Ауыспалы егiс - топырақтың құнарлығын сақтау үшiн егiстiк жерге дақылдарды ауыстырып егу.
Аудан - белгiлi бiр көрсеткiштерге: экономикалық, физикалық- географиялық, әкiмшiлiк көрсеткiштерге негiзделе бөлiнген аумақ.
Ассоциация- бiрыңғай экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, саяси мүдделердi iске асыру мақсатымен құрылған дербес кәсiпорындардың, ұйымдардың ерiктi бiрлестiгi.
Б
Байыту - қажетi жоқ заттардан арылту немесе жаңа затты қосу жолымен руданың, топырақтың пайдалы сапаларын жақсарту.
Бәсекелес - әдетте бәсекеге өзара жекелеген адамдар, топ-топқа бөлiнген адамдар тобы және фирмалар мен кәсiпорындар түседi. Бәсекелестердiң әрекет етуi әр түрлi сипатта болуы мүмкiн шаруашылықтар арасындағы бәсеке - бұл жұмыс нәтижесiн жақсартуға бағытталады.
Банктер - ақша айналымы және несие қатынастарын жоспарлы түрде қамтитын және несие беру, есеп айыру, касса опреациялары арқылы кәсiпорындардың шаруашылық қызметiне есеп және бақылау жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер.