Теңіз трансгрессиясы– теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.
Триас дәуірі – мезозой эрасының юрадан кейінгі бордан бұрынғы өткен дәуір. 35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.
Циркті ойыс – аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.
Шашыранды радиация – күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.
Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.