Қабірде қойылатын үш негізгі сұРАҚ


وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَهُمْ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ فَأَنَّى يُؤْفَكُونَ



бет7/10
Дата31.12.2019
өлшемі12,1 Mb.
#55210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَهُمْ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ فَأَنَّى يُؤْفَكُونَ (٨٧)

Егер олардан өздерін кім жаратқандығы туралы сұрасаң, әлбетте: «Аллаһ», - дейді. Сонда олар ақиқаттан нендей бет бұрған!(«әз-Зухруф» сүресі, 87-аят).

Раббының, Оған мадақтар болсын, әмірлері бүкіл болмысқа да, Оның адамдар үшін орнатқан заңдарына да жүреді. Өйткені Ол бүкіл дүниені басқарады, әрі оның тағдырын Өзінің қалауы бойынша Өзінің Даналығына сәйкес шешеді, сондай-ақ адамдарға құлшылықтың және өзара қарым-қатынастың белгілі түрлерін ұстануды міндетті етіп, тағы да Өзінің Даналығына сәйкес дүниеге билік етеді. Осылайша, құлшылық-ғибадаттың және адамдар арасындағы қарым-қатынастың түрлерін белгілеу құқығы Аллаһ Тағаладан басқа кімде болса да бар деп мойындайтынның кез-келгені көпқұдайшылыққа түседі де, иман туралы сөзін амалымен растамаған болады.

ИМАННЫҢ ҮШІНШІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ: ҚҰДАЙЛЫҚ БОЛМЫСҚА ТЕК АЛЛАҺ ҚАНА ИЕ ЕКЕНДІГІНЕ ИМАН КЕЛТІРУ.

Яғни тек жалғыз Аллаһ қана серігі жоқ Хақ Құдай екендігіне иман келтіру. Бұл жерде «Құдай» деген сөзбен кімге махаббат және дәріптеумен құлшылық жасалатын болса, сол меңзеледі. Аллаһ Тағала былай деген:

وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ لا إِلَهَ إِلا هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ (١٦٣)

«Сендердің Құдайларың – Жалғыз Құдай. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!» («әл-Бакара» сүресі, 163-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:



شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلا هُوَ وَالْمَلائِكَةُ وَأُولُو الْعِلْمِ قَائِمًا بِالْقِسْطِ لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (١٨)

«Аллаһ (әділдікпен үкім шығарып,) Өзінен басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне куәлік берді, сондай-ақ періштелер және білім иелері де. Тым Үстем, аса Дана Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ!» («Әли Имран» сүресі, 18-аят)».

Адамдар Аллаһпен қатар құдай санап, құлшылық ететіндердің барлығы шын мәнінде құдайлық болмысқа ие емес. Аллаһ Тағала былай деген:

ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٣٠)

«Міне, шәксіз, Аллаһ Ол Хақ. Сөз жоқ, олардың Аллаһтан өзге жалбарынғандарының барлығы өтірік. Күдіксіз, Аллаһ – өте Жоғары, аса Үлкен» («Луқман» сүресі, 30-аят). Олардың (адамдар тарапынан) «құдайлар» деп аталуы оларда құдайлық болмысқа ие болу құқығының бар екендігін растамайды. Әл-Ләт, әл-Узза және Мәнат сияқты мұндай құдайлар туралы Аллаһ Тағала былай деген:

مَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِهِ إِلا أَسْمَاءً سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ

«Сендердің Одан өзге құлшылық ететіндерің өздерің әрі аталарың атаған құр есімдер ғана. Аллаһ оларға (табынуға) байланысты ешбір дәлел түсірмеген» («Йусуф» сүресі, 40-аят). Аллаһ Тағала Худтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өз руластарына былай дегенін баяндаған:

أَتُجَادِلُونَنِي فِي أَسْمَاءٍ سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا نَزَّلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ

«Өздерің және аталарың қойған есімдерге қатысты менімен таласасыңдар ма? Аллаһ оларға қатысты ешбір дәлел түсірмеген» (әл-Әғраф» сүресі, 71-аят). Әрі Аллаһ Тағала Юсуфтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) абақтыдағы серіктеріне былай деп айтқанын хабарлады:

إِنْ هِيَ إِلا أَسْمَاءٌ سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلا الظَّنَّ وَمَا تَهْوَى الأنْفُسُ وَلَقَدْ جَاءَهُمْ مِنْ رَبِّهِمُ الْهُدَى (٢٣)

«Бұл – сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Аллаһ оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Расында, оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келіп қойған болса да, олар өз жорамалдары мен көңілдерінің қалағанына ғана ереді («ән-Нәжм» сүресі, 23-аят). Әрі сондықтан да елшілер (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз руластарына:

اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَهٍ غَيْرُهُ



«Аллаһқа құлшылық етіңдер, өйткені сендердің Одан басқа құлшылыққа лайықты құдайларың жоқ, - дейтін («әл-Әғраф» сүресі, 59-аят). Алайда көпқұдайшылдар мұны теріске шығарды да, өздеріне Аллаһтан басқа құдайлар таңдап алып, оларға Пәк Аллаһ Тағаламен қатар құлшылық етті, әрі олардан көмек пен пана тілеп отырды.

Бірақ Аллаһ Тағала көпқұдайшылдардың осы құдайларды таңдап алуын жарамсыз етті де, әрі мұны екі ақыл-зейін дәлелдері арқылы дәйектеді:

БІРІНШІСІ: олар өздеріне таңдап алған құдайлар ешқандай құдайлық болмысқа ие емес: олардың өздері жаратылған әрі жаратпайды, олар өздеріне құлшылық етіп жатқандарға ешқандай пайда да келтіре алмайды, әрі олардан ешбір зиянды ды тойтара алмайды, олар әлгілердің өмірі мен өліміне иелік ете алмайды, көктер мен жердегі еш нәрсеге ие емес, әрі ешбір нәрседе Оған (Аллаһқа) ортақ емес. Аллаһ Тағала былай деген:

وَاتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً لا يَخْلُقُونَ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ وَلا يَمْلِكُونَ لأنْفُسِهِمْ ضَرًّا وَلا نَفْعًا وَلا يَمْلِكُونَ مَوْتًا وَلا حَيَاةً وَلا نُشُورًا (٣)



«Олар Аллаһтан өзге, еш нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылған болып табылатындарды құдай жасап алды. Олар тіпті өздеріне пайда, не зиян келтіру күшіне ие емес, әрі өлімге де, өмірге де, қайта тірілуге де иелік ете алмайды» («әл-Фурқан» сүресі, 3-аят).

Аллаһ Тағала былай деген:

قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ لا يَمْلِكُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلا فِي الأرْضِ وَمَا لَهُمْ فِيهِمَا مِنْ شِرْكٍ وَمَا لَهُ مِنْهُمْ مِنْ ظَهِيرٍ (٢٢)وَلا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ

ухаммад,) оларға: «Аллаһпен қатар құдай санағандарыңды шақырыңдар», - олар көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай еш нәрсеге ие емес, әрі олардағы ешбір нәрсені иеленуде ортақ емес, сондай-ақ Аллаһқа олардың ешбіреуі көмекші де емес. Аллаһтың қасында рұқсат берілген біреуден басқа ешкімнің шапағаты пайда бермейді(«әс-Саба» сүресі, 22-23 аяттар). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:



أَيُشْرِكُونَ مَا لا يَخْلُقُ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ (١٩١)وَلا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرًا وَلا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ (١٩٢)

«Олар еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған болып табылатын нәрсені Аллаһқа серік қосады ма? (Аллаһқа серік қосқан нәрселері) оларға жәрдем ете алмайды, әрі тіпті өз-өздеріне де жәрдем ете алмайды» («әл-Әғраф» сүресі, 191-192 аяттар).

Алайда бұл құдайлардың күйі осындай болса, онда оларды өзіңе құдай етіп таңдап алу шектен асқан ақымақтық және жөн-жосықсыздық болады.

ЕКІНШІСІ: Тек Аллаһ Тағала ғана бүкіл болмыстың үстінен билікке ие Жаратушы-Раббы екенін әрі Ол қорғаушы, ал Оған қарсы қорғаушы жоқ екенін растайтын көпқұдайшылдар Оны Жалғыз Раббы санайтындарындай жалғыз құлшылыққа лайықты Құдай деп те санауға тиіс еді. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُوا رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ (٢١)الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأرْضَ فِرَاشًا وَالسَّمَاءَ بِنَاءً وَأَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَكُمْ فَلا تَجْعَلُوا لِلَّهِ أَنْدَادًا وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ (٢٢)

«Әй, адамдар! Сондай сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер. Әрине, сақтанған боларсыңдар. Ол сондай Аллаһ – сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты, әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әртүрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан, біле тұра, Аллаһқа ешкімді теңестірмеңдер(«әл-Бақара» сүресі, 21-22 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَهُمْ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ فَأَنَّى يُؤْفَكُونَ (٨٧)

Егер олардан өздерін кім жаратқандығы туралы сұрасаң, әлбетте: «Аллаһ», - дейді. Сонда олар ақиқаттан нендей бет бұрған!(«әз-Зухруф» сүресі, 87-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

قُلْ مَنْ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالأرْضِ أَمْ مَنْ يَمْلِكُ السَّمْعَ وَالأبْصَارَ وَمَنْ يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَمَنْ يُدَبِّرُ الأمْرَ فَسَيَقُولُونَ اللَّهُ فَقُلْ أَفَلا تَتَّقُونَ (٣١)فَذَلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمُ الْحَقُّ فَمَاذَا بَعْدَ الْحَقِّ إِلا الضَّلالُ فَأَنَّى تُصْرَفُونَ (٣٢)

(Мухаммад, оларға): «Сендерге аспаннан, жерден кім ризық жібереді? Есту мен көруге ие кім? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім басқарады?» - де. Олар: «Аллаһ!» - дейді. «Ендеше, қорықпайсыңдар ма? Міне, осы Аллаһ – шынайы Раббыларың. Шындықтан кейін адасудан басқа не бар? Сендер (ақиқаттан) нендей бет бұрғансыңдар!», - де («Йунус» сүресі, 31-32 аяттар).



ИМАННЫҢ ТӨРТІНШІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ: ОНЫҢ ЕСІМДЕРІ МЕН СИПАТТАРЫНА ИМАН КЕЛТІРУ.

Мұндай иман Аллаһ Тағаланың Құран арқылы немесе Өзінің Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті арқылы Өзіне сол есімдер мен сипаттар тән екенін мәлімдеген есім-сипаттарға ие екенін лайықты түрде растауды меңзейді, әрі осы орайда бұл растауда қандай да болсын бұрмалау, жоққа шығару, өзгерту немесе ұқсату болмау керек. Аллаһ Тағала былай деген:

وَلِلَّهِ الأسْمَاءُ الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا وَذَرُوا الَّذِينَ يُلْحِدُونَ فِي أَسْمَائِهِ سَيُجْزَوْنَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ (١٨٠)

«Ең көркем есімдер Аллаһқа тән. Оған сол есімдермен жалбарыныңдар. Аллаһтың есімдеріне қатысты қиқаттан) ауытқитындарды тастаңдар. Олар істегендерінің сазайын міндетті түрде тартады(«әл-Әғраф» сүресі, 180-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَهُوَ الَّذِي يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ وَهُوَ أَهْوَنُ عَلَيْهِ وَلَهُ الْمَثَلُ الأعْلَى فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (٢٧)

«Ол сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол өте Үстем, аса Дана(«әр-Рум» сүресі, 27-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ (١١)

«Оған ұқсас еш нәрсе жоқ. Ол – Естуші, Көруші» («әш-Шура» сүресі, 11-аят).

Осыған қатысты екі топ адасушылыққа түсті.

Олардың бірі – (Аллаһтың) есімдері мен сипаттарының бар екендігін растау ұқсатуды, яғни Аллаһ Тағаланы Оның жаратылысына ұқсатуды талап етеді деп тұжырымдап, Оның есімдері мен сипаттарын тұтасымен және ішінара жоққа шығарған муътазилилер. Алайда бұл тұжырым келесідей себептерге сәйкес өтірік болып табылады:

Біріншіден, бұл тұжырымдаманың негізінде жалған алғышарттар жатыр, өйткені ол өзімен Пәк Аллаһтың сөздерінде қайшылықтар болуы мүмкін деген ойдың болуын меңзейді. Әрі шындығында да, Аллаһ белгілі есімдер мен сипаттарға ие екендігін айтқандықтан әрі Оған ұқсас әлдебір нәрсенің болуын теріске шығарғандықтан, егер мұны растау ұқсатуды талап ететін болғанда, онда Аллаһтың сөздері бір-біріне қайшы келген болар еді.

Екіншіден, екі заттың бірдей аталуы немесе бірдей аталатын сипаттарға ие болуы олардың бір-біріне ұқсайтынын мүлде білдірмейді. Мысалы, егер сіз екеуі де адам болып табылатын әрі есту, көру және сөйлеу сипаттарына ие екі адамды көрсеңіз, бұл олардың бірдей адамдық сипаттарға ие екендігін әрі бірдей еститінін, көретінін және сөйлейтінін білдірмейді. Тура сол сияқты, егер сіз аяқтары мен көздері бар әлдебір жануарларды көрсеңіз, бұл олардың көздері мен аяқтары бірдей екендігін білдірмейді.

Алайда егер бірдей атаулар мен бірдей аталатын сипаттарға ие жаратылған жәндіктердің арасында айырмашылықтар бар екендігі айқын болған болса, онда Жаратушының жаратылғаннан айырмашылығы ұлырақ және айқынырақ екені тіпті түсінікті.

Екінші топты мушәббиһилер (антропоморфисттер) құрайтын. Олар Аллаһ Тағалаға осы есімдер мен сипаттар тән екендігін растайтын, бірақ осыған қоса Оны адамдарға ұқсататын, әрі осы орайда тиісті (шариғи) мәтіндерге сілтеме жасайтын және Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына түсінікті болған нәрселер арқылы үндейді деп айтатын. Алайда мұндай тұжырымдамаларды келесідей себептермен өтірік деп санау қажет:

Біріншіден, Аллаһ Тағаланың жаратылғанға ұқсауы туралы ойдың өзі негізсіз болып табылады, әрі оның негізсіз екендігіне ақыл да, шариғат та нұсқайды, ал Құран мен Сүннет өзіне қамтыған нұсқаулар негізсіз болуы мүмкін емес.

Екіншіден, Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына жасаған үндеуінде оларға түсінікті болған үндеулер мен сөздерді қолданды, ал мұның барлығының терең мән-мазмұнына келер болсақ, онда Оның болмысына және Оның сипаттарына қатысты бұл туралы білімге тек бір Аллаһ Тағала ғана ие.

Мысалы, егер Аллаһ Өзін Естуші деп атаса, онда бұған қатысты біз естудің (яғни дыбыстарды қабылдауға деген қабілеттіліктің) не екенін білеміз, алайда сөз Аллаһ Тағаланың естуі туралы болғанда, бұл дәл нені білдіретіні белгісіз деп айтуға болады. Өйткені дыбыстарды қабылдаудың әртүрлі қабілеттілігіне жаратылған жәндіктер де ие, ал Жаратушы мен жаратылғанның арасындағы осыдағы айырмашылық бұдан да ұлырақ және айқынырақ.

Әрі егер Аллаһ Өзі туралы Ол Өзінің Аршына жоғарылап көтерілгені туралы хабарлаған болса, онда осыған байланысты ойдың өзі бізге түсінікті, бірақ Ол бұны қалай істегені бізге беймәлім, өйткені тіпті жаратылған жәндіктер туралы сөз еткеннің өзінде мұны әртүрлі жасауға болады. Мысалы, орындықтың үстінде отыру бір бөлек, әрі жабайы түйенің үстінде отыру – мүлде басқа. Ал енді тіпті жаратылған жәндіктер жайында сөз етілгеннің өзінде айырмашылықтар бар болса, онда Жаратушы мен жаратылғандардың (айырмашылығын) салыстырылған жағдайда олар тіпті ұлырақ әрі айқынырақ болып табылады.

Аллаһ Тағалаға деген біз сипаттаған кейіптегі иман, мүминдерге көптеген маңызды жемістер береді, солардың ішінде (келесілер):

1 – Ол мүминдерге адамның өз үміттерін Аллаһ Тағаладан басқа ешкіммен байламайтындай, Одан басқа ешкімнен қорықпайтындай, және Одан басқа ешкімге құлшылық етпейтіндей шынайы таухидті ұстануларына мүмкіндік береді;

2 – Ол мүминдерді Аллаһ Тағалаға деген кәміл махаббатқа және құрметке алып келеді, ал бұл Оның көркем есімдерімен және ең жоғары сипаттарымен үйлеседі;

3 – Ол Аллаһқа Оның бұйрықтарын орындау және Оның тыйған нәрселерінен тыйылу арқылы құлшылық етуге мүмкіндік береді.

Автордың сөзі:

«...وَمَلائِكَتِهِ، ...»

«....періштелерге (иман келтіру)...»

Шарх:

(«Періштелерге»). Періштелер – бұл ғайып әлемінде өмір сүретін, Аллаһ Татағалаға құлшылық ететін және тек Аллаһқа ғана Раббы әрі Кұдай ретінде тән болған нәрселерге ешқандай ие болмаған жаратылған тіршілік иелері. Аллаһ Тағала оларды нұрдан жаратып, Өзінің әміріне толық бағынуға деген қабілеттілік және Өзінің бұйрықтарын орындауға қажетті күш берді:

وَلَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَمَنْ عِنْدَهُ لا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِ وَلا يَسْتَحْسِرُونَ (١٩)يُسَبِّحُونَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ لا يَفْتُرُونَ (٢٠)

«Көктер мен жердегі бүкіл нәрсе Аллаһтікі. Ал Оның қасындағылар Оған құлшылық етуден даңдайсымайды да, шаршамайды. Олар күндіз-түні Аллаһты дәріптеуден жалықпайды» («әл-Әнбия» сүресі, 19-20 аяттар).

Періштелердің саны өте көп, әрі олардың есебін тек Аллаһ Тағаланың Өзі ғана біледі. Бухари мен Муслимнің «Сахих» жинақтарында Әнастың (оған Аллаһ разы болсын) сөздерінен миғражға көтерілу туралы хадис келтіріледі, әрі онда түнгі миғраж кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көктегі Қағбаны («әл-Бейт әл-Мәмур»9) көргені әрі онда күн сайын жетпіс мың періште намаз оқитыны (әрі оған бір кіріп, құлшылық жасап шығып кеткен періштелер оған қайта оралмайтыны) туралы хабарланады.

Періштелерге деген иман өзіне төрт құрамдас бөлікті біріктіреді:



БІРІНШІСІ: олардың бар екеніне иман келтіру;

ЕКІНШІСІ: олардың ішінен аттарын білетіндерімізге, мысалы, Жәбірейілге, және аттарын білмейтіндерімізге иман келтіру.

ҮШІНШІСІ: олардың біз білетін сипаттарына, мысалы, Жәбірейілдің, ол туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны жаратылған кейіпінде көргендігін, әрі оның көкжиекті жапқан алты жүз қанаты болғанын хабарлаған сипатына иман келтіру.

Аллаһ Тағаланың әмірімен періште адамның кейіпін қабылдай алады, бұл Аллаһ Тағала оны Мәриямға жіберген және ол оның алдына адамның кейіпінде келген Жәбірейілмен (оған Аллаһтың сәлемі болсын) орын алғанындай. Ал ол өзінің сахабаларының арасында отырған Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген кезінде, қара шашты, аппақ киім киген, сырт бейнесінен оның алыс жол жүріп келгені байқалмайтын әрі сахабалардан ешкім оны танымайтын адамның кейіпінде болатын. Әрі ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тізесіне тізесі тиетіндей (бетпе-бет) отырып, екі қолын тізелерінің үстіне қойып, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ислам, иман, ихсан, сондай-ақ (Қиямет) Сағаты мен оның белгілері туралы сұрақтар қоя бастады, ал Пайғамбар болса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (оның) осы сұрақтарына жауап берді. Кейін ол кетті, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (сахабаларына): «Бұл сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл болатын», - деді.

Әрі Аллаһ Тағала Ибраһим мен Лутқа жіберген періштелер де, оларға адамдардың кейіпінде келген болатын.

ТӨРТІНШІСІ: олардың Аллаһ Тағаланың бұйрығымен орындайтын әрі біз білетін істеріне, мысалы, олар Аллаһты мадақтайтынына және күндіз-түні шаршау-тарығуды білмей Аллаһқа құлшылық ететініне иман келтіру.

Осы орайда олардың кейбіреулері ерекше істермен айналысады.

Мысалы, Жәбірейілге Аллаһ Тағала пайғамбарлар мен елшілерге жолдаған уахиін жеткізу тапсырылды.

Микаилге жаңбырды және өсімдіктердің өсуін бақылау жүктелген.

Исрафилге (Қиямет) Сағаты басталған уақытта және өлілерді қайта тірілту уақыты келіп жеткенде Сүрге үрлеу тапсырылған.

Өлім періштесіне өлген адамдардың жандарын алу жүктелген.

Мәлик атты періштеге Тозақтың сақшысы болу бұйырылған.

Ана жатырындағы сәбиге төрт ай толған кезде оған келетін періште бар. Осы мерзім жеткенде Аллаһ оның ризығын, ажалын, істерін, сондай-ақ оның бақытты немесе бақытсыз болатынын жазуды бұйырып, оған періштені жібереді.

Әрбір адамның істеген амалдарын жазып, адамдардың амалдарын мәңгілікке сақтау бұйырылған періштелер де бар. Олардың біреуі біздің әрбіріміздің оң жағымызда, ал екіншісі – сол жағымызда болады.

Әрі қайтыс болған адам қабірге қойылғаннан кейін оған (тиісті) сұрақтарды қою жүктелген періштелер бар. Өйткені сол кезде мәйітке екі періште келіп, оның Раббысы, діні және Пайғамбары туралы сұрақ қояды.

Періштелерге деген иман көптеген маңызды жемістерін береді, солардың арасында:

1 – Аллаһ Тағаланың ұлылығы, Оның күш-қуаты, Оның билігі туралы әрі барлық жаратылған нәрсе тек Жаратушының ұлылығының арқасында ғана өзінің ұлықтығына ие болатынын білу;

2 – Ол адамды Аллаһ Тағалаға Оның адамдарға бөлетін назары үшін шүкіршілік білдіруге міндеттейді. Өйткені Ол адамдардың жанына оларды қорғайтын, іс-амалдарын жазып алатын әрі басқа да олардың пайдасына жүретін істермен айналысатын періштелерді бекітіп қойды;

3 – Ол адамдарды періштелерге, олар Аллаһ Тағалаға құлшылық ететіні үшін, сүйіспеншілік танытуға иландырады.

Хақ жолдан ауытқығандардың кейбіреулері періштелер дегенде адамдардың бойындағы жасырын игі күштер меңзеледі деп, періштелердің қандай да бір дене пішінінде болуын теріске шығарған. Алайда мұндай тұжырымдар Аллаһ Тағаланың Кітабына, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне және бүкіл мұсылмандардың ортақ пікіріне толығымен қайшы келеді.

الْحَمْدُ لِلَّهِ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ جَاعِلِ الْمَلائِكَةِ رُسُلا أُولِي أَجْنِحَةٍ مَثْنَى وَثُلاثَ وَرُبَاعَ يَزِيدُ فِي الْخَلْقِ مَا يَشَاءُ إِنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (١)

«Барлық мақтау көктер мен жерді жасаған, сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші еткен Аллаһқа. Ол жаратуда қалағанын көбейтіп арттырады. Күдіксіз, Аллаһтың әр нәрсеге толық күші жетеді» («Фатыр» сүресі, 1-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَلَوْ تَرَى إِذْ يَتَوَفَّى الَّذِينَ كَفَرُوا الْمَلائِكَةُ يَضْرِبُونَ وُجُوهَهُمْ وَأَدْبَارَهُمْ وَذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ (٥٠)

Періштелер кәпірлердің беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!», - деп жандарын алғанын көрсең еді! («әл-Әнфал» сүресі, 50-аят).

Аллаһ сондай-ақ былай деген:

وَلَوْ تَرَى إِذِ الظَّالِمُونَ فِي غَمَرَاتِ الْمَوْتِ وَالْمَلائِكَةُ بَاسِطُو أَيْدِيهِمْ أَخْرِجُوا أَنْفُسَكُمُ الْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا كُنْتُمْ تَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ غَيْرَ الْحَقِّ وَكُنْتُمْ عَنْ آيَاتِهِ تَسْتَكْبِرُونَ (٩٣)

ухаммад,) егер залымдарды өлім қиналысында, періштелер оларға қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар!», - дегенде көрсең еді!” («әл-Әнғам» сүресі, 93-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٢٣)

Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, олар өзара: «Раббың не айтты?», - десе: «Хақты айтты. Ол Аллаһ – аса Жоғары, тым Үлкен», - деседі” («әс-Саба» сүресі, 23-аят).

Әрі Аллаһ Тағала Жәннат тұрғындары туралы былай деген:

وَالْمَلائِكَةُ يَدْخُلُونَ عَلَيْهِمْ مِنْ كُلِّ بَابٍ (٢٣)

«Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді» («әр-Рағд» сүресі, 23-аят).

Абу Хурайраның сөздерінен жеткізілетін хадистердің бірінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: Егер Аллаһ Өзінің пенделерінен ішінен біреуін жақсы көріп қалса, Жәбірейіл: «Расында, Аллаһ пәленді жақсы көреді, мен де оны жақсы көремін!», - деп жариялайды. Әрі Жәбірейіл де оны жақсы көреді де, көктерді мекендеушілердің арасында: «Ақиқатында, Аллаһ пәлен (құлын) жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!», - деп жария етеді. Сонда көктердің мекендеушілері де оны жақсы көре бастайды, ал содан соң оған жерде де жақсы қатынас жасалады” («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №1295 хадис).

Абу Хурайраның сөздерінен жеткізілетін басқа бір хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланған: «Жұманың кірісімен мешіттің барлық есіктеріне періштелер келіп орналасады, әрі (жұма намазына келген адамдарды келген ретімен) бірінен кейін бірін жазып алады10, ал имам (мінберге шығып) отырғанда олар (жазу жазылған қағаздарын) орап, (Аллаһты) еске алу сөздерін тыңдауға кіреді11» («Мухтасар «Сахих әл-Бухари», №1297 хадис).

Біз дәйексөз ретінде келтірілгеннің барлығы періштелер дене пішініне ие екеніне, әрі хақ жолдан тайған адамдар айтындарындай, денесіз әлдебір тылсым күштер емес екеніне айғақ болады.

Автордың сөзі:

...»وَكُتُبِهِ، «

«... Кітаптарына (иман келтіру)...»

Шарх:

(«Кітаптарына»). Бұл жерде Аллаһ Тағала Өзінің елшілеріне адамдарға деген рахымымен әрі олар үшін басшылық (тура жол) ретінде, адамдар солар арқылы бұл дүниеде де, Ақыретте де бақытқа қол жеткізулері үшін түсірген Қасиетті Кітаптар меңзелуде.

Бұл Кітаптарға деген иман төрт құрамдас бөліктен тұрады:



БІРІНШІСІ: бұл Кітаптарды шындығында да Аллаһ түсіргеніне иман келтіру.

ЕКІНШІСІ: бізге аттары белгілі болған Кітаптарға, мысалы, (Пайғамбарымыз) Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірілген Құранға, Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) түсірілген Тауратқа, Исаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) түсірілген Інжілге, Дәудке (оған Аллаһтың сәлемі болсын) түсірілген Забурға, сондай-ақ біз аттарын білмейтін Кітаптарға да иман келтіру.

ҮШІНШІСІ: осы Кітаптарда келген хабарлардың, мысалы, Құранда хабарланған нәрселердің және бұрынғы Кітаптардағы бұрмаланбаған және ауыстырылмаған нәрселердің ақиқат екенін растау.

ТӨРТІНШІСІ: күші жойылмаған үкімдерге сәйкес амал ету, сол үкімдердің мағынасы бізге түсінікті болады ма, әлде жоқ па – олармен келісу және оларды мойындау. Осы орайда бұрынғы Кітаптардың барлығының күші Ұлы Құранмен жойылғандығын есте сақтау керек, ал Аллаһ Тағала былай деген:

وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ الْكِتَابِ وَمُهَيْمِنًا عَلَيْهِ

«(Мухаммад,) Біз саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы Кітаптарды растаушы және олар туралы куәлік беруші ретінде (немесе олардан үстем болу үшін) түсірдік» («әл-Мәида» сүресі, 48-аят).

Осыдан өзіңнің іс-амалдарыңда бұрынғы Кітаптардағы үкімдердің ешқайсысын басшылыққа алуға болмайтындығы келіп шығады, тек ақиқат (екендігі анық) және Құранмен расталғандарынан басқа.

Кітаптарға иман келтіру көптеген маңызды жемістер береді, солардың арасында (мыналар бар):

1 – Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына қамқоршылық жасайтыны туралы білу, өйткені әрбір қауымға Ол адамдарды сол арқылы хақ жолға бастайтын Кітап түсірді;

2 – Аллаһ Тағаланың заң-ережерелерінде көрініс тапқан Оның даналығы туралы білу, өйткені әр қауымға Ол сол адамдардың жағдай-күйіне сәйкес келетін заңдарды орнатты, әрі бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:

لِكُلٍّ جَعَلْنَا مِنْكُمْ شِرْعَةً وَمِنْهَاجًا

«Сендердің әрбіріңе Біз шариғат пен жол (мәнһаж) орнаттық» («әл-Мәида» сүресі, 48-аят);

3 – Мұндай иман адамдарды Аллаһқа Оның осыған байланысты нығметтері үшін шүкіршілік етуге ынталандырады.

Автордың сөздері:

«...وَرُسُلِهِ، ...»

«...елшілеріне (иман келтіру)...»



Шарх:

(«Елшілеріне»). Елшілер дегенде бұл жерде оларға көктен келетін уахи арқылы діни заң түсірілетін және оны адамдарға жеткізу әмірі түсірілетін адамдар меңзеледі.



Елшілердің алғашқысы Нух еді, ал соңғысы – Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын).

Аллаһ былай деген:

إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَى نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِنْ بَعْدِهِ

«Расында, Нухқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік…» («ән-Ниса» сүресі, 163-аят).

Әнас ибн Мәликтің сөздерінен жеткізілетін шапағат туралы хадистердің бірінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Қиямет Күні) адамдар Адамға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) оларға шапағат жасауын сұрап келетіндігін, бірақ ол олардан кешірім сұрап: «Аллаһ адамдарға жіберген алғашқы елші – Нұхқа барыңдар», - деп айтатыны туралы баяндағаны хабарланады («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №1670 хадис).

Ал (пайғамбарымыз) Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол туралы Аллаһ былай деген:

مَا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِنْ رِجَالِكُمْ وَلَكِنْ رَسُولَ اللَّهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا (٤٠)

«Мухаммад – сендердің ерлеріңнің ешқайсысының әкесі емес, алайда ол Аллаһтың елшісі әрі пайғамбарлардың мөрі (немесе пайғамбарлардың соңғысы)» («әл-Әхзаб» сүресі, 40-аят).

Әрі Аллаһ Тағала оған қолданыстағы діни заңды жаңартуды уахи етіп, арнайы елші немесе пайғамбар жібермеген қауым болмаған.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَسُولا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاجْتَنِبُوا الطَّاغُوتَ

Расында, әрбір үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер! Әрі тағутқа құлшылық етуден аулақ болыңдар!», – деп бұйыратын елші жібердік” («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят).



Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

وَإِنْ مِنْ أُمَّةٍ إِلا خَلا فِيهَا نَذِيرٌ

«Әрі ескертуші келмеген бірде-бір үммет жоқ» («Фатыр» сүресі, 24-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай деген:

إِنَّا أَنْزَلْنَا التَّوْرَاةَ فِيهَا هُدًى وَنُورٌ يَحْكُمُ بِهَا النَّبِيُّونَ الَّذِينَ أَسْلَمُوا لِلَّذِينَ هَادُوا

«Күдіксіз, Тауратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бой ұсынған пайғамбарлар яһудилерге онымен үкім етер еді…» («әл-Мәида» сүресі, 44-аят).

Елшілер Аллаһ жаратқан және Аллаһқа Раббы және Құдай ретінде тән болған сипаттардың ешбіріне ие емес адамдар болып келетін. Елшілердің мырзасы12 және олардың ішіндегі Аллаһтың алдындағы ең ардақтысы13 болған Өзінің пайғамбары Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы Аллаһ Тағала былай деген:

قُلْ لا أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعًا وَلا ضَرًّا إِلا مَا شَاءَ اللَّهُ وَلَوْ كُنْتُ أَعْلَمُ الْغَيْبَ لاسْتَكْثَرْتُ مِنَ الْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِيَ السُّوءُ إِنْ أَنَا إِلا نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ (١٨٨)

ухаммад): «Аллаһ қаламайынша өзім үшін пайда келтіру және тіпті зиянды тойтару күшіне де ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине, өзім үшін жақсылықты көбейтіп алар едім, сондай-ақ маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген ел үшін қорқытушы әрі қуандырушы ғанамын», - де” («әл-Әғраф» сүресі, 188-аят).



Аллаһ сондай-ақ былай деген:

قُلْ إِنِّي لا أَمْلِكُ لَكُمْ ضَرًّا وَلا رَشَدًا (٢١)قُلْ إِنِّي لَنْ يُجِيرَنِي مِنَ اللَّهِ أَحَدٌ وَلَنْ أَجِدَ مِنْ دُونِهِ مُلْتَحَدًا (٢٢)

«Расында, мен сендерге зиян да келтіре алмаймын, игілік те істей алмаймын», - де. «Расында, ешкім мені Аллаһтың азабынан қорғай алмайды да, мен де Одан өзгеден пана таба алмаймын», - де («әл-Жинн» сүресі, 21-22 аяттар).

Елшілерге адамдық сипаттардың ешқайсысы бөтен емес еді, өйткені олар да өзге адамдар сияқты ауыратын, қайтыс болатын және ас-сусынға әрі басқа да заттарға мұқтаж еді. Мысалы, Аллаһ Тағала Ибраһимнің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысын сипаттап, былай деп айтқанын хабарлаған:

وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ (٧٩)وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ (٨٠)وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ (٨١)

«Ол маған жегізеді де, ішкізеді. Ауырсам, маған шипа береді. Ол мені өлтіреді де, сонсоң тірілтеді» («әш-Шуғара» сүресі, 79-81 аяттар).

Пайғамбар болса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, мен сендер сияқты адаммын, әрі мен ұмытамын, сондықтан да егер мен әлдебір нәрсені ұмытсам, оны менің есіме салыңдар» («Мухтасар «Сахих» әл-Бухари», №254 хадис).

Аллаһ Тағала пайғамбарлардың жасаған ғибадаттарын мақтаумен атап айтқан. Мысалы, Нух туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ былай деген:

ذُرِّيَّةَ مَنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ إِنَّهُ كَانَ عَبْدًا شَكُورًا (٣)

«Әй, (Нухпен) бірге (кемеге) түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз, ол шүкір етуші бір құл еді(«әл-Исра» сүресі, 3-аят).

Ал, Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты Аллаһ Тағала былай деген:

تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَى عَبْدِهِ لِيَكُونَ لِلْعَالَمِينَ نَذِيرًا (١)

«Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Аллаһ өте Жоғары…» (әл-Фурқан» сүресі, 1-аят).

Ал, мыналар – Аллаһ Тағаланың Ибраһим, Исхақ, Исмаил және Яғқуб туралы айтқан сөздері:

وَاذْكُرْ عِبَادَنَا إبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ أُولِي الأيْدِي وَالأبْصَارِ (٤٥)إِنَّا أَخْلَصْنَاهُمْ بِخَالِصَةٍ ذِكْرَى الدَّارِ (٤٦)وَإِنَّهُمْ عِنْدَنَا لَمِنَ الْمُصْطَفَيْنَ الأخْيَارِ (٤٧)

«ухаммад) құлымыз Ибраһим, Исхақ және Яғқубты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді. Расында, оларды, Ақыретті ықыласты түрде еске алғандығы үшін, таңдап алдық. Сөз жоқ, олар қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан» («Сад» сүресі, 45-47 аяттар).

Мәриям ұлы Иса туралы (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһ Тағала былай деген:

إِنْ هُوَ إِلا عَبْدٌ أَنْعَمْنَا عَلَيْهِ وَجَعَلْنَاهُ مَثَلا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ (٥٩)

«Ол са) Біз өзіне игілік берген, сондай-ақ Исраил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана» («әз-Зухруф» сүресі, 59-аят).

Елшілерге деген иман өзіне төрт құрамдас бөлікті қамтиды:



БІРІНШІСІ: олардың алып келген жолдаулары шындығында да Аллаһ тарапынан екеніне иман келтіру, өйткені олардың біреуінің болса да алып келген жолдауының ақиқат екеніне иман келтірмеген адам олардың басқаларына да иман келтірмеген болады. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген:

كَذَّبَتْ قَوْمُ نُوحٍ الْمُرْسَلِينَ (١٠٥)

«Нухтың қауымы елшілерді өтірікші санады» («әш-Шуғара» сүресі, 105-аят).

Осылайша, сол кезде олар өтірікшіге шығарған тек жалғыз елші ғана болғанына қарамастан, Аллаһ олардың бүкіл елшілерді өтірікші санағанына нұсқады. Тура сол қисынға ілесіп, Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірікші санап, оған ілеспеген христиандар Мәриям ұлы Масихты да өтірікшіге шығарып, оған ілеспеді деп айтуға болады, бұдан қалса ол (Иса (оған Аллаһтың сәлемі болсын)) оларға Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы сүйінші хабарды алып келген болатын. Өйткені Исаның оларға бұл туралы хабарлауы оның (Мухаммадтың) оларға Аллаһ тарапынан жәберлігенін әрі Аллаһ ол арқылы оларды адасушылықтардан құтқаруды және тура жолға шығаруды қалағанын ғана білдірді.



ЕКІНШІСІ: біз олардың ішінен есімдерін білетіндерімізге, мысалы, қайраттылық иелері деп аталған елшілер Мухаммадқа, Ибраһимге, Мусаға, Исаға және Нухқа (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіруіміз керек. Аллаһ Тағала оларды Құранның екі жерінде біріктіріп атап айтады. Мысалы, Аллаһ Тағала былай деген:

وَإِذْ أَخَذْنَا مِنَ النَّبِيِّينَ مِيثَاقَهُمْ وَمِنْكَ وَمِنْ نُوحٍ وَإِبْرَاهِيمَ وَمُوسَى وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ

«Сонда Біз пайғамбарлардан: сенен, Нухтан, Ибраһимнен, Мусадан және Мәриям ұлы Исадан серт алдық…» («әл-Әхзаб» сүресі, 7-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген:

شَرَعَ لَكُمْ مِنَ الدِّينِ مَا وَصَّى بِهِ نُوحًا وَالَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَمَا وَصَّيْنَا بِهِ إِبْرَاهِيمَ وَمُوسَى وَعِيسَى أَنْ أَقِيمُوا الدِّينَ وَلا تَتَفَرَّقُوا فِيهِ كَبُرَ عَلَى الْمُشْرِكِينَ مَا تَدْعُوهُمْ إِلَيْهِ اللَّهُ يَجْتَبِي إِلَيْهِ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي إِلَيْهِ مَنْ يُنِيبُ (١٣)

«ухаммад,) Аллаһ Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһимге, Мусаға және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: дінді мықты ұстаныңдар да, дінде бөлінбеңдер» («әш-Шура» сүресі, 13-аят).

Бірақ біз олардың арасынан аттарын білмейтіндеріміздің барлығына да иман келтіреміз, өйткені Аллаһ Тағала былай деген:

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلا مِنْ قَبْلِكَ مِنْهُمْ مَنْ قَصَصْنَا عَلَيْكَ وَمِنْهُمْ مَنْ لَمْ نَقْصُصْ عَلَيْكَ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَنْ يَأْتِيَ بِآيَةٍ إِلا بِإِذْنِ اللَّهِ فَإِذَا جَاءَ أَمْرُ اللَّهِ قُضِيَ بِالْحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ الْمُبْطِلُونَ (٧٨)

«Расында, сенен бұрын да елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін баян етпедік» («Ғафир» сүресі, 78-аят).

ҮШІНШІСІ: олар туралы сенімді түрде жеткен хабарларды растау.

ТӨРТІНШІСІ: Аллаһ олардың арасынан бүкіл адамзатқа жіберген соңғы пайғамбары Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен алып келген шариғатқа сәйкес амал ету:

فَلا وَرَبِّكَ لا يُؤْمِنُونَ حَتَّى يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا (٦٥)

«ухаммад,) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай, толық бой ұсынғанға дейін мүмин бола алмайды» («ән-Ниса» сүресі, 65-аят).

Елшілерге деген иман көптеген маңызды жемістер береді, олардың арасында:

1 – Аллаһ Тағаланың мейірімі және Оның өз құлдарына көрсететін қамқорлығы туралы білу, өйткені ол адамдарды Аллаһ Тағаланың жолына шығару үшін және Аллаһқа дұрыс құлшылық етуді түсіндіріп беру үшін оларға елшілер жіберді, өйткені адамның ақылы мұны өздігінше танып-біле алмайды.

2 – Аллаһ Тағалаға оның осы ең ұлы нығметі үшін шүкіршілік сезіну.

3 – Елшілерге (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат сезімі және оларды лайықты түрде мақтау, өйткені олар Аллаһ Тағаланың елшілері болатын, Оған құлшылық ететін, адамдарға Оның жолдауларын жеткізді және Оның құлдарына игі насихаттар беретін.

Сонымен бірге күпірліктерінде қасарысып тұрып алған адамдар: «Аллаһтың шынайы елшілері адам болуы мүмкін емес», - деп елшілерді өтірікші санайтын. Сондықтан да Аллаһ Тағала мұндай тұжырымдарды Өзінің (келесі) сөздерімен теріске шығарды:

وَمَا مَنَعَ النَّاسَ أَنْ يُؤْمِنُوا إِذْ جَاءَهُمُ الْهُدَى إِلا أَنْ قَالُوا أَبَعَثَ اللَّهُ بَشَرًا رَسُولا (٩٤)قُلْ لَوْ كَانَ فِي الأرْضِ مَلائِكَةٌ يَمْشُونَ مُطْمَئِنِّينَ لَنَزَّلْنَا عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ مَلَكًا رَسُولا (٩٥)

Адам баласының өздеріне тура жол келгеннен кейін иман келтірулеріне олардың: «Сонда Аллаһ пайғамбар етіп адамды жібергені ме?», - деген сөздері ғана бөгет болды. (Мухаммад): «Егер жер жүзінде байсалды жүргендер періштелер болғанда, әрине, оларға көктен періштені елші етіп жіберер едік», - дегенді айт” («әл-Исра» сүресі, 94-95 аяттар).

Осылайша, Аллаһ Тағала елші жер бетін мекендейтін адамдарға жіберілетін болғандықтан, оның өзі де адам болуы керек екенін, ал егер жерді періштелер мекендегенде, онда Аллаһ Тағала оларға елші ретінде міндетті түрде өздеріндей періште жіберетін еді екенін айтқан. Әрі Аллаһ Тағала елшілерді өтірікші санаған адамдар былай деп айтқанын жеткізген:

قَالَتْ رُسُلُهُمْ أَفِي اللَّهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ يَدْعُوكُمْ لِيَغْفِرَ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرَكُمْ إِلَى أَجَلٍ مُسَمًّى قَالُوا إِنْ أَنْتُمْ إِلا بَشَرٌ مِثْلُنَا تُرِيدُونَ أَنْ تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُنَا فَأْتُونَا بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ (١٠)قَالَتْ لَهُمْ رُسُلُهُمْ إِنْ نَحْنُ إِلا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَمُنُّ عَلَى مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَمَا كَانَ لَنَا أَنْ نَأْتِيَكُمْ بِسُلْطَانٍ إِلا بِإِذْنِ اللَّهِ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ (١١)

(Олар пайғамбарларына): «Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздың табынған нәрселерінен тосқыларың келеді ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер», - дейтін. Пайғамбарлары оларға: «Әрине, біз сендер ұқсаған адам баласымыз. Бірақ Аллаһ құлдарының қалағанына Өз нығметін сыйлайды. Аллаһтың бұйрығынсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. Мүминдер Аллаһқа ғана тәуекел етсін», - деді” («Ибраһим» сүресі, 10-11 аяттар).

Автордың сөзі:

«...وَالْيَوْمِ الآخِرِ،...»

«... және Ақырет Күніне (иман келтіру)...»

Шарх:


(«Ақырет Күні»). Яғни Аллаһ адамдарды есеп алу үшін және сый-жазасын беру үшін тірілтетін Қиямет Күні.

Ол осылай аталуының себебі – одан кейін күн болмайтынында, әрі Жәннаттың тұрғындары өздерінің тұрақтарында, ал Оттың тұрғындары өздерінің тұрақтарында қоныстанатынында.

Ақырет Күніне деген иман өзіне үш құрамдас бөлікті біріктіреді:



БІРІНШІСІ: қайта тірілуге, яғни (Исрафил) періште екінші рет Сүр үрлегеннен кейін өлгендердің қайта тіріліп, жалаң аяқ, жалаңаш және кестірілмеген күйлерінде Раббысының (жинайтын жағына) қарай бет алатынына иман келтіру. Аллаһ Тағала былай деген:

Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет