жатқан нәрсесі туралы айқын тусінікке ие болуы қажет, ал бұл шариғаттың үкім-ережелерін білуді, өз шақыруын іске асырудың тәсілі туралы білуді, сондай-ақ осы үгіт-насихат кімге бағытталған болса, соның жағдайын білуді меңзейді.

Ал осы шақыруды (дағуатты) іске асырудың мүмкіндіктеріне қатысты айтар болсақ, олар көп, соның ішінде – оны құтпалар (уағыздар) арқылы, немесе лекциялар өткізу арқылы, немесе мақалалар жазу арқылы, немесе білімге ұмтылушылар үшін үйірмелер ұйымдастыру арқылы, немесе Аллаһқа шақыратын кітаптар жазу арқылы іске асыру (сияқты жолдары) бар, әрі Ислам дінін осылайша таратуға да, немесе Ислам дағуатын жеке кездесулер кезінде іске асыруға (да болады). Мысалы, егер кісі әлдебір кездесуге адамдарды аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа шақыру мақсатында қатысса, онда бұл оны (яғни Ислам дағуатын – ауд.) тарату тәсілдерінің біріне айналады, алайда ол мұнымен адамдарды жалықтырмайтындай және оларға ауыр тиметіндей етіп айналусы қажет. Аллаһқа шақырушы кісі бұған адамдарға әлдебір теориялық мәселені талқылауды ұсынуы арқылы қол жеткізе алады, өйткені осындай сұрақ-жауаппен байланысты талқылаулар көп жағдайда Аллаһ Өзінің Елшісіне түсірген (дінін) түсінуге, әрі осыны өзгелерге түсіндіруге мүмкіндік береді (септігін тигізеді), әрі, бұл көпке мәлім болғандай, радио арқылы уағыз бен лекциялар жеткізуден де тиімдірек бола алады.

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа шақыру елшілердің (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) міндеті әрі оларға таза жүректерімен ілескендердің жолы болатын, өйткені егер Аллаһ адамға өзінің құлшылық ететін объектісін (Құдайын), Пайғамбарын және дінін тануға мүмкіндік берген болса, онда ол өзінің бауырларын да аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа шақыру арқылы құтқаруға және адамдарға игіліктің жаршысы болуға ұмтылуы керек.

Хайбар алынған күні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Али ибн Абу Талибке (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқаны туралы хабарланады: «[Олармен кездескеніңше] бірте-бірте жылжып отыр, ал содан кейін оларды Исламға шақырып, Аллаһ Тағала алдындағы міндеттеріне не жататыны туралы хабарла, [өйткені] Аллаһпен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды [болса да] хақ жолға салса, бұл сен үшін қызыл түйелерге [ие болудан] жақсырақ болады!» (Бұл хадисті әл-Бухари «Сахих» жинағында (№ 2410, 3009, 3701) және Муслим «Сахих» жинағында (№ 2406) келтіреді).

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дегені хабарланады: «Кім [басқаларды] тура жолға шақырған болса, сол оған ілескен [барлық адамның] сауабындай сауап алады, әрі бұл олардың сауаптарын еш азайтпайды, ал кім [өзгелерді] адасушылыққа шақырған болса, сол оған ілескен [барлық адамдардың] күнәсының [салмағына] тең күнәның [ауыртпашылығын көтереді], әрі бұл олардың күнәларының [ауыртпашылығын еш жеңілдетпейді]» («Мухтасар «Сахих» Муслим», №1880).

Сондай-ақ оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай да бір жақсылыққа нұсқаған адамға, жақсылықты істеген адамның сауабындай сауап [беріледі]», - дегені жеткізіледі (бұл хадисті Муслим келтіреді, № 1893).

Автордың сөзі:

الرَّابِعَةُ: الصَّبْرُ عَلَى الأَذَى فِيهِ.



«Төртіншісі – осы (жолдағы) қиыншылықтарға сабыр ету».

Шарх:

(«Сабыр»). Сабыр дегенде нәпсіңді Аллаһқа мойынсұну шеңберінде ұстау, оны Аллаһқа мойынсұнбаушылықтан тосу және оны Аллаһтың тағдырға жазған нәрселеріне ашуланудан тосу меңзеледі. Сондай-ақ нәпсіні кею мен зерігуден де ұстау керек. Сөйтіп, Аллаһтың дініне шақыру ісінде адам тұрақты белсенділік танытуы қажет, тіпті ол (осы жолда) қиыншылықтар кешсе де, өйткені игілікке шақырушылардың қиындықтарға шалынуы – адамның табиғи сипатынан, әрі мұны Аллаһ хақ жолға салып қойғандардан бөлек барша адам бастан кешіреді. Міне, сондықтан да Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

وَلَقَدْ كُذِّبَتْ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِكَ فَصَبَرُوا عَلَى مَا كُذِّبُوا وَأُوذُوا حَتَّى أَتَاهُمْ نَصْرُنَا

«Расында, сенен бұрынғы елшілер де өтірікші атанған болатын. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын» («әл-Әнғам» сүресі, 34-аят). Әрі осы орайда, жәбірлеу қаншалықты күшейген сайын, соншалықты осы көмек те жақын бола беретін, бірақ ол әлдебір адамға ол өзінің дағуатының жемісін көзі тірісінде-ақ көретіндей етіп міндетті түрде келе бермеген. Бұл көмек ол қайтыс болғаннан кейін де, Аллаһ адамдардың жүректерін ол шақырған нәрселерге келісуіне алып келгендігінде көрініс тауып, осының нәтижесінде олар осыны ұстанатын болып келген болуы мүмкін. Мұны да оған берілген көмек деп санау керек, тіпті оның өзі сол кезге дейін дүниеден өтіп кеткен болса да. Міне, сол үшін Ислам дағуатымен айналысатын адам үнемі сабырлық танытуы керек. Ол өзгелерге насихаттап жатқан Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың дінінде сабырлы болуы керек, өзінің шақыруына кедергі болып жатқан нәрселерге сабырлық танытуы қажет, әрі өзіне бөгет жасап жатқан (адамдардың) ренжітулерін сабырлықпен көтере білуі керек, өйткені Аллаһтың елшілеріне де сөзбен және іспен реніштер тигізілетін, әрі сондықтан да Аллаһ Тағала былай деген:

كَذَلِكَ مَا أَتَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ مِنْ رَسُولٍ إِلا قَالُوا سَاحِرٌ أَوْ مَجْنُونٌ (٥٢)

«Міне, осылайша, олардан бұрыңғылар да елшілер келгенде, оларды міндетті түрде жады (сиқыршы) немесе жынды деген» («әз-Зәрият» сүресі, 52-аят).

Аса Құдіретті Аллаһ сондай-ақ былай деген:

وَكَذَلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا مِنَ الْمُجْرِمِينَ

«Біз әрбір пайғамбар үшін күнәхарлардан дұшпандар жасадық» («әл-Фурқан» сүресі, 31-аят).

Алайда адамдамдарға дағуат жасайтын кісі осындай нәрселерге өзінің сабырлығын қарсы қоюы қажет. Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ Өзінің Елішісіне не деп айтқанына назар бұрыңыз:

إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْقُرْآنَ تَنْزِيلا

«Ақиқатында, Біз саған Құранды бөлік-бөліктерімен түсірдік…». Әрі қарай «…ендеше, Раббыңа, Оның жасаған игілігі үшін, шүкіршілік айт!» деген сияқты сөздерді күтуге болар еді, алайда аса Құдіретті және Ұлы (Аллаһ):

فَاصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ

«Ендеше, Раббыңның үкіміне дейін сабыр ет...», - деп айтты («әл-Инсан» сүресі, 23-24 аяттар). Бұл сөздерде Құран аяттарын адамдарға жеткізетін әрбір адамның басына одан сабырлық танытуды талап ететін нәрселер келіп түсетініне нұсқау бар. Ендеше, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) руластары оны ұрып-соққан кезінде, ол бетінен қанын сүртіп: «Я Аллаһ, руластарымды кешіре гөр, өйткені олар білмейді!», - деп айтқан өнегесіне қарашы («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», № 1386)! Әрі сондықтан да ислам дағуатымен айналысатын адам Аллаһтың сый-сауабынан үміт еткен күйде сабырлық танытуы керек.

Сабырлықтың үш құрамдас бөліктері (келесідей):

1 – Аллаһқа мойынсұнуда сабырлық таныту;

2 – Аллаһ тыйым салған нәрселерден ұдайы қалыс қалу;

3 – Аллаһ тағдырға жазған нәрселерге қатысты: бұл Оның пенделерінің қатысуынсыз жасаған нәрсесі болады ма, немесе Ол пенделері арқылы жасаған әлдебір нәрселер, соның ішінде олардың режітулері мен дұшпандық танытуы болады ма – осыған сабырлық таныту.

Автордың сөзі:

وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: بسم الله الرحمن الرحيم: ﴿وَالْعَصْرِ * إِنَّ الإِنسَانَ لَفِي خُسْرٍ * إِلاَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ﴾ سورة العصركاملة.

“Бұған дәлел – Аллаһтың келесі сөздері:

﴿وَالْعَصْرِ * إِنَّ الإِنسَانَ لَفِي خُسْرٍ * إِلاَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ﴾

«Кештен алдыңғы уақытпен (немесе уақытпен) ант етемін! Ақиқатында, бүкіл адам – зиянда. Тек иман келтіргендерден, ізгі амал жасағандардан, бір-біріне хақты үгіттескендерден және бір-біріне сабырды үгіттескендерден басқа» («әл-Аср» сүресі, 1-3 аяттар)”.



Шарх:

(«Дәлел»). Яғни жоғарыда аталған төрт сатыға дәлел Аллаһ Тағаланың: «Кештен алдыңғы уақытпен (немесе уақытпен) ант етемін!...», - деген сөздері дәлел болады. Бұл сүреде аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ осы төрт сипат, яғни иман, игі амалдар, бір-біріне хақты үгіттесуге деген әзірлік және бір-біріне сабырлық танытуды үгіттесуге деген әзірлік тән болған адамдардан өзге бүкіл адамның, яғни әрбір адамның зиян шегетіні туралы уақытпен (заманамен), яғни оның игілікті де, жамандықты да қамтитын ұлы кезеңімен ант етті.

Ибн әл-Қайим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Өз нәпсіңмен күрес жасауда төрт сатыдан өту керек:



БІРІНШІСІ: адам тура жол (һуда) мен хақ дінді (динул-хаққ) танып білу мақсатында онымен (яғни өз нәпсісімен – ауд.) күресуі қажет, өйткені нәпсі тек осы арқылы ғана екі дүниеде де жетістік пен бақытқа жете алады;

ЕКІНШІСІ: адам білген нәрсесін амалға асыру мақсатында онымен (нәпсісімен) күрес жүргізуі керек;

ҮШІНШІСІ: адам өзгелерді осы дінге шақыру және одан бейхабар кісілерге оны үйрету мақсатында онымен (нәпсісімен) күрес жүргізуі қажет;

ТӨРТІНШІСІ: ол Аллаһқа шақырумен байланысты қиыншылықтарды және адамдар (дінге) шақырушыға тигізетін реніштерді сабырлықпен көтеру мақсатында онымен (нәпсісімен) күресуі қажет. Осының барлығына адам Аллаһ үшін шыдап-төзуі керек, әрі егер ол төрт сатының барлығын өте алса, онда Раббысына ықыласты құлшылық ететіндердің біріне айналады».

Бұл сүреде аса Құдіретті Аллаһ әрбір адам, оның қаншалықты бай болуына да, қаншама балалары болуына да, көзі тірі кезінде қандай сый-құрметке ие болуына да қарамастан, сәтсіздікке ұшырайтынына, әрі бұл өз бойына төменде келтірілген төрт сипатты біріктірген адамдардан басқа баршаға тиетіні туралы ант етеді:

БІРІНШІСІ: өзінің құрамына адамды Аллаһ Тағалаға жақындататын дұрыс сенім-көзқарастар мен пайдалы білімдерді қамтитын иман;

ЕКІНШІСІ: адамды Аллаһқа шынайы ықыласпен құлшылық етуге алып келетіндей және бүкіл нәрседе Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесетіндей етіп Аллаһқа жақындататын кез-келген істер мен сөздерді қамтитын игі амалдар;

ҮШІНШІСІ: адамдарға ақиқатты ұстануды насихаттауға, яғни оларға игіліктер жасауды насихаттауға, оларды осыған ынталандыруға және игілік жасауға құлшындыруға деген әзірлік;

ТӨРТІНШІСІ: басқаларға адамдардың бір-біріне Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындауда, Аллаһ тыйым салған нәрселерден бас тартуда және Аллаһтың тағдырына сабырлықпен төзім етуде сабырлық танытуды насихат етуінде көрініс табатын сабырлық сақтауды насихат етуге деген әзірлік.

Ақиқатты ұстануды және сабыр сақтауды насихат ету өзінің құрамына жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтаруды қамтиды, әрі сол арқылы үммет өміршеңдік қайсарлыққа ие болады, игілікке қол жеткізіп, жеңіске жетеді, әрі өз абырой-мәртебесіне ие болады. Аллаһ Тағала былай деген:

كُنْتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ

«Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын .... ең қайырлы үммет болып шығарылдыңдар» ( «Әли Имран» сүресі, 110-аят).

Автордың сөзі:

قَالَ الشَّافِعيُّ ـ رَحِمَهُ اللهُ تَعَالَى ـ: لَوْ مَا أَنْزَلَ اللهُ حُجَّةً عَلَى خَلْقِهِ إِلا هَذِهِ السُّورَةَ لَكَفَتْهُمْ.

وَقَالَ البُخَارِيُّ ـ رَحِمَهُ اللهُ تَعَالَى ـ: بَابُ: العِلْمُ قَبْلَ القَوْلِ وَالْعَمَلِ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿فَاعْلَمْ أَنَّهُ لاَ إِلَٰه إِلاَّ اللَّهُ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنبِكَ﴾[محمد:19]،

«(Имам) әш-Шәфиғи (Аллаһ Тағала оны рахым етсін): «Егер Аллаһ адамдар үшін бұл сүреден өзге ешбір дәлел түсірмегенде, осының өзі жеткілікті болар еді», - деген.

Ал имам әл-Бухари (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) былай деп айтқан: ««Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!» тарауы. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:

﴿فَاعْلَمْ أَنَّهُ لاَ إِلَه إِلاَّ اللَّهُ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنبِكَ﴾

«Біл, расында, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ, сосын күнәларың үшін кешірім сұра!» («Мухаммад» сүресі, 19-аят)» (әл-Бухари, «әс-Сахих», 1-т., 24-бет)».



Шарх:

(«(Имам) әш-Шәфиғи»). Абу Абдуллаһ Мухаммад бин Идрис бин әл-Аббас бин Усман бин Шәфи әл-Хашими әл-Қураши, һижраның 150 жылы Ғаззада туылған және һижраның 204 жылы Мысырда қайтыс болған. Ол (Аллаһ оны рахым етсін) ең атақты төрт имамның бірі.

(«Осының өзі жеткілікті болар еді»). Осыменен ол «әл-Аср» сүресінің өзі-ақ адамдарды иманның, игі амалдар жасаудың, адамдарды Аллаһқа шақырудың және осы істердің барлығында сабырлық танытудың көмегімен Аллаһтың дінін мығым ұстауға ынталандыру үшін жеткілікті болатынын меңзеді, бірақ мұнымен ол осы сүренің жалғыз өзі адамдар үшін шариғаттың бүкіл заң-ережелерінің орнын басар еді дегісі келмеді.

Ол: «Егер Аллаһ адамдар үшін бұл сүреден өзге ешбір дәлел түсірмегенде, осының өзі жеткілікті болар еді», - деп айтуының себебі – егер ой-пікір құра алатын және ақыл-парасатқа ие адам осы сүренің сөздерін тыңдаса немесе оны оқып шықса, ол міндетті түрде зиян шегуден құтылуға ұмтылады, ал ол бұны тек осы төрт сипатқа, нақты айтқанда: иманға, игі амалдар жасауға деген ұмтылысқа, өзгелерге ақиқатты ұстануды насихаттауға деген әзірлікке және өзгелерге сабыр сақтауды насихаттауға деген әзірлікке, әрі өзгелерден де осындай кеңес-насихаттарды тыңдауға деген әзірлікке ие болғанда ғана іске асыра алмақ.

(«Әл-Бухари»). Абу Абдуллаһ Мухаммад бин Исмаил бин Ибраһим бин әл-Муғира әл-Бухари, һижраның 194 жылы Бухарада туылған және әкесі қайтыс болған соң анасының қарауында өскен. Ол (Аллаһ оны рахым етсін) Самарқандтан екі фарсах жерде орналасқан Хартанк елді мекенінде һижраның 256 жылы Ораза айт күніне қараған түні қайтыс болған.

«Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!» тарауы. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:



﴿فَاعْلَمْ أَنَّهُ لاَ إِلَه إِلاَّ اللَّهُ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنبِكَ﴾

«Біл, расында, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ, сосын күнәларың үшін кешірім сұра!» («Мухаммад» сүресі, 19-аят)» (әл-Бухари, «әс-Сахих», 1-т., 24-бет)).



Әл-Бухари (Аллаһ оны рахым етсін) бұл аятты бүкіл нәрседе білімнен бастау қажеттігіне, ал содан кейін ғана сөздер мен амалдарға жүгіну керектігіне дәлел ретінде пайдаланды. Бұған «Адам алдымен біліп алады, содан соң ғана амал етеді» дейтін ислам ақидасының қайнаркөздері нұсқайды. Білім сөздер мен амалдардан алдын тұратынына айғақ болатын ақыл-ой дәлелдері де бар. Өйткені сөздер мен амалдар шариғатқа сәйкес орындалмайынша дұрыс та болмайды әрі қабыл да болмайды, ал адам өзінің іс-амалдарының шариғатқа сәйкес келетінін білімнің арқасында ғана анықтай алады. Сонымен бірге адам баласы туа білетін нәрселер де бар, мысалы, Аллаһтың Жалғыз Құдай екендігі туралы білім. Пенде осылай жаратылған, сондықтан да оған осының біліміне жету үшін көп күш сарп ету қажет болмайды, ал осы орайда жеке мәселелер, керісінше, оқып-зерттеуді және күш салуды талап етеді.

Автордың сөзі:

اعْلَمْ رَحِمَكَ اللهُ أَنَّه يَجِبُ عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ وَمُسْلِمَةٍ، تَعَلُّمُ هَذِهِ الثَّلاثِ مَسَائِل، والْعَمَلُ بِهِنَّ:

الأُولَى: أَنَّ اللهَ خَلَقَنَا،

«Біл, Аллаһ сені рахымына бөлесін, әрбір мұсылман ер мен әйел үшін мына үш мәселені білу және соларға сәйкес амал ету міндетті:

Біріншісі: Аллаһ бізді жаратты».

Шарх:


(«Аллаһ бізді жаратты»). Аллаһ бізді жаратқанына есту арқылы қабылданған (яғни уахи етілген) дәлелдер де, ақыл-ой дәлелдері де бар.

Уахи етілген дәлелдер өте көп. Мысалы, бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

هُوَ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ طِينٍ ثُمَّ قَضَى أَجَلا وَأَجَلٌ مُسَمًّى عِنْدَهُ ثُمَّ أَنْتُمْ تَمْتَرُونَ (٢)

«Ол сондай Аллаһ сендерді балшықтан жаратып, содан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (Қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме?» («әл-Әнғам» сүресі, 2-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

وَلَقَدْ خَلَقْنَاكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَاكُمْ

«Расында, сендерді жаратып, содан кейін бейнеледік…» («әл-Әғраф» сүресі, 11-аят); сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздері де:

وَلَقَدْ خَلَقْنَا الإنْسَانَ مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ (٢٦)

«Расында, адамды түрі өзгертілген қара балшықтан алынған сыңғырлаған құрғақ саздан жараттық» ( «әл-Хижр» сүресі, 26-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ إِذَا أَنْتُمْ بَشَرٌ تَنْتَشِرُونَ (٢٠)

«Оның белгілерінен бірі – сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адамзат болдыңдар әрі таралудасыңдар» («әр-Рум» сүресі, 20-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

خَلَقَ الإنْسَانَ مِنْ صَلْصَالٍ كَالْفَخَّارِ (١٤)



«Ол адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ саздан жаратты» («әр-Рахман» сүресі, 14-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

قُلِ اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ (١٦)

«(Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Аллаһ. Ол Жалғыз, аса Өктем”» («әр-Раад» сүресі, 16-аят); сондай-ақ Оның мына сөздері де:

وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالإنْسَ إِلا لِيَعْبُدُونِ (٥٦)

«Мен жындар мен адамдарды олар тек Маған құлшылық етулері үшін ғана жараттым» («әз-Зәрият» сүресі, 56-аят). Әрі бұған мысал ретінде көптеген басқа аяттарды да келтіруге болады.

Ал Аллаһ бізді жаратқанына ақыл-ой дәлелдеріне келер болсақ, бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері айғақ болады:



أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ (٣٥)

«Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме?!» («әт-Тур» сүресі, 35-аят).

Расында, адам өзін өзі жаратпады ғой, өйткені ол пайда болғанына дейін жоқ болатын, ал өзі жоқ нәрсе әлдебір нәрсені жарата алмайды. Әрі тура сол сияқты оны әкесі де, анасы да, әрі жаратылған мақұлықтардан ешкім де жаратпады, және ол өз-өзінен кездейсоқ және оны жаратқанның қатысуынсыз пайда болмады деп айтуға болады, өйткені кез-келген құбылыстың өз себебі болады, әрі сондай-ақ бүкіл жаратылыстың болмысына тән болған өте таңғажайып құрылым мен (керемет) үйлесімді үндестік қандай да бір кездейсоқтықтар туралы жорамалдарды жоққа шығарады. Әрі шындығында да, өздігінше кездейсоқ пайда болған нәрсе өз негізінде ретсіз болады, ал егер бұл осылай болса, онда оның өмір сүруі мен дамуы барысында қандай реттілік болуы мүмкін?! Ал бұдан міндетті түрде Жаратушы тек Аллаһ екендігі, әрі Аллаһтан басқа жаратушы да, басқарушы да жоқ екендігі келіп шығады. Аллаһ Тағала былай деген:



لَهُ الْخَلْقُ وَالأمْرُ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (٥٤)

«Жарату және бұйрық беру Оған тән» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят). Әрі сондықтан да ешбір адамның Пәк Аллаһ Тағала жалғыз Жаратушы екенін жоққа шығаратыны белгісіз, тек мұны Перғауын сияқты (кімселердің) менмендікпен істеген жағдайлардан бөлек. Жубайр бин Мутғимнің ол әлі көпқұдайшыл болған кезінде Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «әт-Тур» сүресін оқығанын естігені туралы жеткізіледі. Кейіннен Жубайр былай деп баяндайтын: “Сонда ол Аллаһ Тағаланың:

أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ (٣٥)أَمْ خَلَقُوا السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ بَل لا يُوقِنُونَ (٣٦)أَمْ عِنْدَهُمْ خَزَائِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ الْمُسَيْطِرُونَ (٣٧)

«Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме? Яки олар көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар иман келтірмейді. Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Әлде олар иелік етушілер ме?» («әт-Тур» сүресі, 35-37 аяттар), - деген аяттарын оқыған кезінде менің жүрегім көкірегімнен ұшып шығып кетейін деді, әрі сол кезде иман менің жүрегімде алғаш рет орныққан еді («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», № 1966).

Автордың сөзі:

وَرَزَقَنَا،



«...ризықтандырды...»

Шарх:


(«Ризықтандырды»). Бұған Құран мен Сүннетте де көптеген дәлелдер бар, әрі ақыл-ой дәлелдері де өте көп. Мысалы, Құранда былай деп айтылады:

إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ (٥٨)



«Шүбәсіз, Ол Аллаһ – Ризықтандырушы, Күш Иесі әрі Мықты («әз-Зәрият» сүресі, 58-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

قُلْ مَنْ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ قُلِ اللَّهُ

«Сендерді көктер мен жерден кім ризықтандырады?» - де. «Аллаһ!» - деп айт” («әс-Саба» сүресі, 24-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

قُلْ مَنْ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالأرْضِ أَمْ مَنْ يَمْلِكُ السَّمْعَ وَالأبْصَارَ وَمَنْ يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَمَنْ يُدَبِّرُ الأمْرَ فَسَيَقُولُونَ اللَّهُ فَقُلْ أَفَلا تَتَّقُونَ (٣١)

(Мухаммад): «Сендерді аспаннан, жерден кім ризалықтандырады? Есту мен көруге кім билік етеді? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім басқарады?», - де. Олар: «Аллаһ», - дейді. «Ендеше, Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?», - де” («Юнус» сүресі, 31-аят).



Бұған басқа да көптеген аяттар нұсқайды.

Ал Сүннетке жүгінетін болсақ, онда біз хадистердің бірінде Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам ұрығы туралы былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әрі оған ол туралы төрт сөзді: оның ризығын, оның мерзімін, оның істерін, сондай-ақ оның бақытты-бақытсыз болатынын – жазатын періште жіберіледі» («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №1294).

Ал Аллаһ бізді ризықтандыратына нұсқайтын ақыл-ой дәлелдеріне келер болсақ, онда біздің тіршілік етуімізді аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ жаратқан қорек пен су ұстап тұрғанын дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

أَفَرَأَيْتُمْ مَا تَحْرُثُونَ (٦٣)أَأَنْتُمْ تَزْرَعُونَهُ أَمْ نَحْنُ الزَّارِعُونَ (٦٤)لَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَاهُ حُطَامًا فَظَلْتُمْ تَفَكَّهُونَ (٦٥)إِنَّا لَمُغْرَمُونَ (٦٦)بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ (٦٧)أَفَرَأَيْتُمُ الْمَاءَ الَّذِي تَشْرَبُونَ (٦٨)أَأَنْتُمْ أَنْزَلْتُمُوهُ مِنَ الْمُزْنِ أَمْ نَحْنُ الْمُنْزِلُونَ (٦٩)لَوْ نَشَاءُ جَعَلْنَاهُ أُجَاجًا فَلَوْلا تَشْكُرُونَ (٧٠)

Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме? Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе? Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер. «Расында, зиянға үшырадық, тіпті мүлде бос қалдық (дер едіңдер). Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Әлде Біз жаудырамыз ба? Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?”» ( «әл-Уақиға» сүресі, 63-70 аяттар).



Сөйтіп, осы аяттарда біздің қорек пен су түріндегі ризығымызды бізге Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ жіберетіні туралы айтылады.

Автордың сөзі:

وَلَمْ يَتْرُكْنَا هَمَلا، بَلْ أَرْسَلَ إِلَيْنَا رَسُولاً،



«Және бізді өздерімізге тапсырып тастап қойған жоқ. Керісінше, бізге елші жіберді».

Шарх:


(«Бізді ... тастап қойған жоқ…»). Бұл шындықты уахи арқылы қабылданған дәлелдер де, ақыл-ой дәлелдері де растайды.

Біріншілеріне Аллаһ Тағаланың мына сөздері жатады:

أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لا تُرْجَعُونَ (١١٥)فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ لا إِلَهَ إِلا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ (١١٦)

«Сонда сендер Біз сендерді босқа жараттық та, тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма? Шынайы Патша Аллаһ бәрінен жоғары. Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол - ардақты Аршының Раббысы» («әл-Муминун» сүресі, 115-116 аяттар).

Сондай-ақ Оның келесі сөздері де:

أَيَحْسَبُ الإنْسَانُ أَنْ يُتْرَكَ سُدًى (٣٦)أَلَمْ يَكُ نُطْفَةً مِنْ مَنِيٍّ يُمْنَى (٣٧)ثُمَّ كَانَ عَلَقَةً فَخَلَقَ فَسَوَّى (٣٨)فَجَعَلَ مِنْهُ الزَّوْجَيْنِ الذَّكَرَ وَالأنْثَى (٣٩)أَلَيْسَ ذَلِكَ بِقَادِرٍ عَلَى أَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتَى (٤٠)

«Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлайды ма? Ол (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе еді? Сосын ол ұйыған қан болды. Содан соң Аллаһ оны жаратып, бейнеледі. Сонда одан ер, әйел етіп екі жұбай жаратты. Бұларды жасаған Аллаһтың өлілерді қайта тірілтуге күші жетпейді ме?» («әл-Қийяма» сүресі, 36-40 аяттар).

Ал ақылға келер болсақ, онда, ақиқатында, «адамдар бұл дүниеге келіп, жануарлар сияқты онымен ләззаттанып, содан соң өледі, әрі осы орайда оларды қайта тірілу де, есеп беру де күтіп тұрған жоқ» дегенді елестету мүмкін емес, өйткені бұл нағыз ойын-ермек болар еді, ал мұндай нәрсе аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың даналығына жараспайды. Аллаһ адамзатты жаратып, бізге елшілер жіберіп, пайғамбарларға (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кедергі жасап қарсы шығатындардың қанын төгуге рұқсат етуі, әрі осының ешқандай салдары болмауы мүмкін емес, өйткені бұл Аллаһтың даналығымен сыйыспайды.

(«Керісінше, бізге елші жіберді»). Бұл «Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ бізден бұрынғыларға да елшілер жібергеніндей, осы үметті, (яғни) Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметін құрайтын бізге де Раббымыздың аяттарын оқитын, бізді тазартқан және бізге Кітап пен даналықты үйреткен Елшіні (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберді» дегенді білдіреді. Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет