Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ وَعْدًا عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ



бет8/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ وَعْدًا عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ (١٠٤)

«…Оларды әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұны біз уәде еттік. Шынында, Біз мұны орындаймыз» («әл-Әнбия» сүресі, 104-аят).

Қайта тірілу Құран, Сүннет және мұсылмандардың бірауызды келісімі нұсқайтын бұлтартпас ақиқат болып табылады.

ثُمَّ إِنَّكُمْ بَعْدَ ذَلِكَ لَمَيِّتُونَ (١٥)ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تُبْعَثُونَ (١٦)

«Бұдан кейін сендер міндетті түрде өлесіңдер. Сосын Қиямет Күні, күдіксіз, қайта тірілтілесіңдер» ( «әл-Муминун» сүресі, 15-16 аяттар).

Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет Күні адамдар жалаңаяқ, жалаңаш және кестірілмеген күйілерінде қайта тірілтіледі» (әл-Бухари мен Муслим).

Барлық мұсылмандар мұның сенімді екеніне иман келтіреді, әрі бұл Аллаһтың адамдарға басқа бір өмір беретінінде және сол өмірде Ол оларға елшілері арқылы жүктеген нәрселерді орындағаны үшін сауап-жазасын беретінінде көрініс табатын ойластырған ісіне сәйкес келеді. Аллаһ Тағала былай деген:

أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لا تُرْجَعُونَ (١١٥)

«Шындығында да Біз сендерді босқа жараттық әрі тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?(«әл-Муминун» сүресі, 115-аят).

Пайғамбар болса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге Құранды парыз Еткен міндетті түрде сендерді қайта өмірге келтіреді!»

ЕКІНШІСІ: есеп пен сый-жазаға, яғни пенде өзінің істегіні үшін есепке тартылатынына және солар үшін тиісті сый-жазасын алатынына иман келтіру, ал бұған Құран, Сүннет және барлық мұсылмандардың бірауызды пікірі (ижмаъ) нұсқайды.

Аллаһ Тағала былай деген:

إِنَّ إِلَيْنَا إِيَابَهُمْ (٢٥)ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا حِسَابَهُمْ (٢٦)

«Расында, олар Бізге оралады, содан кейін Біз оларды есепке тартамыз» («әл-Ғашия» сүресі, 25-26 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلا يُجْزَى إِلا مِثْلَهَا وَهُمْ لا يُظْلَمُونَ (١٦٠)

«Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, оған сондай-ақ қана жаза беріледі де, олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» («әл-Әнғам» сүресі, 160-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَنَضَعُ الْمَوَازِينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ فَلا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا وَإِنْ كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا وَكَفَى بِنَا حَاسِبِينَ (٤٧)

«Қиямет Күні туралық Таразысын орнатамыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да, оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» («әл-Әнбия» сүресі, 47-аят).

Ибн Умардың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен жеткізілетін хадистердің бірінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: Қиямет Күні мүмин өзінің аса Құдіретті және Ұлы Раббысына жақындатылады14, әрі Ол оны қорғауына алады15 да, күнәларын мойындатқызады, әрі: «Сен [осындай күнәны жасағаныңды] мойындайсың ба?»,деп сұрайды, ал ол болса бұған: «Иә, Раббым!», – деп жауап береді. [Содан соң Раббы]: «Расында, Мен [сенің күнәларыңды] дүние өмірінде жапқан болатынмын, әрі бүгін де Мен оларды саған кешіремін», - дейді. Содан соң оған игі амалдары [жазылған] парағы беріледі. Ал кәпірлер мен екіжүзділерге келер болсақ, олар туралы бүкіл жатырылған жәндіктердің алдында: «Мыналар – Аллаһқа жала жапқандар», - деп айтылады” («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №1058 хадис).

Әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны да белгілі: «Ақиқатында, кім әлдебір жақсылық істеуді ойластырып, оны істесе, соған Аллаһ оннан жеті жүзге дейін әрі одан да көбірек игі істер жазады. Ал кім әлдебір жаман істі істеуді ойластырып, оны істесе, Аллаһ тек бір жаман істі ғана жазады» («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», 2019хадис).

Барлық мұсылмандар есеп пен сый-жаза бұлтартпас ақиқат екеніне бірауызды келіскен, өйткені бұл адамдарға Кітаптар түсірген, оларға елшілер жіберген, Өзінің құлдарына олар алып келген нәрселерді мойындауды және соның ішіндегі барлық қажетті болған нәрселерді орындауды әрі осыған қарсы шыққандармен соғысуды міндеттеген Аллаһ Тағаланың ойластырғанына толық сәйкес келеді. Ал егер есеп те, сый-жаза да болмағанда, мұның барлығы тек ермек болар еді. Бірақ аса Дана Аллаһтың мұндай нәрселермен еш ортақтығы жоқ, әрі Ол бұған былай деп нұсқады:

فَلَنَسْأَلَنَّ الَّذِينَ أُرْسِلَ إِلَيْهِمْ وَلَنَسْأَلَنَّ الْمُرْسَلِينَ (٦)فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيْهِمْ بِعِلْمٍ وَمَا كُنَّا غَائِبِينَ (٧)

«Біз өздеріне елші жіберілгендерді міндетті түрде сұраққа тартамыз, әрі елшілерді де міндетті түрде сұраққа тартамыз. Біз міндетті түрде оларға амалдары туралы білім негізінде баян етеміз. Біз ешқашан жоқ болған емеспіз» («әл-Әғраф» сүресі, 6-7 аяттар).

ҮШІНШІСІ: Жәннат пен Тозаққа сондай-ақ олар адамдардың баратын соңғы мәңгі мекендері екеніне иман келтіру. Осы орайда Жәннат Аллаһ Тағала Өзінің құлдарын иман келтіруге міндеттеген нәрселерге иман келтірген, Аллаһқа берілген және Оның Елшісіне ілескен күйлерінде Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнған мүминдер мен тақуаларға әзірленген. Жәннаттағы шаттық-шадымандықтың көз көрмеген, құлақ естімеген және адамның жүрегі елестей алмайтын түрлері бар.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

جَزَاؤُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّاتُ عَدْنٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الأنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ ذَلِكَ لِمَنْ خَشِيَ رَبَّهُ (٨)

«Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары – астарынан өзендер ағатын Ғадын Жәннаттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққандар үшін» ( «әл-Бәййина» сүресі, 8-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай деген:

فَلا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ (١٧)

«Ешкім істеген амалдары үшін өзіне көздің рахаты болатын қандай сый-сауаптар жасырылғанын білмейді» («әс-Сәжда» сүресі, 17-аят).

Ал Тозақ туралы айтар болсақ, ол Аллаһ Тағала тарапынан Оған иман келтірмеген және Оның пайғамбарларына мойынсұнбаған кәпірлер мен залымдар үшін әзірленген азап мекені, әрі онда оларды күтіп тұрған азаптар мен жазаларды елестету мүмкін емес:

وَاتَّقُوا النَّارَ الَّتِي أُعِدَّتْ لِلْكَافِرِينَ (١٣١)

«Кәпірлер үшін әзірленген Оттан қорқыңдар» («Әли Имран», сүресі, 131-аят).

Аллаһ сондай-ақ былай деген:

أَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمْ سُرَادِقُهَا وَإِنْ يَسْتَغِيثُوا يُغَاثُوا بِمَاءٍ كَالْمُهْلِ يَشْوِي الْوُجُوهَ بِئْسَ الشَّرَابُ وَسَاءَتْ مُرْتَفَقًا (٢٩)

«Расында, Біз залымдар үшін дуалдары оларды жан-жағынан түгел қоршап алатын Отты (Тозақты) әзірледік. Егер олар көмек (жаңбыр сұрап жалбарынса), еріген кен (немесе майдың тұңбасы) тәрізді, беттерді қуыратын бір су беріледі. Бұл нендей жаман сусын, әрі нендей жаман орын(«әл-Кәһф» сүресі, 29-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

إِنَّ اللَّهَ لَعَنَ الْكَافِرِينَ وَأَعَدَّ لَهُمْ سَعِيرًا (٦٤)خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا لا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلا نَصِيرًا (٦٥)يَوْمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ يَقُولُونَ يَا لَيْتَنَا أَطَعْنَا اللَّهَ وَأَطَعْنَا الرَّسُولا (٦٦)

Расында, Аллаһ кәпірлерді лағынет етті. Және оларга жалындаған Тозақты әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Беттері от ішінде аударылатын (не өзгеретін) күні олар: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, Елшісіне мойынсұнған болсақ еді!», - дейді” («әл-Әхзаб» сүресі, 64-66 аяттар).

Ақыретке деген иманға өлімнен кейін орын алатын нәрселердің барлығына иман келтіру де жатады, мысалы:

1– Жерленгеннен кейін өлген кісі Раббысы, діні және Пайғамбары туралы сұралатын, әрі әрбір иман келтірген (мүминге) Аллаһ мығым жауап беруге мүмкіндік беретін және ол: «Раббым – Аллаһ, дінім - Ислам, ал пайғамбарым – Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)», - деп жауап беретін қабір сынағына (иман келтіру). Ал залымдарды болса Аллаһ адасушылыққа салады, әрі кәпір: «Мен білмеймін», - деп, ал екіжүзді (мунафиқ) немесе күмәнға бой берген адам: «Мен білмеймін, мен тек адамдардың бірдеңелерді айтатынын еститінмін, әрі солардың ізінен мен де қайталайтынмын», - дейді16.

2 – Қайтыс болған адамдарды қабірлерінде күтіп тұрған азаптар мен рахаттарға (иман келтіру). Азаптар екіжүзділер мен кәпірлерді күтуде, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَى عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَوْ قَالَ أُوحِيَ إِلَيَّ وَلَمْ يُوحَ إِلَيْهِ شَيْءٌ وَمَنْ قَالَ سَأُنْزِلُ مِثْلَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ وَلَوْ تَرَى إِذِ الظَّالِمُونَ فِي غَمَرَاتِ الْمَوْتِ وَالْمَلائِكَةُ بَاسِطُو أَيْدِيهِمْ أَخْرِجُوا أَنْفُسَكُمُ الْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا كُنْتُمْ تَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ غَيْرَ الْحَقِّ وَكُنْتُمْ عَنْ آيَاتِهِ تَسْتَكْبِرُونَ

Аллаһты жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», - деген, және: «Аллаһ түсірген сияқтыны мен де түсіремін», - дегеннен кім залымырақ? (Мухаммад) егер залымдарды өлім қиналысында, оларға періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарының үстінен менменсінгендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар!» - деген кезде көрсең еді!” («әл-Әнғам» сүресі, 93-аят).

Ал Перғауынның әулеті туралы Аллаһ былай деген:

النَّارُ يُعْرَضُونَ عَلَيْهَا غُدُوًّا وَعَشِيًّا وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ أَدْخِلُوا آلَ فِرْعَوْنَ أَشَدَّ الْعَذَابِ (٤٦)

«...Олар ертелі-кеш отқа салынады. Ал (Қиямет) Сағаты басталатын күні Перғауынның әулетін азаптың ең қаттысына кіргізіңдер(«Ғафир» сүресі, 46-аят).

Зәйд бин Сәбиттің сөздерінен жеткізілетін бір хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер мен сендердің біріңді-бірің жерлемей қоюларыңнан қорықпағанымда, онда аса Ұлы және Құдіретті Аллаһтан Ол маған естуге рұқсат еткен қабірдегі азапты сендерге де естуге рұқсат етуін сұрар едім», - деп айтады, ал содан соң ол оларға жүзін бұрды да: «Аллаһтан От азабынан пана тілеңдер», - деді, әрі олар: «Аллаһтан От азабынан пана тілейміз», - деді. Содан соң ол: «Аллаһтан қабір азабынан пана тілеңдер», - деді, әрі олар: «Аллаһтан қабір азабынан пана тілейміз», - деді. Кейін ол: «Аллаһтан ашық және жасырын бүліктерден пана тілеңдер», - деді, әрі олар: «Аллаһтан айқын және жасырын бүліктерден пана тілейміз», - деді. Әрі соңында ол: «Аллаһтан әл-Масих әд-Дәжжалдің бүлігінен пана тілеңдер», - деді, әрі олар: «Аллаһтан әл-Масих әд-Дәжжалдің бүлігінен пана тілейміз», - деді.17

Ал қабірде рахат шегуге байланысты айтар болсақ, ол ықыласты түрде иман келтіргендер үшін әзірленген, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا تَتَنَزَّلُ عَلَيْهِمُ الْمَلائِكَةُ أَلا تَخَافُوا وَلا تَحْزَنُوا وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِي كُنْتُمْ تُوعَدُونَ (٣٠)

Расында: «Раббымыз Аллаһ», - деп, сосын мығым тұрғандардарға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген Жәннат арқылы қуанышқа бөленіңдер», - дейді” («Фуссыләт» сүресі, 30-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

فَلَوْلا إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ (٨٣)وَأَنْتُمْ حِينَئِذٍ تَنْظُرُونَ (٨٤)وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنْكُمْ وَلَكِنْ لا تُبْصِرُونَ (٨٥)فَلَوْلا إِنْ كُنْتُمْ غَيْرَ مَدِينِينَ (٨٦)تَرْجِعُونَهَا إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ (٨٧)فَأَمَّا إِنْ كَانَ مِنَ الْمُقَرَّبِينَ (٨٨)فَرَوْحٌ وَرَيْحَانٌ وَجَنَّةُ نَعِيمٍ (٨٩)

«Ал жан жұтқыншаққа келген кезде; сол уақытта сендер қарап қаласыңдар. Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз сендерден жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер де. Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар; егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы. Ал егер өлген кісі Аллаһқа жақындардан болса, сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар» («әл-Уақиға» сүресі, 83-89 аяттар).

Әл-Бара бин Азиб Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде періштелердің сұрақтарына жауап беретін мүмин туралы былай дегенін жеткізген: Әрі сол кезде көктен: «Пендем шындықты айтты, ендеше, оған Жәннаттың төсектерінен бір төсекті жайыңдар, және оны Жәннаттың киімдеріне киіндіріңдер, әрі оған Жәннаттың қақпаларын ашыңдар!» - деген дауыс жаңғыра естіледі. Әрі оны Жәннаттың тыныштығы мен рахаты құшады, ал қабірі болса көзі жететін жерге дейін кеңейтіледі”18.

Ақыретке деген иман көптеген маңызды пайдалар келтіреді, солардың ішінде:



1 – Аллаһтың сол күні беретін сыйына деген үмітпен Оған мойынсұнуды қалау және соған ұмтылу;

2 – Осы күннің азабынан қауіптенгендіктен мойынсұнбаушылық танытудан қорқу;

3 – Мүмин адамның осы дүние игіліктерінен қол жеткізе алмағандарын ұмытуы, өйткені оған ол туралы ұмытуға оның Ақырет рахаты мен сый-сауаптарына қол жеткізуге деген үміті көмектеседі.

Кәпірлер өлімнен кейін қайта тірілу мүмкін емес екенін айтып, оның бар екенін теріске шығарған, алайда мұндай тұжырымдар негізсіз, ал олардың өтірік екеніне шариғат, түйсік-сезімдер және ақыл айғақ болады.

Егер шариғатқа жүгінер болсақ, онда мұндай тұжырымдардың жалған екеніне Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ لَنْ يُبْعَثُوا قُلْ بَلَى وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ وَذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ (٧)

Күпірлік еткендер әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мухаммад,) оларға: «Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте, өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің баян етіледі. Бұл Аллаһқа оңай», - де” («әт-Тағабун» сүресі, 7-аят).

Әрі бұл туралы көктен түскен барлық Кітаптардың айтқаны бірдей болған.

Егер түйсік арқылы танылатын нәрселер туралы айтар болсақ, онда осы дүниенің өзінде-ақ Аллаһ Өзінің пенделеріне өлгеннен кейін қайта тірілу мүмкін екенін көрсетті, әрі «әл-Бақара» сұресінде мұның бес мысалын келтіріледі.

1 – (мысал): Ол Мусаға:

يَا مُوسَى لَنْ نُؤْمِنَ لَكَ حَتَّى نَرَى اللَّهَ جَهْرَةً

«Уа, Муса! Аллаһты ашық көрмейінше біз саған иман келтірмейміз!», - деген Мусаның руластары туралы. Әрі осыдан соң Аллаһ Тағала алдымен оларды өлтірді де, соңынан қайта тірілтті және Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтарына сөз жолдап, осы туралы былай деп айтады:

فَأَخَذَتْكُمُ الصَّاعِقَةُ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ (٥٥)ثُمَّ بَعَثْنَاكُمْ مِنْ بَعْدِ مَوْتِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ (٥٦)

«...Сендерге көздеріңше найзағай (өлім) тиді. Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік» («әл-Бақара» сүресі , 55-56 аяттар);

2 – (мысал): Ол исраилдықтардың арасында тартыстың туындауына себеп болған өлтірілген адамға қатысты, әрі сол кезде Аллаһ Тағала оларға сиырды құрбан шалуды және өлген адамның мәйітін, ол (тіріліп) өзін кім өлтіргенін айтуы үшін, соның бір бөлігімен ұруды бұйырған еді. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді:

وَإِذْ قَتَلْتُمْ نَفْسًا فَادَّارَأْتُمْ فِيهَا وَاللَّهُ مُخْرِجٌ مَا كُنْتُمْ تَكْتُمُونَ (٧٢)فَقُلْنَا اضْرِبُوهُ بِبَعْضِهَا كَذَلِكَ يُحْيِي اللَّهُ الْمَوْتَى وَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ (٧٣)

«Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де, сол жөнінде таластыңдар. Аллаһ жасырғандарыңды ортаға шығарды. Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Аллаһ осылайша өлікті тірілтіп, сендерге аят-белгілерін көрсетеді. Әрине, ойланарсыңдар(әл-Бакара» сүресі, 72-73 аяттар);

3 – (мысал): Ол өлімнен қашып, үйлерін (жұртын) тастап шыққан мыңдаған адамдар туралы, әрі Аллаһ Тағала оларды өлтіріп, соңынан қайта тірілтті және бұл туралы Ол былай деді:

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ خَرَجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ وَهُمْ أُلُوفٌ حَذَرَ الْمَوْتِ فَقَالَ لَهُمُ اللَّهُ مُوتُوا ثُمَّ أَحْيَاهُمْ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لا يَشْكُرُونَ (٢٤٣)

«ухаммад,) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып, жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе? Аллаһ оларға: «Өліңдер!» - деді. Соңсоң оларды тірілтті. Күдіксіз, Аллаһ адамдарға кеңшілік иесі. Дегенмен, адамдардың көбі шүкірлік етпейді («әл-Бакара» сүресі, 243-аят);

4 – (мысал): Ол қираған кенттің жанынан өтіп бара жатып, Аллаһ оларды қайта тірілтуді ақылға сыймайтындай санаған адам туралы. Сол кезде Аллаһ оның өзін жүз жылға өлтіріп, содан соң тірілтті, әрі бұл туралы Аллаһ Тағала былай дейді:

أَوْ كَالَّذِي مَرَّ عَلَى قَرْيَةٍ وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَى عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّى يُحْيِي هَذِهِ اللَّهُ بَعْدَ مَوْتِهَا فَأَمَاتَهُ اللَّهُ مِائَةَ عَامٍ ثُمَّ بَعَثَهُ قَالَ كَمْ لَبِثْتَ قَالَ لَبِثْتُ يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ قَالَ بَلْ لَبِثْتَ مِائَةَ عَامٍ فَانْظُرْ إِلَى طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمْ يَتَسَنَّهْ وَانْظُرْ إِلَى حِمَارِكَ وَلِنَجْعَلَكَ آيَةً لِلنَّاسِ وَانْظُرْ إِلَى الْعِظَامِ كَيْفَ نُنْشِزُهَا ثُمَّ نَكْسُوهَا لَحْمًا فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُ قَالَ أَعْلَمُ أَنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (٢٥٩)

Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қайлай тірілтеді?», - деді. Аллаһ оны жүз жылға өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?», - деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігін жаттым», - деді. (Аллаһ:) «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа және сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз», - деді. Бұл жағдайлар оған көрсетілген кезде, ол: «Сөзсіз, Аллаһтың әр нәрсеге күші жететінін білдім», - деді («әл-Бакара» сүресі, 259-аят);



5 – (мысал): Ол Аллаһтан Ол өлгендерді қалай тірілтетінін көрсетуді сұраған Аллаһтың сүйіктісі Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы. Сол кезде Аллаһ Тағала оған төрт құсты өлтіруді және олардың дене мүшелерін айналасында тұрған тауларға қоюды, ал содан соң оларды шақыруды, сонда олардың мүшелері бір-бірімен бірігіп, Ибраһимге қарай ұмтылатынын бұйырды. Әрі бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ أَرِنِي كَيْفَ تُحْيِ الْمَوْتَى قَالَ أَوَلَمْ تُؤْمِنْ قَالَ بَلَى وَلَكِنْ لِيَطْمَئِنَّ قَلْبِي قَالَ فَخُذْ أَرْبَعَةً مِنَ الطَّيْرِ فَصُرْهُنَّ إِلَيْكَ ثُمَّ اجْعَلْ عَلَى كُلِّ جَبَلٍ مِنْهُنَّ جُزْءًا ثُمَّ ادْعُهُنَّ يَأْتِينَكَ سَعْيًا وَاعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ (٢٦٠)

Сол кезде Ибраһим: «Раббым! Өлікті қалай тірілтетініңді маған көрсет», - деді. (Аллаһ:) «Маған сенбейсің бе?», - деді. (Ибраһим:) «Әрине, сенемін, бірақ жүрегім орнықсын», - деді. (Аллаһ:) «Құстардан төртеуін ұста да, өзіңе үйірлестіріп (сойып дене мүшелерін араластыр). Сонсоң әр таудың басына бір бөлшегін қой да, сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз, Аллатың өте Үстем, аса Дана екенін біл», - деді(«әл-Бакара» сүресі, 260-аят).



Мұның барлығы түйсік арқылы танылатын және өлгендердің қайта тірілуі мүмкін екеніне айғақ болатын ақиқат фактілердің мысалы, ал бұдан бұрын біз Мәриямның ұлы Исаға өлілерді қайта тірілту және оларды қабірлерінен шығару қабілетін берген Аллаһ Тағаланың аят-белгілері туралы айтып кеткен болатынбыз.

Ал ақылға келер болсақ, ол өлілердің қайта тірілетініне екі жақтан айғақ болады:

Біріншіден, ақиқатында, Аллаһ Тағала көктердің, жердің және оларда өмір сүретін бүкіл нәрсенің Жаратушысы болып табылады, ал оларды алғашында жаратқан (Аллаһ) мұны қайта істей алады. Аллаһ былай деген:

وَهُوَ الَّذِي يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ وَهُوَ أَهْوَنُ عَلَيْهِ وَلَهُ الْمَثَلُ الأعْلَى فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (٢٧)

«Ол сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол өте Үстем, аса Дана» («әр-Рум» сүресі, 27-аят).

Ал шіріп кеткен сүйектерді қайта тірілту мүмкін екенін теріске шығаратындарға жауап беруді бұйырып, Ол былай деді:

قُلْ يُحْيِيهَا الَّذِي أَنْشَأَهَا أَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَلِيمٌ (٧٩)

ухаммад): «Оларды сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол барлық жаратылысты біледі», - де” («Ясин» сүресі, 79-аят).

Екіншіден, жер де бетінде бірде-бір жасыл өсімдік болмаған кезінде өлі болады, бірақ жаңбыр жауғаннан кейін ол қозғалысқа келеді де, оның бетінде жаңа шыққан көк пайда болады, ал бұдан жерді өлгеннен кейін қайта тірілте алатын (Аллаһтың) өлгендерді де қайта тірілтуге құдіретті екені шығады.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَمِنْ آيَاتِهِ أَنَّكَ تَرَى الأرْضَ خَاشِعَةً فَإِذَا أَنْزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاءَ اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ إِنَّ الَّذِي أَحْيَاهَا لَمُحْيِي الْمَوْتَى إِنَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (٣٩)

«(Мухаммад,) расында, жердің құрғап қалғанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде, құлпырып көпсуі – Аллаһтың дәлелдерінен. Күдіксіз, оны тірілткен Аллаһ өлілерді де тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге толық күші жетеді» («әл-Фуссыләт» сүресі, 39-аят).

Аллаһ сондай-ақ былай деген:

وَنَزَّلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً مُبَارَكًا فَأَنْبَتْنَا بِهِ جَنَّاتٍ وَحَبَّ الْحَصِيدِ (٩)وَالنَّخْلَ بَاسِقَاتٍ لَهَا طَلْعٌ نَضِيدٌ (١٠)رِزْقًا لِلْعِبَادِ وَأَحْيَيْنَا بِهِ بَلْدَةً مَيْتًا كَذَلِكَ الْخُرُوجُ (١١)

«Аспаннан берекелі жаңбыр жаудырып, ол арқылы бақшалар және орылатын астық, қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік. Құлдарға көрек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. Қайта (тіріліп) шығу да сол тәрізді» («Қаф» сүресі, 9-11 аяттар).

Солай болса да, хақ жолдан ауытқығандар қабірлерде адамдарды азап немесе рахат күтіп тұрған болуы мүмкін екенін теріске шығаратын әрі мұндайдың болуы мүмкін емес, өйткені бұл шынайы өмірдегі фактілерге қарама-қайшы келеді деп айтатын. Осы орайда олар егер мәйіттің (жатқан) қабірін ашатын болсақ, біз оның сол бұрынғы күйінде жатқанына, ал қабірдің көлемі өзгермегенін көретінімізге сілтейді.

Алайда мұндай тұжырымдар шариғат тұрғысынан да, түйсіктің таным тұрғысынан да, ақыл тұрғысынан да негізсіз болып табылады.

Ал шариғатқа келер болсақ, онда біз жоғарыда адамдарды қабірлерінде азап немесе рахат күтіп тұрғанын растайтын Құранның тиісті аяттарын және хадистерді келтірген болатынбыз, ал бұл Ақыретке иман келтіруге қатысты.

Хадистердің бірінде Ибн Аббастың (оған және оның әкесіне Аллаһ разы болсын) былай дегені жеткізіледі: «Бірде Мәдинаның сыртына шыққан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерінде азапталып жатқан екі адамның дауыстарын естіді».

Әрі қарай тура осы хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Расында, олардың біреуі өз зәрінен қорғанбайтын19, ал екіншісі өсек тарататын» («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №59 хадис).

Түйсікпен танылатын (белгілерге) келер болсақ, онда мысал ретінде адам түсінде бір кең әрі әдемі жерде жүргенін әрі сол жерде болу оған рахат сыйлап жатқанын, немесе ол бір тар әрі бірде-бір тірі жан жоқ жерде болып жатқанын және сонда болудан оның жаны азап шегіп жатқанын көруі мүмкін. Алайда ол ұйқысынан оянған кезінде бұрыңғы өз бөлмесінде, өз төсегінде жатқананын көреді. Бірақ ұйқы өлімнің бауыры болып табылады (емес пе), сол себепті де Аллаһ Тағала оны кіші өлім деп атады.

اللَّهُ يَتَوَفَّى الأنْفُسَ حِينَ مَوْتِهَا وَالَّتِي لَمْ تَمُتْ فِي مَنَامِهَا فَيُمْسِكُ الَّتِي قَضَى عَلَيْهَا الْمَوْتَ وَيُرْسِلُ الأخْرَى إِلَى أَجَلٍ مُسَمًّى إِنَّ فِي ذَلِكَ لآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ (٤٢)

«Өлер уақытта Аллаһ жанды алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. Сосын өлуіне үкім берілгендердікін тосады да, басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінетін елге ғибраттар бар» («әз-Зүмәр» сүресі, 42-аят).

Ақылға келер болсақ, онда ұйықтап жатқан кісі өз түстерінде шындыққа сәйкес келетін нәрселерді көретініне нұсқауға болады. Егер ұйқыдағы адамның түсіне Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кірген болса, ол шындығында да (өз түсінде) Пайғамбарды көрген болады. Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Кім мені түсінде көрген болса, сол шындығында да мені көргені, өйткені шайтан менің бейнеме ене алмайды»20.

Мысалы, ұйықтап жатқан адам Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның шынайы бейнесінде көруі мүмкін, ал кім оны осы бейнеде көрген болса, оны шынымен көргені, әрі сонымен бірге өз төсегінде ұйықтап жатқан адам өзі көріп жатқан нәрсесінен алыста болып қала береді. Алайда, егер осы дүниенің өзінде осындай (құбылыс) мүмкін болса, онда не үшін ол арғы дүниеде мүмкін болмауы керек?!

1 – Мұндай күмәнді дәйектерді алға тартып, Құран мен Сүннетке қарсы шығуға жол берілмейді, өйткені оларды алға тартушы адам олар жайында жақсылап ойланатын болса, олардың орынсыз (күшсіз) екенін түсінеді. Бұл туралы ақын былай деп айтқан екен: «Түсініктерін дерт шалған бола тұра, хақ сөздерді мінейтіндер нендей көп екендігі ғажап-ақ!»

2 – Адамның қайтыс болуынан кейін Қиямет Күніне дейінгі аралықтағы орын алатын нәрселер ғайып әлеміне жатады әрі түйсік арқылы танылуы мүмкін емес, олай болмаған жағдайда жасырын болған нәрселерге және ғайыпқа сенудің ешқандай мәні болмас еді, өйткені мұндай жағдайда ғайыпға иман келтіргендер мен ғайыпты жоққа шығаратындардың айырмашылығы болмас еді.

3 – Қабірдегі азап пен рахатқа, сондай-ақ оның көлеміне келер болсақ, мұның барлығы тек өлген адамның өзіне ғана белгілі болады. Мұны ұйықтап жатқан адамның жағдайымен салыстыруға болады, өйткені оған сырттай қарайтын болсаң, ол (түсінде) не көріп жатса да: әлдебір кең әрі әдемі (мекенді) ме, әлде тар әрі жансыз (орынды) ма - оның сыртқы кейпі өзгермейді, өйткені қалай болған жағдайда да ол сол бөлмесінде және сол төсегінде қала береді. Мысалы, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында отырған кезінде уахи түскен жағдайлар болды. Осы орайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи сөздерін еститін, ал сахабалар оларды естімейтін, әрі оның алдына періште келіп әлдебір нәрселер айтып тұрған болуы мүмкін еді, бірақ сахабалар бұл періштені көрмейтін және оның сөздерін естімейтін.

4 – Ақиқатында, адамдардың түсіну қабілеті Аллаһ Тағала оларға берген мүмкіндіктермен ғана шектелген, міне, сондықтан да олар бүкіл болмысты түсіне алмайды. Сонымен бірге жеті көк пен жер және оларды мекен етушілер, сондай-ақ қалғанының барлығы Аллаһты пәктеп-дәріптейді, бірақ Аллаһ Тағала бұл дәріптеулерді бізге жасырын болған күйінде қалдыра беріп, кейде Өзінің қалаған (құлдарына) ғана естулеріне рұқсат береді. Әрі бұл туралы Аллаһ Тағала былай дейді:

تُسَبِّحُ لَهُ السَّمَاوَاتُ السَّبْعُ وَالأرْضُ وَمَنْ فِيهِنَّ وَإِنْ مِنْ شَيْءٍ إِلا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ وَلَكِنْ لا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ إِنَّهُ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا (٤٤)

«Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар Аллаһты пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың пәктеулерін түсіне алмайсыңдар. Шынында, Аллаһ өте Жұмсақ (Байсалды), аса Жарылқаушы» («әл-Исра» сүресі, 44-аят).

Тура осы нәрсе жер бетінде әртүрлі бағыттарда кезіп жүрген шайтандар мен жындарға да қатысты. Мысалы, жындардың Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оның (Құран) оқығанын естігені, ал содан кейін өзінің руластарына қайтқаны мәлім, бірақ сонымен бірге олар бізден алыстатылған, әрі бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:

يَا بَنِي آدَمَ لا يَفْتِنَنَّكُمُ الشَّيْطَانُ كَمَا أَخْرَجَ أَبَوَيْكُمْ مِنَ الْجَنَّةِ يَنْزِعُ عَنْهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوْآتِهِمَا إِنَّهُ يَرَاكُمْ هُوَ وَقَبِيلُهُ مِنْ حَيْثُ لا تَرَوْنَهُمْ إِنَّا جَعَلْنَا الشَّيَاطِينَ أَوْلِيَاءَ لِلَّذِينَ لا يُؤْمِنُونَ (٢٧)



«Әй, адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, Жәннаттан шығарған сияқты, сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені ол және оның сыбайластары сендерді сендер оларды көрмейтін жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық» («әл-Әғраф» сүресі, 27-аят).

Сөйтіп, егер адамдардың тұтас болмысты түсінуі мүмкін емес болса, онда ғайып әлеміне қатысты және өзінің дәлелдері бар нәрселерді де теріске шығаруының қажеті жоқ.



Автордың сөзі:

...»وَتُؤْمِنَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرِّهِ).

وَالدَّلِيلُ عَلَى هَذِهِ الأَرْكَانِ السِّتَةِ: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَـكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلآئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ﴾[البقرة: 177].

ودليل القدر: قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ ﴾[القمر: 49]. «

“...Және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің.

Осы алты тірекке дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

﴿ لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَـكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلآئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ﴾ «Игілік тек жүздеріңді шығыс пен батысқа қаратуларыңда емес, бірақ (нағыз) игілік – кім Аллаһқа, Ақырет Күніне, періштелеріне, Кітапқа және пайғамбарларға иман келтірсе...» («әл-Бақара» сүресі, 177-аят).

Тағдырға (иман келтірудің) дәлелі – Аллаһтың (келесі) сөздері:

﴿إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ ﴾

«Расында, Біз әрбір нәрсені тағдырмен (өлшеумен) жараттық» («әл-Қамар» сүресі, 49-аят)”.



Шарх:

(«Тағдыр»). Тағдыр дегеніміз – Аллаһ Тағаланың бүкіл болмыстың тағдырын белгілеп қоюы, ол Оның түпкі Біліміне негізделеді әрі Оның Даналығымен үйлеседі.



Тағдырға иман келтіру өзіне төрт құрамдас бөлікті қамтиды:

БІРІНШІСІ (білім): Аллаһ Тағала о бастан мәңгілік сипатта бүкіл нәрсе туралы жалпы және егжей-тегжейлі білетін еді, әрі сөз Оның Өзінің істері туралы болады ма, әлде Оның құлдарының істері туралы ма – мұның айырмашалығы жоқ.

ЕКІНШІСІ (алдын ала жазып бекіту): Аллаһ мұны Ләуһул-Махфузға жазып қойғанына иман келтіру, әрі бұл екі нәрсе туралы Аллаһ былай деген:

أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاءِ وَالأرْضِ إِنَّ ذَلِكَ فِي كِتَابٍ إِنَّ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ (٧٠)

«Аллаһтың жер мен көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз, бұлар Кітапта жазулы. Күдіксіз, бұл Аллаһқа оңай» («әл-Хәжж» сүресі, 70-аят).

Ал хадистердің бірінде Абдуллаһ бин Амр бин әл-Ас (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: «Аллаһ бүкіл жаратылыстың тағдырын көктер мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын жазып қойды» («Мухтасар «Сахих» Муслим», № 1862).

ҮШІНШІСІ (қалау): Аллаһтың Өзінің істері болсын, немесе адамдардың істері болсын – мұның барлығы тек Аллаһ Тағаланың қалауымен ғана орын алатынына иман келтіру. Өзінің іс-амалдарына қатысты Аллаһ Тағала былай деген:

وَرَبُّكَ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ وَيَخْتَارُ

«Раббың қалағанын жаратады және таңдайды...» («әл-Қасас» сүресі, 68-аят).

Аллаһ сондай-ақ былай деген:

وَيَفْعَلُ اللَّهُ مَا يَشَاءُ (٢٧)

«…Аллаһ қалағанын істейді» («Ибраһим» сүресі, 27-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

هُوَ الَّذِي يُصَوِّرُكُمْ فِي الأرْحَامِ كَيْفَ يَشَاءُ لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (٦)

«Ол сондай (Аллаһ) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Өте Үстем, аса Дана Одан басқа ешбір (құлшылыққа лайықты) құдай жоқ» («Әли Имран» сүресі, 6-аят).

Ал адамдардың істейтін істеріне келер болсақ, бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:

وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَسَلَّطَهُمْ عَلَيْكُمْ فَلَقَاتَلُوكُمْ فَإِنِ اعْتَزَلُوكُمْ

«Егер Аллаһ қаласа, оларды сендерге өктем қылар еді. Сонда олар сендермен соғысар еді» («ән-Ниса» сүресі, 90 аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا فَعَلُوهُ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ (١٣٧)

«Егер Аллаһ қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді оларды ойластырғандарымен бірге қойып қой» («әл-Әнғам» сүресі, 137-аят).

ТӨРТІНШІСІ (жарату): бүкіл жаратылыстардың өздері, сипаттары және іс-әрекеттері Аллаһ Тағала тарапынан жаратылғандығына иман келтіру, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ (٦٢)

«Аллаһәрбір заттың Жаратушысы. Ол әрбір заттың Қамқоршысы» («әз-Зүмәр» сүресі, 62 аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ فَقَدَّرَهُ تَقْدِيرًا (٢)

«Сондай-ақ Ол әрбір затты жаратып, оның өлшеуін белгіледі» («әл-Фурқан» сүресі, 2-аят).

Әрі Ол Аллаһтың пайғамбары Ибраһимнің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз руластарына былай деп айтқанын жеткізген:

«Ал Аллаһ сендерді де, сендердің істеп жатқан істеріңді де жаратты» («әс-Саффат» сүресі, 96-аят).

Алайда тағдырға біз оны сипаттағандай етіп иман келтіру «пенде (құл) өзінің таңдауы бойынша іс-әрекет жасауына, ерік-қалауға және сол іс-әрекеттерді жасау қабілетіне ие бола алатынына қайшы келмейді, өйткені бұл туралы бір жағынан Құран мен Сүннет, ал екінші жағынан – айналадағы шындық айғақ болады.

Егер біз Құранға жүгінсек, онда ерік-қалау туралы Аллаһ Тағала былай дегенін көреміз:

فَمَنْ شَاءَ اتَّخَذَ إِلَى رَبِّهِ سَبِيلا (١٩)

«…Ал енді кім қаласа, Раббысының жолын ұстайды» («әл-Муззамил» сүресі, 19-аят).

Ол сондай-ақ былай деді:

نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّى شِئْتُمْ

«Әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар, солай келіңдер» («әл-Бақара» сүресі, 223-аят).

Ал адамның мүмкіндік-шамасына келер болсақ, олар туралы Аллаһ былай деген:

فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَأَطِيعُوا

«Аллаһтан шамаларың жеткенше қорқыңдар, тыңдаңдар, мойынсұныңдар…» («әт-Тағабун» сүресі, 16-аят).

Ол тағы да былай деді:

لا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلا وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ

«Аллаһ кісіге оның шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына» («әл-Бақара» сүресі, 286-аят).

Ал айналадағы шындыққа келер болсақ, онда әрбір адамға өзінің әлдебір нәрсені істей алатын немесе оны істемей қоятын ерік-қалауға және белгілі шама-мүмкіндіктерге ие екендігі мәлім. Осы орайда ол оның еркімен орын алып жатқан нәрселер мен (мысалы, жүру) оның еркіне тәуелді емес нәрселердің (мысалы, қалтыраудың) айырмашылығын түсінеді, алайда қалай болған жағдайда да пенденің (құлдың) ерік-қалауы да, оның шама-мүмкіндіктері де тек Аллаһ Тағаланың қалауымен және Оның Құдіретімен бар болуда, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет