Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ



бет10/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шарх:

(«Әрі ол Меккеде үш жыл бойы намазды орындады»). Қазіргі кезде төрт ракағаттан тұратын намаздарды ол Мәдинаға көшкенге дейін екі ракағаттан оқитын, ал осыдан кейін сапар намаздары өзгерусіз қалды да, ал тұрғылықты жердегі намаздар ұзартылды.

Содан соң ол Мәдина қаласына һижрат жасауға бұйырылды»). Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Өзінің пайғамбары Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударуды бұйырғанының себебі Меккенің тұрғындары оған (Исламға) шақыруын атқаруға кедергі жасайтындығы еді, сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің пайғамбарлық міндетінің басталғанының он үшінші жылы раби әл-әууал айында оған алғашқы уахи түскен және Аллаһ пен Оның Елшісі үшін ең сүйікті қала болған Меккеден Мәдинаға (көшіп) келді. Сөйтіп, ол адамдарға Раббысының жолдауын жеткізіп және білімнің негізінде оларды Аллаһқа шақырып он үш жыл бойы Меккеде тұрған соң, өзінің Раббысының рұқсатымен Меккені қоныс аударушы (мухажир) ретінде қалдырды. Алайда құрайштықтардың көпшілігі және осы тайпаның ықпалды адамдары оның шақыруын қабылдамайтын және Аллаһ Елшісіне де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оған иман келтіргендерге де түрлі жәбір көрсететін. Ең соңында Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары көше бастағанын және оның өзі де міндетті түрде оларға қосылатынын әрі оны өз әйелдері мен балаларын қорғайтындай қорғауға ант берген ансарлардың қолдауына ие болатынын және сол кезде ол құрайштықтарды өзіне бағындыратынын түсінген құрайштықтардың басшылары жиналыс өткізіп, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруге бағытталған сатқындық жоспарын іске асыруға кірісті.

Бұл жиналыста Аллаһтың дұшпаны Абу Жәхл әр рудан бір қайсар жігіттен алып, олардың әрбіріне бір-бір қылыштан ұстатып, осыдан соң олар Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барып, олардың әрқайсысы оған бір реттен соққы беруді ұсынды. Осылайша олар оны өлтіретін болып еді, ал құрайштықтар одан құтылатын да, әрі осы орайда оның өліміне барлық рулар кінәлі болатын, бірақ абд-манаф руы, яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туысқандары осы үшін баршаға қарсы соғыса алмайтындықтан, құрайштықтар оларға (төгілген) қан үшін төлейтін құнға олар разы болар еді.

Алайда Аллаһ Өзінің Пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшыл-мүшриктердің ойластырған қастандықтары жайында хабардар етті де, оған Меккеден қоныс аударуға рұқсат берді. Ал Абу Бакрге (Аллаһ оған болсын) келер болсақ, ол Мәдинаға көшуге алдын ала дайындық жасап қойған болатын, бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Асықпа, өйткені мен мұның маған да рұқсат етілуін сұраймын», - деген болатын. Сөйтіп Абу Бакр (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге көшу үшін кідіріп қалды.

Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндаған:

- Бірде біз Абу Бакрдің үйінде болған кезімізде, күннің орта шағында кенеттен қақпа алдында бетін жауып тұрған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайда болды, ал Абу Бакр болса: «Ата-анам сіз үшін өтем болсын, Аллаһпен ант етемін, ол осындай уақытта тек бұйрық алғандықтан келді!», - деді. Ал (біршама уақыттан соң) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кіруге рұқсат сұрады. Үйге кірген соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Бакрге: «Бұл жерде отырғандардың барлығына шығуды бұйыр», - деді. Абу Бакр болса: «Бұл жерде сіздің отбасыңыздың мүшелерінен өзге ешкім жоқ, ата-анам сіз үшін өтем болсын, уа Аллаһтың елшісі!», - деді. (Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:) «Мен кетуге рұқсат алдым», - деді. Абу Бакр: «Мен де сізбен бірге ме, уа Аллаһтың Елшісі?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Сонда ол: «Мына екі түйенің біреуін өзіңізге алыңыз», - деді, ал Пайғамбар болса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен оны сатып аламын», - деді.

Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және Абу Бакр қаланы тастап шығып, Саур тауындағы үңгірде үш түн түнеді. Осы үңгірде ес білетін жасөспірім болған Абдуллаһ ибн Абу Бакр де түнеді. Әр түннің соңына таяу қалған шағында ол Меккеге кететін де, таңертең құрайштықтардың арасында болып, адамдар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның досы туралы не айтып жатқандарының барлығын есінде сақтап, қараңғы түсуімен (оларға оралып) барлық жаңалықтарды хабарлайтын. Құрайштықтарға келер болсақ, олар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық жерлерде іздестірді және оны ұстауға бар күш-құралдарын салуға тырысып, олардың екеуін, не болмаса біреуін ұстап алып келетін адамға жүз түйе сый тағайындады. Алайда олармен бірге оларды сақтайтын және оларға қамқорлық жасайтын Аллаһ бар еді, әрі сондықтан да құрайштықтар үңгірдің ауызына келген кезде оларды көре алмады.

Абу Бакр былай деп баяндайтын:

- Біз осы үңгірде болған кезімізде, мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):«Олардың әлдебіреуі өз аяғының астына қарайтын болса, бізді міндетті түрде көріп қояды!», - дедім. Сонда мен (оның): «Қайғырма, расында, Аллаһ бізбен бірге! Сен үшіншісі Аллаһ болған екі кісі туралы не дейсің, уа, Абу Бакр?» , - деген (жауап) естдім». Ал үш күннен кейін оларды іздеу (іс-шараларының) белсенділігі азайған соң, олар бұл үңгірді тастап, (теңіздің) жиегімен Мәдина жаққа қарай жүріп кетті.

Мәдинадағы мухажирлер мен ансарлар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккені тастап шығып, оларға бағыт алғаны туралы естігенде, олар күн сайын таңертең қаланың сыртына шығып, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның жолдастарының келуін күтетін, әрі күннің аптабы оларды үйлеріне қайтуға мәжбүрлемейінше орындарында тұратын. Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келген сол күні де олар оны таңертеңнен бастап аптап оларды үйлеріне қайтуға мәжбүрлемейінше күткен еді. Сол кезде яһудилерден болған біреу өзінің жұмыстарымен Мәдина мұнараларының біріне көтеріліп, өз жолсеріктерімен бірге қалаға жақындап келе жатқан Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көріп қалады да, бар дауысымен: «Я, арабтар! Міне, сендердің сәттіліктерің!», - деп жар салады. Мұны естіген мұсылмандар өз қаруларын асынып, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдынан шығуға лап берді, ал бұл олардың Пайғамбарға деген құрметінің белгісі әрі ол үшін соғысуға және оны қорғауға дайын екендігін көрсету еді (Аллаһ оларға разы болсын). Әрі олар оны қаланың сыртында күтіп алды, ал ол болса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қубада бану амр бин ауф руының қонысында тоқтап, ол жерде бірнеше күн болып, мешіт соға бастады, ал содан соң өз адамдарымен бірге Мәдинаға көшті. Абу Бакр былай деген: “Біз Мәдинаға келгенімізде, адамдар көшелерге шығып, және қызметшілерімен бірге үйлерінің төбелеріне шығып: «Аллаһ Ұлы, Аллаһтың Елшісі келді, Аллаһ Ұлы, Мухаммад келді» , - деп дауыстап жатты”.

Автордың сөзі:

وَالْهِجْرَةُ فَرِيضَةٌ عَلَى هَذِهِ الأُمَّةِ مِنْ بَلَدِ الشِّرْكِ إِلَى بلد الإِسْلامِ، وَهِيَ بَاقِيَةٌ إِلَى أَنْ تَقُومَ السَّاعَةُ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلآئِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُواْ فِيمَ كُنتُمْ قَالُواْ كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الأَرْضِ قَالْوَاْ أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُواْ فِيهَا فَأُوْلَـئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَسَآءتْ مَصِيراً * إِلاَّ الْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَآء وَالْوِلْدَانِ لاَ يَسْتَطِيعُونَ حِيلَةً وَلاَ يَهْتَدُونَ سَبِيلاً * فَأُوْلَـئِكَ عَسَى اللّهُ أَن يَعْفُوَ عَنْهُمْ وَكَانَ اللّهُ عَفُوّاً غَفُوراً ﴾[النساء: 97ـ99].

«Һижра дегеніміз – бұл ширк (көпқұдайшылық) елінен Ислам еліне қоныс аудару.

Ширк елінен Ислам еліне көшу осы үмметке парыз, әрі ол Қиямет Күніне дейін жалғасады. Бұған дәлел – Аллаһтың мына сөздері:



إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُوا فِيمَ كُنْتُمْ قَالُوا كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الأرْضِ قَالُوا أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُوا فِيهَا فَأُولَئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَسَاءَتْ مَصِيرًا (٩٧)إِلا الْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاءِ وَالْوِلْدَانِ لا يَسْتَطِيعُونَ حِيلَةً وَلا يَهْتَدُونَ سَبِيلا (٩٨)فَأُولَئِكَ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَعْفُوَ عَنْهُمْ وَكَانَ اللَّهُ عَفُوًّا غَفُورًا (٩٩)

Періштелер өздеріне зұлымдық еткендердің (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) жандарын алғанда: «Қандай жағдайда едіңдер?», - дейді. Олар: «Біздер бұл жерде шамасыз едік», - дейді. (Періштелер): «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?», - дейді. Міне, бұлардың орны Тозақ болады. Бұл барар орын нендей жаман! Бұл тек шара қолдана алмайтын және тура жол таба алмайтын шамасыз еркектерге, әйелдерге және балаларға қатысты емес. Осындайларды Аллаһ кешіруі мүмкін, өйткені Аллаһ – Өте Кешірімді, Ерекше Жарылқаушы» («ән-Ниса» сүресі, 97-99 аяттар)”.



Шарх:

(Һижра). Шейх (Аллаһ оны рахым етсін): «Һижра дегеніміз – бұл ширк (көпқұдайшылық) елінен Ислам еліне қонысаудару», - деп, һижраның шариғи анықтамасын берді.

Көпқұдайшылық елі деп онда кәпірлердің рәсімдері орындалатын, сонымен қоса исламның азан шақыру, жамағат намаздары, айттар мен жұма намаздары сияқты рәсімдері тұтас барлық жерлерінде орындалмайтын ел аталады. Біз «тұтас барлық жерлерінде» деп айтуымыздан мақсат - ислам елдерінің қатарынан жоғарыда аталған рәсімдер тұтас барлық жерлерінде орындалмайтын, мысалы, мұсылман қауымдары азшылық болған кәпір елдерін шығарып тастау еді, өйткені мұндай елдерді сол жерде тұратын саны азшылық болған мұсылман қауымдарының ислам рәсімдерін орындауының негізінде ислам елдері деп санауға болмайды. Сонымен, мұсылмандық діни рәсімдер тұтас барлық жерлерінде орындалатын ел ғана ислам елі болып табылады.

(Ширк елінен Ислам еліне көшу – осы үмметке парыз»). Ол әрбір мүмин үшін, егер ол кәпірлердің елінде өзінің дінін ашық ұстануына мүмкіндігі болмаса, парыз болып табылады. Осы жағдайда, яғни ол өзінің дінін ашық түрде ұстануына күші жетпесе, онда оның исламы тек көшу арқылы толыққанды бола алады, өйткені онсыз парызды орындау мүмкін болмаған нәрсе де парыз болып табылады.



Бұған дәлел»). Бұл аятта һижра жасауға мүмкіндігі болып, оны жасамағандардың жанын алатын періштелер оларды жазғырып: «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?», - деп айтатынына нұсқау бар. Ал шындығында да әлсіз болғандарға келсек, Аллаһ олардың әлсіздігін және көшуге шамасы жетпегендігін кешіреді, өйткені Аллаһ жан иесіне оның шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді.

Автордың сөзі:

وَقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ أَرْضِي وَاسِعَةٌ فَإِيَّايَ فَاعْبُدُونِ ﴾[العنكبوت: 56].

قَالَ الْبُغَوِيُّ ـ رَحِمَهُ اللهُ ـ:نزلت هَذِهِ الآيَةِ فِي المُسْلِمِينَ الَّذِينَ بِمَكَّةَ ولَمْ يُهَاجِرُوا، نَادَاهُمُ اللهُ بِاسْمِ الإِيمَانِ.

وَالدَّلِيلُ عَلَى الْهِجْرَةِ مِنَ السُّنَّةِ: قَوْلُهُ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ـ: (لا تَنْقَطِعُ الْهِجْرَةُ حَتَّى تَنْقَطِعَ التَّوْبَةُ، وَلا تَنْقَطِعُ التَّوْبَةُ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَ).

«Сондай-ақ Оның мына сөздері де:

﴿ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ أَرْضِي وَاسِعَةٌ فَإِيَّايَ فَاعْبُدُونِ ﴾

«Әй, Менің иман келтірген құлдарым! Расында, Менің жерім кең, сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер!» («әл-‘Анкабут» сүресі, 56-аят).

Имам әл-Бағауи (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Бұл аят һижра жасамаған меккеліктерге қатысты түскен. Аллаһ оларды иман келтіргендер деген есіммен атады».

Һижраға Сүннеттен дәлел – Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Тәубе қабыл етілгенге дейін һижра үзілмейді, және Күн батыстан шыққанға дейін тәубенің қабыл етілуі тоқтамайды», - деген хадисі (хадисті Ахмад (99/4) және Әбу Дауд (2479) жеткізген, хадис сахих)».



Шарх:

Күн батыстан шыққанға дейін»). Яғни игі амалдар қабылданбайтын кезге дейін, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыңның белгілерінен бірі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді» («әл-Әнғам» сүресі, 158-аят). Бұл жерде «белгілерінен бірі» дегенде күннің батыстан шығуы меңзеледі.

«Әл-Муғни» (еңбегінің) авторы һижра туралы сөз етіп, адамдарды келесідей санаттарға жіктейді:

- Олардың кейбіріне һижра міндетті болып табылады. Сөз осыны істей алатындар және өз діннін ашық ұстана алмайтындар туралы болуда. Сөйтіп, егер кәпірлер арасында өмір сүру адамның өз діни міндеттерін орындау мүмкіндігін жоққа шығарса, онда оған һижра жасау керек болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:

إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُوا فِيمَ كُنْتُمْ قَالُوا كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الأرْضِ قَالُوا أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُوا فِيهَا فَأُولَئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَسَاءَتْ مَصِيرًا (٩٧)إِلا الْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاءِ وَالْوِلْدَانِ لا يَسْتَطِيعُونَ حِيلَةً وَلا يَهْتَدُونَ سَبِيلا (٩٨)فَأُولَئِكَ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَعْفُوَ عَنْهُمْ وَكَانَ اللَّهُ عَفُوًّا غَفُورًا (٩٩)

«Періштелер өздеріне зұлымдық еткендердің (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) жандарын алғанда: «Қандай жағдайда едіңдер?», - дейді. Олар: «Біздер бұл жерде шамасыз едік», - дейді. (Періштелер): «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?», - дейді. Міне, бұлардың орны Тозақ болады. Бұл барар орын нендей жаман! Бұл тек шара қолдана алмайтын және тура жол таба алмайтын шамасыз еркектерге, әйелдерге және балаларға қатысты емес. Осындайларды Аллаһ кешіруі мүмкін, өйткені Аллаһ – Өте Кешірімді, Ерекше Жарылқаушы» («ән-Ниса» сүресі, 97-99 аяттар).



Бұл – һижраның міндетті екендігіне айғақ болатын салмақты қорқыту, өйткені діни міндеттерді орындау оларды орындай алатындар үшін міндетті болып табылады. Ал осы аталған жағдайда һижра олардың (яғни діни міндеттердің) орындалуы үшін қажетті шарт болып табылады, ал онсыз әлдебір парызды орындау мүмкін болмаған нәрсенің өзі де парыз болады (қз.: «әл-Муғни», 8-том, 457-бет).

Ал егер аталған екі шарттың екеуі де орындалатын болса, онда келесідей мүмкін болатын жағдайларға нұсқауға болады:

БІРІНШІ ЖАҒДАЙ: мұсылман адам кәпірлердің елінде дағуат жасау үшін және адамдардың көңілін Исламға бұру үшін өмір сүретін болса. Бұндай жағдайда ол жерде өмір сүру жиһадтың оны жасай алатындар үшін міндетті болған бір түрі болып табылады, бірақ бұл дағуатты іске асыруға және оған жауап беруге ешкім кедергі жасамайды деген шарт қойылады. Ал жиһадтың бұл түрінің міндетті болуының себебі – Исламға шақырудың діни міндеттерге жататыны, бұл жолды кезінде Аллаһтың елшілері ұстанған еді, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға өзі туралы басқа адамдарға барлық замандарда және барлық жерде хабарлауды бұйырып: «Мен туралы тіпті бір аятпен болса да хабарлаңдар», - деген.

ЕКІНШІ ЖАҒДАЙ: мұсылман адам кәпірлердің елінде олардың жағдай-ахуалын зерттеу үшін және олардың кесірлі көзқарастарымен, жарамсыз болған құлшылық түрлерімен, адамгершілік тұрғысынан ыдырауымен және олардың араларына жайылып кеткен бетімен кетушілікпен танысып, содан кейін адамдарды оларға еліктеп алданудың қауіптілігі туралы ескертуі және оларға сүйсіне тамасанатындарға олардың жағдайының шынайы мәнін түсіндіруі үшін өмір сүрсе. Бұл жағдайда да (олардың елінде) өмір сүру жиһадтың бірі түрі болып табылады, өйткені ол мұсылмандарды күпірлік пен кәпірлерден сақтандырумен байланысты болады әрі ислам мен оның басшылығына үндеуді меңзейді, өйткені күпірліктің кесірлі болуы өздігінше Исламның игілікті екеніне нұсқайды, ал бұл «бүкіл нәрсе өзінің қарама-қайшысы арқылы танылады» деген тұжырымдардың дұрыстығын растайды. Алайда осы орайда ол өз мақсатын ол одан да жаман болған басқа әлдебір нәрсеге әкеп соқтырмайтындай етіп атқаруға тиіс. Мысалы, егер адамға кәпірлердің жағдайы туралы мәліметтерді таратуға және осыдан басқаларды сақтандырып ескертуге кедергі жасалуының себебімен ол өзінің мақсаттарының орындалуына қол жеткізе алмайтын болса, онда оның ол жерде тұруында ешқандай пайда болмайды. Ол өзінің міндетін атқаратын, бірақ бұл жағдайдың одан сайын қиындауына, мысалы, адамдар Исламды, Елшіні және Исламның имамдарын балағаттап-боқтауына әкелетін жағдайға қатысты да осылай айтуға болады. Осындай жағдайда мұндай іс-әрекетті тоқтату керек болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

وَلا تَسُبُّوا الَّذِينَ يَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ فَيَسُبُّوا اللَّهَ عَدْوًا بِغَيْرِ عِلْمٍ كَذَلِكَ زَيَّنَّا لِكُلِّ أُمَّةٍ عَمَلَهُمْ ثُمَّ إِلَى رَبِّهِمْ مَرْجِعُهُمْ فَيُنَبِّئُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ (١٠٨)

«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып, Аллаһқа тіл тигізеді. Осылайша, әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Сонан соң қайтар орындары Раббыларына. Сонда оларға не істегендерін білдіреді» («әл-Әнғам» сүресі, 108-аят).

Тура осы сияқты жағдайға мұсылман адам кәпірлердің елінде мұсылмандардың көз-құлағы болып, оларға қарсы ойластырылып жатқан қастық іс-әрекеттері туралы білуі және оларды осы туралы хабардар етуі үшін өмір сүретін жағдай да жатады. Мысалы, өз кезінде, дәлірек айтқанда, Ор соғысының алдында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хузайфа бин әл-Йаманды көпқұдайшылдарға ол олар туралы білуге мүмкін болған барлық нәрсені біліп келуі үшін жіберген болатын.

ҮШІНШІ ЖАҒДАЙ: мұсылман адам кәпірлердің елінде мұсылман елінің мүддесі үшін, оның кәпір елімен қарым-қатынасын оңалту үшін өмір сүрсе, бұл, мысалы, елшіліктердің қызметкерлеріне қатысты. Мысалы, мәдениет істері бойынша атташе ол елде (оқитын) білімгерлердің жағдайын бақылау үшін және оларды ислам дінін мығым ұстануға және ислам адамгершілік қағидаларын орындауға үндеу үшін сол жерде тұрады, әрі осы арқылы үлкен пайдаға қол жеткізіліп, үлкен жамандық жойылады.

ТӨРТІНШІ ЖАҒДАЙ: мұсылман адам кәпірлердің елінде қажеттілікпен, яғни рұқсат етілген әлдебір істі орындау үшін, мысалы, сауда жасау үшін немесе емделу үшін тұрса. Мұндай жағдайда кәпірлердің елінде жүріп-тұру қажеттілікке сәйкес рұқсат етіледі, өйткені кәпірлердің елдеріне сауда жасау үшін баруға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір сахабаларының сөздеріне сілтеме жасайтын білім иелері нұсқайтын (Аллаһ оларды рахым етсін).

БЕСІНШІ ЖАҒДАЙ: мұсылман адамның кәпірлердің елінде білім алу мақсатымен тұруы. Бұл жағдай осыдан алдынғы жағдайға ұқсас, алайда бұл жағдайда мұсылман адам сауда істерімен айналысатын кезге қарағанда өз діні мен адамгершілігі үшін көбірек қауіптерге шалдығады, өйткені ол өз мұғалімдерінің өзінің үстінен үстемдік етуін сезінеді, ал бұл өз кезегінде оның оларды қатты құрметтеуіне, олардың көзқарастарымен, идеяларымен және іс-әрекет жасау үлгілерімен келісуіне және оларға ұқсап еліктеуіне әкеледі. Бұл (осы жағдайдағы мұсылмандардың) барлығымен орын алып жатады, тек Аллаһтың қалауымен бұдан құтылу бақытына ие болғандардан басқа, бірақ мұндайлар өте аз болады. Бұдан тыс, оқушы өз мұғаліміне деген қажеттілікті сезінеді, ал бұл оның өз мұғалімінің көңілін табуға ұмтыла бастауына және оның барлық ауытқушылықтары мен адасушылықтарына қарамастан оның алдында жалтақтап-жағымпаздануына алып келеді. Бұдан тыс, кез-келген білімгердің ол олардың ішінен өзіне дос таңдайтын, оларды жақсы көріп, солармен жақын болуға ұмтылатын және солардан әлдебір нәрселерді (үйреніп) өзіне қабылдап алатын әріптестері болады. Осының барлығының қауіптілігін ескерген түрде, мұсылман адам осыдан алдыңғы жағдайларға қарағанда көбірек сақтық танытуы керек, сондықтан да жоғарыдағы екі негізгі талаптарға қоса ол бірқатар қосымша талаптарды да орындауға тиіс:

Біріншісі: білімгер пайданы зияннан ажырата алатындай және оқиғаларды алдын ала жорамалдай алатындай үлкен ақыл кемелдігімен ерекшеленуі тиіс. Ал оқуға жасы жетпеген және ақыл-парасаты қажетті деңгейде кемелденбеген жасөспірімдердің кетуіне қатысты айтар болсақ, бұл олардың діні мен адамгершілігіне ғана емес, олардың халықтарына да өте үлкен қауіптілік болып табылады, өйткені олар (еліне) оралғандарында өз айналасына кәпірлерден өз бойларына міндетті түрде сіңіріп алған уды тарата бастайды. Бұл бұрын да қаншама рет фактілермен расталған болатын және келешекте де расталады.

Мысалы, сол жаққа пісіп-жетілмей жатып жіберілгендердің көбі бұрын өздерінде онсыз да көп емес болған нәрселерін жоғалтып және діні мен адамгершілік негіздерінен ауытқып оралды, ал бұл олардың өздеріне де, олардың қоғамдарына да тек айқын зиян тигізді. Сөйтіп, кәпірлерлерге пісіп-жетілмеген адамдарды оқуға жіберу қойды жыртқыштарға жем етіп бергенмен тең.

Екіншісі: кәпірлерден білім алатын адам ақиқатты жалғаннан ажырата алатындай және ақиқат арқылы жалғанмен күресе алатындай деңгейде шариғаттан хабардар болуы керек. Бұл кәпірлер ұстанатын жалған нәрселердің алдауына түспес үшін және оны шындық деп қабылдамау үшін, немесе осыда шатаспау үшін, немесе адам соның салдарынан абдыраушылыққа түсіп қалатындай немесе өзі жалғанға ілесіп кететіндей осыған қарсы келе алмайтындай әлсіз болып қалмауы үшін қажет.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа мынандай дұғамен жалбарынатыны хабарланады: «Я Аллаһ, ақиқатты маған ақиқат етіп көрсет, әрі оған ілесуім үшін маған күш бер. Және жалғанды маған жалған етіп көрсет те, одан аулақ болуым үшін маған күш бер. Әрі адасушылыққа түспеуім үшін, осыны маған түсініксіз етпе!»

Үшіншісі: кәпірлердің (елдерінде) оқитын адам өз дінін ол оны күпірлік пен ауытқушылықтардан қорғап сақтайтындай деңгейде мығым ұстануы қажет, өйткені өз дінінің заң-ережелерін жеткілікті деңгейде мығым ұстанбайтын адам кәпірлердің арасында өмір сүріп, мұның барлығынан құтыла алмайды, тек бұл Аллаһтың қалауымен орын алмаса ғана, өйткені бұл жағдайда шабуыл жасаушы күшті, ал тойтарыс жасаушы әлсіз болады. Кәпірлердің елдерінде адамдарды табанды түрде күпірлікке итермелейтін нәрселер өте көп екендігі белгілі, сондықтан да егер қарсылық көрсету әлсіз болса, бұл жағдаяттардың барлығы бірден өз ықпалын тигізе бастайды.

Төртіншісі: мұсылман адам білім алу үшін кәпірлердің елінде тұратын сол білімнің қажетті болуы, оның үйреніп жатқан нәрсесінің мұсылмандар үшін пайдалы болуы әрі осындай білімді ислам елдерінде алу мүмкіндігінің болмауы. Ал егер осындай білім қажетсіз болса және мұсылмандарға ешқандай пайда әкелмесе әрі осындай білімге қандай да бір мұсылман елінде де үйренуге болатын болса, онда мұсылман адамға білім алу үшін кәпір елінде тұру рұқсат етілмейді, өйткені бұл оның діні мен адамгершілігіне қауіпті болады, әрі ол жерде тұру көп мөлшердегі материалдық шығындардың қажетсіз жұмсалуына алып келеді.

АЛТЫНШЫ ЖАҒДАЙ: мұсылман адамның кәпір еліне тұрақты өмір сүру үшін көшуі. Бұл жоғарыда аталғандардың барлығынан да қауіптірек болады әрі кәпірлермен әрдайым сөйлесуге және адамды басқалар нені жақсы көрсе, соны жақсы көруге міндетті болған сол (өзі тұратын) елдің азаматы ретінде сезінуіне, әрі соған ұмтылуына алып келеді. Бұдан тыс, кәпірлердің арасында оның отбасы мүшелері де келіп қосылады, әрі олар кәпірлердің әдет-ғұрыптарын үйрене бастайды, тіпті олардың сенім-көзқарастары мен ғибадат рәсімдерін де қабылдауы ықтимал. Міне, сондықтан да, хадистердің бірінде хабарланатынындай, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім көпқұдайшылмен қосылса және онымен бірге тұрса, сол соған ұқсайды», - деп айтқан болатын.

Қайс бин Абу Хазимнің сөздерінен Жәрир бин Абдуллаһтан (оған Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Мен көпқұдайшылдардың арасында өмір сүретін мұсылмандардың ешқайсысына қатысым жоқ», - деп айтқаны туралы тағы бір хадис бар. Одан: «Не үшін, уа, Аллаһтың елшісі?», - деп сұрағанда, ол: «Олардың ешқайсысы басқасының отын (жарығын) көрмеуге тиіс», - деп жауап берді. Ал, ендеше, кәпірлердің рәсімдері ашық түрде жасалатын және шешім Аллаһқа және Оның Елшісіне тән болмаған кәпірлердің елінде өмір сүретін мұсылман, егер ол осыларды көрсе, естісе және осымен келлісе, бұдан қалса осы елдің иелігінде болса және осының барлығы дін үшін үлкен қауіптілік болып табылатынына қарамастан онда өзінің отбасымен және балаларымен өмір сүретін болса, ол қалайша игілікке қол жеткізбек?!

Мұсылман адамның кәпірлердің елінде өмір сүруі туралы біз, міне, осыны айта аламыз, әрі біз Аллаһтан сөздеріміздің ақиқатқа сай болуын әрі сау ақылға да қайшы келмеуін сұраймыз.

Автордың сөзі:

فَلَمَّا اسْتَقَرَّ فِي الْمَدِينَةِ أُمِرَ بِبَقِيَّةِ شَرَائِعِ الإِسْلامِ، مِثلِ: الزَّكَاةِ، وَالصَّوْمِ، وَالْحَجِّ، وَالأَذَانِ، وَالْجِهَادِ، وَالأَمْرِ بِالْمَعْرُوفِ وَالنَّهْيِ عَنِ الْمُنْكَرِ، وَغَيْرِ ذَلِكَ مِنْ شَرَائِعِ الإِسْلامِ،

«Ал ол Мәдина қаласына келіп орналасқан соң, оған Исламның басқа да құлшылықтары бұйырылды. Мысалы: ораза, зекет, қажылық, азан, жиһад, жақсылыққа бұйыру мен жамандықтан қайтару және басқалары».

Шарх:

(«Ал ол Мәдина қаласына келіп орналасқан соң»). Автор (Аллаһ Тағала оны рахым етсін): «Ал ол Мәдина қаласына келіп орналасқан соң, оған Исламның басқа да құлшылықтары бұйырылды», - деп айтты.

Бұл жерде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде он жылдай уақыт бойы адамдарды бірқұдайшылыққа (таухидке) шақырғаны, кейін ол жерде оған бес уақыт намаз парыз етілгені, ал содан соң ол зекет төлеудің, ораза ұстаудың, қажылық жасаудың және Исламның өзге де заң-үкімдерін орындау міндеттілігі туралы бұйрықты алмай тұрып, Мәдинаға көшкені туралы сөз болуда. Автор (Аллаһ оны рахым етсін) жалпы зекет төлеу және оның жеке үкімдері Мәдинада парыз етілгендігі туралы айтып жатқаны айқын-ақ, алайда кейбір білім иелері алғашында зекет Меккеде парыз етілген, бірақ оның мөлшері мен басқа егжей-тегжейліктері анықталмаған еді, ал бұл Мәдинада жасалды деп те айтқан. Бұл кісілер меккелік сүрелердің зекеттің міндетті екендігі туралы айтылатын аяттарына, мысалы, Аллаһ Тағаланың:

وَآتُوا حَقَّهُ يَوْمَ حَصَادِهِ

«Оны жиып алған күнде тиістісін беріңдер» («әл-Әнғам» сүресі, 141-аят), - сондай-ақ Оның:

وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ (١٩)

«Олардың малдарында сұрағанға да, сұрамағанға да тиесі бар» («әз-Зәрият» сүресі, 19-аят) деген сөздеріне сүйенген.

Сонымен, қалай болғанда да, зекет (толығымен) Мәдинада бекітілді, әрі сол жерде оны кім беретіні және ол кімге берілетіні де анықталды. Тура осыны азан мен жұма намазы туралы айтуға да болады. Сондай-ақ жамағат намазы да Мәдинада парыз етіп жарияланғаны түсінікті, өйткені баршаны намазға шақыру азаны мұсылмандарға зекет пен ораза сияқты һижраның 2 жылы міндетті етілді. Ал қажылыққа келер болсақ, білім иелерінің пікірі бойынша, ол һижраның 9 жылы, яғни мұсылмандар тарапынан алынған Мекке мұсылман қаласы болғаннан кейін ғана парыз етілген болуы әбден ықтимал.

Осы нәрсе жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтару міндетіне, сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман мемлекеті құрылған Мәдинада орналасқан соң міндетті етілген шариғаттың өзге заң-ережелеріне де қатысты.

Автордың сөзі:

أَخَذَ عَلَى هَذَا عَشْرَ سِنِينَ، وَتُوُفِّيَ ـ صَلواتُ اللهِ وَسَلامُهُ عَلَيْهِ ـ



«Осыларды орындап, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) он жыл өмір сүрді, кейін қайтыс болды».

Шарх:

Осыларды орындап»). Ол, яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), өзінің Мәдинаға қоныс аударуынан кейін он жыл бойы осылармен айналысты, ал Аллаһ Пайғамбар арқылы осы дінді толық-кемел еткеннен және онымен Өзінің мүминдерге деген нығметін аяқтағаннан соң, Ол оны Өзіне алып кетті де, оны шыншыл пайғамбарларға, шәһидтерге және ізгілерге қосты.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денсаулығы сапар айының соңы мен раби әл-әууал айының басында нашарлай түсті де, күндердің бір күнінде ол адамдардың алдына басын таңғышпен орап алған күйінде шығып, мінберге көтерілді. Осыдан соң ол ең алдымен Аллаһқа Ухуд шайқасында шәһид болғандар үшін кешірім сұрап дұға жасады да, одан кейін: «Ақиқатында, Аллаһ Өзінің бір құлына осы дүние мен Өзіндегі нәрселердің арасында таңдау жасауды ұсынды, әрі құл Ондағыны таңдады», - деді. Абу Бакр (Аллаһ оған разы болсын) осы сөздердің мағынасын түсініп, жылап жіберді де: «Біздің әкелеріміз, аналарымыз, ұлдарымыз, біздің өзіміз әрі мал-мүлкіміз сіз үшін өтеу болсын», - деді. Ал, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жылама, уа, Абу Бакр!», - деді де, сосын осы сөздеріне: «Ақиқатында, адамдар ішінен мен үшін ең көп (жақсылықты) Абу Бакр істеді, ол менімен дос болды, мен үшін ақшасын аямады, әрі егер маған Раббымнан басқа жақын дос (халил) таңдауға тағы тура келгенде, мен Абу Бакрді таңдар едім, бірақ Исламдағы достық пен махаббат бұдан да жақсырақ!» - деп қосты. Әрі ол Абу Бакрге адамдармен намаздарды орындауды (оларға имамдық етуді) бұйырды, ал раби әл-әууал айының он екінші, не он үшінші күні дүйсенбіде Аллаһ оны Өзіне алып кетті.

Әрі өлімінен таяу уақыт бұрын ол алдында тұрған су құйылған ыдысқа қолдарын малып, олармен бетін сүртіп: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, өлім таяу қалды», - деп айта бастады да, ал содан соң көздерін аспанға қаратып: «Саған жақын болғандардың арасында!», - деді.

Әрі сол күні ол қайтыс болды, ал адамдар, бұның осылай болуы күтілгендей, толқуға түсті, әрі бұл олардың алдына Абу Бакр (Аллаһ оған разы болсын) шықпайынша жалғасты. Ол мінберге көтеріліп, Аллаһқа мақтау-мадақтар айтып Оған шүкіршіліктерін білдірді де, содан соң: «Ал содан соң: расында, кім Мухаммадқа ғибадат еткен болса, білсін – Мухаммад қайтыс болды. Ал кім Аллаһқа құлшылық еткен болса, Аллаһ Тірі және ешқашан өлмейтінін есте сақтасын», - деді. Ал осыдан соң ол

وَمَا مُحَمَّدٌ إِلا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ أَفَإِنْ مَاتَ أَوْ قُتِلَ انْقَلَبْتُمْ عَلَى أَعْقَابِكُمْ

«Мухаммад бір елші ғана. Одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе, не өлтірілсе, сендер сонда кері қайтасыңдар ма (қайта кәпір боласыңдар ма)?» деген аятты оқыды («Әли Имран» сүресі, 144-аят). Ол сондай-ақ

إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإِنَّهُمْ مَيِّتُونَ (٣٠)

«Сен де өлесің, олар да өледі» деген басқа аятты да оқыды («әз-Зумәр» сүресі, 30-аят).

Әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанын түсінген адамдар өксіп жылай бастады, ал содан соң ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған деген құрметпен киімі шешілмеген күйінде шомылдырылды да, үш аппақ киімге оралды, әрі олардың ішінде көйлек те, сәлде де жоқ еді, содан соң оған имамсыз, әркім қалай оқи алса – солай жаназа намазы оқылды. Ал сәрсенбі күніне қараған түні оның халифасы ант сөздерін айтқан соң ол жерленді.

Раббымыз оны ең жақсы игіліктерге бөлеп, оған ең жақсы сәлемін сыйласын!

Автордың сөзі:

وَدِينُهُ بَاقٍ.وَهَذَا دِينُهُ، لا خَيْرَ إِلا دَلَّ الأُمَّةَ عَلَيْهِ، وَلا شَرَّ إِلا حَذَّرَهَا مِنْهُ، وَالْخَيْرُ الَّذِي دَلَّهَا عَلَيْهِ التَّوْحِيدُ، وَجَمِيعُ مَا يُحِبُّهُ اللهُ وَيَرْضَاهُ، وَالشَّرُ الَّذِي حَذَّرَهَا مِنْهُ الشِّرْكُ، وَجَمِيعُ مَا يَكْرَهُ اللهُ وَيَأْبَاهُ. بَعَثَهُ اللهُ إِلَى النَّاسِ كَافَّةً، وَافْتَرَضَ طَاعَتَهُ عَلَى جَمِيعِ الثَّقَلَيْنِ الْجِنِّ وَالإِنْسِ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيع﴾[الأعراف: 158]

“Ал оның діні қалды! Міне, осы – оның діні! Ол ешбір игілікті қалдырмастан үмметтіне толық жеткізді. Ешбір жамандықты қалдырмастан үмметін одан тыйды. Ол жеткізген игілік – бұл таухид және Аллаһ жақсы көріп, разы болатын барлық нәрсе. Ол қайтарған жамандық – бұл ширк және Аллаһ жек көретін барлық нәрсе. Аллаһ оны бүкіл адамзатқа елші етіп жіберді, оған бағынуды жындар мен адамдардың барлығына парыз етті. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:

قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ لا إِلَهَ إِلا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الأمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ (١٥٨)

«(Әй, Мухаммад:) «Уа, адамдар! Ақиқатында, мен барлықтарыңа Аллаһтың елшісімін!», - деп айт» («әл-Әғраф» сүресі, 158-аят)”.

Шарх:

Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың келесі сөздері»). Бұл аятта Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барша адамзатқа елші екеніне дәлел бар, ал әрі қарай ода оны (елші етіп) жіберген (Аллаһқа) көктер мен жердің билігі тән екендігі, Ол тірілте және өлтіре алатындығы, және Ол Жалғыз Құдай әрі Раббы екендігі туралы айтылады, әрі осы аяттың соңында Аллаһ Тағала бізге осы хат танымаған, яғни оқи және жаза білмейтін пайғамбарға иман келтіруді және оған ілесуді бұйырады. Әрі осы сөздер білуге және амал етуге тиіс болған тура жол мен жетістікке жетелейтін басшылыққа негіз болып табылады, өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың бүкіл адамдар мен жындарға жіберілген елшісі еді.

Автордың сөзі:

وَكَمَّلَ اللهُ بِهِ الدِّينَ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلاَمَ دِين﴾[المائدة: 3].

«Аллаһ ол арқылы Өзінің дінін толықтырды (кәміл етті). Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына аяттары:

﴿ الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلاَمَ دِين﴾

«Бүгін діндеріңді толықтырдым, Өз нығметімді тәмамдадым және сендерге Ислам дінімен разы болдым» («әл-Мәида» сүресі, 3-аят)».



Шарх:

Аллаһ Тағаланың мына аяттары»). Бұл сөздер Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) діні Қиямет Күніне дейін сақталатынына және ол өзінің үмметіне олардың істеріндегі бүкіл қажетті болған нәрселердің барлығын түгел түсіндіріп үлгергеніне нұсқау болады. Әрі дәл сондықтан да Абу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіпті аспандағы қанат қаққан құстарды назарсыз қалдырмады, өйткені ол бізге олар туралы да хабарлады», - деп айтқан болатын.

Бірде көпқұдайшыл-мүшриктердің бірі Сәлман әл-Фәрсиге (Аллаһ оған разы болсын): «Сендердің Пайғамбарларың сендерге тіпті үлкен дәретті қалай сындыруды да үйрететін бе», - дегенде, Сәлман оған: «Иә, әрі ол үлкен не кіші дәрет сындыратын адамға сол уақытта артын, не алдын Қыблаға қаратуды, немесе үш тастан аз таспен (нәжестен) тазалануды, немесе (нәжестен) оң қолмен тазалануды, немесе құрғақ тезекпен немесе сүйекпен (нәжестен) тазалануды тыйым салатын», - деп жауап бергені хабарланады.

Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерімен, немесе амалдарымен, немесе растауларымен, немесе адамдардың сұрақтарына берген жауаптарымен адамдарға осы дінге қатысты бүкіл нәрсені түгел түсіндіріп берді деп айтуға болады. Бірақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға түсіндіріп берген нәрселерінің ең ұлысы – оның таухидке қатысты берген түсіндірмелері еді.

Әрі ол істеуді бұйырған нәрселердің барлығы оның үмметі мүшелерінің осы және келесі өмірі үшін игілік болып табылатын, ал ол оларға тыйым салған нәрселердің барлығы олар үшін екі дүниеде де жамандық болатын. Ал кейбір адамдар білместікпен осы бұйрықтар мен тыйымдарға байланысты ыңғайсыздықтар бар деп айтатын жәйттарға келер болсақ, бұның себебі – олардың дүниетанымының тарлығы, имандарының жетіспеушілігі және әлсіздігі, өйткені Аллаһ Тағала біз үшін бұл дінде ешқандай қиыншылықтар жасаған жоқ, әрі ол түгелімен адамдар үшін оңай. Аллаһ Тағала былай деді:

يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ

«Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, әрі сендерге ауырлық қаламайды…» («әл-Бақара» сүресі, 185-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

مَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيَجْعَلَ عَلَيْكُمْ مِنْ حَرَجٍ

«Аллаһ сендер үшін ауыртпалықтар жасауды қаламайды…» («әл-Мәида» сүресі, 6-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді:

وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ

«Әрі Ол сендер үшін діндеріңде ешқандай қиындық жасамады...»(«әл-Хажж» сүресі, 78-аят).

Ендеше, Аллаһқа, Оның нығметінің толық болғандығы үшін әрі Ол осы дінді кемел еткендігі үшін, мадақтар болсын!

Автордың сөзі:

وَالدَّلِيلُ عَلَى مَوْتِهِ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ـ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ * ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عِندَ رَبِّكُمْ تَخْتَصِمُونَ ﴾[الزمر: 30، 31].

«Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өткеніне дәлел – Аллаһтың мына сөздері:

﴿ إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ * ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عِندَ رَبِّكُمْ تَخْتَصِمُونَ ﴾

«(Уа, Мухаммад!) Расында, сен өлесің, олар да өледі. Сосын Қиямет Күні сендер Раббыларыңның алдында тартысасыңдар» («әз-Зумәр» сүресі, 30-31аяттар)».

Шарх:

(Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өткеніне дәлел). Бұл аятта Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ол кімге жіберілген болса солар да өлетіндігіне және олар Қиямет Күні Аллаһтың алдында өз тартыстарын жалғастыратынына, ал Ол болса олардың арасында ақиқатпен үкім шығаратынына және ешқашан кәпірлерге мүминдердің үстінен үстем болуына жол бермейтініне нұсқау бар.

Автордың сөзі:

وَالنَّاسُ إِذَا مَاتُواْ يُبْعَثُونَ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَى ﴾[طه: 55]. وقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ وَاللَّهُ أَنبَتَكُم مِّنَ الأَرْضِ نَبَاتاً * ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجاً ﴾[نوح: 17، 18]

«Адамдар өлген соң қайта тіріледі. Бұған дәлел – Аллаһтың келесі сөздері:

﴿ مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَى ﴾

«Одан сендерді жараттық. Оған сендерді қайтарамыз, әрі екінші рет одан шығарамыз» («Та-һа» сүресі, 55-аят).

Сондай-ақ оның келесі сөздері:



﴿ وَاللَّهُ أَنبَتَكُم مِّنَ الأَرْضِ نَبَاتاً * ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجاً ﴾

«Аллаһ сендерді жерден өсіріп өндірді. Сосын сендер оған қайтарыласыңдар да, кейін қайта шығарыласыңдар» («Нух» сүресі, 17-18 аяттар)».



Шарх:

Қайта тіріледі»). Автор (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) адамдар өлгеннен кейін қайта тірілетінін әрі өлгеннен кейін оларды Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ жаза-сауабтарын беру үшін қайта тірілтетінін түсіндіреді, өйткені Аллаһ адамдарға, олар осы күнге, яғни Қайта тірілу Күніне, Пәк Аллаһ Тағала оның оқиғалары мен қорқыныштары туралы адамның жүрегін Құдіретті де Ұлы Аллаһқа жалбарынуға және осы күннен қорқуға мәжбүрлейтін күнге дайындалып, белгілі бір нәрселерді істеулері үшін, елшілер жіберген еді. Аллаһ Тағала былай деп айтты:

فَكَيْفَ تَتَّقُونَ إِنْ كَفَرْتُمْ يَوْمًا يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ شِيبًا (١٧)السَّمَاءُ مُنْفَطِرٌ بِهِ كَانَ وَعْدُهُ مَفْعُولا (١٨)

«Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын сол күннен қалайша сақтанасыңдар. Ол күннің зардабынан көк жарылады, Аллаһтың уәдесі орындалады» («әл-Музаммил» сүресі, 17-18 аяттар).

Бұл жерде қайта тірілуге иман келтірудің қажеттілігіне нұсқалады, әрі шейх мұны осы екі аятты келтіру арқылы дәлелдейді.

(«Одан сендерді жараттық»). Яғни: Біз сендерді, Адам (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) топырақтан жаратылған кезде, топырақтан жараттық.

Оған сендерді қайтарамыз»). (Яғни:) сендер қайтыс болғандарыңнан кейін жерленгендеріңде.

Әрі екінші рет одан шығарамыз»). Яғни: Қиямет Күні сендерді қайта тірілту арқылы.

Сондай-ақ оның келесі сөздері: «Аллаһ сендерді жерден өсіріп өндірді»). Бұл аят Аллаһ Тағаланың:

مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَى (٥٥)

«Одан сендерді жараттық. Оған сендерді қайтарамыз, әрі екінші рет одан шығарамыз» («Та-һа» сүресі, 55-аят), - деген сөздеріне толығымен сәйкес келіп тұр. Өзіне тура осы мағынаны қамтитын аяттар өте көп, әрі Аллаһ қайта тірілу туралы қайта-қайта айта беретінін себебі – адамдар оған иман келтіруі үшін, имандарын арттыруы және осы күнге дайындық амалдарын жасаулары үшін. Ал біз Аллаһтан Ол бізді осындай адамдардың қатарына қосуын және сол күні бақытты етуін сұраймыз.

Автордың сөзі:

وَبَعْدَ الْبَعْثِ مُحَاسَبُونَ وَمَجْزِيُّونَ بِأَعْمَالِهِمْ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ أَسَاؤُوا بِمَا عَمِلُوا وَيَجْزِيَ الَّذِينَ أَحْسَنُوا بِالْحُسْنَى ﴾[النجم: 31].

«Адамдар тірілгеннен кейін, істеген амалдары үшін есепке алынады. Бұған Аллаһ Тағаланың мына Сөздері дәлел:

﴿ وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ لِيَجْزِيَ الَّذِينَ أَسَاؤُوا بِمَا عَمِلُوا وَيَجْزِيَ الَّذِينَ أَحْسَنُوا بِالْحُسْنَى ﴾

«Көктердегі және жердегі барлық нәрсе Аллаһтікі. (Бұл) – жамандық істегендерді істегендерімен жазалау үшін, ал жақсылық жасағандарға одан да артығымен қайтару үшін» («ән-Нәжм» сүресі, 31-аят)».



Шарх:

Аллаһ Тағаланың мына сөздері»). Бұл сөздер адамдар өлі күйінен қайта тірілген соң есепке тартылатынын, әрі оларға амалдарына сәйкес сауап-жазалары берілетінін білдіреді. Сонда жақсыларға жақсылықпен қайырылады, ал жамандарға жамандықпен қайырылады, өйткені Пәк Аллаһ Тағала былай деді:

فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ (٧)وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ (٨)

«Кім тозаңдай жақсылық істеген болса, соны көреді, әрі кім тозаңдай жамандық істеген болса, соны көреді» («әз-Зилзәла» сүресі, 7-8 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

وَنَضَعُ الْمَوَازِينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ فَلا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا وَإِنْ كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا وَكَفَى بِنَا حَاسِبِينَ (٤٧)

«Қиямет Күні туралық таразысын орнатамыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да, оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» («әл-Әнбия» сүресі, 47-аят). Аса Құдіретті әрі Ұлы (Аллаһ) сондай-ақ былай деді:

مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلا يُجْزَى إِلا مِثْلَهَا وَهُمْ لا يُظْلَمُونَ (١٦٠)

«Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, оған сондай-ақ қана жаза беріледі де, олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» («әл-Әнғам» сүресі, 160-аят).

Әрі әрбір жақсы ісі үшін адам он еседен бастап жеті жүз есеге дейінгі әрі Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһтың Мейірімімен, Одан сый ретінде бұдан да көбірек сауабын алады, өйткені Ол – Аса Құдіретті және Жоғары, әрі Ол басқаның барлығынан игі істерде де, сый-сауап беруде де асып түседі. Ал жаман істерге келер болсақ, онда бұндағы жаза амалдарға тура сәйкес келеді, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلا يُجْزَى إِلا مِثْلَهَا وَهُمْ لا يُظْلَمُونَ (١٦٠)

«Және біреу бір жамандық істесе, оған сондай-ақ қана жаза беріледі де, олар зұлымдыққа ұшыратылмайды»(«әл-Әнғам» сүресі, 160-аят). Бұл Аллаһтың мейірімінің және игі істерінің кемелдігі туралы куәлік береді.

Автордың сөзі:

وَمَنْ كَذَّبَ بِالْبَعْثِ كَفَرَ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَن لَّن يُبْعَثُوا قُلْ بَلَى وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ وَذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ ﴾[التغابن: 7].

«Кім қайта тірілуді жоққа шығарса, кәпір болады. Бұған дәлел Аллаһтың мына сөздері:

﴿ زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَن لَّن يُبْعَثُوا قُلْ بَلَى وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ وَذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ ﴾

«Кәпірлер: «Қайта тірілмейміз», - деп ойлайды. (Оларға) айт: «Раббыммен ант етемін! Сендер өлгеннен кейін әлбетте тірілесіңдер, кейін істегендерің жайлы хабар аласыңдар. Бұл Аллаһқа оңай!» («әт-Тағабун» сүресі, 7-аят)».



Шарх:

(«Кім қайта тірілуді жоққа шығарса, кәпір болады»). Сөйтіп, қайта тірілуге иман келтірмейтін адам кәпір болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:

وَقَالُوا إِنْ هِيَ إِلا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ (٢٩)وَلَوْ تَرَى إِذْ وُقِفُوا عَلَى رَبِّهِمْ قَالَ أَلَيْسَ هَذَا بِالْحَقِّ قَالُوا بَلَى وَرَبِّنَا قَالَ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ (٣٠)

«Олар: «Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. Тағы бір қайта тірілуші емеспіз», - деді. (Мухаммад,) оларды Раббыларының құзырында қалай тұрғызып қоятындарын көрсең еді! Ол (Аллаһ): «Бұл ақиқат емес пе?», - дейді. Олар: «Шын екен! Раббымызбен ант етеміз», - дейді. Ол (Аллаһ) оларға: «Ендеше, иман келтірмегендеріңнің азабын татыңдар!» - дейді» («әл-Әнғам» сүресі, 29-30 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ (١٠)الَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوْمِ الدِّينِ (١١)وَمَا يُكَذِّبُ بِهِ إِلا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ (١٢)إِذَا تُتْلَى عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الأوَّلِينَ (١٣)كَلا بَلْ رَانَ عَلَى قُلُوبِهِمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ (١٤)كَلا إِنَّهُمْ عَنْ رَبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَمَحْجُوبُونَ (١٥)ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُو الْجَحِيمِ (١٦)ثُمَّ يُقَالُ هَذَا الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تُكَذِّبُونَ (١٧)

«Ол күні жасынға шығарушыларға нендей өкініш! Олар – сондай Қиямет Күнін өтіріксінгендер. Оны әрбір шектен шыққан күнәхар ғана өтіріксінеді. Қашан оған аяттарымыз оқылса, ол: «Бұрынғылардың ертегісі», - деді. Жоқ, олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты. Жоқ, олай емес. Негізінде, олар Ол Күні Раббыларының Дидарыннан мақұрым қалады. Сосын олар, әлбетте, Тозаққа кіреді. Сосын: «Міне, сендердің өтірік дегендерің осы!», - делінеді» («әл-Мутаффифин» сүресі, 10-17 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты:

بَلْ كَذَّبُوا بِالسَّاعَةِ وَأَعْتَدْنَا لِمَنْ كَذَّبَ بِالسَّاعَةِ سَعِيرًا (١١)

«Бірақ олар Қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін Отты әзірледік» («әл-Фурқан» сүресі, 11-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

وَالَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَلِقَائِهِ أُولَئِكَ يَئِسُوا مِنْ رَحْمَتِي وَأُولَئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ (٢٣)

«Сондай Аллаһтың аяттарына әрі Онымен кездесуге иман келтірмегендер, міне, солар, рахметімнен күдер үзді, әрі олар үшін күйзелтуші азап бар»(«әл-Анкабут» сүресі, 23-аят).

Ал шейхке (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) келер болсақ, ол өзінің айтқандарын растау үшін Аллаһ Тағаланың:

زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَن لَّن يُبْعَثُوا

«Кәпірлер: «Қайта тірілмейміз», - деп ойлайды», - деген сөздерін қолданды.



Ал қайта тірілу туралы сөздерді теріске шығаратындарды келесідей тәсілмен сендіруге болады:

Біріншіден, пайғамбарлар мен елшілер арқылы түсірілген Кітаптар мен шариғаттарда үнемі қайта тірілу туралы айтылатынына және осы пайғамбарлар мен елшілер жіберілген халықтар осымен келісетіне, ал, ендеше, неліктен сендер осы ойды теріске шығарасындар да, сонымен бірге сендерге әлдебір пәлсапашыдан немесе ойшылдан жеткен нәрселерге, мұндай нәрселер қайта тірілу туралы хабарларға қарағанда жеткізу жолы тұрғысынан да, мұның шынайы болмыс фактілерімен расталатыны тұрғысынан да сенімділігі төмендеу болуына қарамастан, келісесіздер деп нұсқаудың көмегімен.

Екіншіден, қайта тірілудің мүмкін екеніне ақыл куә болады, әрі бұған келесі дәлелдерді келтіруге болады:

1 – Ешкім өзінің жоқтан бар етіп жаратылғанын және бұрын болмаған күйінен пайда болғанын теріске шығармайды, бірақ бұл оны Жаратқанның және жоқтан бар Еткеннің осыны қайтадан істей алатынын білдіреді. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтты:

وَهُوَ الَّذِي يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ وَهُوَ أَهْوَنُ عَلَيْهِ وَلَهُ الْمَثَلُ الأعْلَى فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (٢٧)

«Ол – сондай, жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай» («әр-Рум» сүресі, 27-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

يَوْمَ نَطْوِي السَّمَاءَ كَطَيِّ السِّجِلِّ لِلْكُتُبِ كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُعِيدُهُ وَعْدًا عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ (١٠٤)

«…Әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Біздің уәдеміз. Шынында, Біз орындаймыз» («әл-Әнбия» сүресі, 104-аят).

2 – Ешкім көктер мен жерді жарату ұлы іс болғанын жоққа шығармайды, өйткені бұл жарату көлемі бойынша өте үлкен әрі өзінің таң қалдырарлықтай реттілігімен ерекшеленеді. Бірақ көктер мен жерді Жаратушы адамдарды жаратуға ғана емес, оларды қайта тірітуге де қабілетті. Аллаһ Тағала былай деді:

لَخَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ أَكْبَرُ مِنْ خَلْقِ النَّاسِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لا يَعْلَمُونَ (٥٧)

«Әлбетте, көктер мен жерді жарату адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді»(«әл-Ғафир» сүресі, 57-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты:

أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ وَلَمْ يَعْيَ بِخَلْقِهِنَّ بِقَادِرٍ عَلَى أَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتَى بَلَى إِنَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (٣٣)

«Олар көрмейді ме? Шәксіз, Ол сондай Аллаһ көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда әлсізденбеген Аллаһтың өлілерді тірілтуге шамасы келеді. Әрине, Оның әр нәрсеге күші толық жетуші» («әл-Әхқаф» сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді:

أَوَلَيْسَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ بِقَادِرٍ عَلَى أَنْ يَخْلُقَ مِثْلَهُمْ بَلَى وَهُوَ الْخَلاقُ الْعَلِيمُ (٨١)إِنَّمَا أَمْرُهُ إِذَا أَرَادَ شَيْئًا أَنْ يَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ (٨٢)

«Сондай көктер мен жерді жаратқан Аллаһ олар сияқтыны жаратуға күші жетпейді ме? Әлбетте, күші жетеді. Ол – әр нәрсені Жаратушы, Толық Білуші. Шын мәнінде, Ол бір істің болуын қаласа, Оның бұйырығы оған: «Бол!», - деу, сонда ол бола қалады» («Я Син» сүресі, 81-82 аяттар).

3 – Көру қабілетіне ие әрбір адам жердің өлі және өсімдіктерден мақұрым халде болатынын, бірақ жерге жаңбыр жауғаннан кейін ол құнарлы болатынын әрі оның өсімдіктері өлгеннен кейін қайта тірілетінін көреді, бірақ жерді ол өлгеннен кейін қайта тірілтуге қабілетті (Аллаһ) өлілерді де қайта тірілте алады. Аллаһ Тағала былай деп айтты:

وَمِنْ آيَاتِهِ أَنَّكَ تَرَى الأرْضَ خَاشِعَةً فَإِذَا أَنْزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاءَ اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ إِنَّ الَّذِي أَحْيَاهَا لَمُحْيِي الْمَوْتَى إِنَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (٣٩)

«Расында, жердің құрғап қалғанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде, оның құлпырып көпсуі – Аллаһтың аят-белгілерінен. Күдіксіз, оны тірілткен Аллаһ өлілерді де тірілтеді. Өйткені, Ол – әр нәрсеге Толық Күші Жетуші» («әл-Фуссыләт» сүресі, 39-аят).

Үшіншіден, қайта тірілудің мүмкін екеніне түйсік те, шынайы фактілер де куәлік етеді, өйткені Аллаһ Тағала өлілерді қайта тірілту орын алған жағдайлар туралы баяндап, олардың бесеуін «әл-Бақара» сүресінде атап айтады. Мысалы, Аллаһ Тағала былай дейді:

أَوْ كَالَّذِي مَرَّ عَلَى قَرْيَةٍ وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَى عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّى يُحْيِي هَذِهِ اللَّهُ بَعْدَ مَوْتِهَا فَأَمَاتَهُ اللَّهُ مِائَةَ عَامٍ ثُمَّ بَعَثَهُ قَالَ كَمْ لَبِثْتَ قَالَ لَبِثْتُ يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ قَالَ بَلْ لَبِثْتَ مِائَةَ عَامٍ فَانْظُرْ إِلَى طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمْ يَتَسَنَّهْ وَانْظُرْ إِلَى حِمَارِكَ وَلِنَجْعَلَكَ آيَةً لِلنَّاسِ وَانْظُرْ إِلَى الْعِظَامِ كَيْفَ نُنْشِزُهَا ثُمَّ نَكْسُوهَا لَحْمًا فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُ قَالَ أَعْلَمُ أَنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (٢٥٩)

«Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді?», - деді. Аллаһ оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?», - деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігін жаттым», - деді. (Аллаһ): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа және сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайта құрастырып, сонан соң оған ет киіндіреміз», - деді. Бұл жағдайлар оған айқын болғанда: «Сөзсіз, Аллаһтың әр нәрсеге күші жететінін білдім», - деді» («әл-Бақара» сүресі, 259-аят).

Төртіншіден, ақиқатында, өлімнен кейін қайта тірілу Аллаһтың ойластырғанымен үйлеседі, өйткені әрбір жан иесіне істегенінің сауап-жазасын алу жазылған, өйтпеген жағдайда адамдарды жарату бос ермек болған болар еді әрі мұның ешқандай құндылығы да, ешбір мәні де болмас еді, әрі адамдар мен жануарлар арасында бұл өмірде ешқандай айырмашылық жоқ болар еді. Аллаһ Тағала былай деді:

أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لا تُرْجَعُونَ (١١٥)فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ لا إِلَهَ إِلا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ (١١٦)

«Шындығында да Біз сендерді босқа жараттық әрі тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма? Шынайы Патша Аллаһ – Өте Жоғары. Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол ардақты Аршының Раббысы» («әл-Муминун» сүресі, 115-116 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

إِنَّ السَّاعَةَ آتِيَةٌ أَكَادُ أُخْفِيهَا لِتُجْزَى كُلُّ نَفْسٍ بِمَا تَسْعَى (١٥)

«Әркім істегенінің бодауын алу үшін, Мен мезгілін құпиялаған Қиямет анық келеді» («Та ха» сүресі, 15-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді:

وَأَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَيْمَانِهِمْ لا يَبْعَثُ اللَّهُ مَنْ يَمُوتُ بَلَى وَعْدًا عَلَيْهِ حَقًّا وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لا يَعْلَمُونَ (٣٨)لِيُبَيِّنَ لَهُمُ الَّذِي يَخْتَلِفُونَ فِيهِ وَلِيَعْلَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّهُمْ كَانُوا كَاذِبِينَ (٣٩)إِنَّمَا قَوْلُنَا لِشَيْءٍ إِذَا أَرَدْنَاهُ أَنْ نَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ (٤٠)

Және де олар: «Аллаһ өлген біреуді тірілтпейді», - деп, Аллаһтың атымен қатты ант ішті. Олай емес. (Өліні тірілту) Аллаһтың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді. Аллаһ оларға келіспеушілікке түскен нәрселерін анықтау үшін әрі кәпірлердің өтірікші екенін білдіру үшін (өлілерді тірілтеді). Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: «Бол!», - деу, сонда ол бола қалады” («ән-Нәхл» сүресі, 38-40 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ لَنْ يُبْعَثُوا قُلْ بَلَى وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ وَذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ (٧)

«Кәпірлер: «Қайта тірілмейміз», - деп ойлайды. (Оларға) айт: «Раббыммен ант етемін! Сендер өлгеннен кейін әлбетте тірілесіңдер, кейін істегендерің жайлы хабар аласыңдар. Бұл Аллаһқа оңай!» («әт-Тағабун» сүресі, 7-аят).

Әрі егер осы дәлелдердің барлығы қайта тірілудің мүмкін екенін жоққа шығаратын адамдарға ұсынылса, және олар осыдан кейін де өздерінің айтқандарында қасарысып тұрып алса, онда бұл олардың қайтпас менмен екенін білдіреді, бірақ «залымдар бұның өздері үшін неге айналатынын әлі біледі» («әш-Шуғара» сүресі, 227-аят).

Автордың сөзі:

وَأَرْسَلَ اللهُ جَمِيعَ الرُّسُلِ مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ رُّسُلاً مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلاَّ يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ﴾[النساء: 165].

“Аллаһ барлық елшілерді (Жәннатпен) қуандырушы, (Тозақтан) ескертуші етіп жіберді. Бұған Аллаһтың келесі сөздері дәлел:

﴿ رُّسُلاً مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلاَّ يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ﴾

«Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа ешқандай сылтауы болмас үшін, Аллаһ елшілерді қуантушы және ескертуші етіп жіберді» («ән-Ниса» сүресі, 165-аят)”.



Шарх:

Бұған Аллаһтың келесі сөздері дәлел»). Автор (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) Аллаһ барлық елшілерді игіліктің жаршысы және ескертуші етіп жібергенін түсіндіреді. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтады: «…Елшілерді қуантушы және ескертуші етіп жіберді…» Олар өзіне бағынғандарға Жәннат туралы игі хабар алып келетін, әрі өздеріне қарсы келгендерге Тозақ оты туралы ескертетін.

Елшілер адамдарға Аллаһтың көптеген ойластырған істерін іске асыру үшін жіберілетін, бірақ олардың ең ұлысы – Аллаһтың адамдарға қарсы дәлел-айғағы болып, ал олар болса елшілер (жіберілгеннен) кейін Аллаһқа қарсы дәлелге ие болмауында. Бұл туралы Аллаһ Тағала:

لِئَلا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللَّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ

«Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа ешқандай сылтауы болмас үшін», - деп айтты («ән-Ниса» сүресі, 165-аят).



Бұдан тыс, адамдарға елшілердің жіберілуі Аллаһтың Өз құлдарына қатысты нығметтерінің кемелдігіне айғақ болады, өйткені адамның ақылы қандай болса да, ол Аллаһ Тағала үшін не істеуі қажет екендігінің барлық егжей-тегжейліктеріне өздігінше жете алмайды, әрі ол Аллаһ Тағаланың кемел сипаттары туралы өздігінше біле алмайды, әрі Аллаһтың көркем есімдері туралы біле алмайды, және дәл сондықтан да Аллаһ адамдарға оларды (Жәннатпен) сүйіншілейтін және (Тозақтан) ескертетін елшілерді жіберді, әрі адамдар өзара келіспеушілікке түскен нәрселерде олардың арасында үкім шығару үшін, олармен бірге ақиқатпен Кітаптар түсірді.

Ал елшілердің ең алғашқысы – Нухтан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастап олардың ең соңғысы – Мухаммадқа дейін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық елшілер шақырған нәрселердің ең ұлысы – бірқұдайшылық (таухид) еді. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деді:

وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَسُولا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاجْتَنِبُوا الطَّاغُوتَ

«Расында, Біз әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі тағуттан аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік» («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят).

Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді:



وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رَسُولٍ إِلا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلا أَنَا فَاعْبُدُونِ (٢٥)

«Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: «Күдіксіз Менен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық етіңдер!», - деп қана уахи етіп, жібердік» («Әнбия» сүресі, 25-аят).

Автордың сөзі:

وَأَّولُهُمْ نُوحٌ عَلَيْهِ السَّلامُ، وَآخِرُهُمْ مُحَمَّدٌ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ـ وَهُوَ خَاتَمُ النَّبِيِّينَ؛ وَالدَّلِيلُ عَلَى أَنَّ أَوَّلَهُمْ نُوحٌ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِن بَعْدِهِ﴾[النساء: 165].

“Олардың алғашқысы – Нух (оған Аллаһтың сәлемі болсын), ал ең соңғысы әрі пайғамбарлардың мөрі – Мухаммад (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) еді. Олардың ең алғашқысы Нух болғанына дәлел - Аллаһтың мына сөздері:

﴿ إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِن بَعْدِهِ﴾

«Біз Нухқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік» («ән-Ниса» сүресі, 163-аят)”.

Шарх:

Олардың ең алғашқысы Нух болғанына»). Шейх-ул-Ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаһһаб (Аллаһ оны рахым етсін) елшілердің ең алғашқысы Нух (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болғанына нұсқап, Аллаһ Тағаланың:

﴿ إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِن بَعْدِهِ﴾

«Біз Нухқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік», – деген сөздерін дәлел ретінде келтірді. Бұдан тыс Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, адамдар Нухқа келіп: «Сен Аллаһтың жердің тұрғындарына жіберген елшілерінің алғашқысысың», - деп айтады», - дегені туралы сахих хадис те бар. Сөйтіп, Нухқа дейін жер бетінде елшілер болмаған, әрі бұл Идрис (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Нухқа дейін өмір сүрген деген тарихшылардың мәлімдемелерінің қате екеніне нұсқайды, өйткені Идрис Исраил пайғамбарларының бірі болғаны айқын-ақ.

Соңғы пайғамбар әрі олардың мөрі – Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болды. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

مَا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِنْ رِجَالِكُمْ وَلَكِنْ رَسُولَ اللَّهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا (٤٠)

«Мухаммад сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Аллаһ әр нәрсені Толық Білуші» («әл-Әхзаб» сүресі, 40-аят).

Автордың сөзі:

بَعَثَ اللهُ إِلَيْهِا رَسُولا مِنْ نُوحٍ إِلَى مُحَمَّدٍ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ـ يَأْمُرُهُمْ بِعِبَادَةِ اللهِ وَحْدَهُ، وَيَنْهَاهُمْ عَنْ عِبَادَةِ الطَّاغُوتِ؛ وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ﴾ [النحل: 36].

“Аллаһ Нухтан бастап, Мухаммадқа дейін (оларға Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) елшілерді әрбір үмметке Өзіне ғана құлшылық етіп, тағутқа табынудан қайтару үшін жіберген еді. Бұған дәлел Аллаһтың келесі Сөздері:

﴿ وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ﴾

«Расында, әр үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, тағуттардан аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік» («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят)”.



Шарх:

Аллаһ ... елшілерді әрбір үмметке ... жіберген еді»). Яғни: Аллаһ әрбір халыққа адамдарды олар тек Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақыратын және оларға көпқұдайшылықты тыйым салатын елші жіберді. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:

وَإِنْ مِنْ أُمَّةٍ إِلا خَلا فِيهَا نَذِيرٌ (٢٤)

«Негізінде, бір ескертушісі болмаған бір үммет жоқ» («әл-Фатыр» сүресі, 24-аят).

Сондай-ақ Оның мына сөздері де:

﴿ وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ﴾

«Расында, әр үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, тағуттардан аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік» («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят)».



(«Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, тағуттардан аулақ болыңдар»). Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деген куәліктің мағынасы, міне, осы.

Автордың сөзі:

وَافْتَرَضَ اللهُ عَلَى جَمِيعِ الْعِبَادِ الْكُفْرَ بِالطَّاغُوتِ وَالإِيمَانَ بِاللهِ.

قَالَ ابْنُ الْقَيِّمِ ـ رَحِمَهُ اللهُ تَعَالَى: مَعْنَى الطَّاغُوتِ مَا تَجَاوَزَ بِهِ الْعَبْدُ حَدَّهُ مِنْ مَعْبُودٍ أَوْ مَتْبُوعٍ أَوْ مُطَاعٍ. وَالطَّوَاغِيتُ كَثِيرُونَ وَرُؤُوسُهُمْ خَمْسَةٌ:

Аллаһ барлық құлдарына тағутқа күпірлік етіп, Өзіне ғана иман келтіруді парыз етті. Шейх Ибн әл-Қайим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Тағут сөзінің мағынасы пенде сол арқылы рұқсат етілгеннің шегін бұзып құлшылық ететін, ізінен ілесетін немесе бағынатын кез-келген нәрсені қамтиды»”.



Шарх:

Аллаһ ... парыз етті»). Шейхул-Ислам (Аллаһ оны рахым етсін) осыны айтқан кезінде, таухид тек серігі жоқ жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, тағуттан бас тарту арқылы ғана толыққанды болатынына нұсқағысы келді.

Сөйтіп, Аллаһ мұны Өзінің құлдарына міндет етіп жүктеді. Ал «тағут» сөзіне келер болсақ, ол «шектен шығу» дегенді білдіретін «туғйан» сөзінен шыққан. Әрі Аллаһ Тағала:

إِنَّا لَمَّا طَغَى الْمَاءُ حَمَلْنَاكُمْ فِي الْجَارِيَةِ (١١)

«Расында, су тасыған кезінде, Біз сендерді кемеге отырғыздық» («әл-Хаққа» сүресі, 11-аят), - деп айтқанда, осы сөздермен тамырлас етістіктікті қолданды.

Ибн әл-Қайимнің (Аллаһ оны рахым етсін): «Тағут сөзінің мағынасы пенде сол арқылы рұқсат етілгеннің шегін бұзып құлшылық ететін, ізінен ілесетін немесе бағынатын кез-келген нәрсені қамтиды», - деген сөздері бұл сөздің ең жақсы анықтамасы болып табылады. «(Пенде) құлшылық ететін, ізінен ілесетін және бағынатын кез-келген нәрсе» дегенде ол ізгі еместерді меңзеді, ал ізгілерге келер болсақ, олар тағут болмайды, тіпті оларға (өзгелер) ілессе де және бағынса да. Мысалы, адамдарға Аллаһқа серік қосып құлшылық ететін пұттар тағуттар болып табылады, әрі білімді жамандық үшін қолданатын, адасушылыққа немесе күпірлікке, немесе діндегі бидғаттарға, немесе Аллаһ харам еткен нәрселерді хәлал етуге, немесе Ол хәлал еткен нәрселерді харам етуге шақыратын адамдар да тағуттар болып табылады, әрі билік иелерін шариғаттан бас тартып, оны сырттан келген және ислам дінінің заң-ережелеріне қайшы келетін заңдармен ауыстыруға итермелейтіндер де тағуттар болып табылады, өйткені олардың барлығы өздері үшін орнатылған шекараларды бұзады.

Білетін адам үшін шек – бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немен келген болса сол, өйткені, ақиқатында, білушілер пайғамбарлардың үмметтеріндегі білімге, амалдарға, ақиқатқа шақыруға және адамдарды оқытуға қатысты олардың мирасқорлары болып табылады. Ал егер білушілер осы шектерді аттайтын болса және билеушілерді шариғаттан бас тартуға итермелесе, онда олар тағуттарға айналады, өйткені өздері ілесуге тиісті болған діни заңдардың шегінен шыққан болады.

Ал оның (Аллаһ оны рахым етсін) «немесе бағынатын» деген сөздеріне келсек, олар адамдар соларға не шариғаттың заң-ережелеріне сәйкес, не тағдырдың күшімен бағынатын билеушілерді меңзейді. Шариғаттың заң-ережелері бойынша билеушілерге олар Аллаһтың және Оның Елшісінің бұйрықтарына қайшы келмейтін жағдайда бағыну тиіс болады. Мұндай жағдайларда оларды тағут деп айту дұрыс болмайды, әрі қоластындағылары оларға бағынуға міндетті, өйткені олардың билеушілерге бағынуы Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа бағынғандықты білдіреді. Әрі сондықтан да біз билеушілердің бағынуымызға тиісті әмірлерін орындап жатқанымызда осыны істеу арқылы Аллаһ Тағалаға құлшылық жасап жатқанымызды әрі Оған жақындап жатқанымызды есте сақтауымыз керек, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الأمْرِ مِنْكُمْ

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа мойынсұныңдар әрі Елшіге мойынсұныңдар, және араларыңдағы билік иелеріне де» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).

Ал билеушілерге тағдырдың күшімен бағынуға келер болсақ, бұл жерде адамдар оларға имандарының ықпалымен емес, олардың биліктерінің күштілігінен бағынуы меңзеледі. Сөйтіп, билеушілерге иманның ықпалымен бағынуға болатыны айқын болды, әрі сонда бұл бағыну адамдарға да, билеушілерге де пайдалы болады. Бірақ билеушіге, адамдар одан ол өзіне қарсы келетіннің кез-келгенін жазалауы мүмкін болғандықтан қорқатын кезде, олардың билігінің күштілігі себебінен де бағынуға болады.

Осы орайда біз адамдар мен олардың билеушілерінің арасындағы қарым-қатынас (келесідей) әртүрлі болуы мүмкін деп айтамыз:

1 – Иманның түрткі болатын ықпалы да, биліктің тежеушілік негіздері де күшті болатын жағдай, әрі бұл – (қарым-қатынастың) ең кемелі;

2 – Иманның түрткі болатын ықпалы да, биліктің тежеушілік негіздері де әлсіз болатын жағдай, әрі бұл бүкіл қоғам үшін, яғни билеушілер үшін де, олардың қоластындағылары үшін де ең жаманы және ең қауіптісі, өйткені бұл идеялар мен мінез-құлықтар саласында анархияға (бетімен кетушілікке) алып келеді;

3 – Иманның түрткі болатын ықпалы әлсіз, ал биліктің тежеушілік негіздері күшті болатын кез. Мұндай жағдайды орташа деп атауға болады, өйткені егер сөз өмірдің сыртқы көріністері туралы болса, онда күшті билік көбірек пайда әкеледі, ал билік өз күшінен арыла бастаса, онда адамдардың жағдайы мен олардың істері нашарлай түседі;

4 – Иманның түрткі болатын ықпалы күшті, ал биліктің тежеушілік негіздері әлсіз болған кез. Сырттай бұл үшінші жағдайдағыдан жаманырақ болып көрінуі мүмкін, бірақ егер сөз адамның Раббысымен қарым-қатынасы туралы болса, онда бұл жақсырақ.

Автордың сөзі:

. وَالطَّوَاغِيتُ كَثِيرُونَ وَرُؤُوسُهُمْ خَمْسَةٌ: إِبْلِيسُ لَعَنَهُ اللهُ، وَمَنْ عُبِدَ وَهُوَ رَاضٍ،وَمَنْ دَعَا النَّاسَ إِلَى عِبَادَةِ نَفْسِهِ،

«Тағуттар көп, бірақ олардың бастылары бесеу: Ібіліс (Аллаһ оны лағынет етсін); өзіне құлшылық етілуіне разы болушы; адамдарды өзіне құлшылық етуге шақырушы...».

Шарх:

Бастылары»). Яғни: олардың жетекшілерінің және оларға ұқсап еліктеушілердің бес түрі бар.

Ібіліс»). Ібіліс – бұл оған Аллаһ:

وَإِنَّ عَلَيْكَ لَعْنَتِي إِلَى يَوْمِ الدِّينِ (٧٨)

«Шынында,Қиямет Күніне дейін саған лағынетім болсын» («Сад» сүресі, 78-аят), - деп айтқан, лағынеттелген және таспен ұрылатын шайтан. Ібіліс ешқашан періштелердің бірі болмаған, (алайда) олар істейтін нәрселерді істеген, бірақ оған Адамға сәжде жасау бұйырылған кезде, оның кесірлігі, менмендігі мен тәккаппарлығы әшкере болды да, ол мұны істеуден бас тартып кәпірге айналды әрі Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың мархаметінен мақұрым болды. Аллаһ Тағала былай деді:

وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلائِكَةِ اسْجُدُوا لآدَمَ فَسَجَدُوا إِلا إِبْلِيسَ أَبَى وَاسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ الْكَافِرِينَ (٣٤)

«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар!», - дедік. Сонда олар дереу сәжде етті. Бірақ Ібіліс бас тартып, даңдайсып кәпірлерден болды» («әл-Бақара» сүресі, 34-аят).

(«Өзіне құлшылық етілуіне разы болушы»). Яғни (өзгелер) оған Аллаһтың орнына құлшылық етуіне келісуші. Мұндайлар басты тағуттарға жатады, Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын! Әрі осы орайда бұл адамға оның көзі тірісінде құлшылық етіледі ме, немесе ол осыны тәрк етпей өлгеннен кейін бе – мұның айырмашылығы жоқ.

(«Адамдарды өзіне құлшылық етуге шақырушы»). Яғни адамдар оған бұрын құлшылық етпеген болса, оларды өзіне құлшылық етуге шақырушы. Мұндай адамдар, олардың шақыруына басқалар жауап беретініне немесе бермейтініне қарамастан, басты тағуттар болып табылады.

Автордың сөзі:

وَمَنْ ادَّعَى شَيْئًا مِنْ عِلْمِ الْغَيْبِ،



«Ғайыпты (көместі) білетіні туралы жариялаушы»;

Шарх:

(«Ғайыпты (көместі)»). Адамға белгісіз болған барлық нәрселер – ғайып болып табылады, әрі ғайып екі түрлі болады: осы кезге қатысты ғайып және болашаққа қатысты ғайып.

Осы кезге қатысты ғайып салыстырмалы болып табылады, өйткені ол белгілі бір адамдарға белгілі, ал басқаларға беймәлім болады. Ал болашаққа қатысты ғайыпқа келер болсақ, ол шынайы ғайып болып табылады, өйткені ол жалғыз Аллаһқа немесе Аллаһ оны Өз елшілерінен кімге ашқан болса, соларға ғана мәлім болады. Сөйтіп, ғайыптың осындай түрін білуге талаптанатынның кез-келгені кәпір болып табылады, өйткені ол сонысымен Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың сөздері мен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін өтірікке шығарған болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

قُلْ لا يَعْلَمُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ الْغَيْبَ إِلا اللَّهُ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ (٦٥)

«(Мухаммад:) «Көктер мен жердегі көместі Аллаһтан басқа ешкім білмейді, әрі олар қашан тірілтілетіндерін де білмейді», - де» («ән-Нәмл» сүресі, 65-аят).

Әрі егер Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Өзінің елшісі Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ақсүйектерге Аллаһтан басқа көктер мен жерді мекендеушілердің ешқайсысы ғайыпты білмейтінін хабарлауды бұйырған болса, онда осындай білімге ие болуға талаптанатынның кез-келгені Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың сөздерін, сондай-ақ осы хабарды жеткізген Оның Елшісінің сөздерін өтірік деп жариялаған болады.

Мұндай адамдардан біз: «Ғайып туралы білімге Пайғамбардың өзі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ие болмаған болса, сендер қалайша оны білмексіңдер?!», - деп сұрай аламыз. «Сендер ардақтырақсыңдар ма, әлде Елші ме (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)?» Егер олар: «Біз Елшіден (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ардақтырақпыз», - деп жауап берсе, онда өздерін кәпір деп жариялаған болады, ал егер олар: «Ол ардақтырақ», - деп айтса, онда біз: «Не үшін онда ғайып одан жасырын еді де, ал сендерге ол мәлім болыпты?!», - дейміз.

Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Өзі туралы, міне, не деді:

عَالِمُ الْغَيْبِ فَلا يُظْهِرُ عَلَى غَيْبِهِ أَحَدًا (٢٦)إِلا مَنِ ارْتَضَى مِنْ رَسُولٍ فَإِنَّهُ يَسْلُكُ مِنْ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ رَصَدًا (٢٧)

«…Көместі білуші Аллаһ оның сырын ешкімге ашпайды. Бірақ Өзі ұнатқан елшісіне білдіреді. Сөйтіп Аллаһ елшісінің алды-артынан күзетші жүргізеді» («әл-Жинн» сүресі, 26-27 аяттар). Бұл ғайып туралы білімге ие болуға талаптанушының күпірлігіне нұсқайтын екенші аят. Бұдан тыс Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ақсүйектерге Оның келесі сөздерін жеткізуді бұйырды:

قُلْ لا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلا أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌ إِنْ أَتَّبِعُ إِلا مَا يُوحَى إِلَيَّ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الأعْمَى وَالْبَصِيرُ أَفَلا تَتَفَكَّرُونَ (٥٠)

(Әй, Мухаммад,оларға) айт: «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін...»” («әл-Әнғам» сүресі, 50-аят).

Автордың сөзі:

وَمَنْ حَكَمَ بِغَيْرِ مَا أَنْزَلَ اللهُ؛



«Аллаһ түсірген (шариғаттан) басқамен үкім етуші».

Шарх:

Үкім етуші»). Аллаһ Тағаланың түсіргенімен үкім ету таухидке айғақ болады, ал оның негізінде Аллаһты жалғыз Жаратушы және жолға салушы деп мойындау жатады. Бұл сондай-ақ Аллаһтың әмірін орындау болып табылады, әрі Аллаһқа кемел билікке ие және бүкіл болмысты басқаратын жалғыз Жаратушы ретінде қарым-қатынас жасаумен сай болады. Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала адамдар Аллаһ Тағала түсірмеген нәрселерде солардың ізінен ілесетіндерді ілесетіндер үшін «раббылар» деп атады. Аллаһ Тағала былай деді:

اتَّخَذُوا أَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَانَهُمْ أَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَالْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ وَمَا أُمِرُوا إِلا لِيَعْبُدُوا إِلَهًا وَاحِدًا لا إِلَهَ إِلا هُوَ سُبْحَانَهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ (٣١)

«Олар (яһуди, христиандар) ғалымдары мен машайыхтарын және Мәриям ұлы Исаны Аллаһтан өзге раббылар етіп алды. Негізінде, олар жалғыз Құдайға ғана құлшылық етуге бұйырылған болатын. Өйткені Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол олардың қосқан серіктерінен пәк» («әт-Тәуба» сүресі, 31-аят).

Осылайша, Аллаһ Тағала адамдар соларға ілесетіндерді раббылар деп атағандығының себебі - олар соларды Аллаһ Тағаламен бірге заң шығарушылар деп есептегендіктерінен еді. Ал оларға ілесетіндерді Аллаһ құл деп атайды, өйткені олар соларға Аллаһ Тағаланың шешіміне қайшы келетін нәрселерде бағынды.



Ади бин Хатим Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар оларға құлшылық етпейді ғой!», - деп айтқанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Бірақ, ақиқатында, олар оларға хәлал нәрселерді харам ететін және харам нәрселерді хәлал ететін, әрі адамдар оларға ілесетін. Олардың соларға құлшылық етуі, міне, осыда!», - деп келіспегені туралы хабарланады.

Егер саған бұл нәрсе түсінікті болса, онда Аллаһтың түсіргенімен үкім етпейтіндердің және үкім шығару үшін Аллаһ пен Оның Елшісінен өзгеге жүгінуге ұмтылатындардың иманы жоқтығына, күпірлігіне, зұлымдығына және бұзықтығына нұсқайтын көптеген аяттар бар екенін біл.

(Бұлардың) біріншілеріне қатысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағаланың (мына) сөздерін келтіруге болады:

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ يَزْعُمُونَ أَنَّهُمْ آمَنُوا بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ يُرِيدُونَ أَنْ يَتَحَاكَمُوا إِلَى الطَّاغُوتِ وَقَدْ أُمِرُوا أَنْ يَكْفُرُوا بِهِ وَيُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَنْ يُضِلَّهُمْ ضَلالا بَعِيدًا (٦٠)وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا إِلَى مَا أَنْزَلَ اللَّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ رَأَيْتَ الْمُنَافِقِينَ يَصُدُّونَ عَنْكَ صُدُودًا (٦١)فَكَيْفَ إِذَا أَصَابَتْهُمْ مُصِيبَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ ثُمَّ جَاءُوكَ يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ إِنْ أَرَدْنَا إِلا إِحْسَانًا وَتَوْفِيقًا (٦٢)أُولَئِكَ الَّذِينَ يَعْلَمُ اللَّهُ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَعِظْهُمْ وَقُلْ لَهُمْ فِي أَنْفُسِهِمْ قَوْلا بَلِيغًا (٦٣)وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلا لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللَّهِ وَلَوْ أَنَّهُمْ إِذْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ جَاءُوكَ فَاسْتَغْفَرُوا اللَّهَ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمُ الرَّسُولُ لَوَجَدُوا اللَّهَ تَوَّابًا رَحِيمًا (٦٤)فَلا وَرَبِّكَ لا يُؤْمِنُونَ حَتَّى يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا (٦٥)

«(Мухаммад,) саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар тағутқа жүгінісуді қалайды. Негізінде оларға, оған иман келтірмеу әмір етілген болатын, өйткені шайтан оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды. Ал қашан оларға: «Аллаһ түсіргенге және Елшіге келіңдер», - делінсе, екіжүзділердің сенен бет бұратынын көресің. Сондай-ақ олар істегендерінің салдарынан бастарына бір күйзеліс келгенде, саған келіп: «Біз тек жақсылықты, үйлесуді қалап едік», - деп, Аллаһтың атымен ант етеді. Аллаһ олардың жүректеріндегісін біледі. Енді олардан бет бұр. Оларды уағызда, әрі оларға әсерлі сөз сөйле. Біз әрбір елшіні (өзгелер) оған Аллаһтың нұсқауымен бой ұсынуы үшін ғана жібердік. Ал егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Аллаһтан кешірім тілегенде, әрі Елші де олар үшін жарылқау тілегенде, әрине, олар Аллаһтың Тәубені Қабылдаушы, ерекше Рахымды екенін көрер еді. Жоқ! Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген үкіміңе көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмин бола алмайды» («ән-Ниса» сүресі, 60-65 аяттар).

Сөйтіп, біз Аллаһ Тағала иман келтірдік деп айтып, бірақ шын мәнісінде екіжүзділерден болғандарды келесідей етіп сипаттағанын көріп тұрмыз:

1 – Ол мұндай адамдардың тағутқа, яғни Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шешіміне қайшы келетін бүкіл нәрсеге үкім шығару үшін жүгінуді қалайтынына нұсқады, өйткені мұндай қарама-қайшылық орнатылған шектерден шығуды және үкімнің (шынайы) иесі болған және барлық нәрсе оған қайтатын Аллаһқа дұшпандық танытылғанына айғақ болады, өйткені Аллаһ Тағала:

أَلا لَهُ الْخَلْقُ وَالأمْرُ تَبَارَكَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (٥٤)

«Жарату мен әмір ету Оған тән емес пе?! Әлемдердің Раббысы – Аллаһ Игі-Берекелі!» - деп айтты («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят);

2 – Ол егер осындай адамдарды Аллаһ түсірген нәрсеге және Елші айтатын нәрсеге шақырсаң, олар кері бұрылып, бұдан бас тарта бастайтынына нұсқады;

3 – Ол мұндай адамдардың бастарына істеген істері үшін әлдебір қасірет келіп түссе, олар тек жақсылыққа және көмектесуге ұмтылғандығын айтып ант ететініне нұсқайды, әрі бұл бүгінгі күні Исламның заң-ережелерін тәрк етіп, осы заң-ережелерге қайшы келетін заңдарға жүгінетін, әрі өздері осы орайда игілік және заманауи жағдайларға сай нәрселер істеп жатқанын алға тартатындардың жағдайына сәйкес келеді.

Ал осыдан соң Пәк Аллаһ өздерін мүминдер деп атайтындарды, бірақ жоғарыда аталған сипаттармен ерекшеленетіндерді Оған олардың жүректерінде не жасырынғанын және олар өздерінің сөздеріне қайшы келетін қандай амалдарын жасыратынын білетіндігін айтып, ескертеді. Әрі Ол Өзінің Пайғамбарына адамдарға уағыз-насихат жасауды және оларға олардың өздері туралы әлдебір сендіретін сөздер айтуды бұйырады. Кейін Ол адамдарға елші жіберілуінің мәні адамдар өзге әлдебіреулерге емес, дәл соған бағынуы керектігінде екенін түсіндіреді, олардың идеялары қаншалықты тартымды көрінсе де және олардың танымдары қаншалықты кең болса да.

Ал содан соң Аллаһ Өзінің дара раббылық болып табылатын және Елішінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) миссиясының ақиқат екендігіне нұқсайтын раббылығымен ант етіп, адамның иманы тек төменде келтірілетін үш шартты орындағанында ғана шынайы болатынын айтады:

1 – Кез-келген даулы мәселелерде үкім шығару үшін тек Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүгіну;

2 – Адамдардың жүректері оның шешіміне қуануы, ал көңілдері осыған байланысты ешқандай тарылмауы қажет;

3 – Оның шешімімен келісуде көрінетін мойынсұну толық болуы керек, ал ол үкім шығарған нәрсені кешіктірмей және ауытқымай орындау керек.

Ал басқаларға қатысты айтар болсақ, онда олар туралы Аллаһ Тағала:

وَمَنْ لَمْ يَحْكُمْ بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ فَأُولَئِكَ هُمُ الْكَافِرُونَ (٤٤)

«Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, солар кәпірлер», - деп айтты («әл-Мәида» сүресі, 44-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

وَمَنْ لَمْ يَحْكُمْ بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ فَأُولَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ (٤٥)

«Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, солар залымдар!» («әл-Мәида» сүресі, 45-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді:

وَمَنْ لَمْ يَحْكُمْ بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ فَأُولَئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ (٤٧)

«Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, солар бұзақылар!» («әл-Мәида» сүресі, 47-аят).

Осы сипаттардың барлығы бір адамда бірігуі мүмкін бе, яғни Аллаһтың түсіргенімен үкім етпеуші кәпір, залым, бұзық (пасық) болып табылады деп айтуға болады ма? Иә, өйткені Аллаһ Тағала кәпірлерге залымдық пен пасықтық тән деп айтқан. Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

وَالْكَافِرُونَ هُمُ الظَّالِمُونَ (٢٥٤)

«Ал кәпірлер, олар – залымдар» («әл-Бақара» сүресі, 254-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

إِنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَاتُوا وَهُمْ فَاسِقُونَ (٨٤)

«Ақиқатында, олар Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтірмей, бұзақы (пасық) күйінде өлді» («әт-Тәуба» сүресі, 84-аят).

Сөйтіп, кез-келген кәпір залым әрі пасық болып табылады.

Біз Аллаһтың түсіргенімен, мұны мардымсыз бір нәрсе деп санағандығының себебінен, немесе Аллаһтың сөздерін жек көргендігінен, немесе ол өзге әлдебір нәрсені адамдар үшін пайдалырақ деп санағандығы себепті, немесе кез-келген басқа себеппен осылай істеуші кісі кәпір болып табылады және мұндай күпірлік оны осы діннен тыс шығарады деп айтамыз. Мұндай адамдардың қатарына исламның заңдарына қайшы келетін заңдарды орнататын және өзгелерді оларды орындауға мәжбүрлейтіндер жатады, өйткені олар жаңа заңдарды адамдар үшін қолайлырақ және пайдалырақ деп санағандығынан қабылдайды. Адам әлдебір жаңа нәрсені лайықты, ал ескіні зиянды деп санаған кезінде, ақылы мен табиғи болмысы оны бір жолдан бас тартып, өзге бағытқа бастайтын басқа бір жолға өтуге мәжбүрлейтіні мәлім ғой.

Егер адам Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, бірақ осы орайда Оның түсіргенін мардымсыз бір нәрсе деп санамаса, осыған жек көрушілікпен қарамаса және әлдебір өзге нәрсені пайдалы (әрі) қолайлырақ деп ойламаса, демек, ол - залым, бірақ кәпір емес, ал оның залымдығының дәрежелеріне келер болсақ, онда олар үкім не нәрсеге қатысты шығарылғанына және үкім шығару құралы қандай болғанына байланысты анықталады.

Ал егер адам Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, бірақ осы орайда Оның түсіргенін мардымсыз бір нәрсе деп санамаса, осыған жек көрушілікпен қарамаса және әлдебір өзге нәрсені пайдалы (әрі) қолайлырақ деп ойламаса, алайда мұны үкім шығарылатын тараптың жағын алуды қалап, немесе пара алғандығының себебімен, немесе дүние игіліктеріне қатысты басқа да бір себептермен істесе, онда мұндай адам бұзақы (пасық) болып табылады, бірақ кәпір емес, ал оның бұзақылығының дәрежесі үкім шығарылатын нәрсеге және үкім шығару құралы қандай болғанына байланысты анықталады.

Шейх-ул-Ислам Ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) өздеріне Аллаһтың орнына раббы етіп өздерінің кітап танитын (ғалымдары) мен машайыхтарын таңдап алған адамдардың екі түрі болатынын айтқан:

БІРІНШІСІ: бұл түрге жататын адамдар Аллаһтың дінін (өзге бір нәрсемен) алмастырғандарын біледі, бірақ солай болса да өздерінің жетекшілеріне еліктеуінің себебімен харамды хәлал етуге және хәлалді харам етуге болады деп есептейді, десе де оларға өздерінің елшілер дініне қайшы келіп жатқандары мәлім. Мұндай нәрсе күпірлік болып табылады, ал Аллаһ пен Оның Елшісі мұндай іс-әрекеттерді көпқұдайшылық (ширк) деп атаған.

ЕКІНШІСІ: харамды хәлал етуге әрі хәлалді харам етуге болады деп есептемейтін, бірақ сонда да Аллаһтың алдында күнә болып табылатын нәрселерде басқаларға бағынатын адамдар, мұндайды, мысалы, әлдебір күнәларды өздерінің күнә жасап жатқандықтарын біліп істейтін мұсылмандар да істейді. Мұндай адамдарға күнәхарлар ретінде қарау қажет.

Осы орайда баршаға міндетті заң-ережелер саласына қатысты мәселелер мен сот (үкім шығарушы) Аллаһтың түсіргенінен өзге нәрсеге негізделіп шешім шығаратын жеке мәселелердің арасында айырмашылық жасау қажет, өйткені егер сөз барша адамға ортақ заң-ережелер туралы болса, онда бұл бірінші түрдегі адамдар туралы сөз болып жатқанын меңзейді, өйткені, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, мұндай жағдайда әлдебір жаңа және исламға қайшы келетін заңды қабылдайтын заң шығарушы оны адамдар үшін Исламның заңдарына қарағанда қолайлырақ және пайдалырақ деп санағандығы себепті қабылдайды.26

Жалпы алғанда бұл мәселе, яғни Аллаһтың түсіргенінен басқамен шығарылған үкімдердің мәселесі өте маңызды мәселелердің қатарына жатады, әрі ол қазіргі заманның билеушілеріне салмақты сынаққа айналды, сондықтан адам осы мәселемен байланысты ақиқат ол үшін айқын болмайынша билеушілер туралы үкім шығаруға асықпауы қажет, өйткені бұл өте салмақты мәселе, әрі біз Аллаһтан Ол мұсылмандардың билеушілері мен оларға жақын болғандарды хақ жолға салуын сұраймыз.

Автордың сөзі:

وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ لاَ إِكْرَاهَ فِي الدِّينِ قَد تَّبَيَّنَ الرُّشْدُ مِنَ الْغَيِّ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِن بِاللّهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىَ لاَ انفِصَامَ لَهَا وَاللّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴾ [البقرة: 256].

“Бұған дәлел – Аллаһтың мына сөздері:

﴿ لاَ إِكْرَاهَ فِي الدِّينِ قَد تَّبَيَّنَ الرُّشْدُ مِنَ الْغَيِّ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِن بِاللّهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىَ لاَ انفِصَامَ لَهَا وَاللّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴾

«Дінде зорлық жоқ. Расында, тура жол адасудан ажыратылды. Сонда кім тағутқа күпірлік етіп, Аллаһқа иман келтірсе, ол үзілмейтін берік тұтқадан ұстап алды. Аллаһ – Естуші, Білуші» («әл-Бақара» сүресі, 256-аят)”.



Шарх:

Бұған дәлел»). Яғни: Аллаһтың түсіргенімен үкім етудің және тағутқа иман келтірмеудің міндеттілігіне дәлел.

Дінде зорлық жоқ»). Бұл осы діннің дәлелдері айқын болғандығынан және ислам дінінің өзі де түсінікті болғандығынан оған ешкімді мәжбүрлеуге болмайтынын білдіреді. Аллаһ Тағала: «Расында, тура жол адасудан ажыратылды», - деді. Бұл «егер тура жолдың адасушылықтардан айырмашылығы айқын болып табылса, онда әрбір сау жүрек өзі тура жолды түрлі адасушылықтардан абзал көріп таңдап алады» дегенді білдіреді.

Кім тағутқа күпірлік етіп, Аллаһқа иман келтірсе»). Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ тағутқа күпірлік ету туралы атап кетіп, содан кейін Аллаһқа иман келтіру туралы айтады, өйткені әлдебір нәрсенің кемелдігінің сипаты – бұл әлдебір даусыз нәрсенің пайда болуынан бұрын оған кедергі болатын нәрселерді алып тастау болып табылады. Тура осы себептен де: «Сәнденуден бұрын тазалану керек», - деп айтылып жатады.

(«Үзілмейтін берік тұтқадан ұстап алды»). «Берік тұтқа» дегенде Ислам меңзеледі.

Автордың сөзі:

وَهَذَا هُوَ مَعْنَى لا إلٰه إِلا اللهُ، وَفِي الْحَدِيثِ: (رَأْسُ الأَمْرِ الإِسْلامِ، وَعَمُودُهُ الصَّلاةُ، وَذِرْوَةُ سَنَامِهِ الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللهِ).

وَاللهُ أَعْلَمُ. وَصَلَّى اللهُ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعلى آلٰه وَصَحْبِهِ وَسَلَّمَ.

“Міне, осы «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» куәлігінің мағынасы.

Хадисте айтылғанындай: «Бұл істің (діннің) негізі – Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы жиһад» (әт-Табарани «әл-Кәбир»). Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!”

Шарх:

Бұл істің (діннің) негізі – Ислам»). Автор (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) дәлел ретінде осы хадисті келтіріп, әрбір істе басты бір нәрсе болатынын, ал Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келгеннің ең бастысы Ислам екеніне нұсқағысы келді.

Тірегі – намаз»). Намаз Исламның негізі болып табылады, өйткені намазсыз Ислам болмайды. Міне, сондықтан да «намазды тастаған адам кәпір болады және исламын жоғалтады» деп айтылады.

(«Ал шыңы – Аллаһтың жолындағы жиһад»). Бұл дегеніміз – Аллаһтың жолыдағы күрес Исламның ең жоғары және ең кемел көрінісі дегенді білдіреді, өйткені егер адам өзін түзете алса, ол басқаларды да Аллаһтың жолындағы күрес арқылы, Ислам салтанат құруы және Аллаһтың сөзі бүкіл нәрседен үстем болуы үшін түзетуге талпына бастайды. Осылайша, кім Аллаһтың сөзі бүкіл нәрседен үстем болуы үшін шайқасса, сол Аллаһтың жолында болады және шыңға жетеді, өйткені осының арқасында Ислам бүкіл басқа нәрседен жоғары болады.



Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі»). Шейх-ул-Ислам Мухаммад бин Абд әл-Уәһһаб (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) өзінің жолдауын бүкіл нәрсе туралы кемел білімге жалғыз Аллаһ қана ие екендігіне нұсқаумен және Оның Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) игілік пен сәлем тілеумен аяқтады.

Міне, осылайша, оның «Үш негіз» деген жолдауы аяқталады, әрі онымен қоса осы негіздердің түсіндірмелері де аяғына жетті, әрі біз Аллаһ Тағаладан оны ең жақсы сый-сауаппен марапаттауын, әрі осы сый-сауаптың бір бөлігін бізге де бөліп беруін, және бізге онымен Оның жомарттығының мекенінде кездесуімізді нәсіп етуін сұраймыз, өйткені Ол – аса Жомарт!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, пайғамбарымыз Мухаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!







1 Яғни «Үш негіз және оның дәлелдері» кітабының авторы Мухаммад әт-Тамимидің сөздері, әрі бұл сөздер кітапта көк түспен беріледі.

2 Яғни шейх Мухаммад Салих әл-Усайминнің осы сөздерге жасаған түсіндірмесі.

3 Яғни «Оның жаратқан нәрселері» сөздері – ауд. (қаз).

4 Бұл хадисті Муслим өз «Сахих» жинағында келтіреді, № 1689 хадис, 3-т., 1311-бет. Бұл әйелдің туысқандары Умм Сәләма ол үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында оған жаза қолданбауды сұрап араша түсе алады деп ойлады, сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, егер Мухаммадтың қызы Фатима ұрлық жасағанда, мен міндетті түрде оның қолын шабар едім», - деп жауап берді.

5 Бұл дегеніміз, мұндай адамға оның ниетіне сәйкес жаза не сауап беріледі дегенді білдіреді.

6 Бұл сөз «ф-т-р» түбірінен шыққан әрі табиғи бейімділік кейіпінде болу дегенді білдіреді. Осы түбірден сондай-ақ «ойлап шығару, бастау» дегенді білдіретін «фатр» сөзі де пайда болған. Ибн Касир былай деп жазған: «Бұл адам дүниеге белгілі тума дарытылған сипаттарға ие болған және өз болмысымен дінді (бірқұдайшылықты) қабылдауға дайын болып туылады, әрі егер оны өз-өзіне тапсырып қойса, ол міндетті түрде өзінің тума болмысына ауытқымай ілеседі, ал ауытқитын адам одан тек адамдардың немесе қалыптасқан дәстүрлердің ықпалымен ауытқиды». Қз: “ән-Ниһая”, 3-том, 45-бет.

7 Яғни сиырлар мен қойлар құрыды, ал түйелердің әлсізденгені соншалықты – оларға міну мүмкін болмай қалды деген меңзелуде.

8 Сәл‘ тауы Мәдинаның төңірегінде орналасқан.

9 Жетінші аспанда, тура Қағбаның үстінде орналасқан ғибадатхана. Қз.: «Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №1513 хадис, және Муслим (162/259).

10 Яғни адам қаншалықты ертерек жұма намазына келсе, оған жазылатын сауап та соншалықты көбірек болатыны меңзелуде.

11 Яғни жұма құтпасын.

12 Уәсила бин әл-Асқа‘ (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: «Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: Расында, аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ кинандықтарды Исмаил ұрпақтарының ішінен таңдап алды, әрі құрайыштықтарды кинандықтардың ішінен таңдап алды, әрі бану хашимді құрайыштықтардың ішінен таңдап алды, әрі мені хашимилер ішінен таңдап алды”». Муслим (1/2276).

13 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет Күні мен Адам ұрпақтарының мырзасы (боламын), әрі мен қабірінің жері ашылатынның алғашқысы боламын, әрі мен (Аллаһқа) шапағат ету туралы (сұрап) жалбарынатындардың алғашқысы, әрі шапағат ету құқығы берілетіндердің де алғашқысы (боламын)». Муслим (3/2278).

14 Имам ән-Науауи нұсқағандай, бұл жерде мүмин адамның сый-құрметке бөленетінін немесе (дәрежесі) көтерілетіндігі меңзелуде.

15 Бұл дегеніміз – Аллаһ оған мейірімін танытып әрі оны кешіреді.

16 Абу Хурайраның сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «(«...Сендердің біреулеріңді...») қабірге қойған кезде оған Мункар мен Нәкир деп аталатын көздері көк екі қара періште келеді. Олар: «Сен мына адам туралы не айтатын едің?» - дейді. Ол: «Ол – Аллаһтың құлы, әрі елшісі. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ әрі Мухаммад – Оның елшісі екеніне куәлік беремін», - деп жауап береді. Сонда олар: «Біз сенің осылай деп айтатыныңды біліп едік», - дейді. Содан соң оның қабірі көлденеңінен жетпіс шынтаққа және төтесінен жетпіс шынтаққа кеңейеді… Ал егер ол екіжүзді-мунафиқ болған болса, онда: «Мен білмеймін, мен тек адамдардың бірдеңелерді айтатынын еститінмін әрі солардың ізінен мен де қайталайтынмын. Мен білмеймін», - деп жауап береді. Сонда олар: «Біз сенің осылай деп айтатыныңды біліп едік», - дейді. Кейін жерге: «Онымен бірге жинақтал», – деп бұйырылады да, ол жинақталып оны қысып жіберетіні соншалықты – оның қабырғалары бір-біріне кіріп кетеді. Ол соның ішінде Аллаһ оны осы орнынан көтермейінше азапталады». Хадисті әт-Тирмизи «Сунанда» (1071) және Ибн Хиббан «әл-Ихсанда» (3117) келтірген.

17 Бұл хадисті Муслим «Китаб әл-Жәнна» тарауының (2767) қайтыс болған адамға оның Жәннаттағы немесе Тозақтағы орны көрсетілетіндігі туралы бабында келтіреді, оны сондай-ақ имам Ахмад «әл-Муснад» жинағында 3-т., 114, 153, 175 беттерде келтірген. Сондай-ақ осыған ұқсас хадисті Муслим №2867 жеткізген.

18 Ахмад пен Абу Дауд келтіретін ұзын хадистің бөлігі.

19 Яғни денесіне немесе киіміне зәр тиюден сақтанбайтын әрі соны тазаламайтын - ауд.

20 Сондай-ақ Абу Са‘ид әл-Худридің (оған Аллаһ разы болсын) сөздерінен ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны туралы естігені туралы хабарланады: «Түсінде мені көрген адам шындықты көреді, өйткені шайтан менің бейнемде көріне алмайды». Ол сондай-ақ былай деген: «Кім мені көрген болса, сол шындығында да мені көрді, өйткені шайтан менің бейнемді қабылдай алмайды». Әл-Бухари және Муслим. Ол тағы да былай деді: «Кім мені түсінде көрген болса, сол мені өңінде де көреді, әрі шайтан менің кейпімді қабылдай алмайды». Әл-Бухари және Муслим, Қз.: «Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», 2084, 2085 хадистер.

21 Яғни егер барлық нәрсе тағдырға жазылған болса, онда игі амалдар істеудің мәні неде?

22 Бұл дегеніміз – сендерге шариғат бұйырған нәрселерді істеңдер де, харам нәрселерден аулақ болыңдар.

23 Яғни «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәлікке иман келтірген және Аллаһтың осы куәлікке иман келтіріп игі амал жасағандарға уәде еткен сый-сауабын алатынына сенген болса.

24 Сөз адамның жағдайының жалпы жеңілдетілуі туралы, сондай-ақ оған барлық игі істерді істеу және жаман істерден тыйылу мүмкіндігінің жеңілдетілуі туралы болуда, ал бұл, өз кезегінде, оны Жәннатқа алып келеді.

25 «Жақсылық істеу» Құран мен Сүннетте жиі кездесетін «ихсан» діни терминінің сөзбе-сөз аудармасы болып табылады, және ол мұсылман адамның тарапынан өзінің діни міндеттерін орындауда көрінісін табатын әрі көзбояушы діншілдікке (рияға) қарама-қарсы келетін ықыластылық ретінде түсіндіріледі.

26Бұл – шейх Ибн Усайминнің (Аллаһ оны рахым етсін) бұрынғы (ертеректегі) пәтуасы болатын. Ал төменде шейхтың кейінгі пәтуасы жарияланады; ол 1420 һ.ж. 22 раби әл-әууалда, оның қайтыс болуынан бір жылға жуық уақыт бұрын жазып алынған болатын.

Ибн Усайминнің, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесі бойынша берген «әт-Тахрир фи мәсәләт әт-такфир» деп аталған пәтуасы



Сұрақ: «Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Мен ешбір серігі жоқ Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін. Мен бұл сұрақты шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усайминге, Аллаһ оған есендік берсін, телефон арқылы қойып отырмын, Аллаһ оны және ол сияқты тұлғаларды ұлы ғалым Ибн Баздың орнын басатын ізгілерден етсін.

Бұл сұрақ ислам білімдерін ізденушілердің арасында көптеген келіспеушіліктер туғызған тақырып бойынша болмақ. Дәлел ретінде олар жиі жағдайда шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усайминнің, Аллаһ оған есендік берсін, сөздерін келтіреді. Ең алдымен шейхпен сәлемдесуден бастаймын. Әссәләму аләйкум уә рахматуЛлаһи уә баракатуһ! Аллаһ сіздің біліміңізді арттырсын және екі дүниеде де дәрежеңізді жоғарылатсын!

Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін! Ислам білімдерін ізденушілердің арасында Аллаһ Тағаланың шариғатына қайшы келетін заңдармен басқаратын (билік құратын) әмір (билеуші) тақырыбында көп пікірталастар жүреді. Мұндай билеуші, ешбір күмәнсіз, адамдарға бұл заңдарды орындауды әмір етеді және оларды осыған міндеттейді және осы заңдарды орындаудан бас тартушыларды жазаға тартып, оларды орындаушыларды марапаттауы мүмкін. Ал егер біз Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қарасақ, бұл ойдан шығарылған заңдар Құран мен Сүннет мәтіндеріне қайшы келетінін көреміз. Мұндай адам адамдарды шариғатқа қайшы келетін заңдарды орындауға міндеттейді және сонымен бірге шариғат ақиқат, ал қалған нәрсенің барлығы өтірік екенін және Құран мен Сүннеттегі нәрселер ақиқат екенін мойындайды, алайда сонда да қандай да бір пікірлердің немесе өз әуес-қалауларының ықпалымен адамдарды шариғатқа қайшы заңдарды орындауға мәжбүрлейді... Мұның мысалдарының аз емес екендігін Умәйилердің және Аббасилердің дәуірін зерттегенде де көруге болады. Адамдарды өздерінен бұрын өмір сүргендерден «мирас» етіп алынған Аллаһқа ұнамсыз нәрселерге мәжбүрлейтін әмірлер мен билік иелері аз емес еді. Мұның барлығы туралы сізге, әрине, мәлім. Олар билік үшін таласты, өздеріне жаман адамдарды жақындатып, игі және салиқалы адамдарды қастарынан алыстатты... Олар адамдарды мәжбүрлеген өтірік нәрселерімен келіскендерді өздеріне жақындататын. Ал кім оларды ақиқатты ұстануға шақырып, жалғаннан тосса және ақиқат жолына үндеуге талпынса, солармен күресетін...

Егер біздің заманымызда билеуші соларға ұқсас заңдарды енгізіп, осылайша істесе, егер адамдарды осы заңдарды орындауға міндеттесе, ол кәпір болып саналады ма әлде жоқ па? Егер ол сонымен бірге өзінің Құран мен Сүннетке қайшы келіп жатқанын және ақиқат Құран мен Сүннетте екенін мойындаса, тек өзінің іс-әрекетінің себебімен кәпірге айналады ма? Әлде біз оның бұл мәселедегі сенімдеріне қарауымыз қажет пе? Мысалы, адамдарды өсімқорлыққа мәжбүрлейтін, өз елінде өсімқорлықпен айналысатын банктер ашатын, мемлекеттік банктен пайыздық, яғни өсімқорлық несие алатын және осындай нәрселерді экономикаға енгізетін адам. Егер сіз одан осы туралы сұрасаңыз, ол сізге өсімқорлықпен айналысу – харам және ол рұқсат етілмеген деп айтады, алайда ол бұған еліндегі экономикалық дағдарыстың т.с.с. себебінен жүгініп жатқанын алға тартады да, орынсыз және орынды ақталуларын келтіреді. Мұндай адам кәпір болып табылады ма, әлде жоқ па?

Көп жастар сіз: «Мұны істеуші адамдар кәпір болып табылады», - деп айтқансыз дейді. Және сонымен бірге дүниенің барлық елдерінде мұндай көріністердің әртүрлі формалары бар: бір жерлерде олар аздау, ал бір жерлерде – көбірек, бір жерлерде олар жасырын, ал бір жерлерде – ашық. Аллаһ бізді барлық жаман нәрселерден сақтасын.... Сіздің жауабыңыз ислам білімдерін іздеушілерге және Исламды уағыздаушыларға пайда келтіреді деген ниетпен осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз, өйткені осындай келіспеушіліктер оларға қалайша әсер ететінін сіз білесіз.

Бұл сұрақты сізге қоюшы мен – Абу әл-Хасан Мустафа ибн Исмаил әс-Суләймани - Марибтенмін (Йемен), 22 раби әл-әууал, һижраның 1420 жылы.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!»

Шейх әл-Усайминнің жауабы:

Әлемдердің Раббысы– Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына, сондай-ақ оның ізінен Қиямет Күніне дейін ауытқымай ергендерге сәлем және салауаттар болсын!

Сейсенбі күні 22 раби‘ әл-әууалда һижраның 1420 жылы мен марибтік бауырымыз Абу әл-Хасанның қалдырған таспасын тыңдап шықтым. Ол өзінің жолдауын сәлем беру сөздерімен бастады, және мен оған: «Саған да Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!», - деймін.

Күпірлікте айыптау – өте маңызды мәселе, әрі оны терминдерді игерген және айтылғанды дұрыс түсінуге қабілетті, сондай-ақ адамды күпірлікте айыптаудың, немесе, керісінше, «ол кәпір емес» деп айтудың салдары қандай болуы мүмкін екендігін түсінетін ислам білімін ізденушілерден басқа ешкіммен талқыламау керек. Ал егер қарапайым адамдар туралы айтар болсақ, оларға (біреу туралы) жай: « (Ол) кәпір», - немесе, - «Кәпір емес», - деп айтуға болмайды, өйткені бұл бұзықтықтар мен бүліктерге әкеліп соқтырады.

Мен жастар «Әмір кәпір болып табылады ма, әлде жоқ па?» немесе «Оған қарсы шығуға рұқсат етіледі ме, әлде жоқ па?» деген сұрақтармен шұғылданбай, назарды Аллаһ оларға міндетті етіп бұйырған немесе Ол орындауға үндейтін ғибадатқа бөлуі және Аллаһ Тағала ұнамсыз және харам деп атаған нәрселерді тастауы және сонымен бірге келісім мен бірлікке жетуге тырысуы керек деп есептеймін. Олар дін мәселесіндегі келіспеушіліктер сахабалардың кезінде де болғанын, алайда бұл келіспеушіліктер оларды бөлінуге дейін алып бармағанын білуі керек. Ақиқатында, жүректер біртұтас, және жол да біреу...

Ал егер Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару туралы айтар болсақ, олар себептеріне байланысты, бұл туралы Құранда айтылғандай, үш түрлі болады: күпірлік (куфр), зұлымдық (зулм) және бұзақылық (фисқ).

Егер адам өзінің әуес-қалауларына еріп, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарып жатса және сонымен бірге ақиқат Аллаһ Тағаланың үкімдерінде екенін біліп-мойындаса, онда ол кәпір болып табылмайды да, зұлымдық пен бұзақылықтың арасында болады.

Ал егер ол жалпыға ортақ заңдарды енгізсе және осыда игілік көрсе, - өйткені ол шатасты, - ол тағы да кәпір болып табылмайды, өйткені көп әмірлерге (билеушілерге) надандық тән және оларда шариғи білімдер өте аз. Әмір-билеушілер шариғаттың үкімдерін білмейтін адамдармен араласып жатады және оларды ғалым деп санайды. Міне, сондықтан да олардың шариғатқа қайшы келетіні шығады.

Егер билеуші шариғатты білсе, алайда оған қайшы келетін заңдарды енгізсе және оларды адамдар оған сәйкес өмір сүретін конституцияға айналдырса, сөйте тұра өзінің зұлымдық жасап жатқанына және ақиқат Құран мен Сүннет бізге алып келген нәрседе екеніне сенсе, онда біз мұндай адамды кәпір деп айта алмаймыз.

Біз кәпір деп «Аллаһтың заңдарына сәйкес емес өмір сүру адамдар үшін абзалырақ» деп санайтын немесе адамдар ойлап тапқан заңдарды Аллаһтың заңдарына теңестіретін адамды ғана айта аламыз. Мұндай адам – кәпір, өйткені ол Аллаһ Тағаланың: «Аллаһ үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?» («әз-Зәйтун» сүресі, 8-аят),- және Аллаһ Тағаланың: «Олар жәһилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»(«әл-Мәида» сүресі, 50-аят), - деген сөздерін жоққа шығарады.

Әрі қарай. Егер біз біреуді кәпір деп атасақ та, бұл оған қарсы шығу керек дегенді мүлде білдірмейді. Өйткені әмірге қарсы шығу үнсіздікке қарағанда көбірек жамандық алып келеді. Оның мысалдары арабтардың да, басқа халықтардың арасында өте көп және бұл мысалдардың барлығын тізбектеп шығуға бізге уақыт жетпейді.

Әрі қарай. Егер тіпті біз осы әмірге қарсы шығуға рұқсат етіледі дегенге көзіміз жетсе де, бізде жеткілікті күш және тиісті дайындық болуы қажет. Яғни біз осы әмірдің күшімен бірдей немесе тіпті одан да көбірек күшке ие болуымыз қажет.



Ал егер гранаталар, танктер тағы да сол сияқты құралдарға ие әмірге қанжарлармен және найзалармен қарсы шығу туралы айтар болсақ, бұл, ешбір күмәнсіз, ақымақтық және жөнсіздік болады, және бұл шариғатқа қайшы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет