لِمَنْ شَاءَ مِنْكُمْ أَنْ يَسْتَقِيمَ (٢٨)وَمَا تَشَاءُونَ إِلا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (٢٩)
«Әрине, сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін. Бірақ әлемдердің Раббысы Аллаһ қаламайынша, сендер мұны қаламайсыңдар» («әт-Такуир» сүресі, 28-29 аяттар).
Алайда тағдырға біз оны сипаттаған түрінде иман келтіру пенделерге олар осының негізінде өз міндеттерін орындаудан бас тартулары үшін немесе күнә жасаулары үшін дәлел бола алмайды, ал пенденің мұндай дәйектерді алға тартуы төмендегідей себептермен негізсіз болып табылады:
1 – Аллаһ Тағала былай деген:
سَيَقُولُ الَّذِينَ أَشْرَكُوا لَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا أَشْرَكْنَا وَلا آبَاؤُنَا وَلا حَرَّمْنَا مِنْ شَيْءٍ كَذَلِكَ كَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ حَتَّى ذَاقُوا بَأْسَنَا قُلْ هَلْ عِنْدَكُمْ مِنْ عِلْمٍ فَتُخْرِجُوهُ لَنَا إِنْ تَتَّبِعُونَ إِلا الظَّنَّ وَإِنْ أَنْتُمْ إِلا تَخْرُصُونَ (١٤٨)
“Аллаһқа серік қосушылар: «Егер Аллаһ қаласа еді – біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсені харам етпес едік», - дейді. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін (елшілерді) жасынға шығарған. (Мухаммад, оларға:) «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде, сендер жорамалдарыңа ғана ілесесіңдер де, өтірік айтасыңдар», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 148-аят).
Сөйтіп, егер тағдыр олар үшін ақталатын дәлел бола алғанда, онда Аллаһ оларды азапты жазаға тартпаған болар етіні анық.
2 – Аллаһ Тағала былай деген:
رُسُلا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ لِئَلا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللَّهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا (١٦٥)
«Елшілерді қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін. Аллаһ – аса Үстем, аса Дана» («ән-Ниса» сүресі, 165-аят).
Сөйтіп, егер тағдыр мойынсұнбаушылар үшін ақталатын дәлел бола алғанда, онда ол адамдарға елшілердің жіберілуімен теріске шығарылмас еді, міне, сондықтан да адамдарға елшілер жіберілгеннен кейін, олар енді өздерінің мойынсұнбаушылығын Аллаһ Тағала тарапынан тағдырға жазылған деп айтпаулары керек.
3 – Бухари мен Муслим келтіретін және Али бин Абу Талибтің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен жеткізілетін хадисте былай деп хабарланады: ”[Бірде] біз Бақи‘ әл-Ғарқад [зиратында] жерлеуге қатысқан кезімізде, біздің жанымызға [қолына шағын таяқ ұстаған] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақындап келді де, отырды, ал біз болсақ оны қоршап отырдық. Ол басын түсірді де, таяғымен жерді қаза бастады, ал [шамалы уақыттан соң]: «Сендердің араларыңда Аллаһ оған Жәннаттағы немесе Тозақтағы орнын жазып қоймаған әрі бақытты немесе бақытсыз екені де жазылып қойылмаған жан жоқ», - деді.
Бір кісі: «Уа Аллаһтың Елшісі, ендеше тағдырға жазылғанға өзімізді [тапсырып] қойып, амал жасамай-ақ қоймаймыз ба?»21, – деп сұрады. [Оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)] былай деп (жауап берді): «Кім бақыттылардың қатарынан болса, сол бақыттылардың іс-амалдарымен айналысады, ал кім бақытсыздардың қатарынан болса, сол бақытсыздардың іс-амалдарымен айналысады. [Өздеріңе бұйырылғанды] істеңдер22, әрі сендердің әрбіріңе жеңілдетіледі: бақыттыларға келер болсақ, оларға бақыттылардың іс-амалдарын [істеу] жеңілдетіледі, ал бақытсыздарға келер болсақ, оларға бақытсыздардың іс-амалдарын [істеу] жеңілдетіледі».
Ал содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі аяттарды оқыды:
فَأَمَّا مَنْ أَعْطَى وَاتَّقَى (٥)وَصَدَّقَ بِالْحُسْنَى (٦)فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْيُسْرَى (٧)
«Ал енді әлдекім (Аллаһ жолында) берсе және тақуалық жасаса, әрі ең жақсы нәрсені23 дұрыс деп білсе, Біз оның ең оңай24 нәрсеге деген жолын оңайластырамыз» («әл-Ләйл» сүресі, 5-7 аяттар)”.
4 – Расында, Аллаһ Тағала Өзінің пендесіне белгілі бір нәрселерді бұйырды және белгілі бір нәрселерді тыйым салды, әрі оған тек оның шама-мүмкіндігі жететін нәрселерді ғана міндетті етті. Аллаһ Тағала былай деген:
فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ
«Аллаһтан шамаларың жеткенше қорқыңдар...» («әт-Тағабун» сүресі, 16-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:
لا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلا وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ
«Аллаһ кісіге оның шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына» («әл-Бақара» сүресі, 286-аят).
Сөйтіп, егер пенде әлдебір іс-әрекеттерді жасауға (Аллаһтың тағдырымен) мәжбүрленетін болғанда, онда оның мойнына ол құтыла алмайтын (яғни қаласа да, қаламаса да істеуге мәжбүрлі) нәрселер жүктелген болар еді, алайда бұл дұрыс емес, міне, сондықтан да егер ол білместікпен, ұмытшақтықпен немесе мәжбүрленген күйде күнә жасаса, онда бұл үшін жауапкершілікке тартылмайды, өйткені оның ақталуы бар.
5 – Ақиқатында, Аллаһ Тағаланың тағдыры сол тағдырға жазылған нәрсе орын алмайынша ол туралы ешкім білмейтін ғайып құпия болып табылады. Пенденің әлдебір нәрсені жасауға деген ерік-қалауы оның іс-әрекетінен бұрын туындайды, әрі осы орайда оның ерік-қалауы Аллаһтың тағдыры туралы білімге негізделмейді, ал бұл (өз кезегінде) пенде тарапынан ықтимал болған оның тағдырға сілтеме жасауын алдын ала теріске шығарады, өйткені адам өзіне беймәлім нәрсені дәлел ретінде алға тарта алмайды.
6 – Расында, біз адамның өз мақсатына қол жеткізгеніне дейін өзінің (мүддесіне) сәйкес келетін дүниелік істерге ұмтылатынын, әрі өзінің іс-әрекеттерін тағдырмен дәйектеп, (мүддесіне) сәйкес келмейтін істерге жүгініп, бұдан бас тартпайтынын көреміз. Ендеше, не үшін адамдар діни істерінде өздеріне пайдалы болған нәрселерден бас тартып, өздеріне зиян тигізетін нәрселерге қарай ауады да, ал содан соң (осынысына) тағдырды сылтау етеді екен? Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас емес пе?!
Бұл ойды түсіндіріп бере алатын мысал келтірейік. Егер адамның алдынан екі жол шықса, әрі оның бірі бетімен кетушілік, адам өлтірулер, тонау, зорлау, үрей мен аштық белең алған елге, ал екіншісі тәртіп пен қауіпсіздік орныққан және ол онда өз өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қауіптенбей, кедейшіліксіз өмір сүре алатын елге алып баратын (жол) болса, ол қай жолмен жүреді?
Әрине, ол өзі үшін тәртіп пен қауіпсіздік орныққан елге алып баратын екінші жолды таңдайды, өйткені бірде-бір есі дұрыс адам осы орайда тағдырды сылтауратып бетімен кетушілік пен қорқыныш (билеген) елге алып баратын жолымен жүрмейді, ендеше, не үшін іс арғы дүниеге қатысты болғанда, адамдар Жәннатқа емес, Тозаққа алып баратын жолды таңдайды да, өзінің таңдауын тағдырмен дәйектейді?!
Өзге мысал келтіруге де болады. Біз науқас адамға дәрі жазылса, ол, нәпсісі оған қарсы болса да, оны қабылдайтынын, ал егер оған зиян тигезетін әлдебір нәрсені жеуге тыйым салынса, ол одан нәпсісінің қалауына қарамастан бас тартатынын білеміз. Науқас мұны емделу және сау-саламат болу үшін істейді, әрі ол тағдырды сылтауратып дәрі қабылдаудан бас тартып, өзіне зиян тигізетін нәрсені жей бермейді ғой. Ал, ендеше, не үшін адам Аллаһтың және Оның Елшісінің бұйрықтарын орындамайды немесе Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған нәрселерді істейді де, содан соң тағдырды сылтауратады?!
7 – Расында, егер парыздарды орындамауына немесе күнә жасауына тағдырды сылтаурататын адамға басқа бір адам тап беріп, оның ақшасын тартып алса, немесе оның намысын қорласа, ал содан соң тағдырды сылтауратып: «Мені жазғырма, өйткені менің іс-әрекеттерімді Аллаһ тағдырға жазып қойды ғой», - десе, жәбірленуші, әрине, мұндай ақталуды қабылдамайды. Бірақ не үшін ол өзіне біреу шабуыл жасағанда тағдырды сылтауратуды қабылдамайды да, өзі осы орайда Аллаһтың құқықтарын бұзған кезде осындай дәйектерді қолдануға жүгінеді?!
Мүминдердің әмірі Умар ибн әл-Хаттабқа (Аллаһ оған разы болсын) қолы шабылуға лайықты ұрыны алып келгендігі жайында хабарланады. Ол оның қолын шабу туралы бұйрық бергенде, әлгі (ұры): «Асықпа, уа, мүминдердің әмірі, өйткені мен мұны Аллаһтың тағдырымен (жазмышымен) ұрладым», - деген екен. Бұған Умар (Аллаһ оған разы болсын): «Расында, біз де сенің қолыңды Аллаһтың тағдырына сәйкес шауып тастаймыз!» - деп жауап беріпті.
Тағдырға иман келтіру көптеген маңызды пайдалар келтіреді:
1 – Тағдырға иман келтірген адам түрлі себептердің ықпалдарының салдарына қатысты, осы себептерге емес, Аллаһқа тәуекел етеді, өйткені барлық нәрсені Аллаһ Тағала тағдырға жазған.
2 – Тағдырға иман келтірген адам көздеген мақсат-мүддесіне қол жеткізгенде өзіне-өзі сүйсінбейді, өйткені (оның) осыған қол жеткізуі осы нәрсенің жақсылық пен жетістіктің себебі болуын тағдырға жазып бекіттіп қойған Аллаһтың нығметі болып табылады, ал өз-өзіне сүйсіну болса адамға осы берілген нығмет үшін шүкір етуді ұмыттырады.
3 – Адам жүрегінің тыныш болуы әрі (сол тыныштықтың) Аллаһ Тағала тағдырға жазған нәрсе орын алған кезде де бұзылмауы. Тағдырға иман келтірген адам қолынан аңсаған нәрсесі тайған немесе өзіне ұнамсыз әлдебір нәрсе орын алған кезде толғанбайды, өйткені мұның барлығы көктер мен жердің билігі Өзінде ғана болған Аллаһтың тағдырға жазғанымен орын алады, ал адам өзінің бағынышты жағдайының себебінен бұдан қашып құтыла алмайды. Әрі бұл туралы Аллаһ Тағала былай дейді:
مَا أَصَابَ مِنْ مُصِيبَةٍ فِي الأرْضِ وَلا فِي أَنْفُسِكُمْ إِلا فِي كِتَابٍ مِنْ قَبْلِ أَنْ نَبْرَأَهَا إِنَّ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ (٢٢)لِكَيْلا تَأْسَوْا عَلَى مَا فَاتَكُمْ وَلا تَفْرَحُوا بِمَا آتَاكُمْ وَاللَّهُ لا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ (٢٣)
«Жер жүзіне сондай-ақ сендерге мұбада бір бейнет келетін болса, ол жаратуымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шәксіз, бұл Аллаһқа жеңіл. Бұл өткенге өкінбеулерің, өздеріңе берілгенге сүйсінбеулерің үшін. Аллаһ бүкіл тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» («әл-Хадид» сүресі, 22-23 аяттар).
Сухайбтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мүминнің жағдайы нендей ғажап! Расында, оның жағдайындағы бүкіл нәрсе ол үшін игілік болып табылады, әрі бұл мүминнен басқа ешкімге [берілмеген]. [Мүмин әлдебір нәрсеге] қуанса, [Аллаһқа] шүкіршілік білдіреді де, бұл ол үшін игілікке айналады, ал егер оған қайғы-қасірет келіп тисе, ол сабыр етеді, әрі бұл [да] ол үшін игілікке айналады!» («Мухтасар «Сахих» Муслим», имам әл-Мунзири, №2113 хадис).
Тағдырға қатысты мәселеде екі топ адасушылыққа түсті.
Олардың біріншісін «пенде өз іс-әрекеттеріне мәжбүрленген, әрі ол оларды істеу қабілетіне де, өзіндік ерікке де ие емес» деп санайтын жәбарилер құрайды.
Екінші топқа «пенде өзінің іс-әрекеттерінде толық еркіндікке және өз іс-әрекеттерін жасау мүмкіндігіне ие, әрі осы орайда Аллаһ Тағаланың еркі мен құдіретінің бұған ешқандай қатысы жоқ» деп санайтын қадарилер жататын.
Жәбарилердің көзқарастары шариғат тарапынан да, шынайы болмыстың фактілерімен де теріске шығарылады.
Егер шариғатқа қарасақ, Аллаһ Тағала пенденің өз еркіне, қалауына және іс-әрекет жасау қабілетіне ие екенін растайды, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:
مِنْكُمْ مَنْ يُرِيدُ الدُّنْيَا وَمِنْكُمْ مَنْ يُرِيدُ الآخِرَةَ
«…Сендердің араларыңда осы дүние қалайтындар және Ақыретті қалайтындар бар...» («Әли Имран» сүресі, 152-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:
وَقُلِ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكُمْ فَمَنْ شَاءَ فَلْيُؤْمِنْ وَمَنْ شَاءَ فَلْيَكْفُرْ إِنَّا أَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمْ سُرَادِقُهَا وَإِنْ يَسْتَغِيثُوا يُغَاثُوا بِمَاءٍ كَالْمُهْلِ يَشْوِي الْوُجُوهَ بِئْسَ الشَّرَابُ وَسَاءَتْ مُرْتَفَقًا (٢٩)
“«Бұл ақиқат (Құран) Раббыларыңнан», - де. Сонда кім қаласа сенсін. Расында, Біз залымдар үшін дуалдары оларды жан-жағынан қоршап алатын Отты әзірледік” («әл-Кәһф» сүресі, 29-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:
مَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ وَمَنْ أَسَاءَ فَعَلَيْهَا وَمَا رَبُّكَ بِظَلامٍ لِلْعَبِيدِ (٤٦)
«Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де, өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес» («Фуссыләт» сүресі, 46-аят).
Ал енді шындық болмыстың фактілеріне келер болсақ, онда әрбір адам жеп-ішіп, әлдебір нәрсені сатып, не сатып алу кезіндегі өз еркімен істейтін амалдар мен оның еркінсіз орын алатын, мысалы, безгектен дірілдеу немесе тамның төбесінен құлау сияқты нәрселердің арасындағы айырмашылық туралы біледі. Бірінші жағдайда ол әлдебір істі өзінің еркімен істейді, ал екіншісінде болса, ол таңдау құқығына ие емес, әрі мұны істеуді қаламайды.
Қадарилердің көзқарастары да шариғатпен де, шындық болмыстың фактілерімен де теріске шығарылады.
Егер шариғатқа жүгінер болсақ, онда Аллаһ Тағала барлық нәрсенің жаратушысы екеніне әрі сондықтан да бүкіл болмыс Оның қалауымен пайда болатынына нұсқауға болады. Өзінің Кітабында Аллаһ Тағала пенделерінің іс-әрекеттері Оның қалауымен орындалатынын түсіндіріп, былай деді:
وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا اقْتَتَلَ الَّذِينَ مِنْ بَعْدِهِمْ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ وَلَكِنِ اخْتَلَفُوا فَمِنْهُمْ مَنْ آمَنَ وَمِنْهُمْ مَنْ كَفَرَ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ مَا اقْتَتَلُوا وَلَكِنَّ اللَّهَ يَفْعَلُ مَا يُرِيدُ (٢٥٣)
«Егер Аллаһ қаласа, олардың ізінен ілескен ұрпақтар өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ олар қайшылыққа түсті. Сонда олардың кейі иман келтірді де, кейі қарсы шықты. Егер Аллаһ қаласа, олар бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ Аллаһ қалағаның істейді» («әл-Бақара» сүресі, 253-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:
وَلَوْ شِئْنَا لآتَيْنَا كُلَّ نَفْسٍ هُدَاهَا وَلَكِنْ حَقَّ الْقَوْلُ مِنِّي لأمْلأنَّ جَهَنَّمَ مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ (١٣)
“Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менің: «Тозақты бүтіндей жындар және адамдармен толтырамын», - деген сөзім орындалады!” («әс-Сәжда» сүресі, 13-аят).
Ал егер ақыл-ой дәлелдеріне келер болсақ, онда бүкіл Ғалам Аллаһ Тағалағаның билігінде екеніне, бірақ адам Ғаламның бір бөлшегі болғандықтан, ол да аса Құдіретті және Ұлы (Аллаһтың) билігінде екеніне, ал кімнің үстінен билік жүрсе, сол Билеушінің мүлкін Оның рұқсатынсыз және қалауынсыз басқара алмайтынына нұсқауға болады.
Автордың сөзі:
الْمَرْتَبَةُ الثَّالِثَةُ: الإِحْسَانُ
أركانه: وله رُكْنٌ وَاحِدٌ. كما فى الحديث: ( أَنْ تَعْبُدَ اللهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ، فَإِن لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ ). وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ إِنَّ اللّـهَ مَعَ الّـَذِينَ اتَّقَواْ وَّالّـَذِينَ هُم مُّحْسِنُونَ ﴾[النحل: 128]. وقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَتَوَكَّلْ عَلَى الْعَزِيزِ الرَّحِيمِ * الَّذِي يَرَاكَ حِينَ تَقُومُ * وَتَقَلُّبَكَ فِي السَّاجِدِينَ * إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ ﴾[الشعراء: 217 ـ 220]. وقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَمَا تَكُونُ فِي شَأْنٍ وَمَا تَتْلُو مِنْهُ مِن قُرْآنٍ وَلاَ تَعْمَلُونَ مِنْ عَمَلٍ إِلاَّ كُنَّا عَلَيْكُمْ شُهُوداً إِذْ تُفِيضُونَ فِيهِ﴾ [يونس: 61].
«Үшінші дәреже: Ихсан.
Оның тірегі біреу: Аллаһқа, Оны көріп тұрғандай құлшылық ету. Сен Оны көре алмасаң (да), Аллаһ сені көріп тұр деген оймен құлшылық ету. Оған дәлел –Аллаһтың келесі сөздері:
﴿ إِنَّ اللّـهَ مَعَ الّـَذِينَ اتَّقَواْ وَّالّـَذِينَ هُم مُّحْسِنُونَ ﴾[النحل: 128]
«Расында, Аллаһ тақуалармен және ихсан (жақсылық) жасаушылармен бірге» («ән-Нәхл» сүресі, 128-аят).
Сондай-ақ мына аят та:
وقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿وَتَوَكَّلْ عَلَى الْعَزِيزِ الرَّحِيمِ * الَّذِي يَرَاكَ حِينَ تَقُومُ * وَتَقَلُّبَكَ فِي السَّاجِدِينَ * إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ ﴾[الشعراء: 217 ـ 220].
«Өте Үстем, ерекше Рахымды (Аллаһқа) тәуекел ет! Ол сені (намазда) тік тұрып тұрғаныңда көреді және сәжде етушілердің арасында жасаған қимылдарыңды да (көреді). Ақиқатында, Ол – (барлық нәрсені) Естуші, Білуші» («әш-Шуғара» сүресі, 217-220 аяттар).
Мына аят та:
﴿وَمَا تَكُونُ فِي شَأْنٍ وَمَا تَتْلُو مِنْهُ مِن قُرْآنٍ وَلاَ تَعْمَلُونَ مِنْ عَمَلٍ إِلاَّ كُنَّا عَلَيْكُمْ شُهُوداً إِذْ تُفِيضُونَ فِيهِ﴾ [يونس: 61].
«Қандай жағдайда болсаң да, Құраннан нені оқысаң да және қандай амал істесеңдер де, оған кіріскендеріңде сендердің үстілеріңнен Куәгерміз» («Юнус» сүресі, 61-аят).
Шарх:
(Ихсан).25 Ихсан (жақсылық жасау) дегеніміз – зиян тигізудің (иса’а) қарама-қайшысы. Ихсанның мән-мағынасы адамның құпталатын (игі) амалдар жасауда күшін аямауында және өзгелерге зиян тигізуден тыйылуында. Бұл оның өз мал-мүлкін, жағдай-мәртебесін, білімін және денесін пайдаланып, Аллаһтың құлдарына жақсылық жасауы керек дегенді білдіреді.
Мал-мүлікке келер болсақ, онда бұл жерде адамның садақа мен зекетке жұмсайтыны меңзелуде. Осы орайда материалдық шығындар арқылы жасалатын ихсанның ең жақсы түрі зекет болып табылады. Өйткені зекет Исламның рүкіндерінің қатарына жатады, әрі сондықтан да адамның Исламы зекет төлеуінсіз толыққанды болмайды. Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ үшін зекет ең жақсы шығын болып табылады, ал зекеттен кейін адамның өз әйеліне, анасына, әкесіне, балаларына, бауырларына, немере бауырларына, әпке-қарындастарына, әке-шешесінің іні-ағалары мен әпке-қарындастарына т.с.с. жұмсауға тиісті болған нәрселер ұласады. Осыдан соң кедейлер мен басқа да көмекке лайықты адамдарға, мысалы білім талап етушілерге, садақа беру ілеседі.
Ал өз жағдай-мәртебесін пайдалану арқылы игі амалдар жасауға келер болсақ, онда адамдар әртүрлі жағдайда болатыны, әрі олардың арасында билеушілердің алдында ықпалға ие екенін және әлдебіреу билік иесі алдында ара түсуді сұрайтын жағдайларда өзінің ықпалын пайдалана алатындары бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл (мысалы, оның әлдебір) зиянды тойтаруында немесе (сол ара түсуді өтінген) адамға жақсылық істеуінде көрініс табуы мүмкін.
Ал егер білім туралы айтар болсақ, онда адам оның көмегімен жалпы және жеке мәжіліс-кездесулерде Аллаһтың құлдарына насихат айтып, оларға ихсан жасауы мүмкін, тіпті сөз бір шыны кофе үстіндегі кездесу туралы болса да. Адамдарға білім беру және оларға насихат айту ихсан болып табылады. Егер сен көпшіліктің кездесуінде болсаң, онда оларды қандай да бір пайдалы нәрсеге үйреткенің игілік болады, бірақ осы орайда сен оларға насихат жасағаныңда және олармен сөйлескеніңде мұны даналықпен істеуің керек, әрі оларға қатты ауыртпалық салмауың керек, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға құтпа жасағанында көпсөзділіктен қашатын, өйткені (адамдардың) нәпсілеріне жалығу мен шаршауды сезіну тән, ал олар жалығуды сезіне бастаса – әлсірейді, әрі бұл (өз кезегінде) сөйлеушінің көпсөзділігінің себебінен адамдардың игілікке деген жеккөрушілік сезініп қалуына алып келуі мүмкін.
Ал енді адамдарға денемен жақсылық (ихсан) жасауға келер болсақ, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Күнде күн шығып жатқанда адамдардың (денесінде қанша) буын болса, сонша рет садақа беруі керек: (егер) сен екеудің арасын әділдікпен аралашасаң – садақа, әрі (егер) сен адамды оның мініс жануарына мінгізіп жіберіп, оны онымен алып жүрсең немесе (жануарға) оның жүгін жүктесең – садақа, әрі игі сөз де – садақа, әрі (мешітке) намазға бара жатқаныңдағы әрбір қадамың да – садақа, жолдан адамдарға зиян тигізетін затты алып тастасаң да – садақа» (әл-Бухари мен Муслим. Қз.: ән-Нәуауи «Риядус-салихин», №122 хадис).
Сөйтіп, сен адамын жүгін жүктесіп, немесе оған жолды нұсқап, немесе осыған ұқсас қандай да бір іс жасап, оған көмектесе аласың, әрі мұның барлығы Аллаһтың құлдарына деген ихсан болады.
Ал егер Аллаһқа құлшылық етудегі ихсанға келер болсақ, онда оның мәні – бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай, сенің Аллаһқа Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық етуіңде. Мұндай құлшылық, яғни адамның (өз) Раббысына ол Оны көріп тұрғандай құлшылық етуі ынтықтық пен ықылас құлшылығы болып табылады, әрі оған адамды ішкі ынтасы алып келеді, өйткені мұны ол сүйетін (Аллаһ) қалайды, ал адам Оған Оны көріп тұрғандай етіп құлшылық етеді, әрі сондықтан да ол Оған ұмтылады, Оған жүгінеді және Оған жақындағысы келеді, Оған мадақтар болсын.
«(Ал) сен Оны көре алмасаң (да), Аллаһ сені көріп тұр деген оймен құлшылық ету». Мұндай құлшылықты қашу мен қорқу құлшылығы деп атауға болады, әрі сондықтан да ихсанның бұл сатысы екінші болып табылады. Яғни, егер сен аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһқа Оны көріп тұрғаныңдай және ішкі ынтаңның ықпалымен Оған ұмтылып жатқаныңдай құлшылық ете алмасаң, онда Оған Ол сені көріп тұрғанын есіңде сақтаған күйде құлшылық ет. Бұл Одан қорқушы және Оның азабы мен жазалауынан қашушы адамның құлшылығы болады, ал бұл құлшылықтың бірінші түрінен төменірек саты болып табылады.
Пәк Аллаһ Тағалаға құлшылық ету туралы Ибн әл-Кайим (Аллаһ оны рахым етсін) мынандай өте жақсы сөздер айтқан: «Аса Мейірімдіге құлшылық ету – бұл құлшылық етушінің Оған деген мойынсүнуымен үйлесетін Оған деген ерекше күшті махаббаті, әрі бұлар осы құлшылықтың екі тірегі болып табылады».
Сонымен, құлшылықтың негізінде ерекше күшті махаббат және ерекше дәрежедегі мойынсұну жатыр. Махаббат өзімен ұмтылуды меңзейді, ал мойынсұну қорқу мен қашуды талап етеді, әрі бұлар аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһқа құлшылық етудегі ықыластылыққа нұсқайды.
Егер адам Аллаһқа осылайша құлшылық етсе, онда ол аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа ықыластылық танытады, әрі оның құлшылығында екішізүзділікпен ортақ еш нәрсе жоқ, өйткені оның мақсаты жақсы атақ пен адамдардың мақтауына қол жеткізу емес деп айтуға болады. Мұндай адамды өзгелердің бұл туралы (яғни оның құлшылығы туралы – ауд.) білетіні не білмейтіні қызықтырмайды, өйткені қалай болғанда да ол өзінің құлшылығында ықыласты болып қала береді. Бұдан қалса, кемел ықыластың белгісі адамның өз Раббысына жасаған құлшылығын өзгелердің көрмеуін және ол құпия болып қала беруін қалауы болып табылады, тек егер мұны жария ету мұсылмандар мен Исламға пайда келтірмесе ғана, мысалы егер кісіде одан өнеге алатын ісбасарлары болса, (немесе) ол өзгелерге қалай құлшылық жасау керек екенін көрсеткісі келсе, немесе ол әріптестеріне, жолдастарына және достарына өнеге көрсетіп, өзінің құлшылығын айқын еткісі келсе, өйткені мұндай жағдайда бұда игілік болады. Мұндай құлшылық етуден келетін пайда құпия құлшылық етудің пайдасынан көбірек болуы мүмкін, әрі осыған байланысты аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ өздерінің ақшаларын (Оның жолына) жасырын және жария жұмсайтындарға мақтау айтады. Сондықтан да құлшылықтың құпия түрі жүрекке көбірек пайда тигізсе әрі мойынсұнушылыққа қол жеткізуге және Аллаһқа жүгінуге көбірек ықпал етсе, онда құпия құлшылық ет. Ал егер құлшылықтың ашық жасалуы Исламға пайда тигізсе, өйткені адамдарға оның заң-ережелерін ашып көрсетсе, және белгілі бір үлгімен амал ететін адамнан өнеге алатын мұсылмандарға пайда келтірсе, онда Аллаһқа ашық құлшылық ет.
Мүмин адам қай нәрсе қолайлы болатынына назар бұруы керек, оның құлшылығы қаншама пайда келтірсе, соншама жақсы.
Автордың сөзі:
وَالدَّلِيلُ مِنَ السُّنَّةِ: حَدِيثُ جِبْرِيلَ الْمَشْهُورُ: عَنْ عُمَرَ بنِ الْخَطَّابِ ـ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ ـ قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ جُلُوسٌ عِنْدَ النَّبِيِّ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ـ إِذْ طَلَعَ عَلَيْنَا رَجُلٌ، شَدِيدُ بَيَاضِ الثِّيَابِ، شَدِيدُ سَوَادِ الشَّعْرِ، لا يُرَى عَلَيْهِ أَثَرُ السَّفَرِ، وَلا يَعْرِفُهُ مِنَّا أَحَدٌ، فَجَلَسَ إِلَى النَّبِيِّ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ـ فَأَسْنَدَ رُكْبَتَيْهِ إِلَى رُكْبَتَيْهِ، وَوَضَعَ كَفَّيْهِ عَلَى فَخِذَيْهِ، وَقَالَ: يَا مُحَمَّدُ أَخْبِرْنِي عَنِ الإِسْلامِ فَقَالَ: ( أَنْ تَشْهَدَ أَنْ لا إلٰه إِلا اللهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ، وَتُقِيمَ الصَّلاةَ، وَتُؤْتِيَ الزَّكَاةَ، وَتَصُومَ رَمَضَانَ، وَتَحُجَّ الْبَيْتَ إِنْ اسْتَطَعْتَ إِلَيْهِ سَبِيلا ). قَالَ: صَدَقْتَ. فَعَجِبْنَا لَهُ يَسْأَلُهُ وَيُصَدِّقُهُ. قَالَ: أَخْبِرْنِي عَنِ الإِيمَانِ. قَالَ:(أَنْ تُؤْمِنَ بِاللهِ، وَمَلائِكَتِهِ، وَكُتُبِهِ، وَرُسُلِهِ، وَالْيَوْمِ الآخِرِ، وَتُؤْمِنَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرِّهِ ). قَالَ: صَدَقْتَ. قَالَ: أَخْبِرْنِي عَنِ الإِحْسَانِ. قَالَ: ( أَنْ تَعْبُدَ اللهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ ). قَالَ: أَخْبِرْنِي عَنِ السَّاعَةِ. قَالَ: (مَا الْمَسْؤُولُ عَنْهَا بِأَعْلَمَ مِنَ السَّائِلِ ). قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنْ أَمَارَاتِهَا. قَالَ: ( أَنْ تَلِدَ الأَمَةُ رَبَّتَهَا، وَأَنْ تَرَى الْحُفَاةَ الْعُرَاةَ الْعَالَةَ رِعَاءَ الشَّاءِ يَتَطَاوَلُونَ فِي الْبُنْيَانِ ). قَالَ: فَمَضَى، فَلَبِثْنَا مَلِيَّا، فَقَالَ: ( يَا عُمَرُ أَتَدْرُونَ مَنِ السَّائِلِ؟ ). قُلْنَا: اللهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: ( هَذَا جِبْرِيلُ أَتَاكُمْ يُعَلِّمُكُمْ أَمْرَ دِينِكُم ).
«Бұған Сүннеттен дәлел – Жәбірейілдің белгілі хадисі.
Умар (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған: “Бірде біз Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырған кезімізде, киімдері аппақ, шаштары қап-қара бір кісі кіріп келді. Оның сырт келбетінен сапар іздері байқалмады, бірақ арамыздан ешкім оны танымады. Ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына жақындап келіп, тізесін оның тізесіне тигізіп, екі алақанын сандарына қойып, оған бетпе-бет отырды. Сосын: «Уа, Мухаммад, маған Ислам туралы айтып бер», - деді. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Бұл – сенің Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне және Мухаммад – Оның елшісі екеніне куәлік беруің, намазды орындауың, зекет беруің, рамазан айында ораза ұстауың және шамаң келсе (Қағбаға) қажылық жасауың». Ол: «Рас айттың!», - деді. Біз оның өзі сұрап, өзі растап жатқанына таң қалдық. Кейін ол: «Маған Иман туралы айтып бер», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол – сенің Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне, Ақырет Күніне және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына - иман келтіруің», - деп жауап берді. Ол: «Рас айттың!» - деді. Содан соң ол: «Маған Ихсан туралы айтып бер!», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл – сенің Аллаһқа оны көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің. Ал сен Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп тұр деген оймен құлшылық етуің», - деді. Ол кісі: «Маған Қиямет туралы айтып бер», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», - деп жауап берді. Сонда (әлгі кісі): «Онда маған оның белгілерін атап бер», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Күң өзінің ханшайымын туатынын; жалаңаяқ, жалаңаш кедей қойшылардың биік ғимараттар көтеруде бір-бірімен жарысатынын көресің», - деді.
Содан соң әлгі кісі шығып кетті, ал біз сол жерде біраз уақыт қалдық. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) менен: «Уа, Умар, сұраушының кім екенін білесің бе?», - деп сұрады. Мен: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл – Жәбірейіл, діндеріңді үйрету үшін келді», - деді” (Муслим «Сахих», №8 хадис).
(«Хадисі»). Жоғарыда біз бұл хадистің басым бөлігіне түсіндірме беріп кеткен болатынбыз.
*الأَصْلُ الثَّالِثُ *
(ҮШІНШІ НЕГІЗ)
مَعْرِفَةُ نَبِيِّكُمْ مُحَمَّدٍ ـ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ
МУХАММАД ПАЙҒАМБАРДЫ (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ТАНУ
Автордың сөзі:
وَهُوَ مُحَمَّدُ بْنُ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ بْنِ هَاشِمٍ، وَهَاشِمٌ مِنْ قُرَيْشٍ، وَقُرَيْشٌ مِنَ الْعَرَبِ، وَالْعَرَبُ مِنْ ذُرِّيَّةِ إِسْمَاعِيلَ بْنِ إِبْرَاهِيمَ الْخَلِيلِ عَلَيْهِ وَعَلَى نَبِيِّنَا أَفْضَلُ الصَّلاةِ وَالسَّلامِ، وَلَهُ مِنَ الِعُمُرِ ثَلاثٌ وَسِتُّونَ سَنَةً، مِنْهَا أَرْبَعُونَ قَبْلَ النُّبُوَّةِ، وَثَلاثٌ وَعِشْرُون َفى النبوة. نُبِّئَ ب﴿اقْرَأ﴾، وَأُرْسِلَ ب﴿الْمُدَّثِّرْ﴾، وَبَلَدُهُ مَكَّةُ.
«Ол – Мухаммад ибн `Абдуллаһ ибн `Абдул-Мутталиб ибн Һашим. Һашим – құрайш тайпасынан, ал құрайш – араб тайпаларының бірі. Арабтар – Исмаилдің ұрпағы, ал Исмаилдің әкесі – Аллаһтың сүйіктісі Ибраһим (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың ең ұлы және ең жақсы игілігі мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыз (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алпыс үш жыл өмір сүрді: пайғамбарлықтан алдын қырық жыл, ал Пайғамбар және Елші болып жиырма үш жыл. «Әл-Аләқ» сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен ол пайғамбар (нәби) болды. «Әл-Муддассир» сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен ол елші (расул) болды. Туылған жері – Мекке».
Шарх:
Яғни мұсылман адам танып-білуге тиісті болған негіздердің үшіншісі, басқаша айтқанда, сөз пенденің Раббысын, дінін және Пайғамбарын тануы.
Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) танып-білуге қатысты айтар болсақ, ол бес құрамдас бөліктерден тұрады:
БІРІНШІСІ: оның шежіресі туралы білім алу арқылы оны тану. Өзінің шежіресі бойынша ол хашими, қурайши және араб болып табылып, ең асыл текті адамдардың қатарына жатады. Ол – Мухаммад бин Абдуллаһ бин Абд әл-Мутталиб бин Хашим және әрі қарай, бұны шейх (оны Аллаһ рахым етсін) атап айтқандай.
ЕКІНШІСІ: ол қанша жыл өмір сүргендігін, қай жерде туылғандығын және қай жерге қоныс аударғандығын білу. Міне, осыны шейх: «Мухаммад (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алпыс үш жыл өмір сүрді... Ол Меккеде туылды, ал кейіннен Мәдинаға қоныс аударды», - деп түсіндіріп береді. Сөйтіп, ол Меккеде туылып, онда елу үш жыл өмір сүрді де, содан соң Мәдинаға көшті және осы қалада он бір жыл бойы өмір сүріп, һижраның 11 жылының (б.з. 632 ж.) рабиул-әууал айында қайтыс болды.
ҮШІНШІСІ: ол пайғамбарлық міндетін атқарған кезеңдегі оның өмірін танып-білу. Ол алпыс үш жыл өмір сүрді, алғашқы уахиді қырық жасында алды. Бұл туралы ақындардың бірі былай деген екен:
«Жасы қырыққа толғанда, рамазанда
оның пайғамбарлығының күні жарқырап шықты».
ТӨРТІНШІСІ: Ол не үшін пайғамбар және елші болғандығын білу. Ол өзіне Аллаһ Тағаланың:
اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ (١)خَلَقَ الإنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ (٢)اقْرَأْ وَرَبُّكَ الأكْرَمُ (٣)الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ (٤)عَلَّمَ الإنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ (٥)
«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың Аса Ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен»(«әл-‘Аләқ» сүресі, 1-5аяттар), - деген аяттарының түсуімен пайғамбар болды.
Ал оған Аллаһ Тағаланың:
يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ (١)قُمْ فَأَنْذِرْ (٢)وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ (٣)وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ (٤)وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ (٥)وَلا تَمْنُنْ تَسْتَكْثِرُ (٦)وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ (٧)
«Әй, оранушы! Тұр да, ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) міндет қылма. Раббың үшін сабыр ет» («әл-Мудассир» сүресі, 1-7 аяттар), - деген сөздері түскенінен кейін ол елші болды.
Әрі ол шындығында да тұрып, Аса Құдіретті де, Ұлы Аллаһтың бұйрығын орындай бастады.
Білім иелерінің пікірі бойынша, елші мен пайғамбардың арасындағы айырмашылық келесіні қамтиды: пайғамбар – бұл оған уахи арқылы қандай да бір діни заң түсірілетін, бірақ осы орайда оған оны адамдарға жеткізу бұйырылмаған адам, ал елші болса Аллаһтан діни заңмен байланысты уахиді ғана емес, оған қоса соны адамдарға жеткізу және тәжірибеде қолдану бұйрығын да алады. Сөйтіп, әрбір елші пайғамбар болып табылады, бірақ әрбір пайғамбар елші бола бермейді.
БЕСІНШІСІ: Ол немен және не үшін жіберілгенін білу. Ол адамдарға жалғыз Аллаһ Тағалаға ғана иман келтіруді меңзейтін бірқұдайшылық (таухид) дінімен және Аллаһтың әмірлерін орындап, Ол тыйым салғаннан тыйылуды талап ететін Оның заңымен жіберілді. Ол адамдарға Аллаһтың әлемдерге деген мейірімі ретінде оларды көпқұдайшылықтың, күпірліктің және надандықтың түнегінен білімнің, иманның және таухидтың нұрына шығару үшін және олар осының арқасында Аллаһтың жарылқауына және разылығына жетіп, Оның азабынан және Оның ашу-ызасынан құтылу үшін жіберілді.
Автордың сөзі:
بَعَثَهُ اللهُ بِالنِّذَارَةِ عَنِ الشِّرْكِ، وَبالَدْعُوة إِلَى التَّوْحِيدِ، وَالدَّلِيلُ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ * قُمْ فَأَنذِرْ * وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ * وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ * وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ * وَلاَ تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ * وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ ﴾[المدثر: 1ـ7]. وَمَعْنَى: ﴿ قُمْ فَأَنذِرْ ﴾: يُنْذِرُ عَنِ الشِّرْكِ، وَيَدْعُو إِلَى التَّوْحِيدِ. ﴿ وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ ﴾: أَيْ: عَظِّمْهُ بِالتَّوْحِيدِ. ﴿ وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ ﴾: أَيْ: طَهِّرْ أَعْمَالَكَ عَنِ الشِّرْكِ. ﴿ وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ ﴾: الرُّجْزَ: الأَصْنَامُ، وَهَجْرُهَا: تَرْكُهَا، وَالْبَرَاءَةُ مِنْهَا وَأَهْلُهَا
«Аллаһ оны адамдарға оларды ширктен (Аллаһқа серік қосудан) сақтандыру үшін және бірқұдайшылыққа шақыру үшін жіберді. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ (١)قُمْ فَأَنْذِرْ (٢)وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ (٣)وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ (٤)وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ (٥)وَلا تَمْنُنْ تَسْتَكْثِرُ (٦)وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ (٧)
«Әй, оранушы! Тұр да, ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) міндет қылма. Раббың үшін сабыр ет» («әл-Муддәссир» сүресі, 1-7-аяттар).
«Тұр да, ескерт!» сөздерінің мағынасы: ширктен сақтандырып (қайтарып), таухидке шақыру. «Раббыңды ұлықта!» - яғни Оны жалғыздау (таухид) арқылы ұлықтау. «Киіміңді тазала!» - яғни амалдарыңды ширктен тазарт. «Лас істерден аулақ бол!» - яғни пұттарды таста, пұттарға құлшылық етуден және оларға құлшылық ететіндерден аулақ бол!»
Шарх:
(«Аллаһ оны адамдарға оларды ширктен (Аллаһқа серік қосудан) сақтандыру үшін және бірқұдайшылыққа шақыру үшін жіберді.) Яғни ол оларды көпқұдайшылықтан сақтандыруы және жалғыз Құдіретті және Ұлы Аллаһқа ғана иман келтіруге, яғни Ол ғана жалғыз Жаратушы және жалғыз құлшылыққа лайықты Құдай екендігіне иман келтіруге, сондай-ақ Оның есімдері мен сипаттарына иман келтіруге шақыру үшін (жіберді).
(«Әй, оранушы!») Бұл Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтылған қаратпа сөз.
(«Тұр да, ескерт!») Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға ширктің қауіптілігі туралы ескертуде және одан сақтандыруда салмақты күш-қажыр жұмсауды бұйыруда, әрі шейх осы аяттарға өз түсіндірмесін беруде.
Автордың сөзі:
أَخَذَ عَلَى هَذَا عَشْرَ سِنِينَ يَدْعُو إِلَى التَّوْحِيدِ، وَبَعْدَ الْعَشْرِ عُرِجَ بِهِ إِلَى السَّمَاءِ،
«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған кірісті де, он жыл бойы таухидке шақырды. Ал он жылдан соң ол көкке көтерілді».
Шарх:
(«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған кірісті де, он жыл бойы таухидке шақырды».) Бұл «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) он жыл бойы адамдарды жалғыз Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһқа ғана иман келтіруге және бір Пәк Аллаһ Тағалаға ғана құлшылық етуге шақырды дегенді» білдіреді.
(«Көтерілді» (عُرِجَ)) «Көтерілу» дегенде (көтеріліп) шығу меңзеледі, ал Аллаһ Тағала:
تَعْرُجُ الْمَلائِكَةُ وَالرُّوحُ إِلَيْهِ
«Оған періштелер және Жәбірейіл ... шығады»», - деді («әл-Мағариж» сүресі, 4-аят). Бұл жерде Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол Меккеден (көшіп) кетуіне дейін-ақ нәсіп еткен оның ең ұлы ерекшеліктерінің бірі туралы сөз етілуде. Бірде ол Қағбаның жанындағы әл-Хижрде ұйықтап жатқан кезінде біреу келіп, оның денесін кеңірдегінің астынғы бөлігіндегі орналасқан шұңқыршықтан бастап қарынының төменгі бөлігіне дейін кесіп, содан соң оның жүрегін шығарып алып, оны данылық пен иманға толтырғаны, әрі осылайша оны болашақта айналасатын ісіне дайындағаны туралы хабарланады. Содан кейін ол оған ақ түсті, бойы қашырдан төмен, бірақ есектен биік болған Бурақ атты жануарды алып келді. Әрі ол (яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) оған отырып алды да, Жәбірейілмен бірге жолға аттанып, Иерусалимге келді. Ол жерде ол басқа пайғамбарлармен және елшілермен бірге намаз оқыды, әрі осы намазда ол соларға имамдық етті, ал олар оның артында ұйып намаз оқыды. Бұл Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғары дәрежесіне және ол барша оған ілесуге міндетті болған имам болып табылатынына нұсқайды. Содан кейін Жәбірейіл оны төменгі аспанға көтерді де, оның қақпаларын ашуды сұрады. Одан: «Бұл кім?», - деп сұрады. Ол: «Жәбірейіл», - деп жауап берді. Одан: «Ал сенімен бірге кім келді?», - деп сұрады. Ол: «Мухаммад», - деп жауап берді. Одан: «Оны алып келу бұйырылып па еді?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Сонда оған: «Оған сәлем, әрі оның келгені нендей жақсы!», - деп айтылды. Ал содан соң оның алдынан қақпалар ашылды да, ол осы қақпалардың іш жағында Адам (оған Аллаһтың сәлемі болсын) тұрғанын көрді, ал Жәбірейіл болса: «Бұл – сенің әкең Адам, оған сәлем бер!», - деді. Әрі ол оған сәлем берді, ал Адам оның сәлеміне жауап қайтарып: «Жақсы ұлға және ізгі пайғамбарға сәлем!», - деді.
Сонда Адамның оң жағында оның ұрпағынан болған бақыттылардың рухтары, ал сол жағында – бақытсыздардың рухтары орналасқан болып шықты да, ол оң жағына қараған кезінде, қуанып күлетін, ал сол жағына қарағанында, жылайтын.
Сосын Жәбірейіл оны екінші аспанға көтерді де, оның қақпаларын ашуды сұранды.... сөйтіп әрі қарай. Әрі ол сол жерде өмір тіршілігінде бір-біріне немере бауырлар болған Иса мен Яхияны көрді (Алаһтың оларға игілігі мен сәлемі болсын). Жәбірейіл: «Бұл – Яхия мен Иса, оларға сәлем бер», - деді. Әрі ол оларға сәлем берді, ал олар болса оның сәлеміне жауап беріп: «Жақсы бауырға жіне ізгі пайғамбарға сәлем!», - деді.
Содан кейін Жәбірейіл оны үшінші аспанға көтеріп, оның қақпаларын ашуды сұрады...сөйтіп әрі қарай. Ал (онда) ол Юсуфты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрді. Жәбірейіл: «Бұл – Юсуф, оған сәлем бер!», - деді. Әрі ол оған сәлем берді, ал Юсуф болса оның сәлеміне жауап беріп: «Жақсы бауырға және ізгі пайғамбарға сәлем!», - деп айтты.
Кейін Жәбірейіл оны төртінші аспанға көтеріп, оның қақпаларын ашуды сұрады... сөйтіп әрі қарай. Әрі ол онда Идристі (оған Аллаһтың сәлемі болсын) көрді. Жәбірейіл: «Бұл – Идрис, оған сәлем бер!», - деді. Ол оған сәлем берді, ал Идрис оның сәлеміне жауап беріп: «Жақсы бауырға және ізгі пайғамбарға сәлем!», - деді.
Содан кейін Жәбірейіл оны бесінші аспанға көтеріп, оның қақпаларын ашуды сұрады... сөйтіп әрі қарай. Әрі ол онда Имранның ұлы әрі Мусаның бауыры Харунды (оған Аллаһтың сәлемі болсын) көрді. Жәбірейіл: «Бұл – Харун, оған сәлем бер!», - деді. Ол оған сәлем берді, ал Харун болса оның сәлеміне жауап беріп: «Жақсы бауырға және ізгі пайғамбарға сәлем!», - деді.
Содан кейін Жәбірейіл оны алтыншы аспанға көтеріп, оның қақпаларын ашуды сұрады... сөйтіп әрі қарай. Әрі ол онда Мусаны (оған Аллаһтың сәлемі болсын) көрді. Жәбірейіл: «Бұл – Муса, оған сәлем бер!», - деді. Ол оған сәлем берді, ал Муса оның сәлеміне жауап беріп: «Жақсы бауырға және ізгі пайғамбарға сәлем!», - деді. Ал ол Мусадан кеткен кезде Муса жылады. Одан: «Сені не жылатып жатыр?», - деп сұрағанда, ол: «Мен Жәннатқа менің үмметіме қарағанда адамдарға менен кейін жіберілген (елшінің) үмметінен көбірек адам кіретініне жылап тұрмын!», - деп жауап берді. Әрі Муса Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне деген көре алмаушылықтан емес, оның өзінің үмметі көптеген артықшылықтардан айырылғанына қайғырып жылаған болатын.
Содан кейін Жәбірейіл оны жетінші аспанға көтеріп, оның қақпаларын ашуды сұрады... сөйтіп әрі қарай. Онда ол Аса Рахымдының (Аллаһтың) досы Ибраһимді (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрді. Жәбірейіл: «Бұл - сенің әкең (атаң) Ибраһим, оған сәлем бер!», - деді. Әрі ол оған сәлем берді, ал Ибраһим болса оның сәлеміне жауап беріп: «Жақсы ұлға және ізгі пайғамбарға сәлем!», - деп жауап берді.
Әрі, ақиқатында, Жәбірейіл Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге осы пайғамбарлардың барлығының алдынан өтіп шыққаны – оған сый-құрмет танытылып, оның артықшылықтары мен жоғары дәрежесін көрсету еді. Ал Аллаһтың досы Ибраһим туралы айтар болсақ, ол арқасын жетінші аспанда орналасқан және оған күн сайын жетпіс мың періште келіп, Аллаһқа ғибадат істерімен айналысатын және одан кеткен соң екінші рет оған қайта оралмайтын, өйткені олардың орнына санын жалғыз Аллаһ қана білетін басқа періштелер келетін, көктің Қағбасына (Байтул-Маъмурға) сүйеп тұрған еді.
Кейін Жәбірейіл Аллаһтың әмірімен Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешкім сипаттай алмайтын сұлулығымен жарқырап тұрған Шеткі Шектің Лотосына (Сидратил-Мунтақаға) көтеріп шығарды. Содан кейін Аллаһ оған күн және түн бойында елу намаз орындауды міндеттеді, әрі ол осыған келісімін берді және мойынсұнды, ал содан соң төменге түсе бастады. Ол Мусаның қасынан өтіп бара жатқанда, ол одан: «Раббы сенің үмметіңе нені міндеттеді?», - деп сұрады. Ол: «Күн мен түн барысында елу намаз орындауды», - деп жауап берді. Муса: «Ақиқатында, сенің үмметің бұған төтеп бере алмайды, өйткені саған дейін мен адамдарды сынап көргенмін, әрі Исраил ұрпақтарымен бір нәрселер істеуге тырысып көргенмін. Раббыға қайта орал да, Одан үмметің үшін осы міндеттілікті жеңілдетуін сұра», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сөйтіп мен оралдым, ал Ол осы міндеттілікті оннан бір бөлікке азайтты», - деді. Әрі осыдан кейін де ол Раббысына күн мен түн бойы бес парыз намазын орындау бекітілмейінше және: «Мен Маған қатысты парыз болып табылатынды орнаттым, әрі Өзімнің құлдарымның жүгін жеңілдеттім», - деп жарияланбайынша қайта-қайта орала берді.
Әрі осы түнде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәннатқа кіргізілді. Ол онда маржаннан (тұрғызылған) күмбездерді және мисктен (жасалған) топырақты көрді. Содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын) төменге түсіп, таң алдында Меккеге оралып, онда таң намазын оқыды.
Автордың сөзі:
وَفُرِضَتْ عَلَيْهِ الصَّلَواتُ الْخَمْسُ، وَصَلَّى فِي مَكَّةَ ثَلاثَ سِنِينَ، وَبَعْدَهَا أُمِرَ بالْهِجْرَةِ إِلَى الْمَدِينَةِ،
«Оған бес уақыт намаз парыз етілді, әрі ол Меккеде үш жыл бойы намазды орындады. Содан соң ол Мәдина қаласына һижрат жасауға бұйырылды».
Достарыңызбен бөлісу: |